Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оппозиция мүшесінің міндеттері.

Читайте также:
  1. Атарының алғашқы екі мүшесінің қосындысын табыңыз
  2. Атарының алғашқы екі мүшесінің қосындысын табыңыз
  3. НЕПАРЛАМЕНТСКАЯ ОППОЗИЦИЯ
  4. Оппозиция должна отвечать на любой кейс Правительства
  5. Оппозиция и коллективизация
  6. Оппозиция мүшесінің міндеттері

1. Ара салмақты қамтамасыз ету. Сіздің мақсатыңыз – екі кейс арасындағы айқын арасалмақты көрсету арқылы раундты ұсыну. Әлеуметтенген медицина мысалы бойынша ОМ қазіргі денсаулық сақтау мәселелері әлеуметтену жүргізгеннен кейінгі мәселелердің алдында болмашы ғана.

 

Төрешінің Үкімет кейсін түсінгеніне көз жеткізу ОМ кейстің зияндылығын көрсетер алдында ол кейсті мақұлдау нені білдіретінін нақтылау керек. Төреші кейсті ПМ-дің ұсыну сөзінде жазып алған болар, бірақ әлеуметтенген денсаулық жүйесінің шын мәнінде не екенін түсінбеген шығар. Әрине, Үкімет әлеуметтенген медицинаны әрбір адамға медициналық қызмет көрсетудің жалғыз құралы деп сипаттаса, оппозицияның мақсаты - әлеуметтену денсаулық сақтауға үкіметтік бақылауға, медициналық мамандықтағы адамдарға стимулдың (ынтаның) жойылуына, үкіметтік бюрократизмнің шектен тыс өсуіне, яғни қаржының бекер жұмсалуына әкеліп соғатынын ашық түсіндіріп беру.

 

ОЛ-нен алынған контрмақсатты көрсетіп, оны Үкіметтің мақсатымен салыстыру ОМ Үкімет жоспарының зардаптарын түсіндіргеннен кейін, жаңа белгілі бір топтарға бағытталған жоспарлардың төмен құнды, төмен тәуекелділікте бола тұрып, өте нәтижелі болатынын көрсетеді (контр-кейстің құрылымы туралы толық мәліметті ОЛК-нен қара).

2. Оппозиция философиясын айқындау. Егер ОЛ философияны ұсынса, өз сөзіңізді ОЛ пайымдауларынан өрбітіңіз. ОМ-де дайындалуға және сөйлеуге көбірек уақыт болғандықтан, оны (уақытты) оппозиция идеалдарына арнау керек. Естеріңізде болсын, ОМ – ерекше тұлға, ол басқа ойыншыларға қарағанда пікірсайысқа мүлде басқа жақтан келе алады. Егер ПМ ОЛ мен ҮМ атысты окопта отырып жүргізсе, ОМ майдан алаңы үстінде дүрбімен шалқып жүреді. ОЛ ұсынған базалық құрылым сақталса да, ОМ шулы пікірсайыста байқалмай қалған пунктерге жауап бере алады.

 

Егер ОЛ философияны айтуды ұмытып кетсе (бірақ философия оппозицияда бүкіл уақыт бойы болды) – оны өз сөзіңіздің басыңызда келтіріп, оның Үкімет кейсіне не себепті қайшы екендігін атап өтіңіз. ОЛ-де философия болмаса, оны құрындар!

3. ҮМ сөзін сараптау. Кейсті ауыстыру: ПМК-нің ұсынған бастапқы кейсіне ҮМ-нің енгізген өзгерістерін іздеп отыру. Әрбір болмашы ғана ауыстыруларға назар аударып, пікірсайысты бастапқы кейске әкеліп отырыңыз (кейсті аустыру туралы толығырақ мәліметті ҮМК-нен қараңыз). Есіңізде болсын, Үкімет кейсіндегі кішкентай ғана ауыстырулардың арты үлкен зардаптарға әкелуі мүмкін. ҮМ-н бір сәт те демалдырмаңыз. Сіз де кейстің тұжырымдарына қараңыз және ҮМ мен ПМ-дің сөздерін салыстырыңыз.



Қарама-қайшылықтар: ҮМ-і мен ПМ-дің арасындағы кез-келген қарама- қайшылықтарды іздеңіз. Үкіметке деген сенімнің аз екендігін ерекше атап өтіңіз. Мысалы сексуалды шектеулерді қорғайтын кейсте ПМ былай деп айтты: “Өзін- өзі ұстамды ету – жыныстық жолмен берілетін ауруларға тосқауыл қоя алатын жалғыз ғана шара.” Одан соң ҮМ өз сөзінде: “ Өзін-өзі ұстау біз іске асыратын нақты шара емес екенін ескеріп, абай болу мен сексуалды жауапкершілікті еңгізуіміз керек” – дейді. ОМ осыны іліп алып, оларға былай деп сұрақ қояды: “Сонымен олардың нақты ұстанатын көзқарастары қандай? Алғашқысы өзін-өзі ұстау (ұстанушылық ) – “жалғыз нақты шара” десе, келесісі бұл ойға қарсы келіп, ұстанушылыққа сенім жоқ деп айтады”. Одан соң ОМ Үкіметтің өзі не қорғап жатқанын білмей тұрса, оған қандай сенім болуы мүмкін екенін ерекше атап өте алады.

