Читайте также: |
|
Фердинанд Теннис (Ferdіnand T(nnіes) (1855 - 1936) - неміс социологы, немістің классикалық социологиясының негізін қалаушы.
1855 жылы 26 шілдеде Ольденсворт маңындағы Рип деревнясында ата-анасының фермасында туған. Жан-жақты білім алған: философияны, тарихты, классикалық тілдер мен археологияны, кейіннен Йен, Бонн, Лейпциг, Берлин, Тюбинген университеттерінде экономика мен статистиканы оқып зерттейді. Тюбингенде 1877 жылы ол классикалық филология саласында философия докторы атағын алды. 1881 жылы Киль университетінде философияның приват-доценті атанды. 1913 жылы экономика кафедрасын алғаннан кейін толық профессор атағына ие болды; эмеритеттенген университеттік профессоры мәртебесіне, яғни жоғарғы мектепте міндетті дәріс беруден босатылған дәрежесіне, Теннис тек 1916 жылы ғана ие болды. Сонда да ол дәріс беруді жалғастыра берді: 1921 - 1933 жылдары дейін ол Киль университетінде социологиядан дәріс оқиды. Наицонал-социализмнің өсіп келе жатқан қаупі алдында, ғалымдардың саяси күреске қатысуға болмайтын өзінің жеке принципін бұза отырып, 1930 жылы ол Германияның социал-демократиялық партиясының қатарына кіреді. Өмірінің соңына (1936 жылғы 9 сәуірге) дейін көптеген университеттік әріптестеріне қарағанда, Теннис нацистік режимнің қайтпас қарсыласы болып, оның иррационализмі мен антигуманизміне қарсы шықты. 1933 жылы нацистер ғалымды университеттен қуды.
Тенниске табыс кеш келді. Оның басты еңбегі “Қауым мен қоғам. Коммунизм мен социализмді мәдени-эмпирикалық түрде қарастыру” алғаш рет 1887 жылы жарық көрді; екінші басылымда қайта қарастырып, кеңейтіп “Таза социологияның негізгі түсініктері” деген атпен тек 1912 жылы жарық көрді. Оның ғылыми мақалаларының бір бөлігі оқырманы аз және біраздан кейін жабылып қалған журналдарда басылды. Соған қарамастан Ф.Теннис ғалым ретінде үлкен беделге ие болды. 1909 - 1933 жылдары ол Георг Зиммель, Вернер Зомбарт және Макс Вебермен және т.б. бірлесіп ашқан “Герман социологиялық қоғамының” президенті болады. Ф.Теннис - Гоббс қоғамының (Socіetas Hobbesіana) негізін қалаушылардың бірі, “Герман статистикалық қоғамының (Deutsche statіstіsche Gessellschaft)”, “Әлеуметтік саясат одағының (Vereіn fur Sozіalpolіtіk)”, “Әлеуметтік реформалар қоғамының (Gessellschaft fur sozіalr Reform)”, “Халықаралық социология институтының (Іnstіtut Іnternatіonal de Socіologіe)”, Ағылшын және жапон социологиялық қоғамдарының мүшесі, “Американ социологиялық қоғамының (Amerіcan Socіologіcal Socіety) құрметті мүшесі.
Ол социологияның ғылыми пән ретінде қалыптасуы мен оның Германияда индустриялануына көп үлес қосты. Оның әлемдік социологияға қосқан негізгі үлесі теориялық түсініктер жүйесін ашып қарастыруында. Оның бастауы “Gemeіnschaft und Geselschaft” (1887) еңбегінде жатыр. Теннис жүйесінің толық құрылымы оның соңғы ірі еңбегі “Социологияға кіріспеде” (1931) көрсетілді.
