Читайте также: |
|
Георг Зиммель (Georg Sіmmel) (1858 - 1918) - неміс философы әрі социологы, “формальді социологияның” негізін салушы, “өмір философиясының” алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі.
Қысылтаяң жағдайға ерте ұшыраған саудагердің отбасында дүниеге келген. Берлин университетінде білім алып, кейін онда оқытушылық қызметпен айналысты (1901 - 1914), соңғы жылдарда Страсбургте профессор болды.
Өзінің шығармашылық қызметінің барысында Зиммель күрделі идеялық эволюциядан өтті: натуралистік позитивизм, И.Кант пен К.Маркстің ықпалынан бастап өмір философиясы мен мәдениет философиясының проблемаларына дейін. Оның социологиялық қызығушылығының ауқымы біршама кең болды: билік пен күштеу; әлеуметтік саралану; оқшаулану; қоғам мен индивидтің ара қатынасы; мәдениет, қала, отбасы мен жыныс социологиясы; жанжал социологиясы; дін социологиясы. Басты еңбектері: “Тарих философиясының мәселелері” (1892), “Ақша философиясы” (1900), “Социология” (1908), “Қазіргі заман мәдениетінің қақтығысы” (1918).
Зиммельдің маргиналдылығы (әлемге танымал болса да кедейлігі мен еврейлігі, айқын саяси сенімнің болмауы, оның зерттеулерінің таңырқарлық сипаты - социология, көркемдік салондар әлеміне деген қызығушылық), сонымен бірге қоғамның тұтас тұжырымдамасы жоқ, бірақ әлеуметтік әлемнің жасалатын бейнелерінің үзінділері мен үзінтерінен тұратын еңбектерінің басым көпшілігінің эсселік сипаты замандастарына ұнамады. Ерекше пән ретінде социологияның қажеттілігін негіздей отырып, Зиммель оның ерекшелігі әлеуметтік өзара іс-әрекеттердің таза формаларын ажырата білуде деп есептеді.
Зиммель социологиясының өзіндік ерекшелігі әлеуметтіктің жалпы контекстінен (“кедей”, “бөтен”) “шеттетілгендер” формаларын зерттеуге көңіл аударуы болып табылады. Дюркгейм мен Тенниске қарағанда Зиммель, әлеуметтік қақтығыста да, күресте де бар, қақтығыс жалпы өзара іс-әрекеттің кез келген формасында кездеседі және оның әлеуметтік дамудағы рөлі көп жағдайда игілікті деп есептеуі. Зиммель тұжырымдамасының мазмұндық жағы оның методологиялық зерттеуімен тікелей байланысты. Қоғам тарихы - интеллектуалданудың (рационализацияның) үдей түсуі мен ақша шаруашылығы принциптері ықпалының тереңдеу тарихы. Ақша мен ақылдың әлеуметтік функциясы деп Зиммель капиталистік өркениеттің терең қайшылықтарына, мәдени нормалардың құлдырауына, тұлғаның бірегейлігі мен мәдени формалар арасындағы қақтығысқа алып келетіндердің барлығына объективтілікті жариялап отыру деп есептеді. Зиммель интеракционизмнің негізін салушы деп толық есептеуге болады, өйткені ол барлық әлеуметтік құбылыстардың мәнін байланыс пен өзара әсерден көрді. Оның көптеген идеялары еуропалық социологияда да, американдық социологияда да жалғасын тапты.
Сөздің кең мағынасында алғанда, Зиммельдің бастапқы методологиялық позициясын релятивизм ретінде, ал оның көзқарастарының дәйекті дамуын - релятивизмнен өту талпынысы деуге болады. Қазіргі заманғы релятивизм, Зиммельдің айтуы бойынша, “жекелік пен субстанционалдықты өзара әрекетке ыдыратуға бейімділігі...”; әлеуметтік ойға қатысты айтатын болсақ, онда релятивизм үшін “индивид әлеуметтік байланыстар жалғасатын орын ғана, ал тұлға - оның орындалу тәсілі ғана болды”. Таным принциптеріне қатысты релятивизм “заттардың мәнін әрдайым білдіріп отыратын, сындарлы басты негіздер, тек қана дамушы таным көзқарасының мәні болып табылатын реттеуші заттарға өтеді”.
Зиммель “Кіші социологиядағы” жалпы, таза (формальді) және философиялық социологияларға тараулар енгізді. Социологияның әдіс ретіндегі орнын көрсете отырып, ол тар мағынада социологиялық деп атауға болатын проблемалар тобына көшті.
Біріншіден, өмірдің бүкіл деректік жағдайларын, барлық оқиғаларын “қоғамдық өмірдің” - оның бастаулары мен субъектісінің жемісі деп қарастыруға болады. Қоғамдық дамудың “заңын” немесе “ырғағын” іздестіру, “Үш саты заңы”, “органикалықтан” “механикалық” байланысқа өту мәселелерін, әлеуметтік жіктелу заңдылықтарын зерттеу, т.б. осы сарында. Бұл арада сөз қоғамдастыру процесі туралы емес, “жүзеге асқан субъект ретіндегі индуктивті орнықтыруға жататын қоғам тағдыры” туралы болып отыр. Басқа саладағы сұрақтар да осыған жатқызылады, дәлірек айтсақ ұжымдық және тікелей жеке-дара мінез-құлық құндылықтарының арақатынасы туралы, өйткені бұл жерде де қоғамның ішкі құрылымы проблема ретінде емес, өмір сүріп отырған күйінде қарастырылады. Бұл мәселелердің барлығын Зиммель жалпы социологияға жатқызады.
Екіншіден, ол өзі үшін дәстүрге айналған түрде, егер қоғам - индивидтер арасындағы өзара іс-әрекет болса, онда бұл өзара іс-әрекет формаларының бейнеленуі - “қоғамдық ғылымның міндеті” дейді. Қоғамдастырудың өмір құбылыстарынан алынған бұл үзіндіні ол тілдің таза формаларын “бұл формалар өмір сүріп отырған мазмұннан” ажыратып алып отыратын грамматика сияқты әрекет ететін “таза” социология деп атайды. Мұндай формаларға Зиммель партиялардың құрылуын, еліктеуді, әлеуметтік таптар мен топтардың қалыптасуын, иерархияның пайда болуы мен рөлін, жиынтықтың жеке-дара өкілдігін, топтың бірігуі үшін өзара өшпенділік рөлін т.б. жатқызады. Бұған неғұрлым күрделі және ерекше сипаты бар құбылыстар да кіреді: партиялық бейтараптық фактілері, топтың сандық анықталуы мен қоғам үшін кедейшіліктің мәні, т.б. Бұдан да күрделі процестерге ол әлеуметтік топтардың тоғысуын, осы топтардың қалыптасу кезіндегі “құпиялылықтың” ерекше маңызын жатқызады.
