Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жеке адамның әлеуметтенуі

Читайте также:
  1. E. Адамның физиологиялық қасиеттері туралы ғылым.

Жеке адамның қалыптасуы, индивидтің әлеуметтік-мәдени күйге түсуі - бұл өте күрделі процесс. Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар қатысады. Әлеуметтану ғылымы жеке адамның әлеуметтену процесін, әлеуметтік қасиеттердің, құндылықтардың, мұрат-мақсаттардың, ережелердің және әлеуметтік мінез-құлық, білім алу, іскерлік пен дағды принцитерінің қалыптасу процесін талдауға мүмкіндік беретін негізгі қатарды белгілеуге тырысады. Сол арқылы адам әлеуметтік байланыстардың және қауымдастықтардың әрекет ететін мүшесі болады. Ал қоғам өз өмірін сабақтастық арқылы жаңартып отырады. Сонымен бірге, әлеуметтену процесінің түрі және үлгісі қоғамның қандай кұндылыктарға бағынуына, әлеуметтік әрекеттестіктердің қандай түрінің туындауына байланысты екенін ескеру қажет.

Қазіргі әлеуметтену концепциясы француз социлогы Г.Тардтың шығармаларынан бастау алады. Оның теориясының негізі - адамдар қарым-қатынасының түбірі еліктеу қағидасы болып табылады. Ал оқытушы – оқушы қарым-қатынасын ол типті әлеуметтік қатынас деп атады. Американ социологы Т.Парсонс индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді адамдармен араласу процесіне әлеуметтік жүйенің интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді қоса алғанда әлеуметтену институттары әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.

Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.

Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.

Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.

Әлеуметтік шындыққа бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты болып табылады, себебі, бұл қоғамның функциялануының міндетті шарты. Бірақ мұнда әдеттегі әлеуметтену процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады. Олардың бірі конформизм (лат.conformism - ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм - өз позициясының жоқтығымен, белгілі бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен қателіктерін мойындамай түгелін жағдай ағымына жабуы.

Ал енді жеке адамның әлеуметтенуінің механизмі әлеуметтік бақылауға тоқталайық. Бұл терминді ғылымға енгізген француз социлогы Г.Тард. Басында ғылым оны қылмыскерді қоғамдық қызметке қайтару құралы ретінде қарастырған. Кейіннен, бұл терминнің мәнін кеңірек қарастырып, Г.Тард әлеуметтік бақылауды жеке адамның әлеуметтенуінің бір факторы деп қарады. Г.Тард көзқарасының ықпалымен американ социологы әлеуметтік тәртіпті орнату мақсатымен қоғамның индивидке мақсатты түрде әсер етуі және индивидттің мәдениетті игеруі мен оны ұрпақтан – ұрпаққа тапсыру үрдісін қамтамасыз ететін құрал ретінде, әлеуметтік күш пен адамзат табиғаты арасындағы белгілі бір қатынасты үйлестіруші деп түсінді.

Әлеуметтік бақылау - бұл нормативті жөнге келтіру арқылы құрамындағы элементтердің қатынасын, әлеуметтік жүйелерді реттеуші құрал. Әлеуметтік бақылау жүйесін тұрақтандыру функциясы - әлеуметтік қатынастардын, әлеуметтік (топтық, кластық, мемлекеттік) құрылыстардын үстем типтерін тудыру болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің мақсатты қызметі, оның бағыттылығы және маныздылығы берілген әлеуметтік жүйенің, ондағы бір-бірін ауыстыратын қоғам типтерінің тарихи дамудағы тарихи – шартты, әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік – саяси, әлеуметтік – құқықтық сипатына байланысты.

Әлеуметтік бақылау – бүкіл әлеуметтік институттар: саясат, білім, мәдениет, мораль бағытындағы индивидтердің әлеуметтік тәртібін реттейді.

Әлеуметтік бақылау механизмі – қоғамның әр түрлі санкциялар арқылы (қоғамдық көзқарас әсерінен репрессияға дейін) әлеуметтік топтар көмегімен жеке адамның белгілі бір рөльдің нормаларға сәйкес әлеуметтік рөльді орындауын қадағалаумен жүзеге асады.

Әлеуметтік іс-әрекет пен жеке адамның мінез-құлқының механизмдері.

