Читайте также:
|
|
112. Қақырық жинауды пациенттерге қызмет көрсетумен және оларды емдеумен айналысатын барлық медициналық ұйымдар жүргізеді.
113. Зертханаға жіберуге арналған қақырықты (бірінші күні – бір сынама, екінші күні – екі сынама) көлемі 50,0 миллилитр (бұдан әрі – мл), диаметрі 35 мм кең мойынды, жиналған материалдың көлемін және сапасын бақылауға болатын мөлдір герметикалық бұралатын қақпағы бар арнайы шыны контейнерлерге немесе бір рет пайдаланылатын контейнерлерге жинайды. Таңбалауды пациенттің тегін, атын және әкесінің атын және үлгінің нөмірін көрсете отырып, тек контейнердің бүйір бетінде жүргізеді. № 907 бұйрықпен бекітілген ТБ-05 нысанын қақырықтың (диагностикалау мақсатында) үш немесе (химия терапияны бақылау мақсатында) екі үлгісін толтырады.
114. Қақырығы бар контейнерлерді зертханаға тасымалдау үшін таңбаланған металл бикске орнатады. Қақырықты медициналық ұйымда жеті күнге дейін тоңазытқышта сақтауға жол беріледі. Бактериологиялық зерттеу жүргізуге жиналған қақырық бір тәулік ішінде зертханаға жеткізіледі онда тоңазытқышта 3 күннен асырмай сақталады.
115. Қақырық салынған контейнерлер қаптамалады. Бикстар тасымалдаған кезде күн сәулесі түсуінен қорғалған салқын жерде сақтайды.
116. Қақырықты тасымалдауды медициналық қызметкердің еріп жүруімен медициналық ұйымының көлігімен жүзеге асырады. Зертханалық зерттеуге жолдама бланкілері материалы бар контейнерлерден бөлек тұрады. Термоконтейнерлерге пациенттер мен сынамалар туралы мәліметтер келтірілетін ілеспе хат қоса ұсынылады. Қораптағы контейнерлердің саны тізімдегі тектердің санына сәйкес келеді. Әрбір контейнердегі сәйкестендіру нөмірі тізімдегі сәйкестендіру нөміріне сәйкес келеді.
117. Ілеспе тізімде жолдану күні мен медициналық ұйымның атауы көрсетіледі.
118. Зертханаға қақырықтың үлгілерін қабылдау кезінде:
1) жеткізілген бикстің ағу белгілерінің бар-жоғын тексереді;
2) бикстің сыртқы бетін дезинфекциялайды;
3) жарық немесе зақымдануы бар контейнерлерді абайлап ашады және тексереді;
4) бикстің ішкі бетін дезинфекциялайды.
119. Зақымданған контейнерлерде, қақырықтың жеткіліксіз мөлшері болған жағдайда (3-5 мл) және тасымалдау бұзылғанда үлгілер зерттеу үшін алынбайды.
120. Қақырық жинау кабинетіндегі тікелей қақырық жинау үшін пайдаланылатын үй-жайдың бір бөлігі жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалған толық биіктігінің бойымен қалқамен бөлінеді. Қақырық жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, ингалятормен, антисептикалық сабынмен және антисептик ерітіндісімен дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлер мен қақырығы бар контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жарақтандырылады, ауа алмасу жиілігі сағатына кемінде 6-12 көлем болатын жергілікті желдету жүйесімен жабдықталады.
121. Бактериоскопиялық зертханаларда үш секция болады:
1) биологиялық ішке сору шкафында жағындыларды дайындауға және бояуға арналған екі бөлікке бөлінген үстелі бар жағындыларды дайындауға және бояуға арналған;
2) микроскопияға арналған;
3) препараттарды тіркеуге және сақтауға арналған.
122. Туберкулезге қарсы ұйымдардың персоналы жұқтыру қаупі жоғары жерлерде қорғау дәрежесі жоғары респираторларды (кемінде 94,0 пайыз (%) қолданады. Респираторлар көп рет пайдаланылады. Бетке тығыз, жабыспайтын, сүзгіші бұзылған, қан немесе биологиялық сұйықтықтармен ластанған респиторды пайдалануға жол берілмейді.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 296 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Туберкулезбен ауыратын науқасты анықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар | | | Халықты туберкулезге қарсы жоспарлы иммундауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар |