Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Француз ағартушылығы

Азақстанда социология ғылымының қалыптасуы | Азақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары | Отбасы социологиясы | Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу | Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер | Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары | Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі | Орта ғасырлардағы әлеуметтік таным | Араб шығысының социологиялық ойы | Айта өрлеу дәуірі |


Читайте также:
  1. А также Французского межрегионального Форума
  2. Ағылшын ағартушылығы
  3. Англо-французское соперничество в Бирме
  4. Брянцева Жан Филипп Рамо и французский музыкальный театр — Москва: Музыка, 1981.] !!!
  5. ВСЕМИ ГЛАВНЫМИ ИЗУМРУДНЫМИ МЕСТОРОЖДЕНИЯМИ ЗЕМНОГО ШАРА, В ТОМ ЧИСЛЕ И РУССКИМИ, КОНЕЧНО, ЗА ДОБРУЮ МЗДУ ИМПЕРАТОРСКОМУ ДВОРУ И ЕГО ПРИСНЫМ, ВЛАДЕЛА ФРАНЦУЗСКАЯ
  6. Глава 2. Английские, французские и американские исследования в ХIХ веке.
  7. Договор между Французской Республикой а

 

XVІІІ ғасырдағы Франциядағы феодалдық дүниетанымға қарсы күресте буржуазияның саяси санасының қалыптасуы идеялық күрестің классикалық мысалы бола алады. Осы күрес барысында ерте антифеодалдық революциялар дәуіріндегі әлеуметтік-саяси ойдың дамуын анықтайтын жалпы заңдылықтар мен тенденциялар айқындала бастады. Францияда антифеодалдық қозғалыс бағдарламасын әр түрлі саяси бағыттағы өкілдер: ағартушылар, революциялық демократтар және т.б. жасап шығарды.

Идеялық қозғалыс ретінде ағартушылықтың әлеуметтік-саяси идеологиясының дамуында заңды орны бар. Ағартушылардың қозғалысы елде революциялық жағдай әлі орнамаған кезде, буржуазиялық құрылымға өтуде, идеологиялық дайындықтың ерте кезеңдерінде пайда болды. Ағартушылық ілімдер білім мен реформалар тарату арқылы қайта құруға үміттенген әлеуметтік тап мүдделерін білдірді. Феодалдық құрылым дағдарысының өршуіне байланысты ағартушылықтан қоғамдық ойдың революциялық демократиялық бағыты бөлініп шықты [25].

Француз ағартушылығының жалпыға танымал көшбастаушысы аса көрнекті жазушы әрі философ Вольтер (лақап аты, шын аты Франсуа Аруэ, 1694 - 1778) болды. Вольтер деизм философиясын жақтады. “Христиандық пен ақыл-ой бір мезгілде өмір сүре алмайды”, - деп жазды ол. Білімді адамдар христиандық жаңалықтарды қажетсінбейді. Жазалаушы құдайға деген сенімді білімсіздерге (“қараңғыларға”, сонымен қатар санасыз басқарушыларға) мінез-құлықтың имандылық бейнесін үйрету үшін ғана сақтап қалу керек.

Вольтер феодалдық тәртіптерді рационализм позициясы тұрғысынан сынады. Философтың көзқарасы бойынша қатал басқарудың орнына әр адамға табиғи құқықтары жеке басының бостандығы, жеке мүлікке ие болу құқығы, баспасөз бостандығы және ар-ождан бостандығы және т.б. берілетін ақыл-ой мен еркіндік үстемдік құратын болады. Вольтер бостандықты адамның шығармашылық бастамасын, жеке кәсіпкерлік іс-әрекетін шектейтін феодалдық қалдықтарды жою деп түсінді. Ол бостандықты азаматтардың зорлық-зомбылықтан тәуелсіз болуы деп біліп, адамның бостандығы тек заңдарға ғана тәуелді болады деп есептеді.

Вольтер белгілеген крепостнойлық құқықты жою бағдарламасы шіркеу мен мемлекетке кіріптар болған крепостной шаруаларды азат етуді көздеді. Ал помещиктік шаруаларға келетін болсақ, Вольтердің пікірінше, оларды иесінің келісімімен ғана, онда да сатып алу арқылы босату керек. Ілімнің бұл бөлігінде оның дворяндықпен ымыраласуға ұмтылысы байқалады.