Әлеуметтік іс-әрекет, жеке адам мінез–құлқы социологиясының мәні адамның қоршаған ортаға деген реакциясын емес, басқа адамдардың қажеттіліктері, қызығушылықтары және әрекеттерін және қоғамдағы әлеуметтік нормаларды ескере отырып, саналы түрде жасалған мақсатты әрекеттерді бақылайды. Адамның ыстық шәйнекке тигендегі немесе екі асығыс адамның кенеттен соқтығысуына деген инстинктті реакция әлеуметтік әрекетке жатпайды. Ал басқа адамдармен қарым-қатынас және жеке адамның еңбек қызметі, оның әлеуметтік институттар арқылы қажеттіліктерін өтеуі - бұл әлеуметтік іс-әрекет түрлері.

Әлеуметтік іс-әрекет адамның әлеуметтік ортамен қатынасын, оның қажеттіліктерді өтеу мақсатымен қоғамдық қатынасты белсенді қолдану немесе өзгерту үрдісін сипаттайды.

Мотиві бар және әлеуметтік статусқа реакциясы бар жеке адамның өз қылықтарының және басқа әлеуметтік әрекеттерінің жинағы адамның мінез-құлқын құрайды. Жеке адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің объективті негізі болып оның қажеттіліктері мен қызығушылықтары табылады.

Қажеттіліктер адамның сыртқы әлемге, әлеуметтік ортаға деген тәуелділігін көрсетеді. Қажеттіліктер екі түрлі болады: табиғи және әлеуметтік (қоғаммен құрылған).

Қажеттіліктер өмір сүру жағдайын сипаттайды. Өмір жағдайларына қанағаттанбаушылық өмір жағдайларын қолда бар мүмкіндіктер және еңбек арқылы, әлеуметтік институттар арқылы өзгертуге тырысатын адамның іс-әрекетінің сипаттамасына айналады. Мүмкіндіктеріне қарай индивид мақсатты түрде белгілі бір әлеуметтік жүйедегі белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен әрекет етеді. Енді осы кезде жеке адамның мүдделері, оның мәні көрініс табады. Мүдде ретінде, ең алдымен, адамның қоғамдағы орны, екіншіден, оның басқа адамдар қызметіне тәуелділігінің сипаттамасы, үшіншіден орнаған әлеуметтік қатынастардан туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары және тәсілдері көрінеді. Адам нақты әрекетке кірісу үшін қажеттіліктер мен мүдделерді ішкі қозғаушы мотивтерін тануы керек. Мотивтер - әрекетке ішкі нақты қозғаушы, белгілі бір жағдайда адам мінез-құлқын сипаттаушы. Мотивтер – белгілі бір игіліктерді немесе тілектерді, қызмет жағдайларын орындаудағы объективті қажеттіліктерінің және мүдделердің адам санасындағы көрінісі. Мотивтер, индивидтердің белсенділігінің ішкі қозғаушысы. Олардың сыртқы қозғаушы күші – стимулдардан адамға сыртқы жағдайлардың объективті әсерімен ерекшеленеді. Стимул жеке адам қызметінің себебіне айналуы мүмкін, егер де ол объект пен субъект қажеттіліктеріне жауап беретін субъективті құндылық болып табылса.

Құндылықты бағыттар жеке адамның әлуметтік ұстанымы бола отырып, оның мінез-құлқын реттейді. Әлуметтік ұстамдар – бұл жеке адамның әлуметтік белгілі әрекеті нысанына сәйкес әрекет етуі. Құндылықтық бағыттар жоғары деңгейдегі әлуметтік ұстанымдар бола отырып, жеке адамның өмір сүру жағдайымен, құндылықтарымен, индивдтің жеке әлуметтік объектке және жағдайға деген ұстанамдарымен, жеке іс-әрекеттің реттейтіндігімен ерекшеленеді. Құндылықты бағыттар жеке адамның негізгі әлуметтік мүдделерін көздеп, оның қызметінің стратегиялық бағытын анықтайды. Құндылықты бағыттар индивидтің өмірлік позициясы, оның көзқарасы, адамгершілік қағидалары түрінде болады.