Үшіншіден, философиялық социология саласы анықталады. “Үлкен Социологияда” Зиммель әлеуметтік ғылым, зерттеу көрсеткіштерін тікелей түсінуге бағытталған басқа да нақты ғылымдардың барлығы сияқты философиялық екі саламен шектелген деп көрсетеді. “Біріншісі дербес зерттеудің алғышарттарын, негізгі ұғымдарын, шарттарын қамтиды. Бұлар оның негізіне алынатындықтан, бұл тұрғыда оларды түпкілікті ұғыну мүмкін емес. Ал екіншісінде дербес зерттеулер өзара байланыспен соңына дейін жеткізіліп, тәжірибе ауқымы мен тікелей пәндік білімге қатысы жоқ мәселелермен және ұжымдармен ұштастырылады. Біріншісі - таным теориясы, екіншісі - тиісті дербес салалардың метафизикасы.
Зиммельдің пайымдауы бойынша, әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бірінші долбары туралы айтатын болсақ, ол өзінен-өзі айқын болып көрінетін типтеуден тұрады. Неғұрлым жалпы типтендіру - адамның жалпы адам ретіндегі идеясы, ал бұл міндетті түрде оның бірегей дарашылдығымен көрсетеді. Бірақ та, сонымен қатар, бір топқа жататындар бір-бірін дәл осы өзара қатыстылықты, ал әр түрлі топқа жататындар дәл осы айырмашылықтарды ескере отырып қабылдайды.
Осыдан келіп екінші долбарға өтуге болады, дәлірек айтсақ қоғамның әрбір элементі оның тек бір бөлшегі ғана емес, сонымен бірге одан жоғары тұратын нәрсе. “Жеке-дара жан” қандай да бір байланыстың немесе қатынастың ішінде орнығуы үшін, ол сонымен бірге бұл қатынастан немесе байланыстан тыс тұруы тиіс. “Эмпирикалық әлеуметтік өмірдің долбары мынадан тұрады: өмір толығымен әлеуметтік емес, біз өзіміздің арақатынасымызды тұлғамыздың оған кірмейтін бір бөлігін сақтай отырып, тек жағымсыз түрде ғана қалыптастырмаймыз; бұл бөлік жалпы психологиялық байланыстар арқылы ғана жанымыздағы әлеуметтік процестерге әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге бұл бөлік осы соңғылардан тыс тұрады деген формальді деректің дәл өзі, осы тектес әсердің түрін анықтайды”.
Ақырында, үшінші долбар индивид пен қоғам арасындағы “принципті үйлесімділік” жорамалына келіп саяды, өйткені әрбір индивид дәл сол қоғамның (топ, әлеуметтік шеңбер) ішіндегі позиция болып табылатын және сол себепті ол үшін қажетті қандай да бір позицияны ұстанып отырады. Керісінше, егер ол “өзінің әлеуметтік тіршілігінің бұл долбарының іске асуын көрмесе, яғни өзінің жеке-дара болмысының оны қоршап тұратын шеңберлері толассыз арақатынасын, сондай-ақ тұлғаның ішкі өмірі арқылы анықталатын өзінің жеке-дара ерекшелігінің өмір сүруі үшін интеграциялайтын қажеттілігін іске асырмаса”, - онда бұл оның қоғамдастырылмағандығын білдіреді, ал қоғам оның түсінігінде айтылғандай бірыңғай, үзілмейтін іс-әрекет емес.
Сонымен, өзара түсінісусіз, индивидтердің бірқатар принципті өзара типтенуінсіз, өзара іс-әрекетке әлеуметтік күштердің қуыршақтары емес, біртұтас тұлғалар түсетіндігіне көз жеткізбейінше және өлшемі қоғамдастыру көрсеткіші болып табылатын адам мен қоғамның принципті үндестігінсіз әлеуметтілік мүмкін емес.
Осыдан келіп социолог мұның бір мезгілде оның танымына қажетті шарт та, әлеуметтіліктің нағыз мүмкіншілігінің шарты да екендігін ұғынуы тиіс деген қорытынды шығады.
Әлеуметтік өмірді қарастыру Зиммель үшін пайымдаудың жинақтаушы белсенділігі болып табылады. Социология тарих сияқты ғылым бола тұрса да жаратылыстану мұратынан алыс. Кейде ол саналы түрде Зиммель арқылы көркем шығармашылықпен жақындастырылып және қалай дегенмен де көбінесе айқын көрінетін экстремизм нышандары байқалады. “Эстетикалық талқылау мен бейнелеудің мәні біз үшін дербес жағдайда - тип, кездейсоқ жағдайда - заң, сыртқы және өткінші жағдайда - заттардың мәні мен маңызы болып табылады.
Дәл осы эстетикалық бағыттылықтан Зиммель формалардың әр алуандығының орнына біртұтас, олардың формаларын қамтитын форманы - қоғамды қою соңғы кезекте болмағандығын бас тартты. Бәрін қамтитын форма ретінде қоғам ұғымынан Зиммельдің бас тартуы қазіргі таңда әр түрлі тұрғыдан түсіндіріледі. Мұндай социологиялық зерттеу көбінесе бірліктің жоқтығы үшін сыналып отырды. Өзгелері бұл жерден жазғыратын сылтау емес, біршама принципті дәлелдерді көрді.
Бірақ әлеуметтіліктің үзінді түріндегі сипаты мен оны Зиммельдің талдауын қай жағынан алып қарастырсақ: мейлі теориялық тұрғыдан түсіндіру мақсаты арқылы немесе дәуір ерекшеліктері арқылы болсын, қалай дегенмен де, Зиммельдің жиынтықтың социологиялық тұжырымдамасы еш жерде біртұтас мәтін ретінде көрініс таппаған. Оның реконструкциясы әр түрлі жолмен жасалуда. Кең таралған әдістердің бірі Зиммельдің өзінің көптеген мәтіндерінде көрсетілгендей әлеуметтік формалардың тізімделуі болып табылады.
Формалардың көп болуының өзі қандай да бір тұтастықтың, кем дегенде көптікті реттейтін принципте немесе принциптерді талап етеді, ал формалардың формасы туралы сөз қозғауға болмайтындықтан, тек оның социологиялық пайымдауындағы ұйымдастырушы сәттерді ғана анықтау қалады. Оларды біз Зиммельдің көптеген еңбектерінен байқай аламыз және дәл осылар оған бұл формаларды бекітуге мүмкіндік берді. Д.Левин Зиммельдің осындай төрт принципін бөліп көрсетті: форма принципі, аралық принципі, қашықтық принципі мен дуализм принципі.
Б.Недельманн Зиммельдің социологиялық пайымдауының бес құрылымдық принципін бөліп көрсетеді. Біріншіден, проблемаларды жинақтауға жиі қолданылатын қарама-қарсы қою принципі. Соның арқасында Зиммель күрделі феномендердегі социология үшін маңызы бар нәрсе оқшаулауға қол жеткізді. Басқа жағынан алғанда, социологиялық талдау үшін социологиялық сипаты белгісіз феномендер ашылады. Екіншіден, сан принципі: бұл өзара әрекетке қатысушылар саны және мөлшердің өзара іс-әрекет түріне тигізетін әсері. Үшіншіден, бұл кеңістік принципі: кеңістіктік шектеу мен қоғамдастырудың шектеулілігі. Төртіншіден, дуализм принципі: қоғамдастыруда қарама-қарсы үрдістер кездеседі - келісім мен үйлесімділікті бәсекелестік пен қашықтық арқылы толықтырмайынша нағыз қоғам болмайды. Бесіншіден, бұл динамикалық талдау принципі: Недельманның жазуы бойынша формаларды талдау Зиммель үшін оны ең қызықтырған мәселені зерттеудегі, яғни осы формалар шеңберінде әлеуметтік процестер қалай жүретіндігін зерттеудегі алғашқы еңбек болды.
Сонымен, екі немесе одан да көп индивидтер өзара іс-әрекетке түскенде ғана қоғамдастыруға мүмкіншілік ашылады. Шындығында, шектеулі жағдай - бұл бір адам, өйткені өзара іс-әрекет бір қарағанда тек біржақты болып көрінетін жерде де бар. Адамның қандай да бір әлеуметтік өзара іс-әрекеттен тыс қалғандығы, бұл қоғамдастырудың теріс сипаты, ол тіпті қарапайым деңгейде де кездеседі. Дербес индивид, бір жағынан алғанда, өзінің сапалы анықтамасы, белгілі бір өзіндік мән болып табылады. Екінші жағынан алғанда, мейлі ол жалғыздық, жауапкершілік немесе еркіндік болсын, ең кең мағынада бір мезгілде әлеуметтік анықтама болып табылмайтын, яғни екі немесе бірнеше адамның өзара әрекетінен емес, қоғамдастырудың кең контекстіне тәуелді болатын оның дербестілігінің бірде бір сыртқы анықтамасы жоқ.
Өз тарапынан екеудің өзара іс-әрекеті қоғамдастырудың ерекше жағдайы болып табылады, өйткені ол екі қатысушының таза дарашылдығына тәуелді болып, ал өзара іс-әрекет олардың қысқа мерзімділігін сезінумен қоса жүреді. Қатынастар тұтас индивидтен тәуелсіз индивидке дейін жетпейді, ол ерекше интимділіктің базисі қызметін атқарады. Алайда екілік - тек алғашқы синтез және бірлестік қана емес. Ол сонымен қатар бірінші келісім және антитеза.
Өзара іс-әрекетке түсуші үшінші келісім татулықты, өтуді және жанамалылықты енгізеді. Бірде бір жаққа жатпайтыны үшінші болады, ол сонымен бірге делдал немесе “tertіus gaudens” (“үшінші қуанушы”), яғни өзге екі қатысушының текетіресінен пайда табушы болуы мүмкін; үшінші бұл екеуінің арасындағы өшпенділікті өзі жасай алады - бұл “dіvіde et іmpera” жағдайы (“бөліп ал да, билей бер”).
Өзара іс-әрекет сипаты үшін қатысушылар санының маңызы, алайда, бірлік, екілік, үштікпен шектелмейді. Тиімді басқару үшін топты бірдей көрінетін шағын топтарға, мысалы бестікке, ондыққа, жүздікке бөлген пайдалы. Сонымен, біз өзара әрекеттесушілердің мөлшері қоғамдастырудың сипатын анықтайтын бірнеше сандық деңгейді көріп отырмыз. Жалғыздық пен оқшаулық үлкен әлеуметтік контекст болып табылады, екеудің жалпылануы - интимділіктің, әлеуметтілікте индивид құбылысы мен ыдырау ықтималдығының бірегей жағдайы. Үштен әрі қарай толық мағынадағы қоғамдастыру басталады, оған қоса оның ұйымында сан эстетикасы маңызды рөл атқарады. Топтың үлкеюі - жеке-дара кеңістік пен еркіндіктің үлкеюі.
Қатысушылар саны - қоғамдастырудың бірінші формальді белгісі. Одан әрі қатысушылар бір-біріне қалай қарайтындығын байқау қажет. Бірліктің ең жоғарғы деңгейі - бірін-бірі жақсы көретін екі адамның интимділігі. Бұл жерде өзара іс-әрекеттегі екі жеке-дарашылдық мейлінше жақсы көрсетілген, ал үшінші анықтама бойынша алынып тасталған. Оның үстіне, әрине, “Ақша философиясында” арнайы дамытылған Зиммельдің әрбір өзара іс-әрекет айырбас ретінде ұғынылуы мүмкін деген идеясын атап өту қажет: мейлі ол әңгіме, махаббат немесе ойын болсын, бәрібір. Өзара іс-әрекет - айырбасқа қарағанда неғұрлым кең. Ұғым, алайда көп жағдайда айырбас формасының дәл өзінде адамдардан көрінеді. Айырбас дегеніміз “suі generіs-тің социологиялық құрылымы, индивидаралық өмірдің бастапқы формасы мен функциясы”.
Үстемдік пен бағыну жайы мүлдем басқаша. Ең алдымен өз еркін іске асыруға бағытталған үстемдік, әрқашан да өзгенің мүдделілік кейпін білдіреді, бұл жай ғана біреудің өзгеге тигізетін әсері емес, ол өзара іс-әрекет. Оның үстіне бұл жерде де сандық айқындық керек болады. Бір адам немесе топ, сондай-ақ қандай да бір әлеуметтік немесе жетілген, объективті күш басшылық ете алады. Сонымен бірге кіші топқа қарағанда, үлкен топқа үстемдік ету әрқашан да жеңілдірек: біріншісінде дарашылдықтың айырмашылығы тым әсер етеді, екіншісінде ол басқарылатын бұқараға айнала отырып теңгеріледі. Үстемдік құбылысында тұлғаның қасиеттері де, әлеуметтік жағдайлар да көрініс табады.
Кез келген әлеуметтік өзара іс-әрекет қандай да бір кеңістікте оқшауланған. Бұл қоғамдастыру сипатына әсер ететін және “кеңістік социологиясының” зерттеу пәні болып табылатын тағы да бір маңызды сәт. Зиммель кеңістікті, ең алдымен канттық бағыттағы философ ретінде қарастырды. Оның айтуы бойынша, кеңістік, уақыт секілді әлемдегі оқиғалардың жүзеге асырылу “формасы” болып табылады. Көбінесе осындай үстірт жағдайларға, мысалы адамдарға “уақыт табының” әсері туралы айтылғандағыдай, кейбір себепті әрекеттер жатқызылады. Кеңістік мәселесі де дәл осыған келіп саяды. Зиммель мұның қате екендігін көрсетті. Кеңістіктің өзі әрекет етуші фактор емес. Оның айтуы бойынша, әрине патшалықтар, империялар (Reіche) қалағанынша үлкен бола алмайды, ал адамдардың бір-біріне деген кез келген ықыласы міндетті түрде кеңістіктік формаға ие болады. Алайда бұл форманы толықтыратын мазмұн мүлдем кеңістікке емес, өзге мазмұндарға байланысты болады.