Болашақ “ақыл-ой үстемдігінің” саяси ұйымын Вольтер жан-жақты айқындауға ұмтылған жоқ. Ол билікті жүзеге асырудағы заңды және либералдық тәсілдер идеясын насихаттауға назар аударып, мемлекеттің жетілген құрылым жобаларын жүзеге асыруды басқа ағартушыларға қалдырады. Вольтер үшін бір нәрсе анық - мемлекетті тек меншік иелері басқаруы керек. Табиғи тепе-тендікті мойындай отырып, барлық адамдарды тең деп есептеген Вольтер әлеуметтік тендікке де, саяси теңсіздікке де батыл қарсы шығады. Теориялық тұрғыдан ол республиканы қолдады, бірақ республика тәжірибе жүзінде қолданысқа қолайсыз деп есептеді. Вольтер Англияның парламенттік мекемесін өз заманындағы мемлекеттік ұйымның үлгісі деп атады. Ал саяси идеал ретінде, әсіресе соңғы еңбектерінде билікті бөлу идеясына жақын келді [26].

Қоғамда өтіп жатқан өзгерістерді философ білімнің дамуымен және мәдениеттің өркендеуімен байланыстырды, ал бұл оның пікірінше басқарушыларға реформалардың қажеттілігін мойындататын болады. Басқарушыларды ақиқат жолына бағыттау мақсатында ол Фридрих Прусскийге бармақ болып, Екатерина ІІ-мен хат алысуға кірісті.

Вольтердің революцияға деген көзқарасы XVІІІ ғасырдағы француз ағартушыларына тән болды. Мұның алдындағы революцияларды ақтау (мысалы, ағылшын королі Карл І-ні жазалау), тирандарды жоюды армандау қан төкпеу туралы, азамат соғысының зиянды зардаптары туралы ойлармен, т.б. үйлесіп жатты. Либералды буржуазияның идеологиясында бұл ой-пікірлерге еңбекшілер бұқарасының бас көтеруінен үрейлену де болды. Ағартушылар реформалардың жоғарыдан біртіндеп жасалуынан үміттенді.

Вольтердің ойшыл ретіндегі тарихи орны оның француз ағартушылығының бағдарламасын жасауымен, бірнеше іргелі-методологиялық мәселелерді қоюымен және дінді ағартушылық сынаудың негіздерін қалауымен анықталады. Вольтердің әлеуметтік идеялары француз буржуазиясының сауда-өнеркәсіп иелерінің мүдделерімен сәйкес келді. Объективті маңызы бойынша оның идеялары революциялық сипатта болды: олар қоғамның прогресшіл күшін феодалдық тәртіпті жоюға және абсолютизмді құлатуға бағыттады.

Вольтер өзінің саяси теориясын жасамай тұрып, саяси-құқықтық ілімнің одан әрі дамуына негіз дайындаған идеологтардың қатарына жатады. Вольтер идеяларының ықпалын француз ағартушыларының бәрі азды-көпті сезінді.

Аса көрнекті француз философы, жазушысы, педагогиканың теоретигі Жан-Жак РуссоНЫҢ (1712 - 1778) әлеуметтік көзқарастары оның “Қоғамдық келісім туралы немесе саяси құқық принциптері” трактатында (1762 жылы; бұл - ойшылдың басты еңбегі) және “Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы және негіздері” деген тарихи очеркінде неғұрлым толық негізделді.

Өзінің әлеуметтік-саяси ілімінде Руссо XVІІІ ғасырдағы басқа да көптеген философтар сияқты табиғи (мемлекетке дейінгі) жағдайға сүйенді. Алайда оның табиғи жағдайды түсіндіруі басқаларға қарағанда едәуір ерекше болды.

Руссоның суреттеуінше алғашқы кезде адамдар аңдар тәрізді өмір сүрді. Олардың қоғамдық дейтін еш нәрсесі болған жоқ, мүлкі немесе моралі тұрмақ тілі де болмаған. Олардың арасында теңдік болды және еркін өмір сүрді. Сонан соң адамның дағдысы мен білімінің, еңбек құралдарының жетілуіне қарай қоғамдық қатынастар орнап, біртіндеп әлеуметтік құрылымдар - отбасы, ұлыс пайда бола бастады. Еркіндігін сақтай отырып, адамның жабайылық қалпынан қоғамдық күйге өту кезеңін Руссо “ең бақытты дәуір” деп есептеді. Оның пікірінше өркениеттің әрі қарай дамуы қоғамдық теңсіздіктің пайда болуымен және өсуімен немесе еркіндіктің кері кетуімен байланысты болды [27].

Уақыт жағынан алғанда алғаш мүліктік теңсіздік пайда болды. Ілімге сәйкес ол жерге жеке меншік орнатудың салдарынан қалыптасты. Табиғи жағдайдың орнына осы уақыттан бастап азаматтық қоғам келеді. Жеке меншік пайда болысымен қоғам байлар мен кедейлерге бөліне бастады.