Адамға жеке адам қызметін атқару бір жағынан аурытпалық туғызса, екінші жағынан – бұл бақыт. Ауртпалық болады, себебі, әлеуметтік қызметтерді орындау оңай емес. Мысалға, жауапкершілік қызметін алайық. Қайсібір әлуметтік қауымдастықтың мүшесі бола тұрып жеке адамның бұл функцияны орындамауы мүмкін емес. Ол дегеніміз, индивидтің арасында байланыс орнату, және екі жақты міндеттер қабылдау. Басқаға деген жауапкершілігі бар жеке адам қауымдастықтың өзіне де осы талапты қоюға құқылы. Бірақ жауапты болу адамның көптеген қоғамдық міндеттерді орындауында талап етеді. Соның нәтижесінде өз қызметін, қажеттіліктерін және мүдделерін шектеу.талаптарына сай болуға мәжбүр.

 

2.2 ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ӘЛЕУМЕТТЕНУ

Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі әсіресе интенсивті түрде болашақ және жас өспірімділік кезеңде дамиды, ал тұлға дамуы жалпы егде жасқа дейін созылады [15. б.111]. Қоғам дамуы тұлғаның индивидуалды дамуына жол сілтейді, ал жалпы әлеуметтенуге әр әлеуметтенуші өз үлесін қосады. Тейяр бойынша, адамзаттың болашағының тарихының маңыздылығын казіргі қоғам дамуына тәуелді болып табылады [16.б.514]. Тұлғаның әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен тұрады: 1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді. 2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді. 3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе арқылы қалыптасады. 4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады. Негізгі әлеуметтену феноминдеріне мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр - қызығушылықтарды, құндылықтарды, бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады. Ал әлеуметтенудің негізгі институттары ретінде: жанұя, мектептік мекемелер, формалды емес ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, еңбек ұжымдары т.с.с. есептелінеді [17. б. 376]. Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әсер ететін қарым-қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының үрдісі ретіндегі үш негізгі негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. А. Н. Леонтьевтің пайымдауынша, адам әлеуметтенудің бүкіл үрдісінде көптеген іс-әрекет түрлерімен айналысады [18. б.188]. Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі. Біріншіден. бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері арасындағы байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде екінші үрдіс туындайды, яғни - негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін игереді. Осындай жаңартулардың кысқаша мәнін іс-әрекет жүйесіндегі дамушы индуктивті көрсетуде оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею үрдісі айқындалады. Осы мәселе тұрғысындағы зерттеулерде мақсатты білім алу үрдісім қарастыру негізгі сауалдарды құрайды. Өкінішке орай, оның әлеуметтік-психологиялық аспектісі жағынан зерттеу мәліметтері аз [14. б. 277]. Әлеуметтену контектісінде қарастылатын екінші аумағы қарым-қатынас та оның іс-әрекетпен тығыз байланыста болғандықтан әлеуметтенуді кеңейту, ұлғайту жағынап қарастырады. Қарым-қатынасты кеңейту ретінде адамның басқалармен байланысқа түсуін ұлғайту деп түсіндіріледі, ал осы тереңдету ретінде монологтық қарым-қатынастан диалогтікке көшу, децентрация, яғни қарым-қатынас жасаушыға бағдарлана алуы, оны нақты қабылдай алу мүмкіндігі қарастыралады [14. б.289]. Әрине, тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас ету ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындағылары арасындағы орнын белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама адамдардағы оның «Менінің» қалыптасуын бейнелейді. Өкінішке орай, осы мәселе төңірегінде даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға концепциясында «Мен-бейнесін» түрліше қабылдайды [14. б.279]. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде «Мен - концепциясының» психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялык тұрғы немесе гуманистік психологияға, интеракционизмге, аз дәрежеде психоанализмге сүйенеді. Тұлғаның «Мен - концепциясы адамның өмір үрдісіндегі өз психологиялық қоршағанының өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған.

Дәстүрлі қоғамның сипаттары.

Қауымдастық негізінде туысқандық, эмоционалдық, адамдардың саналық деңгейіне жетпеген, дәстүрлерге негізделген қатынастар жатады. Мұндай дәстүрлі және патриархалды әлеуметтік ұжым қоғамға қарағанда әлдеқайда архаикалық,яғни ежелгі.

Зіндік және әлеуметтік идентификация.

