Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алыптасу негіздері

Социологиялық білімнің құрылымы | Социологияның функциялары | Социологияның категориялары мен ұғымдарын жіктеу | Оғам жүйе ретінде | Оғам құрылымындағы тұлға | Леуметтік стратификация | Леуметтік институт | Азақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары | Отбасы социологиясы | Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу |


Читайте также:
  1. IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.
  2. V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері.
  3. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  4. VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.
  5. Азақстанда социология ғылымының қалыптасуы
  6. Азіргі публицистика жанрының қалыптасуы жайлы баяндама дайындаңыздар.

 

Социологияның ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және социологиялық идеяларды қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму кезеңі негіз болған. Социологиялық ой қоғам, оның өзара байланыстары, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік шынайылықтың теориялық конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың, ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол белгілі бір тарихи уақыт ішінде белгілі бір әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларда қалыптасады. Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу амалдарының айқын ресмиленген және қатаң жүйесін қалыптастырудың негізі болып табылады.

Батыстың социологиялық тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуы ерекшелігі бірқатар теорияларда көрініс табатын өнеркәсіптік капиталистік қоғам дамуының тарихи кезеңдерімен байланысты. Ресейде социология “ұлттық өзіндік сана нысанына”, “ресейтануға” айналды. Социологиялық ойды зерттеушілер жазғанындай, орыс социологы (әлеуметтік философы) “жалпы қоғамды”, “жалпы әлеуметті” және т.б. сирек зерттеген, ол Ресейді зерттеген, тіпті абстрактілі ұғымдарды қолданған кезде де бұл оның тарапынан “таза ғылымға” жасалған саналы немесе еріксіз құрмет болатын, ал іс жүзінде ол не Ресейді, не жалпы әлемді тұтасымен қарастырған болатын [1, 255-б.]. Орыстың социологиялық ойы “өзіндік зерттеумен”, “өзіндік рефлексиямен” сипатталады - бұл оны идеялық және рухани жағынан қазақ ағартушылығымен және қазақстандық ойшылдардың әлеуметтік-саяси ілімдерімен жақындастыра түседі.

Қазақстанда әлеуметтік ойдың қалыптасуы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы - ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1. рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2. әлеуметтік-саяси даму - Қазақ­стан­дағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты.

ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835 - 65), Абай Құнанбаев (1845 - 1904), Ыбырай Алтынсарин (1841 - 89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:

1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады;

2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері М.Сералин, С.Торайғыров (1893 - 1920), С.Дөнентаев [2].

Белгілі ғалым С.Зиманов ағарту ісінің даму процесі кезең-кезеңімен өтеді: білім беруді насихаттаудан бастап саяси бостандықты талап етуге және оған қол жеткізу үшін күресуді талап етуге дейін деп жазады. Сонымен қатар, ағарту ісіне баға бере отырып, зерттеушілер қандай да бір ұлттық “негізде” пайда болған кез келген ағарту идеологиясы өзінің мәні бойынша интернационалдық болып табылады, себебі ең алдымен ұлттық емес, әлеуметтік және ұлттықтан жоғары проблемаларды, яғни буржуазиялық қоғамдық қатынастардың қалыптасу дәуіріндегі түбегейлі әлеуметтік проблемаларды күн тәртібіне қояды деп жазады. ХІХ ғасырдағы қазақ ойшылдарының қызметі жалпы ағартушылық, әлеуметтік проблемаларды өз елінің экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани жағдайлары арқылы шешуге бағытталды [2, 10-б.].

Ағарту философиясына тән белгі бұқара халықты білімге, білім беруге, мәдениетке, озат идеяларды қабылдауға және т.б. жұмылдыру болып табылады. Сол кездегі қоғамдық ой алдында тұрған басты мәселе қоғамның әлеуметтік прогресі және оны дамыту проблемалары болды. Ағартудың әлеуметтік философиясында қоғамдық қатынастардың даму деңгейі, меншік нысандары, қоғамның әлеуметтік құрылымы, таптар және қоғамның таптық жіктелуі, әлеуметтік теңсіздіктер және оны жоюдың жолдары, мемлекет және мемлекеттік басқару нысандары, отбасы және қоғам, қоғам және жеке тұлға туралы мәселелер, сондай-ақ оқыту, тәрбие және педагогика мәселелері қамтылған [3, 75-б.]. Сонымен қатар, билік пен басқарудың айрықша құзырлығын, қоғамның саяси ұйымын және ондағы режимді талқылай отырып, ағарту ісі қоғамның сезімтал тұстарын қозғамай тұра алмайды және мемлекеттік билікке сөзсіз қарсы келеді. Егер де ол мемлекеттік биліктің қызметіне ықпал етуге ұмтылса, онда ол оған оппозицияда болады [4, 8-б.].

Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасу процесі Батыс Еуропада социологияның ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкерім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың (1873 - 1938) білім (білім беру) социологиясы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады.

Шәкерімнің философиялық, социологиялық, психологиялық көзқарастары оның “Үш анық” атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады: 1. Шәкерім Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттің еңбектерін талдайды, олардың көзқарастарына қатысты позициясын білдіреді; 2. Дамыған халықтардың білімдерін өз халқына жеткізуге әрекеттенеді; 3. Ақиқат ғылымды іздеу - басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. ғылыммен еркін, жалтақтамай шұғылдану қажеттігін айтады [5].

Екінші бағыт - таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына байланысты. Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер ашыла бастады, қоғамда Ыбырай Алтинсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды. Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай, оқытудың дидактикалық принциптерін жасағанында, инспекторлық бақылаудың негізін қалап, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізуінде.

Үшінші бағыт - “Адам дүниені қалай танып біледі” атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды. Білім беру социологиясы бұл проблеманың кейбір қырларын өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда Шәкерімнің “Үш анық” атты еңбегі аталмыш проблеманы зерттеу құралы болып табылады.

Қазақ ойшылдарының әлемдік қоғамдық ойға қосылғандығы және қоғам мен прогресс идеяларын қазақ ойшылдарының айрықша қабылдауы Қазақстанда социологиялық көзқарастар қалыптастырудың негізі болды. Бұл қағидалар социологияның пайда болуының қажетті шарттары болды. Теориялық социология Спенсердің және Конттің ұғымдарындағы прогрестен бастау алады. Прогрестің өзін О.Конт адам ақылының имманенттік ұмтылысы, өзіндік қозғаушы күші ретінде түсіндіреді. Конттің әлеуметтік динамикасы қоғамның күйреуін, жойылуын емес, керісінше оның жалпы ілгерілеу қозғалысын қамтамасыз ететін өзгеріске негізделеді, адам қоғамын жануарлардан, биологиялық бірліктен ажырататын да осы өзгеріс. Прогресс дегеніміз - жоғары бағыттағы ілгерілеу қозғалысы - эволюция.

Спенсер “үлкен эволюцияны” үш сатыға бөледі: бейорганикалық, органикалық және органикаүстілік. Әлеуметтік эволюция - көптеген тіршілік иесінің өзара іс-әрекетін, салдары жағынан кез келген жеке әрекеттердің мүмкіндіктерінен асып түсетін үйлестірілген ұжымдық қызметті білдіретін органикаүстілік эволюцияның бір бөлігі [6, с.65].

Орыс ғалымы М.М. Ковалевский “прогресс” ұғымын үдемелі қозғалыс және оның барысында адам баласы сан ғасырлардан бері жасап келе жатқан құндылықтардың дамуы деп түсінді және бұл қозғалыс сырттан болатын күрт секірулер мен дүмпулерге жол бермейді: ол қоғамның өз игілігі үшін экономикалық өмірдің шарттары мен саяси санасын басшылыққа ала отырып әлеуметтік үдеткіштерсіз (төңкерістер, революциялар) жүзеге асуға тиіс. Үдемелі, прогрессивті қозғалысқа әлемнің барлық халықтары атсалысады, тарихи даму барысында олар барлық өркениеттің игілігі және прогрессивтік дамудың көрінісі болып табылатын құндылықтарды жасайды. Прогрестің алдыңғы шебіндегі халықтар - өздерінің құндылықтарын да, басқа халықтар мен ұлттардың жасаған құндылықтарын да игеріп, олардың өздеріне пайдалы екендігін көре біліп және бұл әлеуетті пайданы экономикалық, мәдени және саяси өмірдің нақты көрінісіне айналдыра білгендер [7, 65-б.].

Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі - төменгі саты, онда белгілі бір әлеуметтік тәртіп, өмірлік бағдарлар жоқ. Бұл “жарым адамның” ауыр, ұзақ, бақытсыз өмірі, ол адамды Абай жануарға теңейді. Екінші кезеңде қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады, оны нығайтады, материалдық молшылыққа қол жетеді, ақыл-ой арқылы рухани болмыс ретінде жалпы адамзаттың негізі танылады. Бұл деңгейде Абай индивидті “адам” деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуге тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған “толық адам” жетеді. Алайда бұл деңгейге жалпы қоғам түгел қол жеткізе бермейді, оған тек жекелеген адамдар қол жеткізе алады, сондықтан да ол алдағы мақсат болып қала береді. Қоғамдық прогрестің қозғаушы күші тұлға болып табылады. Қазақ ойшылы үшін прогресс - қоғамның алға жылжуы, оның жоғары сатысы әлеуметтік тәртіп пен жоғары парасатты тұлғаны қоса қамтиды. Төменгі саты - бей-берекеттік және жарым адам. Ортаңғы сатысы - тұлғаның материалдық молшылығы мен рухани тепе-теңдігінің үйлесуі.

Қазақтың классикалық ағарту [8] ісінде проблемалар мынадай бөліктерге бөлінеді:

· адам, оның әлеуметтік мәні;

· білім, білім беру, ғылым;

· әлеуметтік мәдени құндылықтар жүйесі;

· қоғамның әлеуеттік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі индивидтің әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі, адам тыныс-тіршілігінің механизмдері, тәсілдері мен әдістері.

Зерттеулердің орталық фигурасы адам, оның табиғаты болып келген, солай бола береді де. Қазақ ағартушылары жеке адамды ғана емес, қоғамды, әлеуметтік шынайылықты да адам табиғатын басшылыққа ала отырып бағалаған. Қоғамдық құрылыстың артықшылықтары мен кемшіліктері осынау әлеуметтік организмнің адамның негізгі қасиеттеріне, оның табиғатына сәйкес келуімен немесе сәйкес келмеуімен анықталған. Мәні адамның мәніне қарама-қайшы келетін қоғам ақыл-оймен жаңаруға тиіс [2, 58-б.]. Қоғамдық прогрестің басым идеясы әлеуметтік тіршілік иесі және рухани бастау ретіндегі адам болып табылады.

Іс жүзінде Абайдың барлық шығармашылығы адамның табиғатын, оның әлеуметтік мәнін түсінуге арналған. Ол былай дейді: “Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені” [9, 78-б.]. Жалғыз қалуды тұлғаның өліміне теңей отырып адам мәнінің әлеуметтілігін көрсетеді.

“Адам баласына адам баласының бәрі - дос, адам баласы адам баласынан әділ, ғылым, ар, мінез, деген нәрселерден озады” [9, 78-б.]. Бұл жерде Абай ойлары А.Тойнбидің пікірімен үндеседі, ол таза жеке бастық “менді”, немесе жеке адамды жалаң абстракция деп есептейді. Өйткені “мен” жалғыздықта, жеке оқшау қалғанда және тұйықтықта емес, қоғамда, өзінің араласып, қарым-қатынас жасайтын басқа адамдарының ортасында жүзеге асады [10, 251-б.]. Абай бойынша жеке тұлға - қоғамның және қоғамдық қатынастардың айнасы. Ол былай дейді: “Адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват” [9, 78-б.].

Абай афоризмдерінде тұлғаның, оның құрылымының және маңыздылығының әлеуметтену процесі көрсетіледі және сипатталады. “Нәресте дүниеге келгеннен кейін оның келешек жетілу дәрежесі үш себепке байланысты екенін білдірген. Олар баланың ата тегі, дүниеге келу ортасы және келешек тәрбиесі”. Әлеуметтену процесінің оңдылығын ол жақсы ортада деп білді: “Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”. Жетінші сөзінде былай дейді: “Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен демек. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?” деп, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген” [9, 21-б.]. Абай адамдағы биологиялық пен әлеуметтікті айқын бөліп қарайды, олардың табиғи бастауы мен әлеуметтік дамуын талдайды: “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады” [9, 42-б].

Әлеуметтік құндылықтардағы басты орынға білім мен еңбекті қоя отырып, Абай олардың әлеуметтік бағыттылығын атап өтеді. Мысалы, өзінің игілігі үшін еткен еңбекті ол әлеуметтік мағынасы жоқ еңбек деп қарастырады. Басқаның игілігі үшін еңбек ету - бұл адамдық борыш: “Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың” [9, 78-б]. Еңбек - қоғамдық, жалпы адамзаттық құндылық. Адал еңбек құндылықтар өлшемінде қарияның сақалынан жоғары тұрады: “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан өнерші - қазақтың әулиесі”, “Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық” [11, 9-б.].