Қоғамдық өмірдің келесі сатысында саяси теңсіздік пайда болады. Бұл сатыда мүліктік теңсіздік қоғамның басқарушылар мен бағынушыларға бөлінуімен толықтырылды. Қабылданған заңдар Руссоның сөздері бойынша, табиғи еркіндікті қайтып келместей етіп жойды, меншікті біржолата орнықтырып, ат төбеліндей азшылықтың пайдасына бола “бүкіл адамзат баласын еңбекке, құлдыққа және кедейшілікке кіріптар етіп қойды”.

Ақырында теңсіздіктің ең соңғы шегі мемлекеттің деспотияға ұласуынан пайда болады. Мұндай мемлекетте басқарушылар да, заңдар да жоқ - тек тирандар ғана болады. Ендігі жерде жеке адамдар қайтадан бір-бірімен тең болады, өйткені деспоттың алдында олар мүсәпір. Бәрі осымен шектеледі, - дейді Руссо, - халық жаңа табиғи жағдайға аяқ басады, оның бұрынғыдай бір айырмашылығы - наразылық күшейе түседі [28].

Руссоның теңсіздіктердің пайда болу туралы ілімі бұрынғы әдебиетте кездеспеген ілім. Табиғи құқық теориясының теориясы мен жалпы нобайын (табиғи жағдай, азаматтық қоғамға және мемлекетке өту) пайдалана отырып, Руссо мүлдем жаңа бір доктринаны ұсынады. Рационализм философиясының абстрактілі құрылымын ол тарихи мазмұнмен толықтырады. Руссо қоғамның пайда болып дамуын бақылай отырып, осынау процестің ішкі динамикасын түсіндіруге тырысады. Ойшылдың әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуі есебінен қоғамның дамуы туралы ілімінде тарихи диалектиканың элементтері кездеседі.

Руссоның көзқарасы бойынша табиғи жағдайда (біріншісінде де, екіншісінде де болсын) құқық деген болмайды. Бастапқы табиғи жағдайда ол адамның табиғи құқықтары идеясын қабылдамады. Философтың ойынша адамзат тарихының ертеректегі сатыларында құқық пен мораль туралы ұғымдар тіпті болған емес. Жеке меншік пайда болар алдында жазылған “ең бақытты дәуір” жайлы еңбегінде Руссо “табиғи құқық” терминін қолданады. Бірақ бұл терминді ерекше мағынада, яғни адамдарға табиғат берген моральдік таңдау еркіндігін және осының негізінде пайда болатын бүкіл адамзатқа тән табиғи (ортақ) әділеттілік сезімін белгілеу үшін қолданады. Оның пайымдауында табиғи құқық пен табиғи заң ұғымдары өзінің құқықтық мағынасынан айрылып, тек моральдік категориялар болып қалады.

Ал деспотия немесе екінші табиғи жағдай жөнінде айтатын болсақ, мұнда барлық іс-әрекет күшпен шектеледі, демек, мұнда да құқық жоқ. Деспотқа тек деспотия заңдарымен ғана қарсы шығуға болады, бірақ та бұдан заңды билік өзінен-өзі орнай салмайды. Ойшылдың айтуы бойынша тек шарттар мен келісімдер құқық негізі бола алады. Ол табиғи құқыққа балама ретінде саяси құқық идеясын, яғни келісімдерге негізделген идеяны ұсынды.

Қоғамдық келісімдер нәтижесінде тең және еркін индивидтер ассоциациясы немесе республика құрылады. Руссо келісімді басқарушылар мен бағынушылар арасындағы шарт ретінде қарастыратын ілімді мойындамайды. Оның ойынша, келісім - тең субъектілер арасындағы шарт болып табылады. Қауымдастыққа бағына отырып, индивид жеке өзі ешкімге бағынбайды, ендеше “ол бұрынғысынша еркін болып қала береді”. Келісімге қатысушылардың теңдігі мен еркіндігі халықтың мүдделері жеке адамдардың мүдделеріне қайшы келмейтін біртұтас (ұжымдық тұлға) болып бірігуін қамтамасыз етеді.

Қоғамдық келісімнің шарттары бойынша халық егемен болуы тиіс. Руссоның келісімдер туралы бұдан бұрынғы барлық ой-пікірлерінің мәні - халықтық егемендікті республикалық құрылымның негізге алынатын принципі етіп көрсету. Халықтың егемендігі оның заң шығарушы билікті жүзеге асыруынан байқалады. Либералдық буржуазия идеологтарымен пікір таластыра отырып, Руссо саяси бостандық тек халық заң шығаратын мемлекетте ғана мүмкін деп дәлелдеді.