Зиммель кеңістікте шекара жүргізудің принципті маңыздылығын көрсетті. Кейбір қоғамдық топ алып жатқан кеңістікті біз тұтастық ретінде қабылдаймыз, оған қоса топтың тұтастығы қаншалықты кеңістік тұтастығының негіздемесі болса, соншалықты кеңістік бірлігі топ бірлігін білдіреді. Табиғатта кез келген шекара жүргізу шартты болып табылады, дәл сол себепті саяси шекараның маңызы осындай. “Шекара - социологиялық әсері бар кеңістіктік нәрсе емес, сондай-ақ кеңістік күйінде қалыптасатын социологиялық нәрсе де емес”. Зиммель белгілі бір аумақта тіркелген топтар мен орын ауыстырып отыратын қауымдастықтардың кеңістіктікте орнығудағы айырмашылықтарды да қарастырды. Ол адамдардың арақатынасындағы кеңістіктік қашықтықтың маңызын зерттеді.
Жағымсыз әлеуметтік байланыстар мен кеңістік туралы пайымдаулар Зиммельге тән тұжырымдауға көшуге мүмкіндік береді. Одан біз қоғамдастырудың үлкен контекстінен “алшақтатылғандықты”, шеттетілгендікті көре аламыз.
Мысалы, өзара іс-әрекеттегі индивидтер арасындағы қатынастар тек эмоционалды ғана емес, сонымен бірге бірін-бірі білу қатынасы екендігіне сүйенетін болсақ, онда бұған сәйкес жағымсыз арасалмақ ретінде ақпаратты жасыру, білмеу қатынасы болады. Ақпарат емес, мүшелікке қол жеткізу жолы жабылып қалуы мүмкін, бұл дегеніміз “әлеуметтік шектеу” деп аталады, ал оған бөлек шағын зерттеу арналған.
Қоғамның өз ішінде индивидті қоғамға қоса отырып, одан тыс қоятын бір мәртебе болуы мүмкін. Мысалы, қайыршылардың жайы осындай: әдетте қоғам қайыршыларға қол ұшын беріп, көмектесіп отыруы тиіс. Сол арқылы қайыршы қалған қоғамның барлығына қарама-қарсы қойылады, бірақ та оның мүшесі болып қала береді. Бұл жағынан келгенде, Зиммель қайыршыны бөтенмен теңестіреді. Бірақ та қайыршыны қоғамның өзі жаратқан ғой.
Ал бөтен болса - ол сырттан келетін кезбе. Топ өзін белгілі бір кеңістікпен, ал кеңістік “негізді” өзімен теңестіретіндіктен, ол, демек кеңістіктегі бөтен болып табылады. Бірақ та осылай бола отырып, ол бөтен болып қала береді. Топ пен бөтен әр текті, бірақ та жалпы алғанда бір ауқымды кең бірлікті құрайды, сондықтан қатынастың екі жағын да назарға алу қажет болады. Тарихта бөтен адам саудагер ретінде, ал саудагер - бөтен адам ретінде көрініп келді. Бөтенге объективтілік тән, өйткені ол топ ішіндегі мүдделерде шаруасы жоқ. Бірақ та ол сонымен бірге еркін, яғни күдікті. Көп жағдайда ол топпен бірге оның симпатиясы мен антипатиясын бөлісуге шамасы жетпейді және сол себепті қалыптасқан тәртіпті бұзуға қабілетті болып көрінеді де үстемдік етуші салт-дәстүрлерге қарсы тұрушылар жағына қарай шығып кете алады. Көптеген зерттеушілерді “бөтен” ұғымын Зиммельдің бүкіл тұжырымдамасы үшін басты нәрсе болып табылады деп есептейді, өйткені социолог әлеуметтік өмірге сырттай, объективті қарайтын дәл “интеллектуал - бөтеннің” өзі.
Бөтен дәстүр ой-өрісін сана мен объективтілікті - сезімге, қарқын мен динамиканы - кристалдық сипатталған формаларға қарсы қояды. Ол осы заманды - қазіргі заман ететін, “модерннің” дәл өзін бейнелейді.
Зиммель барлық социолог-классиктер сияқты модерн мәселесіне үлкен көңіл бөлді. Модерннің нақты белгілерінің арасынан Зиммель, ең алдымен ақша шаруашылығының орнығуын атады. Ол үшін бұл тек экономикалық феномен ғана емес. Ақша өзіндік мақсатқа айналған құрал. Ол әлеуметтік өмірдің бүкіл сипатын өзгертті. Егер де бұрын қажеттілік пен оны қанағаттандыру арасында шағын ғана аралық болса, ал қазір ақша жүйесі жанамалылықтың тұтас тізбегін, ұзын теологиялық қатар жасады. Натуралды шаруашылық таңдау үшін аз кеңістік қалдырды. Ақша таңдауға жол ашады: біріншіні, екіншіні, үшіншіні, т.б. сатып алуға болады. Таңдау ойша бағалауға, өлшеуге, есептеуге мәжбүр етеді. Сезімнен басым түсетін пайымның рөлі арта түседі. Тұлғаның айқындығы жойылады: айқын мінез-құлықтың орнын тым икемді ақыл-ой басады. Қазіргі заман адамының ерекшелігі мінезсіздік болып шыға келеді.
Қазіргі дәуір - ірі қалалардың, ақыл-ой өрісінің, өсіп келе жатқан әлеуметтік сараланудың және соның салдары ретіндегі дарашылдықтың заманы. Өйткені адам шағын топтардың тығыз әлеуметтік байланыстарына кірмегенімен, олардың қиылысында тұрып көптеген әлеуметтік топтардың мүшесі болып табылады. Бұл адамның өзінен көп бұрын жасалған мәдени “мазмұнның қыруар мөлшеріне” тап болатын кезі. Бұл “мазмұндар” ерекше “ғарыштарда” тұйықталған: шаруашылық, ғылым, өнер және т.б. ғарыштары, оның үстіне олардағы өзгерістер өздерінің жеке заңдары бойынша және адам бақылай алмайтын қарқынмен жүреді. Жаңа заман адамы көптеген әлеуметтік топтардың мүшесі болып қана қоймайды, оны сонымен бірге құндылықтық міндеттемелер қақтығысы жағадан алады.
Зиммель социологиясының өзіндік белгілері оның тағдырын анықтады. Оның идеялары ешқашан да өзінің жемістілігін жоғалтқан емес, алайда олардың зор маңыздылығы барлық уақытта бірдей мойындалмады. Кейде идеялар автордың беделіне қатыссыз өмір сүрген жағдайлар да болып отырды. Әдетте, сәтті уақыттарда оған деген қызығушылық төмендеп отырды. Жақындап келе жатқан және тұтана бастаған дағдарыстар дәуірінде ол қайтадан өзекті болып отырды. ХХ ғасырдың соңында он жыл бойы Батыста “зиммельдік ренессанс” жалғасты. 1989 жылы Г. Зиммельдің шығармаларының толық жинағы, ал 1991 жылдан бастап - “Sіmmel - Newletter” журналы жарық көрді.
