Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кітап басудың басталуы.

1. Орта ғасырлық мәдениет шіркеулік – діни идеологиямен тығыз байланыста болды. Орта ғасыр мәдениетінің барлық салаларында: ғылымда, мектепте, әдебиет пен өнерде шіркеудің ықпалы айқын сезілді. Шіркеу барлық европа елдерінде ірі жер иеленуші болды. Барлық корольдықтардағы жердің үштен бір бөлігі, осы шіркеу иелерінікіне тиесілі еді. Шіркеу сондай–ақ, үлкен саяси күште болды. Король кеңесшілері, какнцлерлер, мемлекеттік хатшылар, орталық мекеменің чиновниктері және т.б. дін иелерінің кеңесімен тағайындалып отырды. Орта ғасырлық сословиялық жиналыстарда да (Бас штаттар, парламент, кортестер т.б.) дін басыларының үлес салмағы, өкілеттілігі де қомақты еді. Әсіресе, шіркеудің идеологиялық саладағы рольі өте зор болды. Шіркеу орта ғасырлық феодалдық қоғамның рухани жетекшісіне айналды.

Орта ғасырлық дүние танымның сипатты ерекшеліктерінің бірі – діни тақуалық (аскетизм) болды. Тақуалыққа сәйкес, әлем, адамның тәндік табиғаты күнә мен зұлымдыққа толы. Діндәр адамның міндеті жанын бірте бірте жерлік бұғаулардан босату, “құмарлықтармен” күресу, сөйтіп, о дүниедегі жақсы өмірге дайындалу болып табылды. Ол үшін шіркеу діни жораларды: постылар, дұға оқу, жалбарыну, тәнін тылсымдау т.б. сақтауды ұсынды. Бұл дүниеден монастырға кету ең жоғарғы ерлік болып есептелді.

Алайда, нақты өмірде діни – тақуалық өмір салты үнемі басшылыққа алына берген жоқ. Жаугершіліктен қолдары босамаған феодалдар тақуа болуды ойлаған жоқ. Діни басшылардың өзі, тақуалық нұсқауларды көп жағдайда қатал ұстанбады, шын мәнісінде светтік өмір салтын таңдап алды. Қалалықтар мен шаруалар шама– шарқының келгенінше діни ұстанымдарды басшылыққа алуға тырысты, алайда, орта ғасырлық қоғамды тек діндәрлар қоғамы, монастырлар әлемі деп түсінуге болмайды. Айта кететін жәйіт, аскетизм – тақуалылық, шіркеу трибунасынан жарияланған ресми ілім болды. Аскетизм – орта ғасырлардағы дін үстемдігінің жарқын көрінісі, өйткені бұл кезде, дәл – нақты ғылымдар әлі дамымаған, адамның табиғат күштері алдындағы дәрменсіздігінің қаймағы бұзылмаған шағы еді. Оның үстіне шаруалар бұқарасы қатаң крепостниктік езгі жағдайында болды.

Шіркеудің үстемдігі орта ғасырлар заманының барлық кезеңінде бірдей күшті болған емес. Әсіресе, ерте орта ғасырлар дәуіріндегі шіркеудің ықпалы айрықша зор болды. Шамамен ХІ – ғасырдың жартысына дейін, яғни ортағасырлық қалалар пайда болғанға дейін шіркеу беделімен ешкім таласа алмайтын. Ал ХІІ–ХІІІ ғасырдан бастап ортағасырлық мәдениетте шіркеу үстемдігі ресми сақталғанымен, мәдениет шіркеуден тыс светтік бағытта да дами бастады. Қалалық мәдениеттің пайда болуы, светтік әдебиет пен өнердің қалыптасуы, шіркеуге қарсы балама мәдениеттің дүниеге келгенін көрсетті. Орта ғасырлық мәдениет шіркеу езгісінен азат бола бастады.

