Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу

Оғам құрылымындағы тұлға | Леуметтік стратификация | Леуметтік институт | Леуметтік ұйымдар | Алыптасу негіздері | Азақстанда социология ғылымының қалыптасуы | Азақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары | Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары | Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі | Орта ғасырлардағы әлеуметтік таным |


Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ
  2. Араб шығысының социологиялық ойы
  3. Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі.
  4. Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
  5. Социологиялық білімнің құрылымы
  6. Социологиялық зерттеу
  7. Социологиялық зерттеулерді жіктеу

 

Социологиялық ой дамудың бірнеше кезеңдерінен өткен. Үш кезеңді бөліп қарауға болады - АЛДЫҢҒЫ ТАРИХИ (Ежелгі дүниенің, Орта ғасырлардың және Жаңа заманның әлеуметтік білімі), КЛАССИКАЛЫҚ (ерте және кейінгі классика) және ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ (соғыстан кейінгі және жаңа социология) [1].

СОЦИОЛОГИЯНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ТАРИХИ КЕЗЕҢІ - ең алдымен социологиялық білімнің онтологиялық алғышарттарының: қоғам туралы, әлеуметтілік туралы, әлеуметтік шынайылық туралы түсініктердің қалыптасу прроцесі. Бұл алғышарттар ХІХ ғасырдың ортасына қарай қалыптасқан, ал осы уақытқа дейін социологиялық білім ұзақ уақыт бойы әр түрлі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың: философияның, тарихтың, саяси ­экономияның, құқықтану мен мемлекет теориясының және т.б. құрамында жинақталып, дамыды. Адам мен қоғам проблемасы, өте жақсы қарым-қатынастар мен сол қоғамды дұрыс құру идеялары ерте кездің өзінде ірі ойшылдардың ақыл-ойларынан орын алған. Оқиғаларды уақытын, орнын және қатысушы адамдарын көрсетіп, қарапайым тіркеу ретінде пайда болған әлеуметтік білім біртіндеп талдамалық ой-тұжырымдармен де байи түсті. Әлеуметтік танымдағы жаңа талдамалық деңгейдің пайда болуына адамзат әуелі ежелгі қытай философтарынан, сонан соң көне философияға борыштар. Социологияның бастауларын Мао-цзы даос мектебінің ғұламалары мен даналарының әр түрлі тіршілік мәселелері жөніндегі философиялық астардағы ой-тұжырымдары мен кеңестерінен және қоғамдық өмір тәртібін анықтайтын үндінің “Махабхарата” мәтіндерінен табуға болады.

Платонның “Мемлекет”, Аристотельдің “Саясат” атты жұмыстары әлеуметтік білімнің дамуына жаңа серпін берді және жеке қоғамдық институттарды, атап айтқанда мемлекет, отбасы, құқықты зерделеуге жол салып берді. Көне философтар алғаш рет қоғамдағы адам орнының проблемасына назар аударып, адам мен қоғам туралы ілімді теориялық негізге қойды. Адамдардың дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, өнегелері мен өзара қарым-қатынастарын зерделей, фактілерді жалпылай отырып әлеуметтік философтар қоғамды жетілдіру жөніндегі тәжірибелік ұсыныстармен қисынды аяқталатын тұжырымдамалар жасады.

Шығыс халықтарындағы қоғамдық-социологиялық ойдың аса көрнекті өкілдері әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн-Сина болды. Шығыста әлеуметтік білім тарихи тұрғыдан әр түрлі қоғамдық күштердің тарихи шынайылықты игеруінің ерекше түрі ретінде дамыды және Шығыс халықтарының, соның ішінде қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуында орасан зор рөл атқарды. Ежелгі және ортағасырлық қоғамдарда протосоциологиялық білімнің кейбір, бірақ әлі социология бола қоймаған элементтерін аңғаруға болады. Бүгінгі біздің протосоциологиялық идеяларды социология ретінде қабылдауымыз оларға ретроспективтік көзқарастың, қалыптасып үлгірген, бірақ жалпы алғанда басқа уақытта және басқа жерде қалыптасқан ғылымның позициясы көзқарасының мүмкіндігіне негізделген.

Ғылым ретіндегі социологияның ең жуық, тікелей алғышарттары Жаңа дәуір кезеңінің (ХVІІ - XІХ ғ.) әлеуметтік ойлары болды. Оның өкілдері Англияда Джон Локк, Адам Смит және Дэвид Юм; Францияда - Вольтер, Поль Гольбах, Дени Дидро, Шарль Монтескье, Анри Сен-Симон; Ресейде - М.В. Ломоносов, А.Н. Радищев, Н.И. Новиков; Германияда - Готхольд Лессинг, Иоганн Гердер, Иммануил Кант, Иоганн Фихте және т.б. болды.