Теннис социологиясының маңызды категориялар санатына мыналар кіреді: басқа адамды танып білу, белгілі және белгісіздік (Gekannsteіn, Bekkanschaft - Fremdheіt), симпатия - антипатия, сенімділік - сенімсіздік (Vertrauen - Mіsstrauen); әлеуметтік байланыстылық (Sorіales Verbundenseіn); әлеуметтік мән (Sozіale Wesenheіt) немесе әлеуметтік форма (Sozіale Gestalt); мәндік ерік (Wesenwіlle) пен сайлау еркі (Kurwіlle); қауым (Gemeіnschaft) және қоғам (Gessellschaft); табиғи - жасанды немесе әлеуметтік немесе ұғымдық тұлға (naturalіche Person - kunstlіche, sozіale Person, Kollektіvperson); табиғи-әлеуметтік қатынас (naturalіshes-sozіales Verhaltnіs), әлеуметтік жиынтық (Samtschaft), корпорация (Korperschaft).
Теннистің ойынша социология әлеуметтіліктің барлық түрін зерттейтін жалпы және адам әлеуметтілігін зерттейтін арнайы социология бола алады. Арнайы социология таза, қолданбалы, эмпирикалылыққа бөлінеді. Кез келген әлеуметтік құрылымдар адамдардың өзара әрекетінен құрылады. Ерік басқа ерік пен басқа денені сақтауға немесе бұзуға бағыттала алады. Таза социологияның пәні өзара мақұлданған ой-пікірлердің есебінен құрылады. Адамдардың өзара жағымсыз әрекеті болып табылатын қақтығыс жалпы социологияның пәні болып табылады. Теннис өзара бірін-бірі терістеуші қатынастарды жете зерттемейді.
Өзара әрекеттер нәтижесінде оған қатысушылар үшін маңызды болып табылатын әлдебір нәрсе пайда болады. Адамдар осы маңыздылыққа сәйкес әрекет етеді. Демек, социология “маңызды заттарды”, “моральдік деректерді” зерттейді. Тәсілдерге бөлудің социологиялық мәні адамдардың өзара қарым-қатынасы жанды байланыс ретінде немесе механикалық артефакт ретінде түсіндірілуінде жатыр.
Әлеуметтік “гештальттардың” маңыздылығы не органикалық бірліктің күдіксіздігі ретінде, не ойлаудың жетілген құрылымы ретінде түсіндіріледі. Байланыстың бірінші түрі “Gemeіnschaft”, екіншісі “Gessellschaft” деген атауларға ие болады. “Gemeіnschaft” түсінігін орыс тіліне аудару өте қиын. Аударманың бекітілген нұсқасы - “қауымдастық”, “қауым”. Ал “Gessellschaft” тура аудармасы - “қоғам” - дұрыс болса да, әлеуметтік байланыстардың жеке түріне қарағанда жиынтығын білдіреді.
“Gemeіnschaft” түсінігін Теннис сонымен қатар, шаруалық-деревнялық қауымда да қолданады, ал “Gessellschaft” түсінігін индустриалды қалалық қоғамға қатысты қолданады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылықтар мыналар: 1) “Gemeіnschaft” адамдардың “қауымдық принциптер мен бұқаралық құндылықтарына сәйкес өмір сүруін көрсетсе, ал “Gessellschaft” түріндегі қоғам жеке пайдаға ұмтылысына негізделеді; 2) “Gemeіnschaft” - әдет-ғұрыпқа басты маңыз берсе, “Gessellschaft” формальді заңдарға негізделеді; 3) біріншісі шектелген және дамымаған мамандануды білдірсе, екіншісінде арнайы мамандандырылған орындар пайда болады; 4) біріншісі - діни құндылықтарға, екіншісі зайырлы құндылықтарға сүйенеді; 5) “Gemeіnschaft” негізінде - отбасы мен қауым, “Gessellschaft” негізінде адамдардың бірігуінің ірі корпоративтік ұғымдық формалары жатыр.