Өз халқының әлеуметтік сорының түбірін Абай қазақтардың өздерінен көрді, оларды надан, менмен, ақымақ және еріншек деп айыптады. “...Надан ел қуанбасқа қуанады. һәм қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмейді, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды” [9, 55-б.].

Абай қалыптастырған жалпы адамзаттық құндылықтардың маңыздылығы, бірыңғай қазақ қоғамының тұтастығы туралы қағидасы негіз қалаушы сәт болып табылады... Өзінің философиясын Батыс пен Шығыстың дүниетанымы негізінде құрған Абай Қазақстанның қоғамдық ой-пікірінде тұңғыш рет әлеуметтік өзгерістердің даму идеяларының, қозғалысының және тұжырымдамасының маңыздылығын таныған. Осы көзқарас тұрғысынан ол өз халқының тағдыры мен болашағын, қазақтардың шаруашылық-мәдени тұрпатын өзгерту мүмкіндіктерін, ондағы көшпенділік, отырықшылық және жартылай көшпенділік шаруашылық тәсілдерін оймен таныды, қоғамдағы экономикалық және рухани өмірдегі бар істің жай-күйін сынға алды [12, 6-б.]. Абай кең байтақ ұлы далада әрқашан әлеуметтік өмірді ұйымдастырудың уақыт пен кеңістікте үлкен тұрақты мәні бар екенін және жеке адамдардың материалдық және рухани қырларындағы жалпыға ортақ байланыстарына негізделген ірі ауқымды нысаны болғанын көрсете білді. Бұл ретте қоғамдық өзара байланыстардың жалпыға бірдей маңызды рухани нысандары ерекше мәнге ие болады және қажетті құрылымдық құрамдас бөліктерде жүзеге асады. Өркениеттің осынау әлеуметтік таратушылары оның рухани құндылықтардың, идеялардың, бағдарлардың, нормалар мен символдардың бірлігі түріндегі толықтығын қамтамасыз етеді. Бұл жалпы өтімді қауымдастық қоғам дамуындағы сабақтастықты, оның болашақпен байланысын қамтамасыз етеді, қоғамды өзінің динамикасына бағындырады, бұл әр түрлі қалыптасу, гүлдену, тоқырау және т.с.с. кезеңдерінде көрінеді [12, 29-б.].

Абайдың рухани мұрагері - Шәкерім қоғам және қоғамдық қатынастар ұғымына ғылымилықты енгізді, яғни Батыс пен Шығыстың білімі мен тәжірибесіне негізделе отырып тұлға мен қоғамның прогресі мен дамуы идеясын дамыта түсті. Шәкерім шығармашылығының терең көркемділігі, идеялылығы, мәдениеті, оның өзі түсіндіргеніндей, “туған жерден, ана тілден” және “шығыс, орыс, батыс мәдениетінен келе жатқан нәрсе”. “Мен шығыспен ерте қауышқаннан дүниені айнадан өзімді көргендей көрдім; білімсіздіктің кірінен орыс тілі мен әдебиетін оқып-үйренуімнің арқасында тазардым” деп жазды. Оған орыстың революциялық-демократиялық философиясы, батыстық-еуропалық қоғамдық ой, ағартушылық барлық көріністері мен бағыттарында жақсы таныс болатын [13, 64-б.].

Адамдағы әлеуметтік пен биологиялық нәрсені Шәкерім бірге алып қарайды. Бұл жерде ол Чернышевскийдің “Философиядағы антропологиялық принцип” деген еңбегінде баяндалған идеяларына жақын және жоғарыда өзіміз қарастырған Абайдың идеяларын жалғастырады. Ол адамда екі қажеттілік бар, - деп жазады, - тән мен жан қажеттіліктері”. Үнемі өз қамын ойлау, өзін-өзі жақсы көру, маңғаздық - бұл тәннің қажеттіліктері. Ар-ұяттылық, адал еңбекке ұмтылу - жанның қажеттілігі. Кімді бірінші қажеттілік жеңсе, ол баю үшін, пайда табу мен даңққа жету үшін кез келген зұлымдыққа баруға дайын тұрады. Екінші адам адал еңбек пен ізгі әрекеттен танбайды [13].