Әлеуметтік, саяси, діни, демографиялық, қандықтуыстық, экономикалық, кәсіби мәртебелер адамдардың әлеуметтік қатынастарының ұзақтығын, интенсивтігін, бағыты мен мазмұнын анықтайды. Ал әлеуметтік рөль болса,ол нақты мәртебеге арналған іс-әрекет. Роөдерді мәртебелердің динамикалық жағы дейді. Әр адамнан оның мәртебесіне сай іс-әрекетт күтіледі. Банкирден банкирге тән, ұстаздан ұстаздық және с.с. Сондықтан әлеуметтік рөль онымен функциональды байланысты топтардың мүшелерінің сол рөлді орындалуын күтуі болмаса және әлеуметтік нормалар, сол рөлге нақты талаптарды бекітпесе орындалмас еді. Рөлдік жиынтық әлеуметтік қатынастарды қалыптастырады, әлеуметтік мәртебелерді және соған тән рөлдерді орындауды талап етеді. Рөлдерге беріле ену рөлдік идентификациялану дейді.

Азақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.

Қазақстанда социология гылымының негізі КСРО аясында қалыптасты. ХХ ғасырдың 30-жылдары социология ғылымы қуғынға ұшырап 50-жылдарың екінші жартысында марксистік-лениндік идеологияның тұрғысынан өмірге келген болатын. Егеменді мемлекет құрылып топталитарлық жүйе ыдыраған соң социология әлемдік социологияның даму аясында дамуға бет бұрыс жасауда. Қазақстанда социология ғылымдары тек қана алғашқы қадамдарын жасауда. Әзірше өзімдік жасампаздық ғылым қалыптасқан жоқ. Көбіне шетелдік еңбектердегі теориялар мен ұстанымдар негізінде жазылған «көшірмелер» десек те болады. Социологияның ғылым болып дамуының материалды техникалық базасы, қажетті қаражаты да жоқтың қасы. Жоғарғы оқу орындарында жүретін социология пәні негізінен ақпарат беру, ағартушылық деңгейінде тіршілік етуде.

Азақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың өзекті әлеуметтік мәселелері.

Бүгінгі кезде «қоғам» ұғымы бүкіл әлемдік қауымдастықты қамтиды, өйткені жаһандану процесі жершарының қандай мемлекеті болмасын басқаларымен тағыз байланыста екенінін дәлелдеп отыр. Қайсыбір елге төнген қауіпке басқа елдерде көмекке келүге тырысу тенденциясы да бет түзеп келеді. Әрине бұған қарама-қарсы бағытта да болып жатқан процестер жоқ емес. Оның көпшілігінің негізінде бұрынғы империалық амбицияның жатқаны сөзсіз. Соның бір мысалы ресейдің қазіргі Оңтүстік Оссетия мен Абхазияны әлемдіқ халықаралық шарттарға қарамыстан дербес мемлекеттер деп жариялауы.

Әлемдік қауымдастықтың орталық басқару органы болып Біріккен Ұлттар Одағы есептеледі. Бүгінгі кезде Еуропа Одағы өз қатарына 28 мемлекеттерді құрап 500 млн адамдардан турады. Бұқаралық ақпарат құралдары бүкіл әлемдегі жағдайды бір уақытта тарату арқылы адамдардың санасын, ой сезімудін жаңа планетарлық деңгейге сай қасиеттерге тәрибелеуде. Әлемдік валюта-қаржы жүйесінің тығырыққа тиелүі әләмдік экономикалық дағдарысқа алып келді. Қазақстан посттоталитарлық қоғамға тән сипаттармен белгілі. Оның негізгі көріністері жарияланған демократиялық қағидалар, заңдар іске баяу асырылуында, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында мемлекеттің басымдылығы, азаматтық қоғамның әлі де кенжелеп қалыптаса алмауы, керісінше мемлекеттің, атқарушы биліктің шексіз билікке ие болуға ұмтылуында, жемқорлық, соның ішінде жоғары деңгейдегі мемлекеттік шенеүніктердің үлесінің өсүі және т.б. Қазақстан қоғамы қазіргі дәүірдің талабына сай даму үшін ең алдыменен өнім шығаратын секторларды дамытуы тиісті.

27.Әлеуметтену процесі,

Леуметтенудің негізгі агенттері.