Макс Вебер
Макс Вебер (Max Weber) (1864 - 1920) - аса көрнекті неміс социологы, тарихшы, экономист және заңгер.
Эрфурт қаласында заңгердің отбасында дүниеге келген. Протестантизм мен саяси либерализм құндылықтарына негізделген тәрбие алған. Гейдельберг, Геттинген және Берлин университеттерінде білім нәрін сусындады. Оның бастапқы ғылыми зерттеулерінің тақырыбы орта ғасырлар мен антика дәуіріндегі қоғамдардың шаруашылық өмірі болды. 1891 - 1897 жылдары ол Германияның бірқатар университеттерінде құқық және саяси экономия профессоры болды. Онымен бір мезгілде белсенді ғылым-зерттеу және публицистикалық қызметпен айналысты. Алайда оның оқытушылық және зерттеу жұмысы сырқаттану салдарынан үзіліп қалды.
1904 жылы М.Вебер Вернер Зомбартпен біріге отырып “Әлеуметтік ғылым және әлеуметтік саясат мұрағаты” атты неміс социологиялық журналының редакторы болады, онда оның ең маңызды шығармалары жарияланады. 1907 жылдан бастап мұра алғаннан кейін толығымен ғылымға ден қояды. Бірнеше жыл бойы неміс социологтар қауымдастығымен белсенді қарым-қатынаста болып, біршама маңызды позицияларға ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталысымен мемлекеттік қызметке кіреді. 1919 жылдан бастап Вебер Мюнхен университетінде жұмыс істеді. Ойлағанының бәрін жүзеге асырып үлгермей, 1920 жылы Вебер қайтыс болды. Өлгеннен кейін оның социологиялық зерттеулері қорытындыланған іргелі еңбегі “Шаруашылық және қоғам” және сонымен бірге методология, мәдени-тарихи және социологиялық зерттеулер логикасы, дін, саясат, музыка социологиясы және т.б. бойынша мақалалар жинағы жарық көрді.
Вебер пайымдауының айқындаушы методологиялық принципі жүйелі антинатурализм болып табылады. Бұл бөлімдегі оның идеялары ХІХ - ХХ ғасырлар аралығында бірнеше атақты философтар ұстанған гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы білімдерін - “мәдениет туралы ғылым” және “табиғат туралы ғылым” деп ара жігін ашатын тұжырымдамамен байланысты. Бұл тезистегі адам өмірінің шындығын қарастыра отырып, материалдық объектілерді зерттеу барысында қолданылатын ғылыми әдістерге сүйенуге болмайды деген пікірмен келіседі. Адам - саналы тірі жан, сондықтан да мұның өзі, Вебердің пікірінше, оның барлық істеген ісінің сапалы құрамына кірмеуі мүмкін емес, демек, қоғамдық және мәдени шындықты сараптап зерттеушінің бұл жәйттен ауытқуға құқы жоқ. Осыған байланысты неміс ғалымы, оның дәуірінде кең таралған көптеген социология тәсілдеріне қарама-қарсы түрде, оны жаратылыстану ғылымдарының логикасы бойынша жасауға бейім болмады. Оның түсінігінде социология гуманитарлық білімнің бір бөлігі болып табылады. Алайда сонымен бірге ғылымдағы мәдениет туралы ортақ мәні бар, объективті бастаудан бас тарту Вебердің көңіліне қонбады. Мысалы, ол өзінің кейбір әріптестерінің психологизмге бет бұруын сынап, субъективті мағына мен объективті қоғамдық құрылымдардың өзара әсерін зерттеуге ерекше көңіл бөлді.
Әлеуметтік шындық пен социологиялық танымның ерекшелігін сараптай отырып, Вебер адам қоғамы туралы ғылымның маңызды белгілерінің бірі - жете ұғыну болуы тиіс деген қорытынды жасайды. Вебер адамдар өз әрекеттеріне қандай мағына берсе, социология соны танып ұғыну тиіс дегенге сүйенеді. Сол үшін Verstehen термині енгізілді. Ол неміс тілінен сөзбе-сөз “ұғыну” деп аударылады. Вебердің социологиялық әдісінде кәдімгідей автономды маңызға ие болып отыр.
Сонымен бірге социология мейлінше тұжырымдалған түрдегі адамның мінез-құлқын зерттейтін ғылым болғанымен, өзін әрбір жеке алынған индивидтің дәлелін анықтауға арнай алмайды. Бұл дәлелдердің әр түрлілігі және бір біріне ұқсамайтындығы соншалық, біз олардың қандай да бір қисынды бейнелеуін немесе белгілі бір типологияны жасауға шамамыз келмей қалады. Алайда, Вебердің пікірінше оның қажеті де жоқ: өйткені адамдардың барлығының ортақ табиғи болмысы бар, адамдардың өзінің әлеуметтік ортасымен қарым-қатынасындағы түрлі іс-әрекеттерінің типологиясын ғана жасау қажет.
Ұғыну тұжырымдамасының мәні мынада: адамдар өздерінің нанымдары бойынша қандай мақсатқа қызмет ететіндігін және өздерінің іс-әрекеттеріне қандай мән-мағына беретіндігін көру үшін өзін солардың орнына қою. Мысалы, егер социологтар адамдардың қолдарын бір сілтеуінің әлеуметтік себебін анықтағысы келсе, олар тап осындай жағдайда басқа адамдар неліктен қол сілтемейтіндігін, біреудің қолдарының төмен және жоғары (солға-оңға) сілтеуіне қандай дәлелдер түрткі болғандығын шешіп алуы тиіс. Осы тектес мәндегі зерттеуге сіз қабілетсіз болсаңыз, онда бұл жәйт шындығында түрлі категорияларға жататын әрекет етуші топтардың бір категорияға жатқызылатыны сияқты үлкен адасу көзіне айналуы мүмкін. Адам қылықтарының мәнін зерттеу - бізді қоршаған көптеген әр түрлі адамдардың әрекетін түсінуге тырысқан күнделікті талпыныстарымыз болып шығады.
Вебер социологиясының тағы бір методологиялық ерекшелігі өзі жасаған жетілген типтер тұжырымдамасы болып табылады. Сан алуан деректік тарихи материалдың зерттеушіге бағыт пен өзара байланыстылықты табуға көмек беретіндей танымдық формасын жасау қажеттігі Вебердің саналы түрде жетілген типтер ұғымын өмірге әкелуіне себеп болды. Ғалым бұған балама ретінде “шоғырланған” күйдегі материал құрамының қандай да бір сипаты бар жетілген-типтік үлгіге бастапқы көрсеткіштер қандай деңгейде сәйкес келетіндігін ұғыну деп есептеді.