Загрузка...

Ұмытылып кеткен аргументтер (дәйектер): Төрешіге ҮМ жауап бермеген (не сізге қалдырған) пункттер шешім қабылдауға тірек болатынын көрсетіңіз. Есіңізде болсын, Үкімет де факто ПМК уақытында тікелей жауапқа ие болмаған тұстарды (моменттерді) сізге қалдырғанын ұмытпаңыз. Дегенмен, оппозицияның жауапсыз тастап кеткен дәйектері мен дәлелдері жеңісіне кепілдік бере алмайды (бұл Үкіметке де қатысты). Пікірсайыстың ең маңызды тұстарын қорытынды кезінде тек төреші ғана анықтай алады.

 

Ең тиімді (және ең сирек) пункттер – ол ҮМ сізге тастап кеткен пункттер. Мысалы, ҮМ былай деп айтты: “Әлеуметтену кезіндегі денсаулық сақтау ісінің сапасының жаппай төмендеуіне қатысты маңызды мәселелердің болуына қарамастан, біздің ойымызша бұл жоспар қазіргі денсаулық сақтау назарынан тыс қалғандарға көмектесу керек”.

 

ОМ енді былай деп айтады: “ ҮМ “денсаулық сақтау ісінің сапасының жаппай төмендеуіне қатысты бірнеше маңызды мәселелер бар” екендігін мойындайды және де бұл олардың жоспарының нәтижесінде де болады. Егер бұл шынымен солай болса, олар істі мойындайды, онда бар жүйені құртып оны одан да нашар жүйеге ауыстырудың не қажеті бар, өйткені біз бүгінгі проблемалаларды еркін және арзанырақ шеше аламыз? Төреші, менің ойымша, біз бұл сұраққа жауап бере аламыз”.

4. Оппозиция Лидерінің бастапқы пункттеріне оралу, жаңа дәйектер еңгізу. ОЛ ұсынған дәйектерді қайталап, ҮМ-нің оған берген жауаптарының логикалық қателерге негізделетінін көрсету. Жаңа мысалдар өте маңызды, себебі ескі өлеңді ешкім де естігісі келмейді. Жаңашыл да оригиналды мысалдар жақсырақ болар еді. Маккартизмге сілтеме, Петлермен байланысты бір мысал, не күнделікті метафораларды (бірақ кейде шаблонды мысал жоққа қарағанда жақсы) көп қолдана бермеген дұрыс болар.

 

Әдетте, ең ұтымды мысалдар – өзіңіз ойлап тапқан шынайы гипотетикалық ситуациялар болуы мүмкін жағдайлардың ауызша моделдері т. с. с. Әлеуметтенген медицина ауқымында ҮМ ресурстар дефицитын көрсету үшін мынадай мысалды пайдалана алады: өз сәбиіне жедел түрде трансплантант қажет ететін ана оны 1 ай өз уақытын жіберіп күтуге міндетті емес.

 

Осы арқылы ҮМ төрешіге ауру адамның тарапынан әлеуметтенген медицинаның қалай болатынын, яғни, бар жүйеге еш қатыссыз адамдар қандай зардаптарға ұшырайтынын ашып көрсетеді.

 

ОМК – оппозицияның пікірсайысқа өзгеріс енгізуінің соңғы мүмкіндігі. Осыншама уақытқа ие бола отырып және ОЛ-нің адал көмекшісі болғандықтан, ОМ-де айтатын сөз көп болуы керек. Оң мен теріс жақтары бар тактикалар (“ОМ-н талқандау”) төменде ашылады.

5. Құлдыратушы труизмдерді тоқтату. Тәжірибенің нәтижесінде коллапсталған труизмдерді еңгіздіруді алдын алу жеңілдеу болады, бірақ нені іздеу керек және неге үңілу керектігін түсінуге көмектесетін арнайы кілттер бар.

“Х проблемасы жаман”. Бұл пайымдау көп рет және мынадай формада қолданылады: үйсіздік жаман, нашақорлық жаман, дискриминация жаман, т. с. с. Көптеген жағдайда Үкімет командасы проблема мен проблеманы шешу арасындағы шекті жойып жіберуге тырысады. Ол кезде сараптама сөзінде ПМ былай дейді: Х проблемасы бұл жаман, Х проблемасы жаман болғандықтан, Үкіметке дауыс беріңіздер, себебі біз бұл мәселемен бір нәрсе істегіміз келеді, ал оппозиция жоқ.”

 

Осындай логикадан шығудың ең жақсы жолы – Үкімет ұсынған жоспардан гөрі жақсы Х проблеманы шын мәнінде шешетін контрплан ұсыну (қараңыз “ОЛК контркейс”). Дегенмен бұл әрекет те толық нәтиже бере алмайды алмайды; себебі Үкімет ребатлда өзінің соңғы сөзін сөйлейді. Осылайша ОМ-не осындай аргументтің алдын алу, оны төрешіге түсіндіру, Үкімет міндеттерін қайта қарап, коллапсталған стратегияның әділ еместігін көрсету міндеті жүктеледі. Осының нәтижесінде оппозиция Үкіметтен найзағайды ұрлап алып, жаңбырдың астында қалуға қорықпайды.

