|
Социология дегеніміз қандай ғылым.
«Социология терминінің» этимологиясына үңілсек, ол латынның «societas» сөзінен шыққандығын және «қоғам» деген мағына беретінін, «logos» грекше «білім,ілім», яғни «қоғам туралы ілім» дегенді білдіретініне көз жеткіземіз.Социологияның объектісі-қоғам, ал пәні- қоғамның әлеуметтік өмірі, яғни адамдардың өз- ара қарым-қатынасы, тұлға мен қоғамның, мемлекеттің, әлеуметтік институттар арасындағы процестер.
кез келген ғылым секілді социология өз бастауын сонау ежелден алады.Тарихтағы тұңғыш қоғам туралы еуропалық теориялар антикалық философияның негізінде пайда болған. Олардың ішіндегі ең маңыздылары ежелгі грек философтары – Платон мен Аристотельге тиесілі. Платонның жарқын қоғамдық көзқарасы «Мемлекет» диалогында толығымен суреттелген. Оның басты идеясы адамзат қоғамы саналы түрде құрылған және мақсаттылық пен саналылық қағидаларына сәйкес интелектуалды элитамен басқарылатын идеада қоғамдық жүйені іске асыруы тиіс дегенге келіп саяды.Қоғамда тәртіпсіздік, әлеуметтік шиеленістен онда қашан қатаң тәртіп орнағанша шыға алмайды, мұнда әрбір азамат өз ісімен айналысып (еңбек бөлінісі) басқа азаматтардың, таптардың, жұмыстарына араласпауы тиіс (әлеуметтік бөлініс). Тұрақты деп ол негізінен үш тапқа бөлінген қоғамды айтады: ақсақалдылардан, мемлекет басшыларынан тұратын жоғарғы тап; тәртіпсіздіктен қорғайтын жауынгерлерден тұратын ортаңғы тап; шаруалар мен құлдардан тұратын төменгі тап. Платонның есептеуінше интелектуалды элита тумыстан пайда болады.
Социологиялық ұғымдарлың ерекшеліктері.
Социологиялық ұғымдар басқа ғылымдардағы ұғымдар секілді қарастрылған құбылысттар мен үдерістердің негізгі мәнінін анықтайды. Социологияда статистикалық, операционалды, аналитикалық ұғымдар бар.
Статистикалық ұғымдар статистика гылымында қолданылатын ұғымдарды социологияға бейімдеп, нақтылай айтсақ тіптен басқа сапаға көтеріп, мәні өзгертілген ұғымдар. Мысалы, статистика ұғымдарыының мәні сандық өлшеммен беріледі, ал социология ұғымы сапалық және адамдардың қатынастарының ерекшіліктерін ашуға бағыттайды. Егерде статистикада қарстырған үдерістің қайсысының пайыздық басымдығы жоғары болса, сөзсіз мәселе соның пайдасына шешіледі, ал социологияда бұл қағида міндетті емес. Көп жағдайда мәселенің шешілуі аздық көрсеткіштері бар жақтың пайдасына шешілуі мүмкін.
Операционалды ұғымдар көмекші, құралдық функцияларды атқарады. Мысалы, «діншілдік» терминін алсақ, ол жоғарықұдіретке сену деген мағнаны білдіреді. Ал оған эмпирикалық,операционалдық іс-әрекет арқылы мағна берсек, онда ол адамның мешітке қаншалықты жиі баратынын, оның діннің мазмұнын білу деңгейін анықтау болар еді.
Ал социологиядағы аналитикалық ұғымдар болса, олар өздерінің мазмұндары мен мәндерінің жалпылығыменен ерекшеленеді, сондықтан да олар қандай болмасын қоғамның тарихи ерекшеліктеріне қарамастан қолдныла береді. Мысалы, нормалар, санкциялар, рольдер сияқты ұғымдар.
Сонымен қатар социологияның салалық бөлінүіне байланысты арнайы сол салаға тән ұғымдар қолданылады. Мысалы, еңбек социологиясы, жастар социологиясы, қала социологиясы.
Социологиялық ұғымдар социологияның макро- және микросоциология болып бөлінуіне байланысты да реттеледі.
Қорыта келсек, социология ғылымы қазіргі кезде қарқынды даму да, сондықтан да оның ұғымдары да даму үдерісі үстінде.
Социологиялық парадигмалардың сипаттамалары.
жаңалықтар мен өзгешеліктерді, оның социологияға тигізер әсерін зерттейді.
