Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мишиқтың зақымдануына қандай симптом тән болып келеді?

Читайте также:
  1. Асимптомы графика функции.
  2. Бессимптомный геморрой.
  3. Болат арқандарын жасауға қандай сымдар қолданылады ? С) созғандағы беріктігі 1600.. 2000МПа беріктікті сым
  4. Более частые симптомы этой патологии.
  5. Ведущим рентгенологическим симптомом механической кишечной непроходимости является
  6. Все ее лечение направлено на подавление симптомов.
  7. ДЕПРЕССИИ, НЕВРОЗЫ И ПСИХОСОМАТИЧЕСКИЕ СИМПТОМЫ

Марат Оспанов атындағы БҚММУ

ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» ФАКУЛЬТЕТІ

НЕВРОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

НЕВРОЛОГИЯ» пәні

ОРЫТЫНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯҒА АРНАЛҒАН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

 

Мишиқтың зақымдануына қандай симптом тән болып келеді?

А. гиперкинездер

В. алексия

С. моторлық афазия

D. Шефер симптомы

Е. буын-буындарға бөліп сөйлеу

2. Кіші жіліншік нервтің зақымдану симптомын атаңыз:

A. табан мен башпайлардың бүгілу әлсіздігі

B. тізе рефлекстің жойылуы

C. табанның ісінуі

D. табанның жазғыш бұлшық еттерінің парезі

E. ахилл рефлекстің жоғарылауы

3. Кенелік энцефалиттің қоздырғышын сақтайтын жануарларды атаңыз:

А. иттер

В. орман тышқандары

С. қойлар

D. мысықтар

Е. қасқырлар

4. Қандай құрылымдар зақымдалған кезде биназальдық гемианопсия дамиды?

А. самай бөлігі

В. көру жолдардың қиылысуының сыртқы талшықтары

С. көру сәулелігі

D. көру трактілері

Е. ішкі капсуласы

5. Қандай сипмтом патологиялық симптомдарға жатады?

А. Нери

В. Ласег

С. Бабинский

D. Брудзинский

Е. Вассерман

6. Қандай симптом иіс сезу анализаторының зақымдануына тән болып келеді?

А. амавроз

В. амузия

С. алексия

D. дисфония

Е. аносмия

7. Апраксия дегеніміз не?

A. сөйлеудің көміскілігі

B. сөйлеу қабілеті сақталып, қаратпа сөздердің түсінудің бұзылысы

C. қаратпа сөздерді түсініп, сөйлеу қабілетінің жойылуы

D. қимыл координациясының бұзылысы

E. күрделі қозғалыс актілерін орындауының бұзылысы

8. Тіл асты нервтің ядросы қайда орыналасады?

А. қара зат

В. ми аяқшалары

С. сопақша ми

D. ішкі капсула

Е. варолий көпірі

9. Ми қан айналымының өтпелі түрлері кезінде неврологиялық бұзылыстар қай уақытта кері қарай дамуға ұшырайды?

А. 2-3 тәулк ішінде

В. 24 сағат ішінде

С. 3-5 тәулік ішінде

D. 5-7 тәулік ішінде

Е. 1-2 апта ішінде

10. Диабеттік полиневропатияның патогенезі:

A. микроангиопатия пайда болғандықтан нерв талшықтарының ишемизациясы

B. қантты төмендететін дәрілер қабылдауының асқынулары

C. инсулин қабылдауының асқынулары

D. макро-, микроангиопатиясы болғандықтан коагуляцияның бұзылыстары

E. туннельдық синдром дамуы

11. Омыртқа бағанасы остеохондрозы дамуының негізінде қандай процесс жатыр?

А. жарақаттық

В. дегенеративтік

С. аутоиммундық

D. инфекциялық

Е. туберкулездік

12. Эпилепсия терапиясының негізгі қағидалары:

A. жыл бойы 3-6 айлық емдеу курстарын жүргізу

B. науқас жынысына байланысты эпилепсияға қарсы препаратты таңдау

C. құрысудың түріне байланысты эпилепсияға қарсы препаратты таңдау

D. ем басында бірнеше эпилепсияға қарсы препараттардың комбинациясын тағайындау

E. жыл бойы құрысулар болмаған жағдайда емінің тоқтатылуы

13. Шашыранды склероз кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер немен көрінеді?

А. өткізгіштіктердің демиелинизациясымен

В. микрогеморрагиялармен

С. ұсақ артериолардың стенозымен

D. периваскулярлық инфильтраттармен

Е. некрозбен

14. Миастения қандай құрылымдардың зақымдануынан пайда болады?

A. шеткі нервтер

B. нерв-бұлшық ет синапсы

C. жұлынның алдыңғы түбіршектері

D. жұлынның артқы мүйіздері

E. жұлынның алдыңғы мүйіздері

15. Қандай бұзылыстар шашыранды склерозға тән болып келеді?

А. бұлшық ет атрофиялары

В. шеткі салдану

С. жамбас ағзалары қызметінің бұзылыстары

D. гиперкинездер

Е. эпилепсиялық құрысулар

16. Қандай құрылымдар зақымдану кезінде орталық парез дамиды?

A. ішкі капсула

B. жұлынның артқы мүйіздері

C. жұлынның алдыңғы мүйіздері

D. көру төмпешігі

E. жұлынның артқы шоғырлары

17. Бас мидың қандай құрылымдары зақымдану кезінде үш геми- синдром (гемиплегия, гемианестезия, гемианопсия) дамиды?

А. құйрықты ядро

В. мөлдір аралығы

С. мишық

D. таламус

Е. ішкі капсула

18. Транзиторлық ишемиялық шабуылдың дамуының себебі:

A. атеросклероз

B. ми қан тамырының жыртылуы

C. бас мидың ісінуі мен бөртуі

D. бас ми асондарының жыртып алу

E. артерио-веноздық мальформация

19. Қандай препарат эпилепсияға қарсы препараттарға жатады?

А. клопидогрель

B. кавинтон

C. актилизе

D. октагам

E. депакин

20. Жедел кенелік энцефалит немен сипатталады?

A. күз-қыс маусымындағы аурушандықтың үдемелі кезі

B. менингеальдық синдромның болмауымен

C. бас сүйек ішілік қысымының төмендеуімен

D. иық белдігі бұлшық еттердің шеткі парездермен

E. ликвордағы нейтрофильдық плеоцитозбен

21. Паллидумға қандай құрылымдар жатады?

A. гиппокамп

B. таламус

C. құйрықты ядро

D. ішкі капсула

E. бозғылт шар

22. Паллидумға қандай құрылымдар жатады?

A. гипоталамутың ядролары

B. қара зат

C. құйрықты ядро

D. таламус

E. ішкі капсула

23. Атетоз дегеніміз не?

A. жүріс кезіндегі қолдардың біріккен қимылдарының болмауы

B. бұлщық еттер жеке топтарының стереотиптік жиырылуы

C. аяқ-қолдардың лақтыру тәрізді гиперкинездері

D. дененің бұрмалау гиперкинезі

E. қол саусақтарындағы баяу құрт тәрізді гиперкинездер

24. Шүйде бөлігі зақымдалған кезде қандай симптом пайда болады?