Ағарту кезеңінің әлеуметтік теориялары өзінің сан алуан түрлілігімен мынадай негізгі идеяларды біріктіреді: адам бостандығын ажырамас табиғи құқық ретінде мойындау; ғылыми білімді адамдарға білім беруге және қоғамды жетілдіруге пайдалану қажеттілігі; философиядағы метафизикалық ойлауды, философиядағы тәжірибе мен экспериментке арқа сүйейтін әлеуметтік теорияларды жасаған кездегі адам мен қоғамға қатысты оймен жасалатын конструкцияларды сынау.

Социология ғылымының ерте және тікелей негізін салушылардың социологиялық ой-пікірлерінде құнды идеялар аз емес. Әйтсе де олар шектелген және ғылым ретіндегі социологиядан өзгеше.

Ғалымдарды протосоциологтер мен социологтарға бөлудің кем дегенде екі осындай негіздемесі бар:

Біріншіден, протосоциологтардың көбісі үшін әлеуметтік проблемаларды зерделеу негізгі, басты іс емес, философиялық, тарихи және саяси талдаударының бір бөлігі және де философиялық, тарихи және саяси теорияларға тәуелді, туынды бөлігі болды.

Екіншіден, протосоциологтар өздерінде жоқ зерттеудің арнайы әдістерін қолданудың қажеттігін түсінді. Сондықтан олардың тұжырымдамалары жүйелі эмпирикалық зерттеулерге негізделмеген және көп жағдайда оймен тұжырымдалған.

Протосоциология мен социология тарихы арасындағы шекара едәуір дәрежеде шартты. Ғылымның бір күйден екінші күйге өтуі - құбылыс емес, аса ұзақ және кең ауқымды процесс. Социологияның пайда болуы белгілі бір тарихи кезеңде және әлемдік мәдени кеңістіктің белгілі бір нүктесінде қиылысқан бірқатар интеллектуалдық және әлеуметтік факторлардың бірігуінің нәтижесі болды.

Бұл кезең ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы, ал болған жері Батыс Еуропа. Кейіннен социология жер шарының әр түрлі әлеуметтік-мәдени ареалдарында дамып, тарады.

Осы жерде ғылымның алдыңғы тарихы аяқталып, оның тарихы басталады.

КЛАССИКАЛЫҚ кезең (ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған сәттен Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін) пәннің салыстырмалы түрде алғанда әлсіз жіктелуімен және академиялық мекемелер шеңберіндегі институттану процестерімен сипатталады. Ерте және кейінгі классика арасындағы ажыратушы оқиға - Бірінші дүниежүзілік соғыс және Ресейдегі Октябрь революциясы болды. Ерте классиканы шартты түрде “бір фактор” мектебі деп атауға болады. Бұл уақытта ғалымдар қоғам дамуының әлеуметтік процесін, тарихи процестің бағыттарын анықтайтын басты, шешуші факторды табуға тырысты. Бұл кезеңде неғұрлым кең тараған мектептер органицизм, механицизм, әлеуметтік география, әлеуметтік дарвинизм, нәсілдік-антропологиялық теориялар, психологиялық мектеп сияқты мектептер болды. Бұл мектептердің жалпы айырмашылықтары болғанымен оларға тән кейбір ортақ әдіснамалық белгілері болды. Олардың барлығы эволюционизм методологиясына негізделеді. Бұл кезең мектептерінің маңызды белгісі қандай да бір құбылыстың кез келген ғылыми емес түсініктерінен бас тарту болды: мистика да, алдын ала жазылып қойылатын құндылықтар да, апологетика да әлеуметтік ғылымдарда орын алмауы тиіс.

Кейінгі классика кезеңі бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен Қазан социалистік революциясынан бастап қоғам үшін ашылған баламаларды ұғынудан басталады да екінші дүниежүзілік соғыспен аяқталады. Оны социологиядағы плюралистік көзқарастың бекіген кезеңі деп атауға болады. Бұл уақытта социологиялық методология айтарлықтай алға жылжыды. Бұл кезең социологизмнің әлеуметтік құбылыстарды зерделеудегі басты методологиялық принципі ретінде қалыптасуымен ерекшеленеді (Э.Дюркгейм).

Социологиялық ділдің (менталитеттің) қалыптасуына үлес қосқандар Э.Дюркгейм мен оның социологизм мектебі, М.Вебер және оның социологиясы; В.Парето және элиталардың айналым теориясы; марксизм еңбекті жатсыну теориясымен бірге; А.Адлер мен К. Юнгтің еңбектеріндегі психоталдау. Социологияда статистикалық-математикалық ғылымды пайда­лану кең етек жаюда. Бұл ретте Я.Мореноның социометриясы мен П.Лазарсфельдтің бұқаралық коммуникация құралдарын зерттеуі жарқын мысал бола алады. Осы кезеңнің соңына социология ғылымының жоғары беделінің куәгері үкімет тарапынан қоғамның қауіпсіздігі мен қорғанысы үшін шешуші мәні бар зерттеулерге тапсырыс алу фактісі болып табылады. Әңгіме американ ғалымы Г.Лассуэлдің Гитлер мен Сталиннің саяси портретін жасау жөніндегі жұмыстары туралы, Т.Адорноның жетекшілігімен Германия мен АҚШ-та жүзеге асырылған авторитарлық тұлға жасау факторларын зерделеудің халықаралық жобасы туралы болып отыр.