Халық билігі кезінде басқарудың бір ғана формасы - республика болуы керек, ал басқаруға қатысушылардың санына байланысты үкіметті ұйымдастыру формасы монархия, аристократия немесе демократия бола алады. XVІІІ ғасырдағы философтардың көпшілігінің пікірімен келісе отырып, Руссо республикалық құрылым аумағы шағын мемлекеттерде ғана мүмкін бола алады деп топшылады. Руссо халық билігінің бейнесі Рим Республикасындағы плебисциттер мен Швейцариядағы кантондардың коммуналдық өзін-өзі басқаруы деп білді.

Руссоның тұжырымдамасы Ұлы Француз Революциясы кезеңіндегі қоғамдық санаға да, оқиғалардың дамуына да орасан зор ықпал етті. Руссоның беделінің жоғары болғаны соншалық, оның идеяларына ұстамды конституционалистерден бастап коммунизмді жақтаушыларға дейінгі сан алуан ағымдардың өкілдері ден қойды. Руссоның идеялары мемлекет пен құқық туралы теориялық ұғымдардың кейінгі дамуында да маңызды рөл атқарды. Оның әлеуметтік доктринасы, И.Кант пен Г.Гегельдің мойындауынша XVІІІ ғасырдың аяғы - ХІХ ғасырдың басындағы неміс философиясының басты теориялық қайнар көзінің бірі болды. Ол жасаған мемлекеттік билікті түбегейлі өзгерту жолымен әділетті қоғамға көшу бағдарламасы саяси радикализм идеологиясының негізін қалады. Осы тұрғыдан алғанда Руссоның көзқарастарын теориялық доктринаға енгізу XVІІІ ғасырдағы қоғамдық-саяси ойдың тарихында бетбұрыс оқиға болды.

Француз ағартушылығында мемлекет пен қоғамның аса көрнекті теоретигі - Шарль Луи де Монтескье (1689 - 1755) болды. Өзінің қоғамдық көзқарастарын ол алғашында “Парсы хаттары” романында, сондай-ақ “Римляндықтардың асқақтауы мен құлдырауының себептері жөніндегі ойлар” деп аталатын тарихи очеркінде және т.б. шағын еңбектерінде көрсетті. Заң шығару тарихын ұзақ жылдар бойы зерттеуінің нәтижесінде оның басты еңбегі - “Заңдар рухы туралы” кітабы (1748) жарыққа шықты.

Өзінің зерттеулерінде ол әлеуметтік-саяси теорияның фактологиялық базасын кеңейтуге, заң шығару мен әдет-ғұрыптағы өзгерістердің себептерін көрсетуге, сөйтіп жинақталған материалды қорыта келіп, тарих заңдарын анықтауға тырысты. Монтескье тарих жолы құдайдың еркімен не түрлі жағдайлардың салдарымен емес, ол белгілі бір заңдылықтарға сәйкес белгіленеді деп түсінді. Монтескьенің еңбектерінде зерттеудің эмпирикалық тәсілдері рационализм методологиясымен қатар пайдаланылады (сондықтан да күрт қайшылықтар кездеседі). Мәселен, Монтескьенің алғашқы қауымдық құрылысты зерттеуі оған мемлекеттік биліктің пайда болуының келісімдік теориясын түсінуіне көмектесті. Табиғи (азаматтыққа дейінгі) жағдай идеясын пайдалана отырып, Монтескье мемлекет табиғи құқықтар талаптарынан туындады деген рационалдық конструкцияны қабылдамады. Сонымен қатар ол қоғамдық келісім ұғымын да қабылдамай қойды.

Саяси ұйымдастырылған қоғамның пайда болуын Монтескье тарихи процесс ретінде қарастырғысы келеді. Оның ойынша мемлекет пен заңдар соғыстар салдарынан пайда болады. Мемлекеттің қалыптасуының жалпы теориясын жасайтын материал жеткіліксіз болғандықтан ойшыл бұл процесті нақты әлеуметтік және құқықтық институттардың қалай пайда болғанын талдау арқылы түсіндіруге тырысады. Осыған байланысты ол тарихи фактілерге қарамастан меншік (Дж. Локк) және соғыс (Т.Гоббс) сияқты әлеуметтік құбылыстарды табиғи жағдайға жатқызған теоретиктермен пікір таластырады. Монтескье қоғам мен мемлекетті, эмпирикалық құқықтануды тарихи-салыстырмалы түрде зерттеушілердің бірі болып табылады.