A. апраксия

B. мегалография

C. афазия

D. метаморфопсия

E. акалькулия

25. Парасимпатикалық вегетативтік нерв жүйесінің нейрондары қай құрылымдарда орналасды?

A. бас мидың үлкен жартышарларында

B. бас ми бағанасында

C. жұлынның мойын бөлігінде

D. жұлынның бүйір мүйіздерінде

E. жұлынның бел аймағында

26. Парасимпатикалық вегетативтік нерв жүйесінің нейрондары жұлынның қай құрылымдарда орналасды?

A. артқы мүйіздерінде

B. кеуде бөлігінде

C. алдыңғы мүйіздерінде

D. мойын бөлігінде

E. сегіз көз бөлігінде

27. Бас ми ісінуін емдеу үшін қандай препаратты қолданады?

A. актовегин

B. кавинтон

C. церебролизин

D. маннит

E. пирацетам

28. Ми инсульты бар науқастың күнделік белсенділігін бағалау үшін қандай шкала қолданады?

A. Бартел индексі

B. Ашворттың бұлшық ет сіреспелігінің шкаласы

C. NIHSS шкаласы

D. Ривермид мобильдігінің индексі

E. бұлшық ет күшін бағалау үшін шкаласы

29. Шашыранды склероздың басталуы көбінесе қай жасқа сәйкес келеді?

A. 3 - 7 жас

B. 10-15 жас

C. 65 жастан жоғары

D. 50-60 жас

E. 20 - 40 жас

30. Гийен-Барре жедел біріншілік полирдикулоневрит кезінде нерв жүйесінің қандай құрылымдары зақымданады?

A. шеткі нервтер

B. жұлын

C. ми қыртысы асты түйіндер

D. мишық

Е. бас ми қыртысы

31. 15 жасар Н. науқас, стационарға дене қызуының біраз жоғарылау, бас ауру, аяқ-қолдарындағы күштеніп, еріксіз қозғалыстары пайда болу шағымдарымен жеткзілген. Объективті түрде: бұлшық ет гипотониясы жағдайындағы аяқ-қолдардың хореялық гиперкинездер байқалады. Аускультация кезінде: жүрек ұшындағы систолалық шу анықталады. Анамнезінде жиі болып тұратын ангина туралы мәлімет білдірген. Бұл жағдайда қандай алғашқы диагнозды қоюға болады?

А. нейросифилис

В. нейробруцеллез

С. Гентингтон хореясы

D. нейроревматизм

Е. шашыранды склероз

32. Науқас, омыртқа аймағындағы өткір, оқ атқандай ауырсыну, іш және кеудесіндегі қатты кескен тәрізді, ұстама тәрізді болып тұратын және бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін созылатын ауырсынуларға шағымдарымен ауруханаға жеткізілген. Хирург-дәрігердің қарауынан кейін іш қуысы ағзаларының шұғыл патологиясы анықталмаған. Объективті түрде: менингеалдық симптомдар жоқ, тізе және ахилл рефлекстері төмендеген, Аргайл-Робертсон синдромы оң мәнді, көз қарашықтардың формасы бұзылған. Жұлын сұйықтығында Вассерман реакциясы оң мәнді. Алғашқы клиникалық диагнозын анықтаңыз.

А. кіші хорея

В. менингококктік менингит

С. нейросифилис

D. нейробруцеллез

Е. нейроревматизм

33. Аталған симптомдардың қайсысы Паркинсон аурыуына тән болып келеді?

А. тырпылдап жүру

В. атетоз

С. атаксия

D. гемипарез

Е. афазия

34. Науқаста келесі клиникалық симптоматикасы анықталады: дене қызуының кенет көтерілуі, бас ауру, бас айналу, жүрек және буындарындағы ауырсынулар, оң жақты жеңіл гемипарездің белгілері, эпилепсиялық ұстамалар, айқын түрдегі вегетативті өзгерістер – терінің мәрмәрлігі, тахикардия, жүрек ұшындағы систолалалық шу. Қанында: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Ликворда: қысымы жоғарлаған, лимфоцитарлық плеоцитоз. Бұл симптомдар қандай ауруға тән болып келеді?

А. жедел миелит

В. ревматизмдік энцефалит

С. сифилистік менингит

D. арқалық семуі

Е. туберкулездік менингоэнцефалит

35. Төмендегі аталған симптомдар қандай ауруға тән: аурудың кенет және толқындық қызбасымен басталуы, петехиялық бөртпе, мұрынның қанауы, жалпы интоксикацияның белгілері, буындардағы ауырсынулар, гипергидроз және аяқ қолдарындағы акроцианоз түінрдегі айқын вегетативтік бұзылыстар. Қан анализінде – Райт-Хеддельсон реакциясы оң мәнді.

А. нейробруцеллез

В. нейросифилис

С. шашыранды склероз

D. жедел миелит

Е. менингококктік менингит

36. 15 жасар науқас аяқтарын алшақтатып жүреді, сөйлеуі түрткі тәрізді, дисметрия, инкоординация, бұлшық ет тонусының төмендеуі және аяқ басы күмбезінің үлкеюі байқалады. Бұл науқаста қандай тұқым қуалайтын ауру анықталады?

А. Дюшенн ауруы

В. Шарко-Мари-Тут ауруы

С. Фридрейх ауруы

D. Вердниг-Гоффман ауруы

Е. Томсен миотониясы

37. 25 жасар ер адам жүрісінің басталу кезіндегі қыиндауына, жұдырық түйігеннен кейін қолдың босатуына мүмкіндіктің болмауына, шайнаудың, кей кезде жұтыну және сөйлеудің, әсіресе бұл әрекеттердің басында пайда болатын, қиындауына шағымданады. Объективті түрде: ұстап қараған кезде бұлшық еттер тығыз, қатты, бірақ күші сәл төмендеген. Бұндай ауру науқастың ағасында да анықталады. Науқаста қандай тұқым қуалайтын ауру анықталады?

А. Томсен миотониясы

В. Кугельберг-Веландер спинальдық амиотрофиясы

С. Штрюмпель тұқым қуалайтын параплегиясы

D. Шарко-Мари-Тут амиотрофиясы

Е. Дюшенн миопатиясы

38. 19 жасар науқас қолдарының әлсіздгі мен бет бұлшық еттерінің семуіне шағымданады. Объективті түрде: «қанат тәрізді жауырын» секілді жаурын бұлшық еттерінің атрофиялары және кеуде жасушаның деформациясы анықталады. Бұндай ауру әкесінің апасында анықталған. Сіздің диагнозыңыз?

А. Ландузи-Дежерин миодистрофиясы

В. Вильсон-Коновалов ауруы

С. Штрюмпель тұқым қуалайтын параплегиясы

D. Дюшенн үдемелі бұлшық ет дистрофиясы

Е. Фридрейх атаксиясы

39. 10 жасар Д. науқас өздігінен қозғала алмайды. Объективті түрде «үйрек» жүрісі, «көктерек» талиясы, балтыр бұлшық еттері ұстап қараған кезде қамыр тәрізді және олардың псевдогипертрофиясы анықталады. Сіздің диагнозыңыз?