Eger 27,28surak kop bop korinse, 1euin ganaokyndar, ekeui de birdei

1)Әлеуметтену дегеніміз – үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс. Адам туылғаннан бастап, өмірден өткенге дейін жүреді. Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан немесе жаңа әлеуметтік нормаларды игерген адам қоғамда тұлғалық дамуға, жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді. Әлеуметтену алғашқы реттік, және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы реттік әлеуметтену отбасыда жүреді. Одан кейінгі әлеуметтену бала-бақша, мектеп, әлеуметтік ортада, т.б. жалғасын табады. Негізінен әлеуметтену үдерісінің негізгі агенттеріне отбасы, білім, неке сияқты әлеуметтік институттардың әсері мол (Кесте-1). Отбасыда алған – тәрбие, білім беру мекемелерінде алған – білімі және тағы басқа институттардан алған түрлі оң құндылықтар адамның өмір бойы дұрыс, сапалы өмір сүруінің кепілі болады. Дегенмен, бұл – әлеуметтенудің қалыпты түрі. Ал қоғамда отбасыда туылмаған, отбасы институтынан тыс адамдар да бар (жетім балалар, көше адамдары, т.б.). Немесе белгілі бір объективті, субъективті факторларға байланысты білім беру институттарынан тыс қалғандар да бар (орта немесе жоғарғы білімі жоқ азаматтар). Сондықтан да қоғамда адамдардың әлеуметтену үдерісі өте күрделі және өзекті мәселелердің біріне жатады. Адам өмірінің циклдік қарастырғанда өсу, өрлеу шағы болып табылатын жастық шағының негізгі субъектілері болып табылатын жастардың дұрыс бағдарлануы олардың келесі өмірінің жартылай іргетасы болады десек қателеспейміз. Жартылай деп айтуымыздың бір себебі, адам бойындағы біршама құндылықтардың негізгісі балалық шақта қалыптасатыны жасырын емес.

2)Енді әлеуметтену түсінігінің мағынасын ашсақ - бұл барлық мәдени дәстүрлерге тән, сонымен қатар индивидтің білімін, құндылығын және нормаларын іске асыратын процесс. Әлеуметтену түсінігін философия, социология, әлеуметтік психология, психология, педагогика, тарих, этнография ғылымдары оқытады. Әлеуметтену философиялық қиындық ретінде тек әлеуметтік философия бағытында, әлеуметтік реализм дегендей қиындықтарға жолығады, тарихи категорияларда түрленбейді. Әлеуметтенудің философиялық негізгі дәстүрін әлеуметтік психология Тардтан бастау алады; ол белсенді түрде классикалық психанализде дамыды; интеракционизммен, марксизммен, жүйелі-функционалды талдаумен, бүгінгі күндегі әлеуметтенудің зерттелуі бойынша символикалық интеракционизмменпсиходраманың бағыттарымен т.б. Әлеуметтену процесінде адамды мәдениетке қосу, сонымен қатар ол үшін автохтонды түрде болатын белгілі бір халық дәстүрінің мәдениетіне қосу болады.

Әлеуметтену процесі мәдени ортаға бейімделу процесі секілді индивидтің бүкіл ғұмырында жүріп отырады. Бірақ оның функционалы-мазмұнды экстремумы баланың екі жас пен алты жас аралығына ғана тиесілі. Ал бұл жастан өтіп кеткен homo sapiens үшін бұл мүмкін емес. Қасқырлардың ортасында өскен әйгілі Амал және Кемал, бүркіт ұясындағы Гоимед баланы әлеуметтендірудің олардың жағдайында мүмкін емесігін көрсетеді.

