Читайте также:
|
|
Профессор Тайжанова Д.Ж.
Ауру тарихы
Науқастың аты-жөні: Мейірманова С.Ө.
Клиникалық диагноз: Қант диабеті ІІ типі, орташа ауырлық дәрежеде, декомпенсация фазасында
Тексерген:Мантабаева М.Ж
Орындаған: Келес Г
Топ ЖМФ
Қарағанды 2012
Паспорттық бөлім
1. Науқас аты-жөні: Мейірманова Сайлаугүл Өмірсерікқызы
2. Туған жылы және жасы: 22.01.1963, 49 жаста
3. Ұлты: Қазақ
4. Жынысы: әйел
5. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, 21-ші мөлтек ауданы, 21-ші үй, 13-ші пәтер.
6. Түскен күні: 13.02.2012
7. Жұмыс орны: №2 «Кәсіби лицей», тәрбиеші
Алғашқы диагнозы: Қант диабеті ІІ типі, орташа ауырлық дәрежеде, декомпенсация фазасында.
Клиникалық диагнозы: Қант диабеті ІІ типі, орташа ауырлық дәрежеде, декомпенсация фазасында. Диабеттік ретинопатия.
Шағымдары:
Негізгі шағымдары:
Науқасты сұрау барысында шөлдеуге (2,5-3 литрге дейін), ауыз қуысының құрғап, ернінің кебуіне, тамақты көп ішкісі келетін сезімге, күндізде түнде де жиі әрі көп мөлшерде зәрдің шығуына (полиурия), көру қабілетінің төмендеуіне, тері жамылғысының, әсіресе жыныс аймағының қышуына шағымданады.
Қосымша шағымдары:
Жалпы симптоматикасы бойынша науқас жалпы әлсіздікке, қан қысымының 140/90-180/110 көтерілуіне байланысты басының айналуына, бас ауруына, көзінің қарауытып, құлағының шулауына, жүрек қағысына; тершеңдік, тез шаршағыштыққа, оң жақ иығының қақсап ауыруына байланысты түнгі ұйқысының бұзылуына шағымданады.
Аnamnesis morbi
Науқас өзін шамамен екі айдан бастап аурумын деп санайды. Ауру көріністері біртіндеп дамыған. Аурудың басталуы: ауыз қуысы кеуіп, шөлдеу сезімі мазалаған (2.5-3 литрге дейін), тершеңдік, әлсіздік, басы ауырып, көзі қарауытқан, тамақты жеткілікті мөлшерде қабылдасада тойымсыздық сезімі пайда болуымен көрініс берген. Ауруының алғашқы белгілері басталған уақыттан бірнеше аптадан кейін алдыңғы екі тісі түскен.
Соңғы күндері жағдайы нашарлаған соң, шағымдарымен №2 емханаға келген. Тексерілу нәтижесінде қант мөлшері 14.7 мл/л анықталған. Жолдама арқылы №1 қалалық аурухананың №2 терапиялық бөлімшесіне госпитализацияланған.
Anamnesis vitae
Науқас Мейірманова С. Ө. 12.02.1963 жылы Ақтоғай ауданы, Жаныш совхозында дүниеге келген. Қарағанды қаласына 2007 жылы көшіп келген. Жанұясында 10 баланың ішінде біріншісі. Дамып жетілуі жасына сай, ақыл-ой және физикалық дамуы жағынан өз қатарынан қалмаған. 10 жылдық мектепті бітірген. Білімі орта. Еңбек және тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Тамақтануы толық, ретті, үйлесімді.
Эпидемиологиялық анамнез: туберкулез, Боткин, венерологиялық аурулармен ауырмағандығын айтады. Бала кезінде қызылшамен ауырған.
Тұқымқуалаушылық аурулары: жанұясында ешкім қант диабетімен ауырмаған.
Зиянды әдеттері: темекі тартпайды, алкоголь, ішімдік ішпейді.
Аллергиялық анамнез: теріс.
Гинекологиялық анамнез: етеккірі 14 жастан басталған, ұзақтығы 4 күн, ауырсынусыз. 6 рет жүкті болған, 6 рет босанған.
Басынан өткізген аурулары: 1987 гастритпен, 2002 жылы холециститпен, 2006 жылдан бері артериалды гипертензиямен ауырады 140/90 – 180/110 дейін жоғарылаған. 2007 жылы жатырдың эрозиясы болған.
Қан кұюлар: екі рет құйылған. Босану барысында: 1986 және 1994 жылдары.