Әлеуметтік танымдағы ортақ нәрсені логикалық бөлшектеу мен объективизмді ұстанушылармен пікір таласқа түсе отырып, Вебер дәлме-дәл ұғымдық пайымдау адамдардың іс-әрекетіне жауап бермейді және мәдениет туралы ғылым ұғымдарының қажетінше жетілген-типтік табиғаты болады деп тұжырымдады. Жетілген типтер ортақ, түр қасиетін білдіретін қарапайым ұғымдардан, ең алдымен өзінің құрылу тәсілі бойынша ерекшеленеді: олар өмірдегі бір нәрсені мадақтап, сол арқылы белгілі бір процестер мен құбылыстардың керемет ой болжамына айналады.
Жетілген типтер бір жағынан шындықтың іс жүзіндегі сан алуандығын жеңілдетеді. Мұның себебі, олардың тікелей бақыланып отырған шындықтың элементтерін сараптауға құнды болып есептелінетіндерді ажырату мен оларды логикалық байланысты мұратты ойша сәйкестендіруге келіп тіреледі. Вебердің өзі жазғандай, “бұл ойша бейне, тарихи өмірдің белгілі бір байланыстары мен процестерін қандай да бір ішкі қарама-қайшылықтан жұрдай ойша байланыстар ғарышымен ұштастырады”.
Вебердің пікірінше бір тарихи деректерді қарастыру барысында түрлі жетілген типтер қалыптасуы мүмкін. Барлығы да зерттеушінің ғылыми мақсатына, оның “көзқарасына” ойша жобасын құруға қажетті байланыстар мен элементтердің сұрыпталуына қарай. Жетілген-типтік жобаның дұрыстығының бірден-бір өлшемі оның ішкі логикалық қайшылықсыздығы болып табылады.
Вебер тікелей бақыланатын оқиғалар мен процестер деңгейінде жетілген типтер іс жүзінде ешқашан анықталмайтындығын бірнеше рет көрсетті. Бұл жағынан олар жаратылыстануда қолданылатын жетілген үлгілерге ұқсас, сондай-ақ көбінесе эмпирикадан тыс пайда болды. Вебер, идеалды типтердің тұрақты танымдық, эвристикалық мәні болатынын баса көрсетті. Атап айтқанда, ол әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға қажетті қоғамдық өмірдің зерттеліп отырған қырларының көрнекі бейнесін алуға мүмкіндік береді. Мысалы, олардың көмегінсіз христиандықтың тұтас идеясын келтіру қиынға соғар еді, өйткені оның сан алуан түрленімдері бар.
Сонымен, жетілген-типтік ұғымдар мен құрылымдар, Вебердің ойынша, мәдениет туралы ғылым методологиясының негізін құрайды. Жетілген типтерді қолдану тарихи шындықтағы ерекшелікті көре білуге жол ашады. Бұл әдістің тиімділігінің дұрыстығын Вебердің өзі жасаған “протестанттық этика”, “капитализм рухы”, “рационализация”, т.б. ұғымдары мен тұжырымдамалары растайтындығын атап өту қажет.
Вебер социологиясының басты ұғымдарының бірі әлеуметтік іс-әрекет болып табылады. Ғалымның өзі оған мынадай анықтама берген: “іс-әрекет” деп біз (ішкі және сыртқы сипатына, араласпауға немесе шыдай білуге саятындығына қарамастан) әрекет етуші индивид немесе индивидтер онымен субъективті мән-мағынаны байланыстыратын адамның іс-әрекетін атаймыз. “Әлеуметтік” деп біз әрекет етуші тұлғаның немесе тұлғалардың шамалауы бойынша өзге адамдардың әрекетіне байланыстырылып, соған бағытталған іс-әрекетті атаймыз.
Алайда адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын көптеген басқа ғылымдар атап айтқанда тарих пен психология зерттейді. Таза социологиялық әдістердің сапалық ерекшелігі неде? Ең алдымен, социология адамдардың жалпы іс-әрекетінің қандай да бір жетілген жағдайдағы күйін зерттейді. Оған қоса оның басқа адамдарға бағытталуымен қатар, бір мәнге ие болу мәселесі де қызықтырады. Мән ұғымы мақсат пен құрал арақатынасынан келіп шығады. Мұндай арақатынастың түрлі нұсқаларын зерттеу Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттердің жетілген типологиясын жасауына алып келді.
Әңгіме адам баласы іске асыратын кез келген іс-әрекеттер мен қылықтар осы өзіндік эталондар арқылы “өлшене” алатынын, яғни жақындаудың жоғарғы және төмен деңгейде төрт жетілген типтердің біріне жатқызылуы мүмкін.
Мақсатқа сай ұтымды іс-әрекет - іс-әрекеттің ең жоғарғы деңгейдегі ұтымды түрі, алға қойылған мақсаттың айқындылығымен сипатталады, оның үстіне дәл осы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін ұтымды ойластырылған құралдар да осыған кіреді. Меженің ұтымдылығына екі ұдайылық түрде көз жеткізуге болады: біріншіден, оның жеке мән-мағынасы тұрғысынан, екіншіден, таңдап алынған құралдардың ақылға сыйымдылығы тұрғысынан (яғни, мақсаттың лайықтылығымен). Нақты іс-әрекет ретінде (яғни, басқа адамдар тарапынан белгілі бір үмітке бағытталған) ол бір жағынан қоршаған адамдардың реакциясына сәйкес әрекет етуші субъектінің ұтымды есебін, ал екінші жағынан олардың іс-әрекетін алға қойылған мақсатқа жету үшін қолдануды көрсетеді. Бұл жерде мұндай үлгі ең алдымен адамдардың нақты қылықтарын бұл үлгіден ауытқу деңгейін анықтау арқылы ғана түсінуге болатындығын атап өту қажет. Кейбір жағдайларда мұндай ауытқулар онша пәрменді болмаса, онда біз шынайы әрекет туралы “мақсатқа сай ұтымды дерлік” деп айта аламыз. Егер де ауытқулар біршама үлкен болса, онда ол іс жүзінде бізді әлеуметтік іс-әрекеттің мүлдем бөлек түрлеріне бағыттайды.
Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің жетілген типі, ол құндылықтың толықтығына сенуге негізделген қылықтарды жүзеге асыруды білдіреді, яғни бұл жерде мақсат ретінде іс-әрекеттің өзі болады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет, Вебердің ойынша, белгілі бір талаптарға бағындырылған, ал оларды ұстанып отыруды индивид өзінің борышы деп есептейді. Егер ол осы талаптарға сәйкес әрекет етсе - тіпті егер ұтымды есеп оның жеке өзі үшін мұндай әрекеттің теріс салдарларының үлкен ықтималдылығы болса - бұл құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекеттің классикалық мысалы: суға батып бара жатқан кеменің капитаны өзінің өміріне қауіп төніп тұрса да кемеден ең соңынан кетеді. Іс-әрекеттің мұндай бағыттылығының саналылығы борыш, қадір-қасиет, сұлулық, мораль және т.б. құндылықтар туралы белгілі бір көзқарастарға жатқызылуы өзі саналылық, рационалдылықты білдіреді. Егер де сонымен бірге осындай іс-әрекеттерді жүзеге асырудағы дәйектілікпен, демек мақсаттылықпен кезігетін болсақ, онда мысалы жан азабына қарағанда, құндылыққа сай ұтымды әрекеттің неғұрлым жоғарғы деңгейдегі рационалдылығы туралы айта аламыз. Сонымен қатар, индивид бағытталатын құндылықтар абсолюттендірілгендіктен, “құндылыққа сай ұтымды “іс-қимылда мақсатқа сай ұтымдылық түрімен салыстырғанда қандай да бір иррационалдық болады. Вебердің пікірінше “таза құндылыққа сай ұтымды” түрде әрекет ететін адам ықтимал салдарларды ескермей отырып, өзінің сенімдеріне сәйкес әрекет етеді және борыш, қадір-қасиет, сұлулық, діни ұстаным, қандай да бір... “істің” маңыздылығы мен басымдығы талап еткенді іске асырады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет... әрекет етуші адам өзіне берілген нәрсе деп есептейтін “талаптарға” немесе “уағыздарға” сәйкес іс-қимыл болып табылады.
Дәстүрлі іс-әрекет - дәстүрді ұстану негізінде қалыптасатын іс-әрекет, яғни мәдениетте қалыптасып, қосталған, сондықтан да іс жүзінде ұтымды ойластыруға және сынауға жатпайтын іс-әрекеттің қандай да бір үлгісіне еліктеу. Мұндай іс-әрекет көбінесе таза автоматты түрде, қалыптасқан таптауырындар бойынша жүзеге асады, ол өткен ұрпақ пен өзінің жеке тәжірибесінің негізінде қалыптасқан іс-әрекеттің әдеттегі үлгілеріне бағытталу талпынысымен сипатталады. Дәстүрлі іс-әрекеттер жаңа мүмкіншіліктерге (мүмкін дәл сол себепті болар) бағыт ашуды білдірмейді, бірақ дәл соның өзі индивидтер іске асыратын іс-әрекеттің үлкен бөлігін қамтиды. Адамдардың дәстүрлі әрекеттерді (көптеген нұсқаларда көрініс табатын) орындауға бейімділігі белгілі бір деңгейде қоғамның өмір сүруінің тұрақтылығы мен оның мүшелерінің іс-қимылының болжамдылығына негіз болады. Вебердің көрсетуі бойынша, “...таза дәстүрлік әрекет... “саналы” бағытталған іс қимыл деп аталатынның шекарасында, тіпті көбінесе оның шегінен шыққан күйде болады”.
Жан азабына сай іс-әрекет - барлық іс-әрекет түрлерінің ішіндегі ең аз ойластырылғаны. Оның басты сипаттамасы - қорқыныш, өшпенділік, ашу, құмарлықтың және т.б. өршуі сияқты белгілі бір эмоционалды күй болып табылады. Жан азабына сай іс-әрекеттің “мәні” алдымен пайда болған эмоционалды шиеленісті тез арада басуында, бәсеңдетуінде. Бұл жағынан ол мақсатқа сай ұтымды іс-әрекетке тікелей қарама-қайшы; алайда бұл жерде біз жоғарыда көргеніміздей қандай да бір “сыртқы” мақсатқа жетуді көздемейтін және айқындықты іс-әрекеттің жүзеге асуынан көретін құндылыққа сай ұтымды іс-әрекетпен ұқсастық жатады. Вебердің пікірінше, “индивид, егер тез арада өзінің өш алуға, ләззатқа, берілгендікке, масайраған пайымдауға қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылса немесе қандай арсыз не нәзік болса да кез келген басқа жан азабын жеңілдету үшін әрекет етеді”.
Әлеуметтік әрекеттің соңғы екі жетілген түрі тура мағынасында толығымен әлеуметтік еместігі айдай анық - қалай дегенмен де бұл сөздің Вебер айтқан мағынасында. Шынымен де, дәстүрлі және әсіресе әрекеттің азапты түрі көбінесе жануарларға тән іс-әрекеттер типіне жақын. Олардың ішіндегі біріншісі - дәстүрліні - басым деңгейде шарттыға, ал екіншісі - азаптыны - сөзсіз рефлекске жатқызуға болады. Олар әлеуметтік іс-әрекеттің екіншісі және әсіресе бірінші түрімен салыстырғанда неғұрлым аз деңгейде ақыл-ойдың туындысы болып табылатындығы түсінікті.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік іс-әрекеттің жетілген түрлері типологиясы Вебер социологиясының негізгі идеяларының бірі - әлеуметтік өмірді жүйелі түрде ұтымды ету идеясымен біршама тығыз байланысты. Жалпы ұтымдылық маңызының күшею идеясы қандай да бір қоғамның тарихи дамуына қарай Вебердің ғылыми шығармашылығы арқылы өтіп отырады. Ол рационализация - тарихи процестің өзінің басты үрдістерінің бірі екендігіне нық сенімді болды. Рационализация әлеуметтік әрекеттің барлық ықтимал түрлерінің жалпы көлеміндегі мақсатқа сай ұтымды іс-әрекеттер үлесінің көбеюі мен жалпы қоғам құрылымы тұрғысынан оның маңызының өсуінен көрініс табады. Бұл шаруашылықты жүргізу әдісі ұтымды етілгенін, басқару, ойлау жүйесі ұтымды етілгенін білдіреді. Және мұның барлығы, Вебердің пікірінше, ұтымдылық принципінің ең “таза” іске асуымен - яғни, ғылыми білімнің әлеуметтік рөлінің орасан зор күшеюімен қоса жүреді. Вебердің ұғымындағы формальді ұтымдылық - ең алдымен салдық есеп пен тіркеуге түсетіндердің барлығының есептелуі. Осы тектес басым идея пайда болған қоғамның бұл түрін қазіргі заман социологтары индустриалды деп атайды. (Оны бірінші болып Сен-Симон осылай атаған, кейін Конт бұл терминді белсенді түрде қолданған). Бұрын өмір сүрген қоғам түрлерінің барлығын Вебер (оның артынан - қазіргі заман социологтарының басым бөлігі) дәстүрлі деп атады. Дәстүрлі қоғамдардың маңызды белгісі - оның мүшелерінің көпшілігінің әлеуметтік іс-әрекеттерінде формальді-ұтымды бастаудың болмауы және өзінің сипаты бойынша іс-әрекеттің дәстүрлі түріне неғұрлым жақын әрекеттердің басым болуы.