Әдетте, ерте орта ғасырларға қараңғы “түнек” ғасырлар деп қарау үрдіске енген. Алайда, нақ осы ерте орта ғасырларда болашақ Европаның бет бейнесін айқындаған түбегейлі міндеттер шешімін тапты. Ең бірінші кезекте, болашақ христиандық Европа өркениетінің ірге тасы қаланды. Христиандық Европа барлық жағынан: - этникалық, саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік,құрылымдық– қалыптасып жатты. Христиандық өркениеттің қалыптасуына шешуші үлес қосқан грек, рим, кельт, герман, славян т.б. этникалық топтар болды. Айта кету қажет, ерте орта ғасырларда римнің саяси институттары мүлде жойылып кеткен жоқ, ұзақ уақыт германдықтардың рулық – тайпалық институттарымен қатар жүріп болашақ Европа өркениетінің қалыптасуына әсер етті.

Ү–ҮІІ ғасырларда варварлық тайпалардың антикалық мұраларды “талқандаумен” ғана айналыспай, игеруге тырысқандығын көрсететін дәйектер мен дәлелдер көптеп кездеседі. Остгот корольі Теодорихтың магистр – оффициі (бірінші министрі) Северин Боэций (480 – 525) орта ғасырлардағы ең танымал авторлардың бірі болды. Оның арифметика мен музыка, логика мен теология саласындағы трактаттары, Арисстотельдің логикалық шығармаларының аудармасы – орта ғасырлық білім беру жүйесі мен философиясының іргетасы болды.

Вестготтық Испаниядан шыққан көрнекті оқымыстылардың бірі Исидор Севильский (570 – 636) орта ғасырлардағы бірінші энциклопедист ғалым ретінде танымал болды. Оның негізгі еңбегі “Этимология” 20 кітаптан тұрды.

Ерте орта ғасырлар варварлыр тайпалардың этникалық сана сезімінің де дамыған кезеңі. Нақ осы уақытта римдіктердің емес, варварлардың іс -әрекетін, қызметін баяндаған еңбектер пайда болды: Иорданның “Гетикасы” (ҮІ ғ.), Григорий Турскийдің “Франктар тарихы” (ҮІ ғ.), Исидор Севильскийдің (ҮІІғ) “Гот, вандалдар мен свев корольдарының тарихы туралы); Павел Диаконның “Лангобардтар тарихы” (ҮІІІ ғ.) т.б.

Ерте орта ғасырлық мәдениет–кейінгі антик, христиандық және варварлық үрдістердің синтезінен қалыптасқан, күрделі құбылыс. Нақ осы уақытта болашақ Европа өркениетінің архетипін анықтаған процесстер жүрді. ХІ – ХҮ ғасырларда орта ғасырлық батыс европа мәдениеті өзінің классикалық формаларына йе болды.XIV-XV ғасырларда европада жаңа құбылыс Қайта Өрлеу мен Гуманизм жоғарғы сатыға жетті.

2. Орта ғасырларда мектептің үш түрі болды: төменгі мектептерде, бастауыш сауатын ашқан діни қызметшілер – клириктер даярланды. Мұнда латын тілін білуге басты назар аударылды, өйткені діни рәсімдер мен дұғалар латын тілінде оқылып, атқарылды. Епископаттық кафедралардағы орта мектептерде жеті “еркін өнер” (грамматика, риторика, диалектика немесе логика, арифметика, геометрия, астрономия, музыка) оқылды. Алғашқы үш ғылым жинақталып тривиум, соңғы төртеуі – квадривиум деп аталды. Жоғарғы мектеп studia generalia (дәлме дәл: жалпы ғылымдар), кейіннен университеттер деп аталды (Латынның Universitas – профессорлар мен студенттер қауымы, корпорациясы).

Алғашқы университеттер ХІІ – ғасырда епископаттық мектептер негізінде пайда болды. ХІІІ – ғасырда ондай жоғарғы мектептер Балонияда, Монпельеде, Палермода, Парижде, Оксфордта, Салернода болды. ХҮ – ғасырдың басында Европада 60 – қа жуық университет қызмет етті. Көптеген университеттер Париж университеті үлгісінде құрылды. Париж университетінде төрт: артистік, медицина, заң және дінтану факультеттері ашылды. Европаның ең көне университеттерінің қатарында Кембридж, Неополитан, Прага, Краков, Гейдельберг, Эрфурт, Кельн т.б. университеттер айрықша орын алады. 1500- жылы бүкіл Европада 65 университет болды. Университеттердің заңнамалық, әкімшілік, финанстық автономиясы рим папаларының немесе корольдардың арнайы құжаттарымен беріліп отырды. ХІІ – ғасырға дейін кітаптар негізінен шіркеу кітапханаларында шоғырландырылса, ХІІІ – ХҮ ғасырларда университеттер жанында, король сарайында, ірі феодалдардың үйінде, ауқатты қалалықтарда бай кітап-ханалар пайда болды.