А. Кугельберг-Веландер спинальдық амиотрофиясы

В. Ландузи-Дежерин миодистрофиясы

С. Дюшенн үдемелі бұлшық ет дистрофиясы

D. Вердниг-Гоффман спинальдық амиотрофиясы

Е. Томсен миотониясы

40. 20 жасар пациентті қараған кезде горизонтальдық нистагм, атаксиялық жүріс, Ромберг сынамасындағы тұрақсыздық, құрсақ рефлекстердің болмауы, интенциялық діріл, аяқтардың спастикалық парезі және Марбург пентадасы анықталады. Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?

А. менингит

В. бас ми ісігі

С. полиневрит

D. Паркинсон ауруы

Е. шашыранды склероз

41. 35 жасар әйел адамда горизонтальдық нистагм, эйфория, зәр шығаруға императивтік біліну, аяқтардың спастикалық парезі, атаксия, құрсақ рефлекстердің болмауы анықталады. Бас мидың МРТ-да демиелинизация ошақтары анықталады. Диагнозды анықтаңыз.

А. полирадикулоневрит

В. жедел миелит

С. шашыранды склероз

D. арқалық семуі

Е. менингит

42. Пациентте оң жақтағы трапеция тәрізді және төс-бұғана-емізікшілік бұлшық еттердің атрофиясы, оң жақ иығының төмен түсуі, бастың сол жаққа қарай бұрылуы қыиндағаны анықталады. Зақымданудың локализациясы:

A. сол жақ қосымша нерв

B. оң жақ қосымша нерв

C. сол жақ қыртыстық-ядролық жол

D. оң жақ қыртыстық-ядролық жол

E. сопақша мидың сол жақ бөлігі

43. Қант диабеті кезіндегі дистальдық сенсорлық полиневропатияға қандай симптом тән болып келеді?

A. аяқтардағы аурсынулар мен парестезиялар

B. аяқ-қолдардың проксимальдық бөліктерінің парезі

C. шынайы астереогноз

D. сіңірлік рефлектердің сәл жоғарылауы

E. аяқ басындағы патологиялық симптомдар

44. Науқаста сол жақты гемиплегия, тілдің аузынан шығарғын кездеі оң жаққа қарай ығысуы, оң жақ тіл бұлшық еттердің атрофиясы мен фибрилляциялар анықталады. Зақымдалған ошақты атаңыз.

А. оң жақты постцентральдық қатпар

В. сопақша мидың оң жақ бөлігі

С. сопақша мидың сол жақ бөлігі

D. варолий көпірі

Е. ортаңғы ми

45. Науқаста оң жаққа қараған кездегі қосарланып көру пайда болды. Қараған кезде: оң жағында ішке қарай қитарлану, оң жақ көз алмасы ішке қарай ығысып тұр. Қандай нервтің зақымдануы байқалады?

А. оң жақты көз қозғалтқыш

В. сол жақты көз қозғалтқыш

С. оң жақты әкеткіш

D. сол жақты әкеткіш

Е. оң жақты шығыр

46. Науқаста автоавариядан кейін тіке қараған кездегі қосарланып көру пайда болды. Қараған кезде: оң жақ қабақ түсіп тұр (птоз), көз алмасы сыртқа қарай ығысқан (сыртқа қарай қитарлану), көз қарашығы кеңейген. Қандай нерв зақымдалғанын анықтаңыз.

А. шығыр

В. үшкіл

С. әкеткіш

D. бет

Е. көз қозғалтқыш

47. Қандай ауруға келесі симптомдар тән: естің жойылуымен өтетін аурудың жедел түрде басталуы, тері қабықтарының бозаруы, жыбыр аритмиясы түрдегі жүрек ырғағының бұзылуы, моторлық афазия және оң жақты гемиплегия?

А. бас мидың абсцессі

В. менингит

С. ишемиялық инсульт

D. миелит

Е. энцефаломиелит

48. Науқаста жиі болып тұратын естің бұлыңғыр жағдайлар, амбулаторлық автоматизмнің ұстамалар, иіс сезу елестер байқалады. Бас мидың қандай бөлігі зақымдалған?

А. самай бөлігінің қыртысы

В. төбе бөлігінің қыртысы

С. алдыңғы отралық ирелең

D. шүйде бөлігінің қыртысы

Е. артқы отралық ирелең

49. Науқаста естің жойылуымен өтетін эпилепсиялық ұстаманың алдында, көз алдындағы қозғалатын фигуралар, жұлдыздар, ұшқын түрдегі көру феномендері байқалады. Зақымдалған ошақты анықтаңыз.

А. самай бөлігінің қыртысы

В. шүйде бөлігінің қыртысы

С. алдыңғы отралық ирелең

D. кора теменнойтөбе бөлігінің қыртысы

Е. артқы отралық ирелең

50. 30 жасар науқаста дене қызуының 40оС дейін көтерілу, бастың қатты ауруы, оң жақ көздің ісінуі, гиперемиясы, қозғалыстары шектеліп, орта қалпында тұрғаны, оң жақтағы птоз және мидриаз байқалады. Жақында бастың шашты жағының фурункулезін басынан өткізген. Ең ықтимал диагозды анықтаңыз.

А. ишемиялық инсульт

В. геморрагиялық инсульт

С. каверноздық синустың тромбозы

D. туберкулездік менингит

Е. менингококктік менингит

51. 40 жасар әйел адамда физикалық күш түскен соң пайда болатын аяқ-қолдарының әлсіздігі мазалайды. Ертеңгілік уақытта, ұйқыдан тұрған соң, әлсіздік байқалмайды. Зерттеу кезінде 4,0 баллға дейін төмендеген бұлшық етердің парезі, бұлшық ет гипотониясы, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі және жай физикалық күш түскен соң (10 рет қайтара отырып-тұру) аяқтарындағы әлсіздік 2,0 баллға дейін түскені анықталады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз.

А. шашыранды склероз

B. миастения

C. жұлын қан айналымының бұзылысы

D. жұлын ісігі

E. полиневропатия

52. 40 жасар әйел адам ауруханаға бас айналу, жүрек айну және жұтыну бұзылысының бар болу шағымдарымен жеткізілген. Бұл шағымдар күндізгі уақытта, осыдан 2 сағат бұрын пайда болған. 30 жасында жүректің ревматизмдік ақауы дәлелденген, содан бері кардиологтың бақылауында. Зерттеу кезінде: есі сақталған, АҚҚ с.б.-мен 150/100 мм, пульс – минутына 90 соғыс, жүрек соғысы ырғақсыз. Неврологиялық статус: менингеальдық симптомдар анықталмайды, оң жағынан птоз, миоз, энофтальм, дауысы қатаң, жұтынуға мүмкіндік жоқ, оң жағынан жұмсақ таңдайдың доғашығы салбырап тұрғаны және жұтыну рефлекстің жойылуы анықталады, аяқ-қолдарында парездер жоқ, ауырсыну және температуралық сезімталдығы оң жақ бет аймағында, ал денесі мен аяқ-қолдарында – сол жағынан төмендеген, саусақ-мұрын және тізе-өкше сынамаларын орындаған кезде оң жақ аяқ-қолдары жағынан интенциялық тремор байқалады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай және зақымданудың локализациясын табыңыз.