Операциялар, сынықтар болмаған.
Status praesens
Жалпы қарау:
Науқастың жалпы жағдайы инсипидарлы синдромға байланысты орташа ауырлық дәрежеде. Есі анық, берілген сұрақтарға жақсы жауап береді. Қозғалыс қалпы белсенді. Төсектегі қалпы белсенді. Дене бітімі – гиперстеникалық. Тері жамылғысы және беткей кілегей қабаттарының түсі қалыпты, тері жамылғысы құрғақ, тургоры және эластикалық қасиеті төмендеген. Шел май қабаты орташа дамыған. Шеткері ісінулері жоқ. Көзінің шырышты қабаты ақшыл-қызыл, склерасы ақ. Шеткері лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Бұлшықеттерінің жалпы әлсіздігі, симметриялы, қалыпты дамыған. Сүйек – буын жүйесі көзбен қарағанда деформацияланбаған, сипағанда және соққылағанда ауырсынбайды. Буынның жергілікті аймағы жылы, аздап өзгермеген, қозғалысы сақталған, жұмысы шектелмеген. Омыртқа жотасы қисаймаған. Бас формасы қалыпты, мұрын, құлақта ақаулары жоқ. Ерні құрғап-жарылған.
Дене температурасы - 36,6 С
Бойының ұзындығы - 1,65 м
Дене салмағы – 93 кг.
Дене салмағының индексі – 34,6
Тыныс-алу жүйесі
Дауысы қалыпты. Кеуде клеткасының формасы – гиперстеникалық. Тыныс алу түрі – аралас. Тыныс алу жиілігі минутына 19 рет. Тыныс алу ырғағы дұрыс. Тыныс алу актісіне өкпенің екі жақ бұлшықеттері бірдей қатысады.
Пальпацияда кеуде клеткасы ауырсынусыз, серпімділігі қалыпты, деформациясыз. Дауыс дірілінің кеуде клеткасының екі бөлігінде бірдей өткізіледі.
Перкуссия:
Өкпенің салыстырмалы перкусcиясы:
Кеуде клеткасының екі жақ бөлігінде өкпелік ашық дыбыс естіледі.
Өкпенің топографиялық перкусиясы.
Өкпенің жоғарғы ұшы:
Оң жақ | Сол жақ | |
Алдынан | Бұғанадан 3 см. жоғары. | Бұғанадан 4 см. жоғары. |
Артынан | YII мойын омыртқасының деңгейінде. | YII мойын омыртқасының деңгейінде. |
Кренинг алаңы | 5 см. | 6 см. |
Өкпенің төменгі шекаралары:
Топографиялық сызықтар: | Оң жақ | Сол жақ |
· linea medioclavicularis · linea parasternalis · linea axillaris anterior · linea axillaris media · linea axillaris posterior · linea scapularis · linea paravertebralis | C YI жоғарғы қыры C YI төменгі қыры C YII C YIII C IX C X Tһ11-омыртқа өсіндісіне сәйкес | - - C YII C YIII C IX C X Tһ11-омыртқа өсіндісіне сәйкес |
Өкпенің төменгі шекарасының экскурсиясы:
Топографиялық сызықтар | Оң жақ | Сол жақ | ||||
Дем алу | Дем шығару | Жалпы | Дем алу | Дем шығару | Жалпы | |
l. mediaclavicularis | __ | __ | __ | |||
l. axillaris media | ||||||
l. scapularis |
Аускультацияда: везикулярлы тыныс, патологиялық сырылдар естілмейді.
Жүрек тамыр жүйесі.
Жүрек тамыр жүйесіне шағымы жоқ. Жүрек аймағын жалпы көзбен қарауда өзгеріссіз, мойын веналарының пульсациясы байқалмайды.
Пальпациялауда жүрек түрткісі V-ші қабырға аралығында L. medioclavicularis sinistra сызығы бойында анықталады. Ырғағы дұрыс, күші толық ені 1,5 см 2, биіктігі орташа.