Формальді-ұтымды - сандық тіркеу мен есепке түсетін, оның үстіне біршама деңгейде өзінің сандық сипаттамаларымен тамамдалатын кез келген құбылысқа, процеске, іс-әрекетке қатысты қолдануға болатын анықтама. Тарихи даму процесі қозғалысының өзі қоғам өмірінде формальді-ұтымды бастаудың өсу үрдісі мен әлеуметтік әрекеттегі мақсатқа сай ұтымды түрдің басқаларға қарағанда неғұрлым басым түсуімен сипатталады. Бұл сонымен бір мезгілде дәлелдеулердің жалпы жүйесі мен әлеуметтік субъектілердің шешім қабылдауындағы ақыл-ой рөлінің өскендігін білдіретіндігі түсінікті.
Формальді ұтымдылық үстемдік ететін қоғам - норма ретінде тек қана пайда табу ұмтылысы ғана емес, ұтымды (яғни, саналы-есепшіл) іс-әрекетте көрінеді. Мұндай қоғамның барлық мүшелері, ұтымды және ортақ пайда үшін бәрін - материалдық ресурстарды, технологияны, ақшаны пайдалану мақсатында осылай әрекет етеді. Сән-салтанат, мысалы, ұтымды болып есептеле алмайды, себебі бұл ақшаны саналы түрде жұмсау емес.
Процесс, тарихи үрдіс ретіндегі ұтымды ету, Вебердің пікірінше мыналардан тұрады: экономика саласында - фабрикалық өндірісті бюрократиялық құралдармен ұйымдастыру және пайданы жүйелі бағалаушы рәсімдер көмегімен есептеу; дін саласында - интеллектуалдар арқылы діни тұжырымадамалардың дамуы, біртіндеп сиқыршылықтың жойылуы және жеке жауапкершілік құпиялылығының ығыстырылуы; құқық саласында - арнайы орнықтырылған заң шығару мен әмбебап заңдар негізіндегі дедуктивтік құқықтық пайымдаулар түріндегі ерікті сот жағдайының эрозиясы; саясатта - харизмалық лидерлікті тұрақты партиялық машина көмегімен орнықтыру мен заңдастырудың дәстүрлі нормаларының құлдырауы; моральдік мінез-құлықта - тәртіп пен тәрбиеге баса назар аудару; ғылымда - жеке-дара инноватор рөлінің біртіндеп төмендеуі және зерттеу командаларының, шоғырланланған эксперименттердің және мемлекет бағыттап отыратын ғылыми саясаттың дамуы; қоғамды тұтас алғанда - басқарудың бюрократиялық әдістерінің, мемлекеттік бақылау мен әкімшіліктің кең таралуы.
Сонымен, ұтымды ету ұғымы Вебердің капиталистік қоғамға деген көзқарасының бір бөлігі болды. Ол капиталистік қоғамды, діни мағына мен моральдік құндылықтардан жұрдай болған индивидтің мемлекеттік қадағалау мен бюрократиялық реттеуге түсуін барған сайын өсіп отыратын, өзіндік “темір тор” ретінде қарастырды. Маркстік оқшаулану ұғымы секілді, ұтымды ету индивидтің қауымнан, отбасынан, шіркеуден бөлініп, оның фабрикадағы, мектептегі және мемлекеттегі құқықтық саяси және экономикалық реттеуге бағынуын білдіреді. Сөйтіп, Вебер ұтымды етуді батыс капиталистік қоғамының сөзсіз жетекші үрдісі ретінде көрсетті. Ұтымды ету - адамдар қатынастарының саласын есептеу мен басқару объектісіне айналдыратын процесс. Марксшілдер есептің жетекші рөлі тек қана еңбек процесі мен фабрикалық тәртіптен көрінеді десе, Вебер ұтымды етуді барлық әлеуметтік салалардан - саясат, дін, экономикалық ұйым, университеттік басқару, лабораториядан және тіпті ноталық жазбалардан тапты.
Веберді әрдайым қызықтырған және өз еңбектерінде қайта-қайта оралып отырған мәселелердің бірі - бір адамдардың басқаларға бағыну себептері және де үстемдік-бағыну әлеуметтік қатынастарының жүзеге асырылу механизмдері. Вебер билік пен үстемдікті бөліп қарастырғандығын атап өту қажет. Ол бірінішісі екіншісінен бұрын болады және әрқашан оның қасиеттеріне ие болмайды деп есептейді. Турасын айтсақ, үстемдік - ең дұрысы, билікті іске асыру процесі. Сонымен бірге үстемдік бір адамдар (билік құзыры барлар) беретін бұйрықтар өзге адамдардың бағынуға, бұл бұйрықтарды іске асыруға дайындығының белгілі бір ықтималдығын білдіреді.
Мынадай заңды сұрақ туады: адамдар арасында үстемдік-бағыну қатынастары қандай жағдайларда орнығады? Бұл қатынастар Вебердің пікірінше екі жақты экспектацияға негізделеді: басқарушы, яғни бұйрық беруші жағынан - берілген бұйрық міндетті түрде орындалатындығына үміт ету; басқарылатындар жағынан - басқарушының мұндай нұсқауларды беруге құқығы бар екендігіне сену; мұндай құқыққа көзі жеткенде барып басқарылушының бұйрықты орындауын болады. Басқаша айтқанда легитимді, яғни, заңды үстемдік билік ету фактісімен ғана шектеліп қоймайды, ол оның заңдылығына сенуді қажет етеді. Адамдар оны заңды деп бағалағанда ғана билік үстемдікке айналады.
Басқарушының қолына билік беретін заңдылықтың үш идеологиялық негізі бар: дәстүрлі, харизмалық және заңды-ұтымды. Осыған сәйкес Вебер үстемдіктің үш жетілген типін негіздеп, оның әрқайсысын идеологиялық негізі бойынша атайды.
Заңды-ұтымды үстемдік жағдайында бағынудың басты дәлелі ретінде, белгілі дәрежеде, жеке мүдделерді қанағаттандыру болып табылады. Оның үстіне олар белгілі адамдарға емес, солардың еркін білдіретін және солардың атынан шығатын жалпы қабылданған заңдарға, ережелерге бағынады. Заңды-ұтымды үстемдік “дұрыс” жария рәсімдерінің көмегімен орнығатын формальді қағидаларға бағынуды білдіреді. Осыдан ұтымды қоғамның ажырамас бөлігі ретінде заңды-ұтымды қоғамдағы бюрократияның аса зор маңызы және Вебердің зерттеулеріндегі оған деген зор көңіл бөлу келіп шығады.
“Бюрократия” ұғымының кем дегенде екі мәні бар: 1) басқарудың белгілі бір әдісі және 2) басқарудың бұл процесін жүзеге асырып отыратын ерекше әлеуметтік топ. Вебер кез келген бюрократиялық ұйымның басты сипаттық ерекшелігі ретінде тағы да ұтымдылықты көрсетеді. Вебердің пікірінше, бюрократиялық ұтымдылықты капитализмнің көрінісі ретінде қарастыру керек; сондықтан да бюрократиялық ұйымда өз жұмысында ғылыми әдістерді қолданатын және арнайы дайындықтан өткен техникалық мамандар шешуші рөл атқаруы тиіс.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 340 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Гаэтано Моска | | | Жаһанданудың қазіргі теориялары |