A. ишемиялық инсульт, Варолий көпірі

B. геморрагиялық инсульт, сопақша ми

C. ишемиялық инсульт, сопақша ми

D. геморрагиялық инсульт, оң жақтағы ішкі капсула

E. ишемиялық инсульт, сол жақтағы ішкі капсула

53. Қабылдау бөлімшеге, 10 жыл бойы, АҚҚ өте жоғары деңгейге дейін көтерілетін, артериялық гипертензиямен ауыратын, 55 жасар науқас жеткізілген. Бүгін, күндізгі уақытта, физикалық күш тускен соң, бастың қатты ауырсынуы, бір неше рет пайда болған құсу, естің жойылуы пайда болған. Неврологиялық статусында: кома II, сол жақтағы анизокория, оң жақ мұрын-ерін қыртысының тегістелуі, бұлшық ет тонусы мен сіңірлік рефлекстердің жоғарылауымен өтетін оң жақты гемиплегия, сол жақтағы Бабинский симптомы анықталады. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы екі жағынан да оң мәнді. Ликворда қанның қоспасы, бас мидың КТ-да – геморрагиялық ошақ. Бұл жағдайда қандай ауру туралы күмәндануға болады?

A. субарахноидальдық қан құйылу

B. жедел энцефалит

C. ишемиялық инсульт

D. паренхиматоздық-субарахноидальдық қан құйылу

E. жедел менингит

54. 63 жасар науқас. Ертеңгілік уақытта, ұйқыдан оянған соң, оң жақ аяқ-қолдың әлсіздігін байқаған. Ауру АҚҚ с.б. 160/90 мм-ге дейін жоғарлааған жағдайда, кенет басталған. Науқас қант диабетімен аурады және осыдан 2 жыл бұрын миокард инфарктісін басынан өткізген. Неврологиялық статусында: оң жақ бет нервтің орталық парезі, моторлық афазия, оң жақты гемиплегия, оң жағынан Бабинский патологиялық рефлексі, оң жақты гемигипестезия анықталады. Топикалық және клиникалық диагнозын анықтаңыз.

A. сол жақ ортаңғы ми артериясының бассейні, геморрагиялық инсульт

B. сол жақ ортаңғы ми артериясының бассейні, ишемиялық инсульт

C. вертебробазилярлық бассейн, ишемиялық инсульт

D. вертебробазилярлық бассейн, геморагиялық инсульт

E. оң жақ ортаңғы ми артериясының бассейні, ишемиялық инсульт

55. 29 жасар Д. науқас ауруханаға бастың ауырсыну, бір неше рет болған құсу, көз алмаларындағы ауырсыну, жалпы әлсіздік, дене қызуының 38-39о дейін жағарылауымен жеткізілген. Ауратыны 2 айға жоқ уақыт, содан бері тез щаршағыштық және жалпы әлсіздік пайда болған. Жағдайының нашарлауы 4-5 күн ішінде, вирустық инфекция жағдайында, үйде өзбетінше емделген. Өмір анамнезінен: осыдан 2 жыл бұрын өкпе туберкулезды басынан өткізген, емді стационарда қабылдаған. Қараған кезде: есі сақталған, солғын, мәнгірген, жалпы гиперестезия, фото-, фонофобия, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан да оң мәнді. Сіңірлік рефлекстер екі жағынан да бірдей, патологиялық симптомдар анықталмайды. Қан анализінде – лейкоциттер 16,4х109/л, ЭТЖ 38 мм/с. Ликвор жоғары қысыммен ағады, түссіз, мөлдір, лимфоцитарлық плеоцитоз. Қант және хлоридтердің мөлшері төмендеген. Алғашқы диагнозды анықтаңыз:

A. ЕСНО және Коксаки энтеровирустық менингит

B. туберкулездік менингит

C. летаргиялық энцефалит

D. пневмококктық менингит

E. жедел лимфоцитарлық хориоменингит

56. Қандай құрылымдар зақымдалған кезде бет бұлшық еттердің орталық парезі дамиды?

A. бет нервісінің ядросы

B. ішкі капсуланың тізесі

C. біз-емізік тәрізді өсіндісі аймағындағы бет нервісі

D. фаллопий каналындағы бет нервісі

E. бет нервтің түбіршегі

57. Қандай құрылымдар зақымдалған кезде бет бұлшық еттерінің шеткі парезі дамиды?

A. сәулелік тәж

B. прецентральдық қатпар

C. постцентральдық қатпар

D. бет нервісінің ядросы

E. ішкі капсуланың тізесі

58. Қандай құрылымдар зақымдалған кезде бет бұлшық еттерінің шеткі парезі дамиды?

A. ішкі капсуланың тізесі

B. прецентральдық қатпар

C. фаллопий каналындағы бет нервісі

D. сәулелік тәж

E. постцентральдық қатпар

59. Аталған симптомдардың қайсысы көру төмпешігінің зақымдануына тән болып келеді?

A. гемигипестезия, гемиатаксия, гомонимдік гемианопсия

B. гомонимдік гемианопсия, гемигипестезия, орталық гемипарез

C. орталық гемипарез, гемигипестезия, гемиатаксия

D. гемигипестезия, гетеронимдік гемианопсия, гемиатаксия

E. гемигипестезия, гомонимдік гемианопсия, көлденең нистагм

60. Ортаңғы ми артериясы бассейніндегі пайда болған инфарктына қандай симптом тән?

A. мишықтық атаксия

B. гиперкинездік синдром

C. сыртқа қарай қитарлану

D. моторлық афазия

E. квадранттық гемианопсия

61. Артқы ми артериясы бассейніндегі пайда болған инфарктына қандай симптом тән?

A. гемианопсия

B. қолда басым болған гемипарез

C. аяқта басым болған гемипарез

D. моторлық афазия

E. гемигипестезия

62. Ишемиялық инсультты дәлелдеу үшін мәліметтілігі жоғары болып қандай әдіс есептеледі?

A. эхоэнцефалоскопия

B. ұйқы және омыртқалық артериялардың дуплекстік сканерлеу

C. люмбальдық пункция

D. электроэнцефалография

E. бас мидың КТ-сы

63. Аталған әдістердің қайсысы церебральдық артериялардың тарылуының бар болуы және оның дәрежесін анықтау үшін қандай әдіс ең ықтимал деп есептеледі?

A. бас мидың КТ-сы

B. бас мидың МРТ-сы

C. ангиография

D. эхоэнцефалоскопия

E. көз түбін қарау

64. Аталған әдістердің қайсысы церебральдық артериялардың тарылуының бар болуы және оның дәрежесін анықтау үшін қандай әдіс ең ықтимал деп есептеледі?