Орта ғасырлардағы университеттердегі сабақ латын тілінде жүрді. Сабақ берудің негізгі методы профессорлардың лекциялары болды. Ғылыми пікір алысудың танымал әдістерінің бірі пікір таласулар, көпшілік алдындағы диспуттар еді. Негізгі тақырыптары діни – философиялық сипат алды. Диспуттарға негізінен университет профессорлары қатысып, студенттер тыңдап отырды. Кейіннен мұндай диспуттар студенттер арасында да ұйымдастырылды.

Орта ғасырлық архитектура. ІХ–ХІІ ғасырларда Европада екі негізгі архитектураның стиль – романдық және готикалық – алмасты. Королингтер дәуірінде бастау алған романдық стиль – ежелгі рим архитектурасына електеу болды. Шын мәнісінде, романдық архитектуралық стиль – антикалық, рим стильіне қарағанда өте дөрекі де, тұрпайы болды. Қалың қабырғалар, салыстырмалы түрде аласа күмбездер, қалың әрі тапал калонналар, тар әрі шағын терезелер сол дәуірдегі әлі әлсіз құрылыс техникасынан және саяси жағдайдан (бытыраңқылық) мол хабардар береді.

Техникалық жағынан алып қарағанда неғұрлым жетілген және әсерлі де тиімдісі готикалық архитектуралық стиль ХІІ – ХІІІ ғасырларда Оңтүстік Франциядан бастау алып, бүкіл Европаға тарады. Оның сипатты ерекшеліктерінің бірі архитектордың неғұрлым ғимаратты биік етіп салуға ұмтылуы. Жартылай шеңберлі күмбез тәрізді арканың орнын көкке тік бағытталған сүйрік арка алды. “Готика” атауын айналымға енгізген кейінгі гуманистер еді. Олар орта ғасырға жататын нәрселердің барлығын готика деп атаған. Готикалық Соборлардың ішінде биік те әсем колонналар көп болды. Терезелері үлкен келіп, әртүрлі, түрлі түсті шынылармен көмкерілді. Дөңесте шығыңқы - мүсіндер, барельефтер, аспалы аркалар, ғажайып тасты сызбалар ғимараттың ішімен сыртына керемет әр беріп тұрды. Бірнеше заңғар мұнаралар мен биік порталдар (есік) Гот ғимараттарына айрықша сән салтанат берді. Готикалық ғимараттар орта ғасырлық қаланың өзіндік архитектуралық орталығы болды.

Роман және Готтың стильдерден бөлек орта ғасырларда Италияда: Византиялық және Испанияда араб (Мавританиялық) стильдері болды.

Роман архитектураларының ескерткіштері болып Францияның Пуатье және Арле, Германияның Шпейер, Вормс, Майнц, Аахен қалаларындағы, ал Готикалық өнердің тамаша ескерткіштері Париждегі құдай ана саборы және Францияның Руан, Реймс, Шартр қалаларындағы саборлар болып табылады. Италиядағы Византиялық стильдегі салынған Венеция қалаларындағы Әулие Марктің саборы болды. Испанияның Севилье аласындағы Алькасар, Гренададағы, Альгамбра мешіті-сарайлары араб стильінде салынды.