Қоғамдық өмір заңдылықтарын Монтескье жалпы ұлттық рух ұғымы арқылы түсіндіреді (оның негізгі еңбегінің аты осыдан шыққан). Оның іліміне сәйкес ұлттың жалпы рухына, әдет-ғұрпы мен заңдарына көптеген себептер әсер етеді. Бұл себептер табиғи және моральдік болып екі топқа бөлінеді [29].

Социология тарихына “географиялық детерминизм” деген атпен енген әлеуметтік теорияның қалыптасуы Монтескьенің есімімен байланысты. Монтескье табиғи себептер арасынан географиялық факторларға жетекші рөл береді. Табиғи себептер қоғамдық өмірді халықтар жабайылық күйінен шыққан ең алғашқы кезеңдерде анықтайды. Бұл себептерге: климат, топырақтың жағдайы, елдің көлемі мен орналасуы, халықтың саны және т.б. жатады. Мәселен, оңтүстікте климат ыстық болғандықтан адамдар нәзік, жалқау және тек жазалану қаупінен ғана жұмыс істейді. Ыстық елдерде “кәдуілгі деспотизм орнайды”. Керісінше, солтүстікте климат қатал болғандықтан, мұнда жер құнарсыз келеді, адамдары шыныққан, ержүрек және бостандық сүйгіш келеді. Солтүстіктегі халықтарға басқарудың орташа формасы тән. Саяси өмірді анықтайтын табиғи себептер арасындағы арақатынасты табуға тырыса отырып, Монтескье: “заңдардың түрлі халықтардың өмір сүру жолдарының әдістерімен өте тығыз байланысты” екенін айқын аңғарған [30].

Географиялық ортаның қоғам өміріндегі мәні туралы мәселесінің қойылуы өте орынды болды, өйткені ол саяси ойды мемлекет пен құқықтың объективті себептерін айқындауға бағдарлады. Бұл арада француз ағартушысы саясаттың сабақтастығын түсінуге жақындайды. Сонымен қатар географиялық факторларды абсолюттендіру оны мүлде басқа (мәселен, азия халықтары бағынуға, ал еуропалықтар - басқаруға бейім) деген қорытындылар жасауға итермеледі. Монтескьенің бұл идеяларын кейіннен геосаясат пен нәсілшілдіктің идеологтары пайдаланды.

Моральдік себептер табиғи себептерден кейінірек, өркениеттің дамуымен бірге пайда болады, деп жазды Монтескье. Оларға мыналар жатады: саяси құрылымның принциптері, діни-нанымдар, адамгершілік сенімдер, салт-дәстүрлер және т.б. Моральдік себептер халықтардың заң шығаруына табиғи себептерге қарағанда күштірек әсер етіп, оларды біртіндеп ығыстырып шығарады. Ағартушының жазғанындай, “моральдік себептер ұлттың жалпы рухы мен мінезіне көбірек әсер етеді және табиғи себептермен салыстырғанда жалпы рухты айқындауда оны көбірек ескерілуге тиіс”.

Сонымен Монтескье өз ілімінде қоғамның тарихи дамуын объективті және субъективті себептердің өзара күрделі байланысының нәтижесі деп түсінуге дейін көтеріледі. Сонымен қатар ол тарихта субъективті факторлардың өсу тенденциясын дұрыс байқай білді. Алайда ойшыл бұл қағидаларды идеалистік, яғни объективті қажеттілік пен еркін ақыл-ойды қарама-қарсы қоятын рационализм философиясы тұрғысынан түсіндіреді. “Заңдар рухы туралы” еңбектің жазылуы автордың айтуынша “моральдің климаттан басым түскенін” көрсету мақсатын көздеген.

Моральдік принциптердің ішінде аса маңыздылары мемлекеттік құрылым принциптері болып табылады. Либерализмнің көптеген басқа да идеологтары сияқты Монтескье үшін қоғамның рационалды ұйымдасуының мәселесі - әлеуметтік мәселе емес, алдымен саяси және құқықтық мәселе. Ертеректегі либерализм идеологиясында еркіндік мемлекеттің дұрыс ұйымдасуын және заңдылық режимімен қамтамасыз етілуін білдіретін. Вольтер сияқты Монтескье саяси еркіндікті жеке бастың қауіпсіздігімен, жеке адамның өкімет орындарының зорлық-зомбылығынан тәуелсіздігімен, азаматтық құқықтармен ұқсастырды. “Еркіндік - заңмен рұқсат етілген нәрселердің барлығын істеу құқығы” деп тұжырымдайды ол.