Басқа ғылымдар секілді социологияның да өзіне тән ұғымдары, категориялары, парадигмалары бар. Оларсыз ғылым өз дербестігіне ие бола алмайды.Қоғамдық ғылымдар арасында тек социология ғана нақты, яғни реалды қоғамды жан-жақты және біртұтас тұрғыдан қарастырып,зерттейді. Ол адамдардың іс-әрекеттерінің барлық түрлерін әлеуметтік тұрғыдан қарастырып, зерттеп, түсіндіруге тырысады.
Парадигма деп ғылымда зерттейтін құбылысқа жалпы көзқарасты айтады. Социология ғылымының қалыптасуына байланысты өмірге келген социологиялық мектептер мен бағыттарға байланысты туындаған парадигмалар бар. Мысалы, әлеуметтік фактілер парадигмасы Э.Дюркгеймнің есімімен және де функционализм мектебімен байланысты. Ал түсінісу парадигмасы М.Вебер мен В.Паретолардың есімдерімен байланысты. Әлеуметтік-тарихи детерменизм парадигмасы К.Маркстың, есімімен байланысты.
Социологиялық талдау дәрежелері:
Кәзіргі таңда социологиялық талдаудың екі түрі қалыптасқан:
· Макросоциология – қоғам дамуындағы үлкен заңдылықтарды қарастыратын теориялар жиынтығы; Қоғамдық жүйенің басты байланыстары, топ аралық қарым-қатынас және фундаменталді процестер.
· Микросоциология – кіші топтар арасындағы немесе тұлға аралық қарым-қатынастар туралы теориялар.
Социологияның өмірге келуінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани алғышарттары.
ХХ ғасырдағы ғылыми техникалық революция, қоғамды ақпараттандыру ғылымдағы үлкен серпіліс болып табылады. ХХ ғасырдың аяғы экономикалық қарым-қатынас, сауда-саттықтың дамуымен көзге түсті. Бірақ мұнымен қоса дүниеде болып жатқан табиғаттың нашарлауы, адамзаттың азғындауы, адамзаттың қаруланудағы жарысы сияқты келеңсіз оқиғаларға көз жұмып қарауға болмайды.
Сонымен, адамзат 2 мыңыншы жылдың аяғына қарай экономикалық емес социомәдениеттік факторларға басты назар аударды. Адамдардың арасындағы байланыс арта түсті, ғаламға жаңа бір біріне түснікті тіл керектігі туындады. Ғаламның қай нүктесінде болмасын адамдардың бір-біріне тигізетін әсері анық көріне бастады. Ұлтаралық қатынаста жаңа сапаға көтерілді. Қоғам дамуының маңызды көзі адам мен табиғат байланысының дұрыстығында деген түсінік қалыптасты.
Ресейдегі ең алғашқы болып 1920 жылы Петроград унтверситетінде социология факультететі ашылды. Оны алғаш басқарған П.А. Сорокин.30 жылдарадағы қалыптасқан тоталитарлық жүйе кезінде социология пәні қудалана бастады. Себебі социология өкіметке қауіпті болды. Социология қоғамдағы жүріп жатқан нақты процестерді зерттеп, ақпарат құралдары арқылы адамдардың санасын оятты. Ал санасы оянған адам өкіметтің жүргізіп отырған саясатына наразы болатын. Сондықтан өкімет социология ғылымын жапты. Социология ғылымы ең бірінші болып репрессияға ұшыраған ғылым.
КСРО- да ХХ ғасырдың 60 жылдары социология қайта жаңғыра бастады. 1958 жылы Кеңестік социологиялық ассоцияция құрылды. 1968 жылы социологиялық зерттеу институты ашылды. Бұған қарамастан социология бұл заманда да жақсы дами алмады. Кеңестік социология өз шарықтау шегіне 80 жылдарда Қайта құру кезеңінде жетті десек болады. Себебі сол кезеңнің теориялық негізінде биліктің, басқару жүйенің бұқара халықтың нақты жағдайын толық білмейді, ал бұл кемшілікті жоюдың бірден бір жолы социологиялық зерттеулер жүргізіп халықтың пікірін біліп, соны ескере отырып саясат жүргізу керек деген тұжырым болатын. Бірақта, социологияның теориясы марксистік-лениндік ілім болғандықтан қолданбалы социологиялық зерттеулер соның аясында жүргізілді.Сондықтан да барлық жиналып алынған деректер сол ілім елегінен өткізіліп отырды, ал оған сәйкес келмейтін немесе қарсы келетін деректерді жариялауға, тіптен дұрыстап талдауға мүмкіндік берілмеді. Ал Америкада бұл пән 1892 жылы Чикаго университетінде әлемде ең алғашқы социология факультеті ашылғаннан бастап тек жоғарғы оқу орындарында емес орта мектептерде де оқытылып жүр.