Рыцарлық мәдениет. Орта ғасырлардағы романтикаға толы мәдениеттердің бірі рыцарлық мәдениет болды. ХІ – ХҮ ғасырларда рыцарлық мәдени гүлденді. Сееньорға деген адалдық рыцарлық этостың (мінез – құлық нормалары) ядросы болды. Сатқындық пен опасыздық рыцарь үшін ауыр күнә болып есептеліп, ондай жағдайда рыцарлық корпарациядан шығу қаупі төнді. Соғыс рыцардың кәсібі болды, алайда уақыттың өтуімен рыцарлық әділетті жақтаушылар ретінде қабылдана бастады. Рыцарлық ар– ождан кодексі – рыцарлардан көп қасиетті талап етті. “Рыцарьдің ісі бекзатты болып, ізгілікті өмір салтын ұстануы қажет” болды.Сарай маңындағы бекзадалық мәдениеттің қалыптасуы да рыцарлықпен байланысты (айрықша мінез желісі, тұрмыс ерекшелігі, сезімін білдірудегі асқақтық). Әйелге табыну, аса құрметтеу бекзадалық мәдениеттің маңызды элементі болды. Жүрек қалауы болған әйел, құдай анадай құрметтелді, ерлік оның құрметіне жасалды,ол әнге қосылып жырланды. Рыцарьлар даңқты сүйді, олардың есімін бүкіл христиан әлемі білуге тиіс болды. Рыцарлық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі – рыцарлық турнирлер ХІІІ – ХІҮ ғасырларда айрықша танымал болды. Рыцарлық ортада “Ролланд туралы жыр” (ХІ), “Менің Сидім туралы жыр” (ХІІ), “Нибелунгтер туралы жыр” (ХІІІ ғ.) – т.б. эпостары дүниеге келді.

Қалалық әдебиеттің танымал жанрлары - өлеңмен жазылған новеллалар, мысалдар, әзіл – оспақ (Францияда фаблио, Германияда шванктар) т.б. Діни уағызға қарағанда бұларға сатиралық рух, тұрпайы қалжың, жарқын бейнелілік тән болды. Фаблио мен шванктарда кейіпкерлердің жаңа типі – шаршамайтын шалдықпайтын, сары уайымға салынбайтын, ақылды да тапқыр, ең қиын жағдайлардан жол тауып кететін – пайда болды.

3. ХІҮ – ХҮ ғасырларда басқа Европа елдеріне қарағанда Италияда қалалардың дамуы қатты қарқын алды. Қалаларда өнеркәсіп шоғырланып, ұйымдасқан мануфактуралық формаға ие болды, басқа елдермен әсіресе Таяу Шығыс елдерімен сауда қарым қатынасын жолға қойған ірі сауда орталықтары да Италияда еді. Сауда операциялары кең халықаралық сипат алған ірі банкілер де осында орналасты. Осы қалалардың өнеркәсіп, сауда және өсімқорлық буржуазиясы орасан зор байлыққа кенелді. Европаның басқа елдері ірі феодалдарының байлығы итальян қала байларының байлығымен таласа алмайтын. Нәтижесінде, буржуазияның мәдениет, өнер мен білімнің дамуын қаржыландыруға мүмкіндіктері болды. Буржуазия дәл, жаратылыстану, математика ғылымдарының дамуына мүдделі болды. Күрделене түскен шаруашылық қызметі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану ауадай қажет еді. Мануфактуралық техниканың, навигация ісінің дамуы, күрделі коммерциялық және банкілік есеп–қисап – мұның барлығы жаратылыстану мен математиканы зерттеуді қажет етті. Нақ осы коммерциялық және бухгалтерлік есеп – қисап, итальяндықтардың рим цифрынан араб цифрына көшуіне мәжбүр етті. Әбден байып алған қалалықтар, кейде светтік және діни феодалдар жақсы жабдықталған, үпіленген үйлерде, коттеджбен виллаларда тұрып, оны барынша безендіру үшін көркем өнер туындыларын молынан сатып алып отырды. Өнер шығармаларына деген сұраныс артты.

Бай қалыптасып келе жатқан буржуазиямен қатар, ақыл ой еңбегімен айналысатын зиялылардың тобы: жазушылар, ақындар, суретшілер, сәулетшілер мен инжерлер, мүсіншілер, дәрігерлер, музыканттар, мұғалімдер т.б. қалыптасты. Қалыптасып келе жатқан жаңа әлеуметтік топ– зиялылар болашақ жаңа мәдениет: Қайта өрлеу мәдениетінің негізгі тұлғалары болды.

Ерте Итальян қайта өрлеуі. Қайта өрлеу (фр. “Ренессанс”) – жаңа мәдениеттің антикалық мәдениетпен байланысын білдіреді. Крест жорықтары кезінде шығыспен, Византиямен танысқан итальяндықтар – ежелгі грек қолжазбаларын, антикалық ескерткіштерді зерттеу мүмкіндіктеріне ие болды. Италияның өзінде де антикалық мәдениет ескерткіштері көптеп саналатын. Алғашқы, итальян зиялылары көненің көзін зерттеуге бар ықыласымен кірісіп кетті. Классикалық көне тілдерге, ежелгі философияға, тарих пен әдебиетке деген қызығушылық артты. Бұл бағыттағы қозғалыста, әсіресе Флоренция қаласының рольі зор болды. Жаңа мәдениеттің аса көрнекті өкілдері де осы қаладан көбірек шықты.