Идеалистік тұрғы. Коллапсталған труизмге бұл тұрғыны анықтау қиынырақ. Оның кілті пікір- сайысқа ұсынылған кейстің түрінде жатыр: идеалистік және пассивті, “ Сіз – сенатор Игрек. Сізге Бюджеттің балансталған өзгеруінен өту үшін заң жобасын ұсыну керек”. “ Сіз – колледж студентісіз. Сіз студенттердің азаматтық құқықтары атынан петицияны беруіңіз керек”. “ Сіз Америка үшін Білім беруді қарастыруыңыз керек”.

 

Назар аударатын болсаңыз, бұл кейстердің ешқайсысы нақтылы іс-әрекетке шақырмайды және де Үкімет ребатл кезінде мұны пайдаға асырады: “ Біз тек қана Сіздің заң жобасын ұсыну арқылы өзіңіздің позицияңызға тұруыңызды қорғаймыз”. “ Петицияны ұсына отырып Сіз бұл мәселе туралы толғанатыныңызды көрсетесіз. Сізге азаматтық мойынсұнбау акцияларында қатыспаңыз деп ешкім айтпайды”. “ Америка үшін Білім беру ісін қарастыру біздің кейсіміздің мәнін құрайды. Бұған өзіңіздің өміріңіздің 2 жылын арнағыңыз келмесе, өзіңіз білесіз, бірақ таңдау жасауға міндеттісіз”.

 

Коллапс труизмнің бұл түрімен күресудің ең тиімді тәсілі – ОЛК-де оның алдын алу (қараңыз “Қорғаныс, “Алдын алу соққысы””), Үкіметтің шынайы кейс ұсына алмауы, нақтылықтың жоқтығына өз ренішіңізді білдіру ( Конгресс Бюджеттің балансталған өзгерісін қабылдау керек; студенттер өз азаматтық құқықтары үшін шеруге шығу керек; Сіз өзіңіздің 2 жылыңызды “ Америкадағы Білім беру ісі” бағдарламасына арнауыңыз керек). Сонымен қатар ОМ кейсті коллапсқа әкелетін айқын емес формулировкаларды, нақтылы емес пайымдауларды қарастырып, бұларды пайдалану әділетсіз екендігін түсіндіріп, Үкіметтің атқаратын міндеттерін талқылап ашу керек. Басқа сөзбен айтқанда, ОМ коллапсты ПМ оны қолдануға қорқатындай етіп көрсетуі тиіс.

«Оппозиция Мүшесін талқандау ( құлату)»

ОМ-нің кейбір жағдайда қолданатын тактикасы- ОМК кезінде өте көп жаңа дәйектерді “ үю”. ОМ-нің үміті бойынша ребатл жасауға ( Үкімет кейсін талқылаумен ОМ-нің жаңа дәйектеріне жауап беру үшін) 5 минуты бар ПМ жаңа 8-10 дәйекке қысқа уақытта жауап беру жүгімен талқандалып бітеді. “ОМ-н құлату” тиімді болумен бірге қауіпті де болуы мүмкін.

Раунд кезінде ОМ-нің ойына келген сараптаманың жаңа бірнеше пунктерін еңгізу жақсы да болар, бірақ оппозиция үшін оларды ОМК-де енгізу мен Үкіметке жауап беруге аз уақыт қалдыру мақсаты ұнамсыз (неэтичный) көрінер еді. Бұл айлалы тактикадан этикаға байланысты ғана емес, көптеген төрешілердің жоспарланған “құлатудың” қауіпін сезіп, ОЛК-де ұсынылған дәйектерге сенуден гөрі ОМК-де енген дәйектерге аз сенгендігі үшін мүмкіндігінше қашу керек. Одан басқа, “құлатуға” тап болған ПМ ұтылыс тапқан болып көрінуі және төреші тарапынан “кінәсіздік презумциясынан” ұтылып қалуы мүмкін.

 

“ОМ-н құлатуға” қатысты тағы бір практикалық мәселе. Көптеген жағдайда 8-10 “тәуелсіз” дәйек (немесе кілтті моменттер) іс жүзінде 1-2 идеяның семантикалық түрлендірулері болып табылады. Алғыр ПМ бұл фактті байқап, ұсынылған пункттерді 2-3 базалық тақырыпшылар аясына жинақтап, өзінің ребатлында оларды «көптеп» терістеуге мүмкіндік алады. Бұл жақсы жағынан көрсетіп қана қоймай (оппозиция мұны мүмкіндігінше болдырмауы керек), ОМ-нің төрешіні алдап жатқандай әсер қалдырады.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 196 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Уақыт пен кеңістікте құрылатын (УК) кейс| Сұрақтар (“point of information”).

mybiblioteka.su - 2015-2021 год. (0.023 сек.)