Әлеуметтену мәдени әдет-ғұрыптар сияқты жеке тұлғаның қалыптасуы болып табылады. Бұл мағынада әлеуметтену нәтижесі ретінде бұрыннан қалыптасқан жеке тұлғаның варияциялары көрінеді. Олардың вариаттылығы нақты бір жекелеген әлеуметтік жағдайлардың және туа пайда болатын психологиялық жағдайлардың көптүрлілігімен шартталған.Олардың интегралдық қауымдастығы мәдениетте стандартталған тәуелділікке ие және белгілі бір орта түзетін матрицалардың парадигмалық бірлігі болады. Бұл жекелеген мінез-құлықтардың қоғам мақұлдамайтын жағдайларға әкелуімен аяқталады. Осындай бекітулерге операциялы түрде ие болу марапаттауға немесе жазалауға әкеп соқтыратын мынандай қағидалар арқылы жүзеге асады: «сүйсінушілік-қайғыру» (Фрейд) немесе «тежеуіштік-субстанция» (Парсонс). Әлеуметтенудің психологиялық механизмі тұлғаның мына рольдердің бірін қабылдауы арқылы көрінеді: «еліктеу» (Тард), өзін басқа біреуге теңдестіру (Фрейд), «басқа біреудің ролін қабылдау» (Дж. Г. Мид), «еліктеушілік және теңдестірушілік» (Парсонс). Осындай контекстерде әлеуметтену агенттері қиыншылықтарға тап болады, олар бұл жағдайда үлгі ретінде кім көрсетілуі тиіс деген сұрауға жауап іздейді. Бұл жерде әлеуметтену таным сапасының тұлға қалыптасуындағы мақсатталан ықпалы ретінде қарастыратыны сияқты, тұлғаның мәдени-әлеуметтік контекске сәйкес объективті ұйымдасқан процесстің маңыздылығын есте ұстау қажет. Фрейд концепйиясында бұндай үлгі болатын модель ретінде отбасы алынған (алдыменен ата-ана); ал Т. Тернердің көрсетуінше әлеуметтік агенттің референті ретінде отбсылық жағдайы жоқ топ қана қатыса алады делінген. Дегенмен, әртүрлі нұсқаларға қарамастан әлеуметтену біріншіден «басқа-басқалар» деп, екіншіден «мағыналы басқа-басқалар» деп түрленеді. Бұған мысал «мұғалім-оқушы» (Тард) принципіне негізделген тікелей қатынас бола алады. Жеке тұлға «өзіне жалпы құндылықтарды» басқа бір білікті адаммен қарым-қатынас жасау барысында алады. (Парсонс) Мидтің айтуынша субъект үшін басқа бір тұлғаның рөлін қабылдау сатылай жүзеге асады. Алдымен өзі үшін беделді адамдардың роліне кіру (ата-ана, үлгі тұтар достары, әдеби немесе кино кейіпкерлері), содан кейінгісі басқаны максималды түрде танитын абстрактілі «негізделген басқа» рөлінде. Негізделген басқа жағдайына жеткенде жаңағы әлеуметтенудің агенттері (ата-ана, топ) өзіндік бағалауға айналады. Бақылау жекелеген танымға кіреді де, физиологиялық организм рефлекстік таным «менге» айналады.(Мид)

Социологиялық зерттеудің түрлері.

Жоспарының күрделілігіне байланысты және зерттеу көлеміне байланысты үш түрлі зерттеудің түрлерін айта аламыз:пилотаждық, баяндық, аналитикалық.

Аналитикалық зерттеу-

Аналитикалық зерттеу-социологиялық зерттеудің ең қиын және ең терең түрі. Баяндық зерттеу түрімен салыстырғанда, бұл зерттеудің түрі шиеленістің шешу жолын ғана іздеп қоймай, оның неден шыққанын, қалай пайда болғанында зерттеуге де шамасы жетерлік. Бұл зерттеу түрі өте үлкен қоғамдарды зерттеуге көмектеседі. Мәселен, қала, аудан, республика, мемлекет көлемінде жүргізіле береді. Бұл зерттеу түрінде эксперимент те қолданылады. Мысалы: бұл ақпараттың түбіне жету үшін, социолог бір анық ситуацияны алады. Себебі, бұл арқылы байланыс факторларын таба алады. Бұл зерттеу түрін экспериментальды деп те атауға болады.

 

Пилотаждық зерттеу-

Пилотаждық зерттеу-нақты социологиялық зерттеудің қарапайым түрі. Бұл зерттеудің түрі ұйымдасқан тапсырмаларды шешу үшін және кішкене ғана объектімен жұмыс істеу үшін арналған. Оны ажырататын белгілер: жеңілдетілген бағдарлама, әдіс және көлемі жағынан шағындығы.

 

Баяндық зерттеу-

. Баяндық зерттеу (описательное) - социологиялық талдаудың тереңдетілген түрі. Зерттеу нысаны болып, жетерліктей үлкен қоғам, яғни олардың сипаттарын анықтау мәселесі қойылады.Себебі бұл зерттеу оларды салыстыруға, не салғастырумаға көмектеседі. Зерттеу барысында ақпараттың масштабының үлкеніне байланысты, ақпаратты өңдеуге машиналар қолданылады.

 

Сауалнама.Сауалнама сұрақтарының түрлері.

30. Сауалнама әдісінің екі түрі бар:анкеталық және сұхбат немесе сұхбатнама (интервью).Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды.Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу, бақылау т.б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Анкетаны дайындау үшін зерттеушісауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.

Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді:

1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады;

2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;

3. Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.

Сұхбатнама.

Интервьюирование. Сұхбатнама

При интервьюировании контакт между исследователем и респондентом

осуществляется при помощи интервьюера, который задает вопросы,

предусмотренные исследователем, организует и направляет беседу с каждым

отдельным человеком и фиксирует полученные ответы согласно инструкции. Этот

метод опроса требует больших затрат времени и средств, чем анкетирование, но

вместе с тем повышается надежность собираемых данных за счет уменьшения числа

не ответивших и ошибок при заполнении вопросников.

Рассмотрим особенности различных организационных форм интервью.

Интервью по месту работы, занятий, то есть в служебном помещении. Оно

наиболее целесообразно, когда изучаются производственные или учебные

коллективы, а предмет исследования связан с производственными или учебными

делами.

Интервью по месту жительства. Оно становится предпочтительным, если предмет

опроса касается таких проблем, о которых удобнее поговорить в неофициальной

обстановке, свободной от влияния служебных или учебных отношений.

В прикладной социологии различают три вида интервью: формализованное,

фокусированное и свободное.

Формализованное интервью - самая распространенная разновидность

интервьюирования. В этом случае общение интервьюера и респондента строго

регламентировано детально разработанными вопросником и инструкцией,

предназначенной для интервьюера. При использовании этого вида опроса интервьюер

обязан точно придерживаться формулировок вопросов и их последовательности.

Фокусированное интервью - следующая ступень, ведущая к уменьшению

стандартизации поведения интервьюера и опрашиваемого. Оно имеет своей целью

сбор мнений, оценок по поводу конкретной ситуации, явления, его последствии или

причин. Респондентов в этом виде интервью заранее знакомят с предметом беседы.

Предварительно заготавливают и вопросы для такого интервью, причем их перечень

для интервьюера обязателен: он может менять их последовательность и

формулировки, но по каждому вопросу должен получить информацию.

Свободное интервью отличается минимальной стандартизацией поведения

интервьюера. Этот вид опроса применяется в тех случаях, когда исследователь

приступает к определению проблемы исследования. Свободное интервью проводится

без заранее подготовленного вопросника или разработанного плана беседы;

определяется только тема интервью.

 

Контент- талдау. Құжаттарды талдау тәсілдері.

.Контент-ана́лиз(англ.: contents - мазмұн, содержимое) немесе мазмұнның саралаy-зерттеу стандартты әдістемесі қоғамдық ғылымның облысында саралау пәнімен мәтіндік алаптың және коммуникативті хат-хабардың мазмұны болып табылады.

Методы анализа документов.

 

Во всём многообразии исследовательских приёмов, используемых при изучении

документов, выделяют два основных вида: качественный анализ (иногда его

называют традиционным) и формализованный, носящий ещё название

контент-анализа. Два эти подхода к изучению документальной информации хотя и

различаются во многом, однако могут в достаточно высокой степени дополнять друг

друга, так как два этих метода вместе дадут всесторонний взгляд на проблему.

Качественный анализ зачастую служит предпосылкой последующего

формализованного изучения документов. Как самостоятельный метод особое

значение он приобретает при изучении уникальных документов: их число всегда

крайне мало и поэтому нет надобности в количественной обработке информации.

Поэтому суть традиционного подхода заключается в углублённом логическом

исследовании содержания документов.

Стремление в максимальной степени избежать субъективизма, потребность в

социологическом изучении и обобщении большого объёма информации, ориентация на

использование современной вычислительной техники при обработке содержания

текстов привели к появлению метода формализованного,

качественно-количественного изучения документов (контент-анализа).

При этом методе содержание текста определяется как совокупность имеющихся в

нём сведений, оценок, объединённых в некую совокупность единой концепцией,

замыслом.

Процедура формализованного анализа документов начинается с выделения двух

единиц анализа: смысловых (качественных) и единиц счёта. Цель исследования –

отыскать индикаторы, указывающие на наличие в документе темы, значимой для

анализа, и раскрывающие содержание текстовой информации.

Плодотворным оказывается при анализе текстов проблемный подход. В этом случае

весь текст рассматривается как описание конкретной проблемной ситуации, в

которой есть ряд субъектов и отношения между ними. При формализованном

анализе документов всесторонне рассматривают саму деятельность, а также

выделяют её субъекты, цели и мотивы поступков, совершаемых ими;

обстоятельства, причины, породившие потребность в той или иной деятельности

(бездеятельность – это тоже вид деятельности); объект её направления.