Жаңа мәдениеттің өкілдері антикалық құндылықтарды, идеологияны шығармашылықпен игеріп, орта ғасырлық христиандық мәдениетке, өмір – салтына қарсы қойды. Антикалық светтік мәдениет жаңа жағдайларда, жаңа зиялылар үшін озық бағдар болды. Жаңа итальян мәдениетінің екінші атауы – гуманизм деп аталды. Гуманистік мәдениет - өз дүниетанымының ортасына дін мен құдайды, о дүниедегі өмірді емес, адамның өзін қойды (homo – “адам”, humanus – “адами”). Гуманистік дүниетанымда – аскетизмге, тақуалыққа орын қалмады. Гуманистер үшін адамның тәні, оның құмарлықтары мен қажеттері күнә емес, қайта керісінше өмірдің ең басты құндылықтарының бірі. Оны басып жаншып, жасанды түрде тұншықтырудың қажеті жоқ. Гуманистер бір ғана өмірдің, осы дүниедегі өмірді мойындады. Ғылымның негізгі мәні адам мен табиғатты тану деп жарияланды. Орта ғасырлық схоластар мен мистиктерге сары уайымшылдық, пессимистік сарын тән болса, Гуманистерге оптимизм тән болды.

Осы бір ұлы интеллектуальдық жаңа қозғалысқа өз заманының аса көрнекті жазушылары, ғалымдары, суретшілері мен сәулетшілері т.б. мәдениет өкілдері қатысты. Орта ғасыр мен жаңа заманның шебінде өмір сүрген аса ірі ақындардың бірі, флоренциялық Данте Алигьери (1265 – 1321) болды. Оның “Құдіретті комедиясы” орта ғасырлық діни идеологияның барлық қыры мен сырын жақсы бейнеледі. Поэма “Тозақ”, “Арылу” және “Жұмақ” атты бөлімдерден тұрды. Ф.Энгельстің айтуынша Данте “орта ғасырдың соңғы, жаңа заманның бірінші ақыны” болды. Айта кететін жәйіт “Құдіретті комедия” латын тілінде емес, итальян тілінде жазылды.

Қайта өрлеу дәуірінің ұлы жазушылары: Франческо Петрарка (1304 – 1374) мен Джованни Бокаччо (1313 – 1375) жаңа итальян жазба тілінің негізін қалаушылар болды. Петрарканың- ғашығы Лаураға арналған сонеттері, Бокаччоның “Декамероны” гуманистік рухта жазылған ең алғашқы романдар еді.

Гуманистік мәдениеттің көрнекті өкілі Леонардо Бруни (1369 – 1444) жаңа гуманистік педагогиканы жүйеге келтірушілердің бірі болды. Оның он екі томдық “Флоренция қаласының тарихында” ХІІ – ХҮ ғасырлардағы әлеуметтік – саяси қозғалысқа айрықша орын берілді.

Ерте қайта өрлеу мәдениетінің аса ірі суретшілері мен мүсіншілері: Джотто (1266 – 1337), Мозаччо (1401 – 1428), Донателло (1386 – 1466) болса, сәулетшілері Филиппо Брунеллески (1377 – 1446) мен Баттиста Альберти (1404 – 1472) болды. ХҮ – тғасырдың екінші жартысына қарай гуманизм Европаның барлық елдеріне тарай бастады. Гуманист жазушылар, суретшілер мен ғалымдар сол замандағы халықаралық тіл - латын тілінде жазды. Латын тіліде “қайтадан жаңарды”. Гуманистер Европада бір бірімен хабарласып, хат – жазысып өзіндік ынтымақтастық, бауырластықтар құрғандай болды. Әсіресе, Италиямен көршілес Германияда гуманистердің саны өте көп болды. ХҮІ ғасырда ерте қайта өрлеу “жоғарғы қайта” өрлеу сатысына өтіп біржолата жалпы европалық мәдени қозғалысқа айналды. Орта ғасырлық схоластикаға ауыр соққылар беріліп жатты.