Еркіндік мұратына негіздеме беруді ойшыл мемлекеттің қолданыстағы формаларын қарастырумен байланыстырады. Ол басқарудың үш түрін көрсетеді: республика (демократия және аристократия), монархия және деспотия. Олардың әрқайсысы мемлекеттік билікті оның азаматтармен қарым-қатынасы тұрғысынан іс-әрекетке қарап сипаттайтын өз принципі бар. Бұл жіктеудің өзіндік ерекшелігі - Монтескье мемлекет формалары түсінігін бұдан кейінгі доктриналарда саяси режим ретінде белгіленетін анықтамалармен толықтырды.

Республика дегеніміз билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі - саяси ізгілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік.

Монархия - заңға сүйенген бір адамның дара басқаруы; оның принципі - ар-намыс. Монтескье монархиялық принциптің өкілі деп дворяндықты атайды.

Деспотия, монархиямен салыстырғанда заңсыздық пен зорлық-зомбылыққа негізделген бір адамның дара басқаруы. Ол үрейленіп өмір сүреді және мемлекеттің теріс формасы болып табылады. “Осынау бір жан түршігерлік басқару туралы тітіркенбей айтуға болмайды”, - деп жазды Монтескье. Егер Еуропаның бір жерінде деспотизм орнаса, онда ешқандай ахуал да, дәстүрлер де көмектесе алмайды. Монархияның деспотизмге ұласуына жол бермеу дұрыс ұйымдасқан жоғары биліктің ғана қолынан келеді. Ағартушының мұндай ойларын замандастары Франциядағы абсолютизмді бүркемелеп, сынау және тирандарды құлатуға шақыру деп түсінген.

Антикалық саяси-құқықтық ойлар дәстүрлерін жалғастыра отырып, Монтескье республика шағын мемлекеттерге (полис тәрізді) қолайлы, монархия - көлемі жағынан орташа мемлекеттерге тән, ал деспотия - үлкен империяларға тән деп есептеді. Бұл жалпылама қағидадан ол елеулі біреуін көрсетеді. Монтескье республикалық басқаруды мемлекеттің федеративті құрылымымен біріктірген жағдайда үлкен аумақтарда орнатуға болады деп көрсетті. “Заңдар рухы туралы” трактатында республиканың ірі мемлекеттерде құрылуы мүмкіндігіне теория жүзінде болжам жасады.

Республикалық құрылымның орнауы әсте де қоғам мүшелерінің еркіндікке жеткенін білдірмейді, - дейді Монтескье. Заңдылық пен еркіндікке қол жеткізу үшін республикада болсын, монархияда болсын билікті бөлу қажет деп есептейді. Локктың ілімін дамыта отырып, Монтескье биліктің түрлерін, оларды ұйымдастыру жағын, арақатынасын нақтылап анықтайды.

Монтескье мемлекетте билікті - заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөледі. Билікті бөлу принципі, ойшылдың көзқарасына сәйкес алдымен оларды әр түрлі мемлекеттік органдардың құзырына беруде жатыр. Ал бүкіл билік бір адамның, мекеменің немесе топтың қолына шоғырланатын болса, онда асыра сілтеушілік пен зорлық-зомбылық жасау қаупі туады. Құзырының ара жігін ажыратумен бірге билікті бөлу принципі бірін-бірі шектеп әрі тежеп отыруы үшін олардың әрқайсысына арнайы өкілеттіктер берілуін де “бір билік екіншісін тоқтата алатындай тәртіп керек” деп көрсетеді Монтескье.

Ойшыл бұл принциптердің дәйекті түрде жүзеге асуын Англияның мемлекеттік құрылымынан табады, өйткені Англияда заң шығарушы билік - парламенттің, атқарушы билік - корольдің, ал сот билігі - сот алқасының құзырында.

Монтескьенің билікті бөлу туралы ілімінің бұрынғы тұжырымдамалармен салыстырғанда елеулі жаңалығы болды. Біріншіден, ол еркіндіктің либералды түсінігі мен билікті бөлу тетігін конституциялық бекіту идеясымен біріктірді. Ағартушы “еркіндікті тек заңдар, тіпті негізгі заңдар орнатады”, деп тұжырымдайды. Екіншіден, Монтескье ара жігі ашылуға тиісті биліктің құрамына сот органдарын қосады. Басқаша айтқанда, заң шығарушы және атқарушы өкілеттіктердің аражігін ашуға негізделген әрі басқару жүйесі болып табылатын парламентаризмді негіздеу судьялардың тәуелсіздігі принципімен толықтырылды. Монтескье қарастырған үштік (заң шығарушы, атқарушы және сот билігі) кейіннен конституционализм теориясының классикалық формуласына айналды. Өзінің ілімінде ол сол заманның либералды буржуазиясының неғұрлым танымал болған идеяларын біріктіріп, айтарлықтай дәйекті доктрина құрды. Билікті бөлудің идеологиялық теориясы корольдік абсолютизмге қарсы бағытталып, буржуазия мен дворяндықтың ымыраласуына жәрдемдесті.