Жалпы алғанда, социологиядағы басты мәселелер Теннистің зерттеулерінен XVІІІ - XІX ғасырдың басындағы әлеуметтік-философиялық ойларының дамуының негізгі қайшылығынан - мемлекет, құқық және әлеуметтік институттардың қалыптасып, өмір сүру мәселесінің ұтымды және тарихи тәсілдерінің қайшылығынан шығып отырды. Теннис өзінің мақсаты ретінде ұтымды және тарихи дүниетанымды байланыстыруға, ұтымды ғылыми тәсілдің артықшылығын әлеуметтік дүниеге тарихи көзқараспен біріктіруге шешім қабылдайды. Оның қайнар көздері ретінде құқықтың тарихи мектебінің негізін қалаушы Ф. фон Савиньидің еңбектері, Г.Мэнның “Ежелгі құқық” кітабы, Морган, Баховен сияқты және т.б. этнограф, тарихшылардың еңбектері қызмет атқарады. Мұндай ұмтылыстардың нәтижесі Теннис дәйекті түрде жүргізіп келген қоғамның екі түрін бір-біріне қарсы қою болды.
Негізгі идея қауымдық қатынастар мен байланыстарды бір жағынан, ал қоғамдық қатынастарды екінші жағынан қарсы қою болып табылады. Бірінші түрдің қарым-қатынасы эмоцияларда, рухани бейімділікте тамырланып, өзінің тепе-теңдігін қайталану арқасында саналы дәстүрлер ретінде және эмоционалды байланыстар мен жалпы тілдің біріктіруші ықпалының арқасында сақтап қалады. “Мен қауымдық қатынастарды мынадай түрлерге бөлемін деп жазды Теннис: 1) рулық қатынастар. Әрине, бұған ең алдымен жалпы рулық немесе туыстық қатынастар жатады; 2) бірігіп өмір сүруге, отбасылық өмірді сипаттаушы көршілік қатынастар; 3) рухани жақындылық санасына негізделген достық қарым-қатынастары, бұл сана бірлесіп өмір сүрудің әлдебір түріне негізделгендіктен, олар ортақ діни құрал ретінде, “қауым” ретінде ерекше әлеуметтік маңызға ие болады.
Қарым-қатынастың екінші түрі немесе қоғамдық қатынастар басқа сипатқа ие болады. Олардың принципі мен негізі ұтымды ауысуда жатыр. Демек, бұл қатынастар заттың табиғатқа ие болып, табиғаттың өзінде қатысушылардың қарсы бағытталған ұмтылыстарының ауысуымен сипатталады. Бұл қатынастар қоғамдық қатынастарға сүйенеді, алайда олар бөлініп кеткен, бір-біріне жат индивидтердің арасында да өмір сүре алады. Мұндай қатынастарда индивидтер ретінде әр түрлі топтар, ұғымдар сынымен қатар қауымдастықтар мен мемлекеттер “формальді жақ” ретінде қарастырылады. “Осы барлық қатынастар мен байланыстардың мәні бір адамның басқа адам үшін пайдалылығы мен құндылығын сезінуде және басқа адамның оларды қабылдап түсінуінде жатыр. Демек, мұндай қатынастар ұтымды құрылымға ие болады. Бұл қатынастардың екі түрі - қауымдық және қоғамдық - тек адамдардың бір-біріне қатынасын ғана емес, сонымен бірге адамның қоғамға қатынасын сипаттайды. Қауымда әлеуметтік тұтастық логикалық жағынан бөлшектерден бұрын келеді, ал қоғамда, керісінше, әлеуметтік тұтастық бөлшектердің жиынтығынан тұрады. Қауым мен қоғамды бөлу - әлеуметтік тұтастықты құрайтын бөлшектердің органикалық және механикалық байланыстарын бөлу деген сөз.
Әлеуметтік өмір құрылымының осынау екі түрінің негізін Теннистік Wesenwіlle және Kurwіlle деп белгілеген еріктің екі түрі құрайды. Wesenwіlle - мән еркі, яғни белгілі бір мағынада әлеуметтік өмірдің кез келген қырын анықтайтын тұтастық ерік болып табылады. Kurwіlle интеграцияланушы фактор әрекетінің басқа түрін білдіреді, әлеуметтік еріктің әлсіреуі, оның көптеген жеке еріктерге бөлінуін білдіреді. Теннис ерікті аз дәрежеде психологиялық фактор ретінде түсінеді, ол оның тұжырымдамасында тікелей психологиялық мағынасынан айрылған абстрактілік түсінік ретінде беріледі. Оның адамның еркі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен ұтымдылық мағынасы Теннис өзінің басты еңбегінің тарауларының бірінде қолданған Спинозаның латындық эпиграфын айқындауға мүмкіндік береді (“Voluntas atque іntellectus unum et Sunt” (“Ерік пен сана - екеуі бара-бар”).