4. Жаңа қайта өрлеу немесе капиталистік мәдениеттің дамуында кітап басып шығарудың пайда болуы орасан зор роль атқарды. ХҮ– ғасырдың басында– ақ батыс Европада көпшілік–шіркеулік әдебиетті тарату (дұғалар т.б.) үшін айрықша ксилографиялық әдіспен кітапшалар шығарылатын. Ағаш тақтаға суреттер мен жазулар ойылып жазылып, олар қағазға мөр басқандай бастырылатын (жазу парақтары Европада ХІҮ ғасырдан пайдаланылатын). Басып шығарудың ксилографиялық әдісі кітап таратылуы мәселесін шеше алмады. Бұл бағыттағы жұмыстар, техникалық жетілдірулер өте баяу жүрді.

Кітап басып шығаруды ойлап тапқан неміс өнертапқышы Иоган Гуттенберг болды (1445). Майнц қаласында дүниеге келген Иоган Гуттенберг (1400 – 1468) көп ұзамай Страсбург қаласына қоныс аударды. Гуттенбергтің еңбегі сонда ол жылжымалы әріптерді ойлап тапты, яғни бұрын бір пайдаланылған тақтайша - әріптер қайта пайдаланылмайтын. Енді бір әріпті үнемі пайдалануға болатын болды. Көп ұзамай ағаш әріптер металл әріптермен алмастырылды. И.Гутенберг, ақырғы соңында, парақтың екі жағында пайдалануға мүмкіндік беретін айрықша пресс – станок ойлап тапты. Сөйтіп, кітап басып шығару мүмкіндігін барынша жақындатты. Алғашқыда И.Гутенбергтің жаңалығы аса құпия ұсталды. Алайда, 15 жыл өткен соң Европа үшін кітап басып шығару құпия болудан қалды.

ХҮ – ғасырдың соңында кітап басып шығару ісінен Европада айрықша танымал болған Венеция баспагер – гуманисі Альд Мануций (1448 – 1515) еді. 1490 жылы ол өзінің жеке баспаханасын құрып көптеген антик авторлардың шығармаларын, сондай – ақ аса ірі гуманист жазушылар – Данте, Петрарка, Боккаччоның еңбектерін басып шығара бастады. ХҮ – ғасырдың соңында танымал болған Париждегі Этьен баспахана фирмасы болды. Фирманың негізін қалаған Анри Этьен (1460 – 1520) философия, математика мен астрономия бойынша 120 еңбекті басып шығарды. Кітаптардың жартысы латын, жартысы француз тілінде жарыққа шықты. Кітап басып шығарудың орасан зор маңызы болды. Европа өркениеті жаңа көкжиектерге шығу үшін өте үздік техникалық мүмкіндіктерге ие болды.

Әдебиеттер:

1. Право в средневековом мире. М., 1996.

1. Документы по истори университетов Европы ХІІ – ХҮ вв. Воронеж, 1973.

2. Заподно европейский эпос. Л., 1977.

3. Баткин Л. М. Данте и его время. Поэт и Политика. М., 1965.

4. Гуревич А.Я. Категорий средневековой культуры. 2 – изд. Е. М., 1984.

5. Гуревич А.Я. Проблемы средневековой народной культуры. М., 1981.

6. Гуревич А.Я. Средневековый мир: культура безмольствующего большинства. М., 1990.

7. Карсавин Л.П. Культура средних веков. Киев. 1995.

8. Университеты Западной Европы. Средние века. Возрождение. Просвещение. Иванова, 1990.

9. Хейзинга И. Осень средневековья. М., 1998.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 588 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы. | Верден бөлінісі. | ХІ – ХІІ -ғасырлардағы Византия | Төртінші және соңғы крест жорықтары. Крест жорықтарының салдары. | Испания. | Орта ғасырлардағы Италия дамуының ерекшеліктері. | Христиан діні және католик шіркеуі. | Христиандық көзқарастың Европа мәдениетіне тигізген әсері. | Англия. | Реформацияның Европа елдеріне таралуы. Католиктік контрреволюция. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ХІ- ХҮғғ Италия.| Лекция. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Англия, Франция, Италия

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)