Монтескьенің ілімі социологиялық ойдың дамуына орасан зор үлес қосты. Орыстың көрнекті социологы Н.Кареев былай деп жазды: “Егер де социология әлі жоқ кезде социолог атына ие болу құқығы бар бір адам болса, ол құқық Монтескьеге тиесілі екенін мойындамай тұра алмаймыз”.

XVІІІ ғасырдың орта шенінде ағартушылар арасында прогрестің рационалистік теориясы қалыптаса бастайды. Бұл теория бойынша адамзат, қоғам, әлеуметтік институттар түрлі қарама-қайшылықтарға, ауыртпалықтар мен келеңсіздіктерге қарамастан біртіндеп және үздіксіз қарқында дамып, жетіле түсіп өрлеумен болды. Осынау прогресс негізінде ғылымның, техниканың, өнердің дамуын тездеткен адамзат ақыл-ойының жетістіктері жатыр. Адамның табиғат берген ақыл-ойының өзі сол адамның өзінің жетілуіне және өз ортасының, соның ішінде әлеуметтік ортасының жетілдіруіне итермелейді. Прогрестің рационалистік теориясы едәуір дәрежеде антропологиялық сипатта болды: ол сонымен бірге әлеуметтік және адамзаттық прогресс теориясы болды.

Прогрестің рационалистік теориясы француз философы, математигі және саяси қайраткері Жан-Антуан Кондорсенің (1743 - 1794) автор қайтыс болғаннан кейін жарық көрген “Адамзат ақыл-ойы прогресінің тарихи келбетінің нобайы” (1795) шығармасында жан-жақты дамытылып, бір арнаға түсті. Кондорсе адамның ақыл-ой мүмкіндіктері шексіз екені және адамның жетіле беру қабілеті туралы қағидаға сүйенеді. Екінші жағынан адамның мұндай шексіз мүмкіндіктеріне табиғатта да ешқандай шек қойылмаған, оның өрістеуі біздің планетамыз өмір сүріп тоқтатқанда ғана барып тоқтауы мүмкін.

Кондорсе адамзат тарихында адамзаттың прогрессивті даму кезеңдерін құрайтын, бірін-бірі біртіндеп алмастыратын он дәуірді бөліп көрсетеді. Бұл дамудың негізінде ғылымның, техника жетістіктерінің, шаруашылықтың, саяси режимдердің дамуымен жүзеге асатын ақыл-ой прогресі жатады. Ақыл-ой прогресі түрлі адасушылықтармен, дерексіздіктермен, нанымдармен күресте жүзеге асады.

Социологияның басқа да ізашарлары тәрізді Кондорсе әлеуметтік дүниеде, табиғаттағы сияқты, бұрыннан белгілі және “жаратылыстану ғылымдарында сенімнің бірден бір іргетасы болып табылатын” әлі таныла қоймаған жалпы заңдар әрекет етеді, деп пайымдайды. Ол адамзаттың болашаққа үмітін үш маңызды жағдайға салды: ұлттар арасында теңсіздікті жою, әр түрлі таптар арасындағы теңдік прогресі және адамның нақты жетілуі [32].

Кондорсе идеялары К.А. де Сен-Симон мен оның мектебінен тікелей жалғасын тапты. К.А. де Сен-Симон үшін прогресс - табиғаттың әмбебап заңы: ол адамдарды тіпті еркінен тыс басқарады. Қоғамдық прогрестің негізі - ғылыми білімнен, техникалық жетістіктерден, индустриядан және осы салаларда прогресті жүзеге асыратын адамдардан көрініс тапқан ақыл-ойда.

Сен-Симонның пайымдауынша қоғам өзінің прогрессивті дамуында әскери түрден өнеркәсіптік түрге ауысады. Қоғам тарихында еңбек формалары прогрессивті жолмен ауысып жатады: құлдықтан - крепостниктікке, одан кейін - еркін еңбекке және ең соңында - қауымдастыққа. Ғылымға негізделген, жаңа қоғам мен жаңа мораль біріншіден - еңбек сүйгіштік принципін, еңбектің міндеттілігі мен әркімнің еңбек ету мүмкіндігін, екіншіден - бауырмал болу және бір-біріне көмектесу принципін ұстанады. “Жаңа христиандықтың” бұл принциптері қазіргі адамзат жақындап келе жатқан қоғамдық прогрестің шыңы болып табылады. Сондықтан Сен-Симон “Осы уақытқа дейін көрсоқыр уағыз өтіп кетті деп келген алтын ғасыр әлі алдымызда” деген оптимистік болжам жасайды. Әлеуметтік заңдардың, оның ішінде прогресс заңының болатынына деген сенім социологияның осынау жартысының ғылыми және реформаторлық ізденістерінің басты қайнар көзі болды.