A. бас мидың КТ-сы

B. ультрадыбыстық дуплекстік сканерлеу

C. электроэнцефалография

D. краниография

E. көз түбін қарау

65. Ми инсульты кезінде бас мидың КТ-сы қай уақыттан кейін ишемиялық ошақтың бар болғанын анықтайды?

A. 2-4 сағат

B. 10-12 сағат

C. 30 минут

D. аурудың алғашқы минуттарында

E. 6 сағат және одан да ұзақ уақытта

66. Вертебро-базилярлық бассейініндегі пайда болған ми инфартына қандай симптом тән?

A. альтернирлеуші

B. моторлық афазия

C. қолдың монопарезі

D. аяқтың монопарезі

E. гемигипестезия

67. Ортаңғы ми артериясы бассейініндегі пайда болған ми инфартына қандай симптом тән?

A. бульбарлық синдром

B. көз қозғалтқыш бұзылыстар

C. сенсорлық афазия

D. гомонимдік гемианопсия

E. вестибулярлық бұзылыстар

68. Эрготерапия қандай мақсатпен жүргізіледі?

A. жүрісті қайта қалпына келтіру үшін

B. сөйлеуді қайта өалпына келтіру үшін

C. тұрмыстық дағдыларды қайта қалпына келтіру үшін

D. когнитивтік қызметтерді жақсарту үшін

E. бұлшық еттердің сіреспелігін төмендету

69. 65 жасар ер адам ауруханаға госпитализацияға дейін 2 сағат бұрын, ертеңгілік уақытта пайда болған сол жақ аяқ-қолдың әлсіздігіне байланысты жеткізілген. Анамнезінен мәлімет: пациент көп жылдан бері күштену стенокардиясымен аурады, соңғы бір жыл ішінде АҚҚ с.б. 180/100 мм-ге дейін жоғарылайтын эпизодтар байқалады. Зерттеу кезінде: есі сақталған, АҚҚ с.б. 180/100 мм, пульс – минутына 80 соғыс, жүрек соғуы ырғақты. Неврологиялық статуста: менингеальдық симптомдар жоқ, беттің сол жақ төменгі бөлігіндегі мимикалық бұлшық еттердің әлсіздігі, ауызынан шығарған кезде тілдің сол жаққа қарай ығысуы, сол жақ қолдың күші 1 баллға дейн, ал сол жақ аяқтың күші 4 балға дейін төмендеуі, сіңірлік рефлекстердің сәл жоғарылауы, сол жақта Бабинский симптомы байқалады. Сіздің топикалық және алғашқы клиникалық диагнозыңыз.

A. ишемиялық инсульт, оң жақ ортаңғы ми артериясының бассейні

B. ишемиялық инсульт, вертебробазилярлық бассейн

C. геморрагиялық инсульт, вертебробазилярлық бассейн

D. геморрагиялық инсульт, сол жақ артқы ми артериясының бассейні

E. ишемиялық инсульт, сол жақ ортаңғы ми артериясының бассейні

70. 70 жасар әйел адам диплопия және ертеңгілік уақытта, ұйқыдан оянған соң пайда болған, оң жақ аяқ-қолдың әлсіздікке байланысты ауруханаға жеткізілген. Осыдан 5 жыл бұрын науқас миокард инфарктысын басынан өткізген, содан кейін жыбыр аритмияның ұстамалары байқалады. Бір ай бұрын өз бетімен, бір сағат ішінде жойылған, бас айналу және көздегі қосарланып көрі эпизоды байқалған. Зерттеу кезінде: санасы сақталған, АҚҚ с.б. 160/100 мм, жүрек соғысы – минутына 100-140 рет, ырғақсыз. Неврологиялық статусында: менингеальдық симптомдар жоқ, сол жақтағы мимикалық бұлшық еттердің толық түрдегі парезі, ішке қарай қитарлану, сол жақ көз алмасы қозғалыстары сыртқа қарай біраз шектелген, оң жақтағы аяқ-қолдың қозғалыстары анықталмайды, оң жақтағы аяқ-қолдағы сіңірлік рефлекстер жоғарлаған, оң жақта Бабинский симптомы байқалады. Бір ай бұрын болып кеткен бас айналу және көздегі қосарланып көру эпизодын қалай түсіндіруге болады?

A. шашыранды склероз

B. геморрагиялық инсульт

C. дисциркуляторлық энцефалопатия

D. транзиторлық ишемиялық атакасы

E. бас мидың ісігі

71. 72 жасар, күштену стенокардиямен ауратын әйел адамда, заттардың көлденең бойынша қосарланып көруі, оң жақ үстінгі қабағынын түсіп қалуы, сол жақ аяқ-қолдың әлсіздігі кенет пайда болған. Бір сағаттан соң ауруханаға жеткізілген. Зерттеген кезде: есі сақталған, менингеальдық белгілері жоқ, оң жағында птоз, сыртқа қарай қитарлану, оң жақ көз алмасының сыртқа және төмен қарай бұрылғаны байқалады, оң жақ көз қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ. Сол жақ аяқ-қолдың күші 3 балл құрайды, сіңірлік рефлекстер сол жағында жоғарлаған, Бабинский симптомы сол жағында оң мәнді. Орталық нерв жүйесінің құрылымдардың қайсысы зақымдалған?

A. оң жақты әкеткіш нерв пен пирамидтік жол

B. оң жақты көз қозғалтқыш нерв пен пирамидтік жол

C. сол жақты әкеткіш нерв пен пирамидтік жол

D. оң жақты бет нервісі мен пирамидтік жол

E. сол жақты көз қозғалтқыш нерв пен пирамидтік жол

72. 68 жасар әйел адам жергілікті емханаға, осыдан бір сағат бұрын пайда болған, бірақ 10 минут ішінде өз бетімен, толық жойылған, сол жақ қолдың әлсіздігіне байланысты қабылдауға келген. Соңғы 20 жылдың ішінде артериялық гипертензиямен, ал 15 жылдан бері – қант диабетімен аурады. Зерттеу кезінде: АҚҚ с.б. 160/90 мм, нерв жүйесі жағынан патология анықталмайды. Сіздің әрі қарай өткізілетін тактикаңыз.

A. кардиология бөлімшесіне госпитализациялау

B. эндокринология бөлімшесіне госпитализациялау

C. амбулаторлық емді тағайындау

D. санаторлық-курорттық ем

E. инсульт орталығына госпитализациялау

73. 45 жасар әйел адам, күндіз, физикалық күш түскеннен кейін пайда болған интенсивті түрдегі бастың ауырсынуына, жүрек айнуына және қайталамалы құсуына байланысты ауруханаға жеткізілген. Осы аурғанға дейін өзін сау деп санаған. Зерттеген кезде: есі сақталған, АҚҚ с.б. 160/100 мм, пульс – минутына 70 соғыс, жүрек соғысы ырғақты. Неврологиялық статусында: жарыққа қарай алмайды, шүйде бұлшық еттердің ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан да оң мәнді. Бас сүйек нервтері жағынан – көзге көрінетін патология анықталмайды. Парездер жоқ, сезімталдығы бұзылмаған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз.