Осындай қиыншылықтардан өткен социология Қазақстанда екінші рет туғандай болады.Бұл сала кәзір телеарналарда, газеттерде көп қолданылып жүр. Бірақ әлі де үлкен зерттеулерге қол жеткізе алған жоқпыз. Оның себебі мемлектіміздің де, қоғамымыздың да қазіргі саяси, экономикалық, технологиялық, рухани жағдайымен байланысты. Бұл өтпелі кезең, Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптасқан кезде социологиялық зерттеулерсіз басқару жүйесін ғылыми негізге қою мүмкін емес екені белгілі. Социологияны өмір кітабы десек те болады. Бұл пән реалды өмірді, мұндағы қоғамды, оның даму кезеңдерін, және қоғамдағы өз орнымызды табуға, қоғамға деген өз үлесімізді косуға мүмкіндік туғызатын ғылым саласы.
Социологияның атқаратын функциялары.
Социологияның теориялық бағыттары:
Социология тарихындағы теоретиктер мен қолданбалы, макроаналитиктер мен микроаналитиктер, жанжалшылдар мен эволюсионисттер арасындағы дау – дамай әлі де жалғасып келе жатыр.
Мысалы социология ғылымының негізін қалаушы О. Конт эволюционист, ал Э. Дюркгейм функционалист болған. Осындай ғалымдардың ұстанымындағы қарама-қайшылықтар жиі кездесіп тұрады. К. Маркс, Э.Райт және кәзіргі заман классигі Р.Дарендорф атақты жанжаншылдар болып табылады. Олар қоғам дамуының басты себептерінің бірі жанжал деп таныды және оны қоғам дамуының динамикалық күші деген тұжырымдар айтты.
Сайып келгенде, жанжаншылар эволюционисттер сияқты қоғам болмысында фунционалды бірлікті емес карсылықтарды көрді десе де болады.
Жанжаншылар адамдар арасындағы қарама-қарсылықтар, дау-даумайлар, бәсәкелестік қоғам дамуындағы маңызы деп қарастырады.
Эволюционистер болса адамдар арасындағы бірлікті, түсіністікті, бірігіп әрекет етуді қоғам дамуының негізгі қағидалары деп санайды.
Біз олардың қатарына көрнекті ғалымдар Питирим Сорокин, Толкот Парсонс, Роберт Мертондарды жатқыза аламыз. Пьер Бурдье және Николас Луманды социологияның синтетиктері деп атасақ артық болмас, өйткені бұлар социологиялық өмірдің теориялық моделін жасаған адамдар. Социологияның кәзіргі зерттеушілерінің бәріне таныс деуге болатын тағы бір топ ғалымдар: Энтони Гидденс пен Натан Смелзер. Олар кәзіргі замандағы социозерттеулер туралы кітап жазған ғалымдар. Екеуі де эволюционисттерге жатады.
Зерттеулік этика:
Социиологиялық зерттеу жасаған адам алынған мәліметтерді өз қалауынша өзгертіп өз мақсаттарында немесе басқа да мақсаттарда қолдана алмайды. Адамдар арасындағы келеңсіздіктер мен түсініспеушіліктерге жол ашпау үшін Американың социологиялық ассоциясы (1980) мынандай заңдылықтар ойлап шығарды:
· Зерттеу жасаған адам өз құзыретін артық қолдануына болмайды;
· Обьекті туралы мәліметтерді құпия ретінде сақтау керек;
· Зерттеуші объектке зерттеу барысында ешқандай зиян келтірмеу керек;
· Егер де обьектке бір зиян келуі мүмкін болған жағдайда объектке ол білдіріліп келісімін алуы қажет;
· Зерттеуші экономикалық, заңдық жақтарының бәрін қарастыра отырып керекті шаралардың бәрін қолдануы керек.
Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 293 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Появление социологии как науки в трудах О. Конта, Г. Спенсера, К. Маркса, Э. Дюркгейма, М. Вебера. | | | Жеке адамның әлеуметтенуі |