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ кезең өзінің тарихын екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан бастайды. Оның бірінші кезеңі “орта деңгей теориясының” пайда болуы мен қарқынды дамуы аясында өтті. Жеке әлеуметтік проблемаларды зерделеудің жинақталған тәжірибесі социологияның жаңа сапасына секіруге - салалық теориялардың құрылуына мүмкіндік берді. Оларды құруға адам қызметінің кез келген саласын дамытуда және басқаруда тек кәсіптік, мазмұндық қырларын ғана емес, әлеуметтік, ұйымдық жақтарын да ескерудің маңызды екендігін ғылымның, медицинаның, технологияның және бірқатар басқа да әлеуметтік қызмет салаларының мысалында көрсеткен американ ғалымы Р.Мертонның сіңірген еңбегі даусыз.

Социологияның дамуының жаңа кезеңі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан басталады. Бұл уақытта кеңес ғалымдары мен басқа да социалистік елдердің қоғамтанушылары әлемдік социологиялық ғылымға қосылды. Академиялық ортаның және жалпы қазіргі заманғы қоғамның өміріне жастар мен студенттердің жаппай әлеуметтік наразылық танытуы түбегейлі ықпал етті. Социологияның дамуындағы бұл кезеңді методологиялық плюрализм дәуірі деп атауға болады.

Ғылымның барлық салалары мен тікелей социологияны қозғаған ғылымның институттануының объективті және өте қарқынды процестерінің артықшылықтары ғана емес, кемшіліктері де толық көріне бастады. Ғылыми қауымдастық бірыңғай әмбебап социологиялық теория құрудың мүмкін еместігін түсінуге бет бұра бастады. Бұл жерде сындарлы болатын социология теориясының тұжырымдаушы абстрактілі үлгісін құру ғана емес, теориялық және тәжірибелік тұрғыдан социологияның алдында тұрған әр түрлі міндеттерге бұрыннан бар және жаңадан пайда болған әрбір тәсілдердің мүмкіндіктерін мұқият үйлестіру.

Социологияның дамуының институттану сипаттамалары:

Классикалық кезең. Ерте классикалық кезеңінде социология алғаш рет университеттерге енгізіле бастады, алғашында Батыс Еуропада, кейіннен Солтүстік Америкада, Ресейде және кейбір басқа елдерде. Социология профессорлары, сосын кафедралар, ғылыми журналдар, кәсіптік, ұлттық және халықаралық қауымдастықтар пайда бола бастады. Социологияның институттануының ірі белесі болғандар: 1983 жылы Парижде Халықаралық социология институтының негізі қалануы, 1901 жылы Бірінші дүниежүзілік Орыс қоғамдық ғылымдар Жоғары мектебінің шеңберінде ашылуы, L’Annee Socіologіque және The Amerіcan Journal of Socіology журналдарының ашылуы. Ресейде бұл кезең 1916 жылы М.М. Ковалевский атындағы Орыс социологтары қоғамының құрылуымен аяқталды.

Кейінгі классика кезеңі әлемнің жетекші университеттеріндегі кафедралар мен факультеттердің қарқынды дамуымен, дербес социологиялық зерттеу институттарының пайда болуымен, социологтардың халықаралық ынтымақтастығының одан әрі нығаюымен және жекелеген мектептердің ұлттық шекара шеңберінен шығуымен сипатталады. Соңғы тенденцияның мысалы Франкфурт мектебі бола алады, оның жолын қуушылары Германияда ғана емес, Францияда, Англияда, Швейцарияда және АҚШ-та бар. КСРО-да бұл кезең 1918 жылы елдің жетекші университеттерінде факультеттер құрумен және әлеуметтік проблемалардың кең ауқымды спектріне маманданған инститтуттардың ашылуымен басталды.

Қазіргі заманғы кезең. Соғыстан кейінгі социология университеттер шегінен асып шығады, кәсіпқой социологтардың едәуір саны салалық зерттеу орталықтарында шоғырланады. Басқару менеджменті сияқты әлеуметтік технологиялар немесе саяси болжаудың әр түрлі әдістемелері, мысалы, сараптамалық бағалау және брейнсторминг сияқты танымал әдістері пайда болады және қарқынды дамиды.

Жаңа социология кезеңінде салалық социологиялық ынтымақтастық кеңінен дамиды, салыстырмалы халықаралық зерттеу жобалары кең қанат жаяды, халықаралық социологиялық басылымдар саны артады.

Социология ғылымының дамуының сұлбасы жалпы алғанда осындай. Социологиялық ойдың дамуы кезеңдерінің мазмұнымен нақтырақ танысу үшін нақты тұлғалар мен мектептерді қарастыру қажет.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Отбасы социологиясы| Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)