A. ишемиялық инсульт

B. менингит

C. Субарахноидальдық қан құйылу

D. транзиторлық ишемиялық атака

E. бас мидың абсцессі

74. 75 жасар ер адам, физикалық күш түскеннен кейін пайда болған бастың ауырсынуына, бас айналуына, жүрісінің шайқалуына және аяқ-қолдарындағы ыңғайсыздығына байланысты ауруханаға жеткізілген. Осыған дейін өзін сау деп санаған. Зерттеген кезде: есі сақталған, АҚҚ с.б. 180/100 мм, пульс – минутына 60 соғыс, жүрек соғысы ырғақты. Неврологиялық статусында: шүйде бұлшық еттердің ригидтілігі, көлденең нистагм, парездер анықталдмайды, аяқ-қолдарындағы саусақ-мұрын және тізе-өкше сынамаларын орындаған кезде интенциялық тремор, аяқ-қолдарындағы бұлшық ет гипотониясы байқалады. Бас мидың КТ-да қан құйылу ошағы анықталады. Бас мидың қандай құрылымы зақымдалған?

A. ми көпірі

B. мишық

C. ішкі капсула

D. таламус

E. сопақша ми

75. 28 жасар әйел адамда, жүрек айну және жарыққа қарай алмауымен өтетін бастың қатты аурсыну кенет пайда болған, екі қайтара құсу байқалған. «Жедел жәрдем» машинасымен науқас стационарға жеткізілген. Осыған дейін өзін сау деп санаған, күнделік АҚҚ с.б. 110/70 мм. Зерттеу кезінде: есі сақталған, АҚҚ с.б. 120/80 мм. Неврологиялық статус: шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомдары екі жағынан да оң мәнді. Ошақтық неврологиялық симптоматикасы анықталмайды. Бас мидың КТ-да субарахноидальдық қан құйылудың белгілері. Бұл аурудың болжам себебін атаңыз?

A. артериялық гипертензия

B. нейроинфекция

C. бас мидың ісігі

D. бас ми қан тамырларының аневризмасы

E. гиперкоагуляция

76. 35 жасар ер адам бастың қатты ауырсынуына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Ауырғаны кенет, осыдан 2-3 сағат бұрын, эпилепсиялық ұстама байқалған. Бұрын өзін сау деп санаған. Шұғыл түрде стационарға госпитализацияланған. Объективті түрде: жағдайы өте ауыр. АҚҚ с.б. 125/80 мм. Неврологиялық статус: естің тежелуі сопор деңгейіне дейін, шүйде бұлшық еттердің ригидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомдары екі жағынан да оң мәнді. Ошақтық неврологиялық симптоматикасы анықталмайды. Бұл жағдайда ажырату диагностикасын қандай аурулармен жүргізу қажет?

A. менингит

B. эпилепсия

C. ишемиялық инсульт

D. транзиторлық ишемиялық атака

Е. мишық ішіне қан құйылу

77. Науқасты зерттеген кезде үстірт құрсақ рефлекстердің жойылуы анықталған. Жүлынның МРТ-зерттеуін қай деңгейінде тағайындау қажет?

A. мойын

B. бел

C. құйымшақ

D. кеуде

Е. сегіз көз

78. пульмонология бөлімшесінде емделіп жатқан К. Науқастың жағдайы кенет нашарлаған: жалпымилық симптоматикасы біраз көбейген, менингеальдық симптомдар байқалады. Ликворда айқын нейтрофильдік плеоцитоз, қанында лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Анамнезінен: көп жылдар бойы бронхоэктазия ауруымен аурады. Бұл науқаста қандай ауру пайда болған?

А. туберкулездік менингит

B. энтеровирустық менингит

C. эпидемиялық энцефалит

D. пневмококктік менингит

E. менингококктік менингит

79. Науқас С. егін жинауынан қайтып келгеннен кейін (тышқандар көп болған, барақ түрдегі жатақханада тұрған), 7 күн өткен соң, жалпы әлсіздік, дімкәстік, мұрын бітелуін байқаған, әрі қарай гипретермия, құсу, бастың қатты ауырсынуы, көз алмаларының ауырсыну және жарыққа қарай алмайтыны қосылған. Ликворда – лимфоцитарлық плеоцитоз. Емделгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарған. Бұл науқас қандай ауруды басынан өткізген?

А. туберкулездік менингит

B. пневмококктық менингит

C. Армстронгтың жедел лимфоцитарлық хореоменингиті

D. герпестік менингит

E. Экономоның эпидемиялық энцефалиті

80. С. науқас жалпы әлсіздік пен бас айналуын сезген. Дене қызуының көтерілуі байқалған. Соңынан, көз қитарлану, птоз, көз алмалары қозғалыстарының шектелуі пайда болған. Әрі қарай, 2 күн бойы мықты ұйқышылдық кезенібайқалған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

А. Экономоның эпидемиялық энцефалиті

B. Коксаки мен ЕСНО энтеровирустық менингит

C. герпестік энцефалит

D. туберкулездік менингит

E. Армстронгтың жедел лимфоцитарлық хореоменингиті

81. Мұғалім, 7 жасар ер баланың сабақ үстіндегі алаңғасарлығына, «тоқтап қалу» ұстамалары және баланың бейжай көзқарасына мән берген. Ұстаманың ұзақтылығы 1 минуттан аспайды. Бұндай жағдай күніне бір неше рет қайталаған. Ұстама кезінде бала өз атына үн қатпаған, сұрақтарға жауап қайтармаған. Бұл балада ұстаманың қандай түрі анықталады?

А. таралымды тонико-клоникалық

B. абсанс

C. парциальдық моторлық

D. парциальдық сенсорлық

E. талып қалу

82. 15 жасар жас өспірім балада, бет, мойын, дене, аяқ-қол, іш бұлшық еттердің еріксіз дірілі және секіру пайда болған. Бұл балада гипрекинездердің қандай түрі анықталады?

А. хорея

B. тиктер

C. атетоз

D. торсиондық дистония

E. гемибаллизм

83. Науқас, басының сол жаққа қарай еріксіз пайда болатын бұрылуын, сонымен қатар дененің сол жаққа қарай айналып бұрылуын байқаған. Гиперкинез толқыған кезде және ерікті қозғалыстар кезінде күшейеді. Гиперкинездің түрін атаңыз.

A. хорея

B. атетоз

C. тиктер

D. торсиондық дистония

Е. гемибаллизм

84. 44 жасар Ф. науқаста объективті түрде бас, бет аймақтарындағы тері жамылдықтардың біраз майлануы, амимия, конвергенцияның әлсіреуі, бүкіл аяқ-қолдарындағы қатты сіресу, бұлшық ет тонусы пластикалық түрде, әсірсе аяқтарында байқалатын, жоғарылауы, тіл және қолдарындағы тремор анықталады. Анамнезінен: 3 жыл бұрын, көзқозғалтқыш нервтердің зақымдануы, айқын түрдегі ұйқышылдық, дене қызуының көтерілуімен өтетін инфекциялық ауруды басынан өткізген. Топикалық және клиникалық диагнозды анықтаңыз.