1. Перкуссия. Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы
Шекарасы | Орналасуы |
Оң жақ | IV қабырға аралықта l. sternalis dextra – дан 1см сыртқары орналасқан |
Жоғарғы жақ | l. parasternalis sinistra бойымен III қабырға аралықта орналасқан |
Сол жақ | l. mediaclavicularis sinistra бойымен V қабырға аралықта 2 см сыртқа орналасқан |
2. Нағыз тұйық дыбыс шекарасы
Шекарасы | Орналасуы |
Оң жақ | l. sternalis sinistra бойымен IV қабырға аралықта орналасқан |
Жоғарғы жақ | l. parasternalis sinistra бойымен IV қабырға аралықта орналасқан |
Сол жақ | l. mediaclavicularis sinistra бойымен V қабырға аралықта орналасқан. |
3. Тамыр шоғырының шекарасы
Оң жақ | l. sternalis sinistra бойымен IІқабырға аралықта орналасқан |
Сол жақ | l. sternalis dextra бойымен II қабырға аралықта орналасқын |
Жалпы ені | 6 см |
Жүректің көлденең ені 13см.
Жүрек конфигурациясы өзгермеген.
Аускультацияда жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. Пульс екі қолда бірдей ырғақты, күші және толуы қанағаттанарлық, 90 рет минутына. Патологиялық пульсация байқалмайды, тамыр қабырғасы тығыз. Жүректің жиырылу жиілігі минутына (ЖЖЖ) 90 рет. Артериялық қан қысымы екі қолда бірдей 120 және 80 мм. с.б.
Асқорыту жүйесін тексеру.
Жұтынуы актісі жеңіл, ауырсынусыз. Ауыз қуысын қарағанда ауыздың шырышты қабаты ылғалды, ақшыл қызыл түсті, таза. Тілінің беті ақ жабынмен жабылған, жиегінде тістің іздері байқалмайды. Аңқасы қызарған, таңдай доғалары жақсы шектелген.
Ішін қарағанда қалыпты формалы, симметриялы, тыныс алуға біркелкі қатысады. Көк тамырлары ұлғаймаған. Перистальтикасы көрінбейді.
Пальпация:
Беткей бағдарлау пальпациясында іш терісі ылғалды, ауырсынусыз, тері асты шел майы қалыпты дамыған. Құрсақ қабырғасында жыланкөздік шығыңқылар анықталмайды.
Терең сырғымалы пальпацияда (Образцов – Стражеско – Василенко бойынша):
Сигма тәрізді ішек: ауырсынусыз, беті тегіс, эластикалы консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, ұзындығы 25см, жылжымалылығы 3 – 4 см, шұрылдамайды.
Соқыр ішек: ауырсынусыз, беті тегіс, тығыздау консистенциялы, түбі дөңгеленген цилиндр тәрізді, диаметрі 3 см, ұзындығы 9 см, жылжымалылығы 2 – 3 см, шұрылдайды.
Мықын ішек және құрт тәрізді өсінді: мықын ішек ауырсынусыз, жұмсақ консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі см, қозғалмалы, шұрылдайды; құрт тәрізді өсінді пальпацияланбайды.
Өрмелеген тоқ ішек: ауырсынусыз, беті тегіс, жұмсақ, тығыз консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см, қозғалғыштығы 2 см, шұрылдамайды.
Төмендеген тоқ ішек: ауырсынусыз, беті тегіс, тығыз консистенциялы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см, қозғалғыштығы 2 см, шұрылдамайды.
Көлденең тоқ ішек: ауырсынусыз, жұмсақ, орташа тығыз консистенциялы, көлденең орналасқан цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см, қозғалмалы, шұрылдамайды. Кіндіктен 1 см жоғарырақ анықталады.
Асқазан және қалытқы: асқазан кіндіктен 2 – 3 см жоғары пальпацияланады, білік тәрізді; қалытқы кіндіктен 3 – 4 см жоғары оң жақ тік бұлшықеттің жанында пальпацияланады, жиырылған цилиндр тәрізді, сипағанда шұрылдайды (тышқан дыбысы).
Перкуссияда: іштің барлық бетінде әр түрлі дәрежедегі тимпаникалық дыбыстар естіледі.
Аускультацияда: іштің барлық бетінде ішектік перистальтика шулары естіледі.
Бауыр, өт қабы және көкбауыр пальпациясы: бауыры қабырға доғасынан 2 см шыққан, шеті эластикалы, консистенциясы жұмсақ, ауырсынусыз; өт қабы пальпацияланбайды; көкбауыры пальпацияланбайды.
Курлов бойынша бауыр перкуссиясы:
l. mediaclavicularis dextra | 10 см |
l. mediana anterior | 9 см |
Сол жақ қабырға доғасы | 8 см |
Курлов бойынша көкбауыр перкуссиясы:
Ені: 4 см
Ұзындығы: 6 см
Нәжіс бөлінуі еркін, ауырсынусыз, түсі қалыпты.