Анализ документальной информации имеет ряд преимуществ по сравнению с

другими методами:

1. Анализ документов позволяет оперативно получить факто­графические данные о

предприятии в целом и его рабочих и служащих.

2. Эта информация носит объективный характер.

Но при этом нельзя забывать об ограничениях, связанных с качеством

информации, получаемой при данном анализе:

а) учетная и отчетная информация не всегда бывает достовер­ной и нуждается в

контроле с помощью наблюдениями опросов;

б) часть этой информации устаревает;

в) цели создания документов чаще всего не совпадают с теми задачами, которые

решает социолог в своем исследовании, поэтому информация, содержащаяся в

документах, должна перерабатываться, переосмысливаться социологом;

г) подавляющее большинство данных в ведомственной доку­ментации не содержит

информации о состоянии сознания работников. Поэтому анализ документов

достаточен лишь в тех случаях, когда для решения задачи достаточно

фактографической информации.

Бақылау және оның түрлері.

Нақты социологиялық зерттеу мынадай мүмкіндіктер бере алады:

· Қоғамдағы жағдайлардың анық бейнесін көрүге;

· Әлеуметтік қарым-қатынастардағы шиеленіспен даму тенденцияларын бөліп қарау;

· Социологиялық ситуацияларды болжау;

Қоғамның дамуының және шиеленістерді шешуінің ең тиімді жолдарын анықтау

Социологиялық зерттеу-процедуралар жүйесі. Олардың мақсаты-зерттеліп жатқан құбылыстан нақты объективті мәліметтер алу.

Социологиялық зерттеулерге кіретін процедуралар:

· Техникалық-ұйымдастырушылық

· Методологиялық

· Әдістемелік

Социологиялық зерттеудің кезеңдері:

 

· Аналитикалық зерттеу

· Пилотаждық зерттеу

· Баяндық зерттеу

Социологиялық зерттеудің түрлері:

· Толықтырулар мен қорытындысын шығару

· Дайындық

· Бастапқы ақпаратты жинақтау

· Ақпаратты қорытуға және ЭЕМ-да өңдеуге дайындау

· Қорытылған ақпаратты талдау

o Ғылыми қорытындысын дайындау

 

 

Эксперимент.

Аналитикалық зерттеу-социологиялық зерттеудің ең қиын және ең терең түрі. Баяндық зерттеу түрімен салыстырғанда, бұл зерттеудің түрі шиеленістің шешу жолын ғана іздеп қоймай, оның неден шыққанын, қалай пайда болғанында зерттеуге де шамасы жетерлік. Бұл зерттеу түрі өте үлкен қоғамдарды зерттеуге көмектеседі. Мәселен, қала, аудан, республика, мемлекет көлемінде жүргізіле береді. Бұл зерттеу түрінде эксперимент те қолданылады. Мысалы: бұл ақпараттың түбіне жету үшін, социолог бір анық ситуацияны алады. Себебі, бұл арқылы байланыс факторларын таба алады. Бұл зерттеу түрін экспериментальды деп те атауға болады.

Іріктеу.

Негізгі талап-- іріктеп алынған жиынтық бас жалпы жиынтықтың құрылымының микромоделі болуы қажет

Іректеп алудың қазіргі кезеңде ғылымда қалыптасқан әдістері бар.

Таңдаудың ең негізгі әдістері:

· механикалық таңдау әдісі. Басты жиынтықтан бірдей аралықтар арқылы қажетті респонденттер саны анықталады (мысалы, әрбір 10-ыншы);

· сериялық таңдау әдісі. Басты жиынтық бірнегізді бөліктерге бөлінеді және әрбір бөліктен анықтауға қажетті бірліктер пропорционалды түрде алынады;

· ұялық /кластерлық/ таңдау әдісі. Таңдап алынатын объектілер кішігірім бірліктер ұялары /кластерлер/, немесе топ.

· квотты таңдау әдісі. Респонденттер таңдауы бірнеше көрсеткіштер негізінде өтеді.Бұл көрсеткіштер жалпылай жиынтықтың әлеуметтік-демографиялық және де с.с. статисткалық көрсеткіштерден құрастырылады.

 

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 1173 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Социологияның атқаратын функциялары.| Лдеуметтік институттардың сипаты.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.058 сек.)