A. қара зат, қан тамырлық паркинсонизм

B. қара зат, постэнцефалиттік паркинсонизм

C. құйрықты ядро, Жиль де ля Туретт синдромы

D. қара зат, жарақаттан кейінгі паркинсонизм

Е. қызыл ядро, Фуа синдромы

85. Науқаста эйфория, өз жағдайын бағалай алмайды, ақымақ, есте сақтау қабілеті төмендеген, ерсі әзілдерге икемділігі бар, ұқыпсыздық, өз жағдайына деген критикасы төмендеген. Оральды автоматизм рефлекстері және Янишевскийдің жармасу рефлексі байқалады. Топикалық диагнозды анықтаңыз.

A. сопақша ми

B. самай бөлігі

C. шүйде бөлігі

D. мишық

Е. маңдай бөлігі

86. 36 жасар, темір ұстасы болып жұмыс жасайтын, В. науқасты, бір жыл бойы бел-сегіз көз аймағындағы мезгіл-мезгіл ауырсынулар мазалайды. Аурудың пайда болғанын физикалық күш түсу және салқын тигізуімен байланыстырады. Үш ай бұрын, ауыр затты көтергеннен кейін, бел-сегізкөз аймағында, оң жақ аяғына таралатын, қатты ауырсынуды сезген. Ауырсыну жүрген кезде күшейген. Неврологический статус. Бел аймағындағы арқа бұлшық еттердің қатаюы мен бел аймағындағы паравертебральдық нүктелердің ауырсынуы анықталады. Нери және оң жақтан Ласег симптомдары байқалады. Сіңірлік рефлекстер сақталған, сезімталдықтың бұзылыстары жоқ. Омыртқа бағананың рентгенографиясында бел аймағының остеохондрозы анықталған. Зақымдану синдромын анықтаңыз.

A. люмбаго

B. люмбоишиалгия

C. люмбалгия

D. түбіршектік синдром

Е. жұлынның қысылу синдромы

87. Тітіркену кезіндегі, ауырсыну ұстаманы тудыратын, беттегі триггерлық аймақтың бар болуы қандай ауруға тән болып келеді?

A. үшкіл нервтің невралгиясы

B. күш салуымен бас ауру

C. мигрень

D. эпилепсия

Е. мойын остеохондроз

88. Экономоның жедел эпидемиялық энцефалиті кезінде қандай синдромның дамуы тән?

A. жамбас ағзалары қызметтерінің бұзылыстары

B. төменгі спастикалық парапарез

C. көру бұзылыстары

D. көз қозғалтқыш бұзылыстар

Е. бет нервісінің зақымдануы

89. 39 жасар Д. науқас, айына 1-2 рет болып тұратын, естің бұзылысымен өтетін құрысу ұстамаларына шағымданады. Науқастың жолдасының айтуы бойынша, құрысулар тонико-клоникалық түрде өтеді, ұзақтылығы 2-3 минут. Ұстамадан кейін науқас терең ұйқыға кетеді, ал ұстама кезіндегі болған оқиғаларды есінде сақтамайды. Ауратыны 1 жылдан бері. Осыдан 3 жыл бұрын бас ми жарақатын басынан өткізген. Стационарлық ем қабылдаған. Неврологиялық статусында жеңіл оңжақты гемипарез. Алғашқы диагнозды анықтаңыз.

A. идиопатиялық эпилепсия

B. симптоматикалық эпилепсия

C. талып калу

D. симпато-адреналдық криз

Е. вагоинсулярлық пароксизм

90. 24 жасар К. науқас, ауруханаға Гийен-Барре синдромымен жеткізілген. Бұл ауруға қандай неврологиялық синдромдар тән болып табылады?

A. спастикалық тетрапарез

B. психикалық бұзылыстар

C. мишықтық атаксия

D. шеткі тетрапарез

Е. жамбас ағзалары қызметтерінің бұзылыстары

91. Науқас А. бас айналуына, тепе-теңдіктің бұзылуына, аяқтағы әлсіздікке, зәр мен нәжістің тоқтап қалуына шағымданады. Анамнезінде: үш ай бұрын кенеттен көз көруі нашарлап, кейіннен өзінен-өзі қалпына келді. Осы нашарлау екі жетінің ішінде пайда болды. Объективті қарау кезінде төменгі спастикалық парапарез бен мишық атаксиясы синдромдары анықталды. Қандай зерттеу тәсілі диагнозды анықтауға көмектеседі?

А. ангиография

B. краниография

C. контраст қолданумен бас-ми МРТ-сы

D. бас ми тамырларының УДДГ

E. спондилография

92. 40 жастағы науқаста ЖРА-дан (ОРЗ) кейін екі апта өткен соң аяқ ұшының ұйып қалуы мен әлсіздігі пайда больды. Бұлшық ет әлсіздігі тез күшейіп қолға тарады, даусы өзгерді, жұтыну қиындады. Тексеру кезінде: солу тетрапарезі, терең рефлекстері жойылған, “шұлық” және “қолғап” тәрізді гипалгезия, Ласег симптомы. Дисфагия, дисфония. Жұтыну рефлексі жойылған. Емдеу тактикасы:

A. плазмаферез

B. финлепсин

C. мильгамма

D. трентал

E. аскорбин қышқылы

93. 24 жастағы науқаста босанғаннан кейін, оңға қарай қарағанда қосарлана көру кенеттен пайда болды. Диплопия екі жеті сақталып, өзінен-өзі регреске ұшырады. Бір жыл өткен соң жүрісінде шайқалу, аяқта әлсіздік, дизартрия пайда болды. Қарау кезінде: эйфория, горизонтальды нистагм. Құрсақ рефлекстері жойылған. Төменгі спастикалық парапарез. Бабинский симптомы екі жақта оң мәнді. Мұрын-саусақ сынамасын екі жақтан интенциямен және дәл тигізбей орындайды. Ромберг қалпында шайқалады. Зәр шығаруға императивты сигналдар. Бас ми МРТ-да демиелинизация ошақтары. Ем тағайындаңыз:

A. вазоактивті препараттар

B. иммуномодулирлеуші терапия

C. құрысуға қарсы препараттар

D. миорелаксанттар

E. стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

94. 55 жастағы ер адам. Таңертен ұйқыдан тұрған соң оң аяғында, кейін оң қолында ұю және әлсіздікті байқады. Бір тәулік ішінде әлсіздік бірте-бірте күшейіп параличке әкелді. Ауру алдында қатты бас ауыру, тез шаршағыштық, аса ашуланшақтық болды. Оң мұрын-ерін қыртысының тегістелуі, тілді шығарғанда оңға қарай ығысуы анықталады. Оң жақ аяқ-қолының қимылы жоқ, тонусы жоғарылаған. Сіңір рефлекстері сол жақа қарағанда оң жақта жоғарырақ. Бабинский және Оппенгейм рефлекстері оң жақта шақырылады. Оң жақ гемианестезия, гемианопсия. Жұлын сұйықтығы мөлдір, түссіз, белок – 0,33 г/л, 1 мм3-та цитоз 5 клетка. Бас-ми КТ-да сол жақ ми жарты шарында ишемия ошағы анықталады. Ем тағайындаңыз:

