Читайте также: |
|
1. Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы және міндеттері.
2. ДК жұмыс істеу қағидалары (принциптері). Джон фон-Нейман қағидалары. Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блоктары мен олардың атқаратын қызметі.
3. Компьютердің операциялық жүйелері (ОЖ). ОЖ-де файлдар жүйесін ұйымдастыру.
4. ДК-дегі ақпаратты өлшеу және бейнелеу. Ақпаратты жіктеу (классификация) және кодтау.
5. Мәтіндік процессорлар (редакторлар) және олардың кешендік мәтіндерді форматтау тәсілдері.
6. Кестелік процессорлар (MS Excel), олардың графикалық, статистикалық және экономикалық мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері.
7. MS Access сияқты МҚБЖ-ң мәліметтер қорын қалыптастыру және өңдеу қызметі. Сұраныстард, формалар және қорытынды есеп (отчет) құру.
8. Компьютерлік вирустар. Вируспен зақымданудың негізгі белгілері. Вирусқа қарсы программалар, олардың түрлері мен негізгі мүмкіндіктері.
9. Программалық жабдықтамалардың (ПЖ) жіктелуі (классификациясы). Жүйелік және қолданбалы ПЖ.
10. Графикалық редакторлар. Векторлық және растрлық графика, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
5. Ақпараттық жүйелерді жобалау
1. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері. Жобалаудың технологиялары мен әдістері.
2. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы үдерістері, стадиялары.
3. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы модельдерінің классификациясы. Салыстырмалы талдау жүргізу.
4. Ақпараттық жүйелерді талдау мен жобалаудың негіздері. Жобалаудың негізгі қағидалары.
5. Ақпараттық жүйелерді құрылымдық талдау мен жобалаудың мәні. Құрылымдық жобалаудың әдістемелері.
6. Ақпараттық жүйелерді объектіге бағытталған талдау мен жобалаудың мәні. Объектіге бағытталған тәсілдеме қағидалары. UML диаграммаларды қолдану.
7. Ақпараттық жүйелерді құрылымдық және объектіге бағытталған жобалаудың CASE-технологиялары.
8. Ақпараттық жүйелердің функционалды бөлігін жобалау. SADT (IDEF0) және DFD әдістемелерінің міндеті мен құрамы.
9. Ақпараттық модельді жобалау. Деректер қорын жобалау сатылары. ER–диаграммалар.
10. IDEF1X әдістемесін қолданып, ақпараттық жүйелерді логикалық және физикалық жобалау.
6. Деректер қорлары жүйелері
1. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйелерді құрудың итерациялық процедуралары. Деректер қорының концепциясы.
2. Деректер банкіндегі қолданылатын тілдер: деректерді сипаттау тілі, деректерді түрлендіру тілі, сұраныс тілі.
3. Деректер қорының түсінігі мен анықтамасы. ДҚ-ның архитектурасының түсінігі.
4. Деректер үлгілерінің классификациясы. Үлгілердің сипаттамасы.
5. Қатынастарды нормалау. I, II,III, IV нормалау формалары. Нормалау шарттары.
6. Атрибуттардың функционалдық, транзитивтік тәуелділігі.
7. SQL-сұраныстар тілі. Тілдің негізгі өрнектерін сұраныстар құруға қолдану.
8. Деректер қорының қолданушылары. ДҚ администраторының негізгі функциясы.
9. Инфологиялық модельдеудің негізгі аспаптық жабдықтары. Пәндік аймақтың ER- диаграммасы. Физикалық модельге көшу.
10. Логикалық және физикалық модельдеудің аспаптық жабдықтары. Деректер сұлбасы және түсінігі, бүтіндігі.
7. Компьютерлік желілер
1. Компьютерлік желi түсінігі. Желi типтері. Негiзгi топологиялар. Желiлердi жiктеу. Жергiлiктi және ауқымды желілер.
2. Кабель типтері. Коаксиальді кабель. Айналмалы жұп. Оптоталшықты кабель. Сигналдарды жіберу. Сымсыз желiлер. Желiлiк адаптер платасы.