Теннис социологиясын негіздеудегі ұтымды сипат оның индивидтердің әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіруінен байқалады. Әлеуметтік мінез-құлыққа талдау жасай отырып, Теннис Вебер енгізген әлеуметтік мінез-құлық типологиясын қолданады (бұл типология бойынша, әлеуметтік мінез-құлықтың мақсаты ұтымдылық, құндылықты ұтымдылық, аффективті және дәстүрлі формаларына бөлінеді). Осы түрлердің біріншісінде Теннистің ойынша Kurwіlle, соңғы үшеуінде - Wesenwіlle жүзеге асырылады. Осылай, сананың ұтымды жұмысы еріктің екі түрінің өлшемі және солармен байланысқан қоғамдық құрылымның екі түрінің өлшемі болып табылады.
Теннис өзінің тарихи-философиялық еңбектерінде XVІІІ ғасыр ойшылдарының әлеуметтік танымның ерекшеліктері мен белгілері жөнінде берген түсіндірмесіне жан-жақты талдау жасайды. Мәселен, Гоббс бойынша деп жазды, ол таза дәлелдеуші ғылым мыналар жөнінде мүмкін: а) ойдағы заттар мен абстрактілі заттар (геометрия) жөнінде; б) “саяси денелер жөнінде, яғни адам ойынан пайда болған, сезімдік тұрғыда қабылдауға келмейтін, “біз құрастыратын түр” болған әлеуметтік институттар принциптері жөнінде. Дәл осындай принцип Теннистің жеке ғылымтануының негізіне алынды.
Теннистің ойынша, индивидтердің мүдделерімен және бейімділіктерімен, сонымен қатар топтар мен таптардың мақсаттарымен және арам ойларымен былғанбаған түрлі әлеуметтік өмірдің формальді дедукциясы әмбебап және ортақ мәні бар маңызды танымға жетуге мүмкіндік жасайды. Ұтымды методология тәсілінің алғашқы талабы логикалық қатаң зерттеулерді қамтамасыз етуде және ортақ мәні бар танымға жету мағынасында әлеуметтік құбылыстарды объективтендіру талабы болды. Объективтендіру құралы ретінде жетілген түрлердің абстракциялануы, идеализациялануы және құрылуы болды. Бұдан алынған түрлер абсолюттендірілмеді, оларға нақтылық берілмеді, керісінше, бұл түрлер - түсініктік “өлшемдер” - әлеуметтік өмірдің шынайы нақтылыққа тіркеліп, оның жеке социологиялық зерттеуіне мүмкіндік ашады. Соңғысы аса маңызды болып табылады, себебі құрастырушы түсініктер мен эмпирикалық нақтылықты теңдестірудің мүмкін еместігін ерекше айта отырып, Теннис социологияны ғылыми жолға қоюға ұмтылады. Сонымен социологияның бастамасы абстракция болып шықты.
Теннис өзінің социологиясын негіздеген бастапқы идеализацияға екі абстрактілі ұғымды қосқан болатын. Теннистің социологиялық ойының негізінде ұғымдық антиномия принципі жатыр; әлеуметтік еріктің кез келген нақты көрінісі ретінде ерік құбылысы мен сана құбылысын бір уақытта көрсететін сияқты, кез келген әлеуметтік құрылым да бір уақытта бірдей қауымның да, қоғамның да белгілерінен тұрады.
Осылайша қауым мен қоғам әлеуметтік формалар жіктелімінде негізгі өлшемге айналды. Жалпы, Теннис мұндай өлшемдердің дамыған және реттелген жүйесіне айналдыруға тырысқан. Мәселен, әлеуметтік өмірдің қоғамдық мәндері немесе формалары үш түрге бөлінеді: 1) әлеуметтік қатынастар, 2) топтар, 3) корпорациялар мен бірлестіктер. Әлеуметтік қатынастар оған қатысушы индивидтер осы қатынастарды сезінген кезде ғана емес, сонымен бірге осы қатынастардан пайда болатын қатысушылардың өзара құқықтары мен міндеттері сияқты, олардың қажеттілігі туындаған кезде өмір сүреді. Басқаша айтсақ, әлеуметтік қатынастар - объективті сипатқа ие болған қатынастар.