A. дицинон

B. эпсилон-аминокапрон қышқылы

C. антибиотиктер

D. саңырауқұлақтыларға қарсы

E. трентал

95. Науқас Н., 70 жас шамасында, жедел жәрдеммен клиникаға жеткізілді. Аурудың дамуы жайлы ақпарат жоқ. Далада ессіз табылған. Кейіннен артериялық гипертензиямен 20 жолдай ауыратыны анықталды. АҚҚ 240/140 мм сын. бағ. Есі жоқ, қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз. Сол жақ ауыз бұрышы түсіп кеткен, ұрты желдеп тұр. Сол аяқ-қолында белсенді қимылдар жоқ. Сол жақта тонус төмендеген. Сіңір рефлекстері D>S. Бабинский патологиялық рефлексі сол жақта шақырылады. Ауырсыну тітіркенулерге реакциясы жоқ. Жұлын сұйықтығында қан араласқан. Нақты емін тағайындаңыз:

A. ми ісіңуі және бас-ми ішілік гипертензия мен күресу

B. қан қысымының коррекциясы

C. витаминотерапия

D. құрысуға қарсы

E. гемостатикалық терапия

96. Қабылдау бөліміне 55 жастағы науқас бірінші рет ес жоғалту ұстамасына шағымдануымен жеткізілді. Өзін алты айдай ауру деп есептейді, арасында бас ауыруы мезгіл-мезгіл пайда болған. Осы нашарлау бір айдан бері, бас ауыру күнделікті болып, құсу, лоқсу пайда болды. Баласының айтуы бойынша ес жоғалту аяқ-қолдың 3 минуттай тоникалық-клоникалық құрысуымен болды. Неврологиялық статуста жеңіл оң жақты гемипарез анықталады. Науқасқа не тағайындау керек?

A. бас ми МРТ-сы

B. құрысуға қарсы

C. краниография

D. көз түбін қарау

E. бас ми тамырларының УДДГ

97. Науқас 40 жаста. Аяғының дисталды бөлігінің әлсіздігіне, жүрудің өзгеруіне, аяқ ұшының, балтырының үнемі парестезиясына және күйдіріп ауырсынуына. Көп жыл бойы ішімдік пайдаланып келеді, ауру бірте-бірте дамиды. Объективті: атрофиямен жүретін аяқ ұшының парезі, көбірек жазғыш бұлшық еттерінде, «әтеш» жүрісі. Ахилл рефлекстері жойылған. Сезімталдықтын «шұлық» түрінде бұзылуы. Вибрациялық және тактильды сезімталдық бұзылған. Аяқ терісінің ісінуі және гиперпигментациясы. Ем тағайындаңыз:

A. антидепрессанттар

B. антихолинэстеразды препараттар

C. вазоактивты препараттар

D. кортикостероидтар

E. кальций препараттары

98. Науқас 47 жас. Жүрген кезде, түнгі уақытта да пайда болатын табанының ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну аяқ ұшынан шонданай невр бойымен жанбас аймағына дейін тарайды. Аяқ ұшы жазылған, бүгу мүмкін емес. Башпайлары бүгілген – «тырнақты» аяқ ұшы. Балтырдың артқы жағында және табан аймағында гипестезия. Ахилл рефлексі төмендеген. Тарзальды каналды перкуссия жасағанда ауырсыну болады. Ем тағайындаңыз:

A. глюкокортикоидтар

B. спазмолитиктер

C. антигипертензивті препараттар

D. құрысуға қарсы прапараттар

E. кальций препараттар

99. Науқас жүргенде табаны салбырағандықтан аяғын жоғары көтереді («әтеш жүрісі»), балтырдың сырттай артқы бойымен және табанның сыртқы жағында гипестезия. Сіңір рефлекстері сақталған. Ем тағайындаңыз:

A. аскорбин қышқылы

B. но-шпа

C. прозерин

D. мидокалм

E. кетонал

100. Науқаста тоқпан жілік сүйегі сынғаннан кейін білек, қол ұшы, саусақ жазғыш бұлшық еттерінің параличі дамиды. Білек, қол ұшы, I, II жартылай III саусақтардың сыртқы жағында тері анестезиясы. Ем тағайындаңыз:

A. антиоксиданттар

B. диуретиктер

C. вазодилататорлар

D. антихолинэстеразды препараттар

E. стероиды препараттар

101. 22 жасар науқаста тымау ауруынан кейін төменгі жақтың оң жағында ұстама түрінде 2-3 сек. ұзақтығымен ауырсыну пайда болды. Ұстамалар сөйлегенде, шайнағанда, жуынғанда пайда болады. Неврологиялық статусында: үшкіл нервтің 3 тармағы шығу нүктесінде ауырсыну, ауыз аймағының оң жағында курков зонасының бар болуы. Басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Көз түбі өзгеріссіз. Бас-ми МРТ-сы өзгеріссіз. Ем тағайындаңыз:

A. карбамазепин

B. диклофенак

C. трентал

D. маннит

E. актовегин

102. Науқасты санының алдыңғы – ішкі жағында қатты ауырсыну мазалайды, төрт басты бұлшық еттін атрофиясы, санның алдыңғы жағында гипестезия, тізе рефлексі жоқ, Вассерман симптомы оң мәнді. Ем тағайындаңыз:

A. антиоксиданттар

B. кальций препараттары

C. стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

D. иммуностимуляторлар

E. антибиотиктер

103. Науқас бөлімшеге аяқ-қолдағы, әсіресе аяғындағы қатты әлсіздікке, ауырсыну, парестезиялар, ұйып қалуға, бет бұлшық еттерінің әлсіздігіне шағымданумен зембілмен жеткізілді. Жедел ауырып қалды, ЖРВИ-дан кейін. Неврологиялық статауста: беті амимиялық, мандайын қыртыстыра алмайды, көзін толық жұма алмайды (лагофтальм), ауызда ақситу толық емес, ұртын үре алмайды, ысқыра алмайды. Аяқ-қолында белсенді қозғалыстар аса шектелген, әсіресе аяқта, күші, тонусы төмендеген, сіңір рефлекстері шақырылмайды. Дистальды бөлімдерде «шұлық» және «қолғап» түрде гипестезия. ЭМГ-да демиелинизация белгілері анықталған. Ликворда – белок-клеткалық диссоциация. Спецификалық ем тағайындаңыз:

A. карбамазепин

B. цефтриаксон

C. прозерин

D. октагам

E. маннит


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 148 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Перевод снемецкого Д. В. СКЛЯДНЕВА| Укажите симптом, характерный для поражения мозжечка.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.146 сек.)