3. Көп деңгейлі OSI жүйесі және стандарттау проблемасы.
4. IP маршрутизация. Статикалық маршрутизация. Динамикалық маршрутизация. RIP хаттамасы. OSPF хаттамасы.
5. Жергілікті есептеу желілерінің негізгі технологиялары. Ethernet, Token Ring, AppleTalk технологиялары.
6. Желiлердегi маршрутизация. IР-желілердегі адрестеу. IР-адрестерінің кластары. DHCP қызметі.
7. TCP/IP хаттамалар стегінің көп деңгейлі құрылымы. ТСР хаттамасы. ТСР хаттамасының негізгі функциялары. Қосылуды процедурасы орнату.
8. Көпiрлер. Маршрутизаторлар. Шлюздар.
9. Түйiндердiң аттарын анықтау. HOSTS файл. DNS қалыптастыру. Қызметі WINS. NetBIOS атауларын анықтау.
10. ISDN желiлер. Х.25 желiлер. Frame Relay желiлер.
8. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттарды қорғау
1. Ақпараттық жүйелер қауіпсіздігінің қатері.Операциялық жүйені қорғау.
2. Ақпараттарды қорғау қызметтері: ақпараттық субъектілерінің аудентификациясын қамтамасыз ету,қолжетімділікті басқару ақпараттың құпиялығын және конфиденциалдығын қамтамасыз ету, ақпараттың тұтастығын (бүтіндігін) қамтамасыз ету.
3. Ақпараттарды қорғау әдістері мен жабдықтарын классификациялау. Шифрлеу әдістерінің классификациясы.
4. Блокты, ағымдық және аралас шифрлер ұғымдары.
5. Орын ауыстыру және алмастыру шифрлері. Гаммалау әдісі.
6. Құпия кілтті криптографиялық жүйе. Симметриялық криптографиялық жүйенің үлгісі. Блокты шифрлерді қолдану тәртіптері.
7. Криптосенімділікті бағалау. Ақпараттарды рұқсатсыз енуден қорғау қағидалары. Идентификациялау, аутентификациялау и авторизациялау.
8. Ашық кілтті криптографиялық жүйе. Ашық кілтті криптографиялық жүйе моделі.
9. Біржақты функциялар. Хэш-функциялар.
10. Операциялық жүйенің жабдықтарымен қолжетімділікті бақылау және басқару. Операциялық жүйелердің қорғалғандығының стандарттары.
9. Алгоритмдер және программалау тілдері
1. Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритм қасиеттері және оларды жазу
жолдары. Алгоритмдердің әртүрлі құрылымдық типтерін бейнелеу.
2. Іздеу алгоритмдерінің типтері және бейнеленуі. Мысал келтіріңіз.
3. Сұрыптау алгоритмдерінің түрлері және бейнеленуі. Мысал келтіріңіз.
4. С тіліндегі күрделі арифметикалық операциялар, қатынас операциялары, инкремент және декремент операцияларын пайдалану. Құрама операторлар.
5. С тіліндегі жиым (массив), вектор, матрицаларды пайдалану. Тілдің жиымдарды өңдеу тәсілдері.
6. С тілінде нұсқауыштарды пайдалану, оларды жариялау жолдары. Нұсқауыштармен атқарылатын операциялар.
7. С программалау тіліндегі тұтынушы функцияларын (ішкі программаларды) сипаттау және анықтау жолдары.
8. С программалау тіліндегі мәліметтердің тіркестік (жолдық) типтері және солармен жұмыс істейтін функциялар.
9. Файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыру. С программалау тіліндегі файлдармен жұмыс істеу функциялары.
10. Спрограммалау тіліндегі мәліметтердің динамикалық құрылымдары. Мәліметтердің абстрактылық типтері.
Кафедра меңгерушісінің м.а., Ж.С.Есенғалиева
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 269 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Алматы, 2015 | | | Даёшь ежа в каждый дом! |