Сен-Симонның еңбегі, бір мезгілде дүниетанымның екі формасының - социалистік және социологиялық формасының қалыптасуына негіз болды: олардың екеуін де ол қоғам идеясымен біріктіреді. Социологиялық дүниетанымды ол ерекше бір қуатты механизм немесе организм болып табылатын, алайда қоғам туралы жаңа ғылым негізінде күрделі жөндеуден өткізу қажет болатын әлеуметтік реализм рухында түсінді. 1813 ж. ол былай деп жазды: “...Қоғам дегеніңіз іс-әрекетінде ешқандай түпкі мақсат жоқ, себеп-салдары жекелеген индивидтердің зорлық-зомбылығы ғана болатын бірден-бір нәтижесі - өткінші және мардымсыз кездейсоқ оқиғалар болып келетін тіршілік иелерінің жәй ғана шоғырлануы емес”. Керісінше, қоғам дегеніңіз ең алдымен, барлық бөлшектері тұтас нәрсенің қозғалуына барынша жәрдемдесетін керемет қуатты машина. Адамдардың бірігуі үлкен бір организмді құрайды, оның мықтылығы немесе әлсіздігі органдарының тапсырылған қызметін қаншалықты мінсіз орындалуына байланысты” [33].

К.А. де Сен-Симонның мектебінде “әлеуметтік қозғалыс”, “социализм” және “социология” түсініктері қалыптасты. Бұл түсініктердегі түбір сөздер (лат. “socіus”, серіктес, одақтас, “sjcіetas”, қауымдастық, қоғам дегенді білдіреді) қоғам идеясының алғашында біртұтас нәрсе болған интеллектуалды және реформаторлық бағыттар үшін түйінді болғандығын білдіреді. “Социализм” және “социология” терминдері сол сен-симонистік ортада пайда болды: бірінші терминнің телавторы Пьер Леру деген сен-симондық болса, екіншісін Сен-Симонның шәкірті Огюст Конт енгізді.

Сөйтіп, социология алғашында социализм сияқты, қоғамдық идеяның теориялық ой-толғаныстары мен тәжірибелік ұмтылыстарының алдына қойған жалпы “әлеуметтік қозғалысының” бір бөлшегі ретінде қарастырылды. Қоғамның онтологиялық мәртебесі біршама өзгерді: қоғам дүниетанымдық парадигмаға айналды. Адамның қолымен жасалған жасанды түрден ол адамның өмір сүруінің, саясаттың, құқықтың, мемлекеттік өмірдің әр түрлі жақтарын анықтайтын шындықтың іргелі саласына айналды. Қоғамның, әлеуметтіліктің, адамның өмір сүруінің әлеуметтік табиғатының алғашқы мән-мағынасын дәлелдей келе, “әлеуметтік қозғалыстың” әр түрлі бағыттары социологияның объектісі түсінігін қалыптастырып, оның онтологиялық негізін жасады. Бұл негіздеу алғашында таза ғылыми, социологиялық бола алмады: себебі, социология ғылым ретінде әлі қалыптаса қоймаған болатын және өзінің танымдық тәсілдерімен өз қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін дәлелдей алмайтын еді. Социология да, социализм де өзінің қалыптасуында синтездік ілім болды: олар бір мезгілде саяси, моральдік, діни, экономикалық, философиялық, ғылыми болды. Екеуінде де реформаторлық, ғылыми, утопиялық, тіпті мистикалық элементтер кездесетін.

Кейіннен социализм мен социология екі түрлі түсінікке айналды. Бірінішісі түрлі коммунистік және ұжымдық тенденциялармен қосыла отырып, реформаторлық, революциялық және утопиялық салаларда топтасты, әйтсе де ғылымға жүгінуден бас тартқан жоқ. Екіншісі тез арада тек ғылыми салаға ауысып, дүниетаным саласында әрі социалистік, әрі антисоциалистік, либералды принциптермен ұштастырды. Социалистер әділетті қоғам мұратын (өздерінің түсінігіне қарай) құрастырып, жүзеге асыра бастаса, социологтар болса шынайы қоғам мен оның даму тенденцияларын зерттеумен айналысты.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 308 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ағылшын ағартушылығы| Неміс ағартушылығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)