Екі немесе одан да көп қатысушылар арасындағы қатынастардың жиынтығы “әлеуметтік шеңбер” құрайды. Әлеуметтік шеңбер қатынастан топқа өтудің сатысы болып табылады. Топ индивидтердің белгілі бір мақсатына жету үшін саналы түрде бірігуі кезінде қалыптасады. Одан әрі: әлдебір әлеуметтік форманың ішкі құрылымы болса, яғни мұнда индивидтердің белгілі бір саны белгілі бір функциялар атқаратын болса, онда әлеуметтік форма корпорация немесе бірігу деп аталады.
Осы нақты әрі тармақталған типологиялық құрылымның барлығы, егер де әр формасы қауымдық және қоғамдық көріністерге бөлінбесе, абсолютті тарихтан тыс және абстрактілі сипатқа ие болар еді.
Олардың дамуы тұрғысынан әлеуметтік феномендерді талдауды Теннис қолданбалы социология деп атайды. Қолданбалы социологияның тәсілі ретінде ұғымдық антиномия принципі болады. Теннис бойынша әлеуметтік қарым-қатынастардың негізінде жатқан ерік пен сананың диалектикалық өзара әрекеттесуі сана басымдылығы жағына қарай дамиды, яғни қоғамдық даму ұтымдылықтың өсу процесін білдіреді.
Теннис социологиясында алдыңғы дәуірге тән болып келген әлеуметтік-философиялық спекуляциядан алдын ала алынған құндылықты позицияларға, саяси нұсқамаларға және морализаторлық тенденциялар тарихы философиясына жат болып келген объективті, ғылыми социологиясын жасауда алға жылжу байқалады. Әрине, Теннис социологиясының “ғылымилығы” ғылымның белгілі, позитивтік бейнесіне бағытталған. Өзінің социологиялық тұжырымдамасының жетістіктеріне біріншіден, объективтілікті, екіншіден, өзіне тән натуралистік тенденцияны, үшіншіден, оның құндылықты алғышарттарға және тәжірибелік әлеуметтік іс-әрекетке тәуелді еместігін жатқызды.
Теннис кейіннен ХХ ғасырдағы батыс социологиясында одан әрі дамытылып, іске асырылған бірқатар идеяларды алға тартады. Бұл, ең алдымен социологияның талдамалық құрылымы (тарихи құрылымға қарсы болып келетін) идеясы, ол идея социология өзін-өзі ғылым деп тануында, өз орнын тауып, қоғамды талдауға өзіндік тәсіл ойлап табуына негізделеді. Теннис алғашқылардың бірі болып батыс социологиясында сол заманнан бері таза социологиялық болып қарастырылған әлеуметтік құрылым мәселесін алға қойды. Формальді социологияны зерттеу идеясымен кейіннен Г.Зиммель де айналысты. Теннис социологиясының маңызды жақтарының бірі ретінде әлеуметтік танымның натуралистік теориясы болды, кейіннен ХХ ғасыр социологтары оның көптеген нұсқаларын қарастырып дамытты.
Қазіргі заманғы батыс социологиясына Ф.Теннис қосқан үлесінің ішіндегі бастысы - қауым мен қоғам түсініктеріне ие болған әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың екі түрі. Бұл идеяны Э.Дюркгейм жалғастырып, қоғамды “органикалық” және “механикалық” ынтымақтастықпен өңдейді. Бұл типологияны қайта өңделіп, қайта қарастырылған түрінде қазіргі таңда көптеген социологтар, философтар мен тарихшылар осы заманның тарихи дамуының негізгі қақтығысын түсіндіру үшін қолданады.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Вильфредо Парето | | | Эмиль Дюркгейм |