Зәр шығару жүйесі.
Зәр шығару жүйесіне шағымы жоқ. Бүйрек аймағы жалпы көзбен қарауда өзгеріссіз, зәр шығаруы еркін, ауырсыну сезімі жоқ. Бүйрек пальпацияланбайды. Соғу симптомы екі жақтан да мәнсіз (-). Қуық көлемі өзгермеген, пальпацияда ауырсынусыз. Аускультацияда бүйрек тамырларының соғысы және патологиялық шулар естілмейді.
Нейро-эндокринді жүйе.
Науқастың санасы анық, қойған сұрақтарға уақытында жауап береді. Ұйқысы беткей, сөйлеу қабілеті бұзылмаған. Жүрісі еркін. «Телеграф бағаны симптомы»-теріс. Сіңірлік рефлекс жоғары. Дәм сезу, иіс сезу, көру, есту, есте сақтау және сезімталдығы жасына сай төмендеген. Жұмысты және отбасында қарым қатынасы қалыпты. Қалқанша безі пальпацияланбайды.
Науқас шағымдарына, анамнездік мәліметтерге, обьективті тексерулерге сүйене отырып, келесі симптомдарды, синдромдарды топтадым:
Инсипидарлы синдром – полидипсия; полиурия; яғни қатты шөлдеумен, көп сұйықтық ішумен, жиі зәр бөлу, әсіресе түнгі уақытта; ауыз қуысының құрғауы;
Трофикалық бұзылыстар синдромы – ауыз қуысының құрғауы, терісінің қышуы, сыртқы жыныс мүшелері шырышты қабаттарының қышынуы мен қызаруы
Метаболизмдік синдром – семіздікпен, артериалды гипертензиямен көрініс тапқан.
Диабеттік ретинопатия синдромы – көздің қарауытуы, заттардың бұлыңғыр көрінуі, көру өткірлігінің төмендеуі
Гипергликемиялық синдром – қандағы қанттың деңгейі жоғарлауы, глюкозурия, полиурия, полидипсия
Энергия жеткіліксіздік синдромы – жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық
Менің науқасымның жетекші синдромы – инсипидарлы синдром
Бұл синдром келесі ауруларда анықталады:
1. Қаттыз диабет
2. Бүйректік диабет
3. Иценко- Кушинг ауруы
4. Қант диабеті, І тип
5. Қант диабеті, ІІ тип
Ажыратпалы диагноздың I этапы (кезеңі).
1. Қанттыз диабет – ауруыдиэнцефалды-гипофизарлы жүйенің зақымдалуымен байланысты; антидиуретикалық гормонның бөлінуінің бұзылысымен түсіндіріледі. Этиологиясы – нервті-психикалық жарақаттар; жедел және созылмалы нейроинфекциялар; гипофиздің қатерлі және қатерсіз ісіктері болып табылады. Клиникасында – тұрақты қатты шөлдеу, полидепсия; көр зәрдің бөлінуі; әлсіздік, бас ауруы;тері және шырышты қабаттардың құрғауы тән. Менің науқасымда да инсипидарлы синдром белгілері анықталады. Қантсыз диабет кезінде – полиурия, глюкозуриясыз; зәрдің сал. тығыздығы 1001-1003, яғни жоғары емес; патологиялық элементтер анықталмайды. Менің науқасымда гипергликемия салдарынан полиурия глюкозуриямен анықталады. Жоғарыда айтып кеткен белгілер сәйкес келмегендіктен мен қантсыз диабет ауруын жоққа шығарамын.
2. Бүйректік диабет
Бұл ауру бүйректің глюкоза бөліп шығарудың табалдырығының төмендеуімен түсіндіріледі. Клиникасы симптомсыз; негізінен глюкозуриямен көрінеді. Бірақ глюкозурия енгізілетін көмірсуларға тәуелді емес. Бүйректік диабет кезінде жүктемеден кейін қант қисығы қалыпты және гипергликемиясыз. Менің науқасымда қандағы қанттың деңгейі жоғары болуына байланысты глюкозурия дамыған.Науқаста ретинопатия белгілері көз көрудің нашарлауы айқын көрініс тапқан. Жоғарыда айтып кеткен белгілер сәйкес келмегендіктен мен бүйректік диабет ауруын жоққа шығарамын.
Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 768 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Эра компании Форд | | | Иценко-Кушинг ауруы |