Мұнда білім және еңбек сияқты әлеуметтік құндылықтар да маңызды. Алайда, батыс қоғамдарының тарихи дамуын көре отырып және жатырқау, шеттету проблемаларымен бетпе-бет келе отырып, Шәкерім адамзат қоғамын игілікке жетелер жалғыз құндылық “білім” деген ұғымға тоқтайды. Ол мәселені М.Вебердің ұғымындағы әлеуметтік еңбек пен әлеуметтік мінез-құлыққа ұқсас білім тұрғысынан қарастырады. Білім еңбекпен келеді, тиісінше еңбек - адам үшін бастапқы әлеуметтік құндылық. Бұл жерде ар-ұят, атаққұмарлық, әділеттілік сияқты адамның негізгі сипаттамалары маңызды. “Оларға еңбек өнерін үйрету керек, сонымен қабат оқу-білімге жетілдіру қажет. Жоғарғы айтылған жаман әдеттерді жоюға бұлар жеткіліксіз...”.

Шәкерім адамды тәрбиелеу процесіне ар білімін енгізуді ұсынады. “Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгесі оңай...” [14, 542-б.].

Шәкерім қоғамның одан әрі даму жолдарын үнемі ізденуде болды. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысал келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оқу біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі - тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкерімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды. Жақсы өмірдің негізін ол “адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл” деп санайды. Жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқы осы мінездемелердің болуымен анықталады, ол жеке адамдардың мінез-құлық нысандарын қалай болса солай бейнелеуге жол бермейді. Кез келген әлеуметтік әрекет әлеуметтік мәнділігін ұғынумен және басқаға ұстаным берумен қатар жүреді. Қазақ қоғамындағы жеке адамның социумда өмір сүруі мен мәртебелік позициялары социумның интеракциялаушы элементтері арасындағы айқын әлеуметтік арақашықтықты қажет етеді. “Бай мен кедейді теңеу, байдың малын кедейге бөліп беру - кедейді еріншектік, еңбексіз мал табуға дағдыландырып жіберетін жол” [14, 138-б.].

Шәкерім қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси дамуының бірнеше жолдары бар деп біледі: біріншіден, партияларға, олардың әдемі үндеулері мен ұрандарына көзсіз ере бермеу, олардың мүдделері үшін дау-дамай мен жік-жікке бөлінуге ұрынбау, онда ұтылатын тек қара халық. Халық өзінің адал еңбегіне сүйене отырып, партияның жаршыларына қарайламай, сенімді де түзу жолмен алға басуға тиіс. Екіншіден, қазақ халқы дауласуды, мал ұрлауды, жікке бөлінуді және басқа да теріс қасиеттерді артқа тастап, басқа өркениетті халықтар сияқты білім алуға, ғылымға ұмтылуға тиіс, мұнда байлардан үміт жоқ, олардың ойындағысы тек баии түсу, сонан соң көңілі марқайып, елге мақтану - бұл олардың өмірлік мақсаты. Үшіншіден, оқуға, еңбекке жағдай туғызылған қалалар, елді мекендер салу, осының бәріне балаларды жасынан тәрбиелеу қажет, бұларсыз, - деп жазады Шәкерім, - қазақтарда қазір күш жоқ, ысырапшылдық бар, өткен ұрпақ құндылықтарын дамытуда мақсатқа ұмтылу жоқ, демек қазақтар әлі өзін әлемде басқа халықтар арасында белгілі бір мәдениеті мен тарихы бар халық, ұлт ретінде өзін бекіте алған жоқ [15, 52-б.].

Шәкерім өзі діндар адам болған, бірақ бұл оның дін мен адамның өзара әрекетін, оның қоғамдық қатынастарға ықпалын талдауына кедергі болған жоқ. Ол қазақтардың заңнамалық жиыны “Ескі жолын” шариғат заңымен салыстыра талдайды. Шәкерім шариғатты қатып қалған қасаң қағида емес, қоғамдық реттеудің бейімделген құралы дейді. Қасаң қағида болуы молдалардың іс-әрекетінен. Әртүрлі даулар туралы мақалдарды салыстыра отырып, Шәкерім тарихи процесс барысындағы қоғамдық нормалардың орнықтылығы мен өзгергіштігін көрсетеді. Шығыс ғалымдарының қоғам туралы ілімінің дәстүрлерін жалғастыра отырып, Шәкерім қоғамның сәтті болуы әділ басқару арқылы жүзеге асады деп есептейді. “Әкімшілік басына арлы, ақылды адамдарды қойып, сол адамдардың бұйрығы, ақылы бойынша туған, туашақ адамдарды, жастарды қазына қарауына алуға заң шығару керек те, ол заңды бұзғандарды жазалау керек” [14, 138].

Қоғам мен оның даму жолдары Ш.Уәлихановтың еңбектерінде көрініс тапқан. Прогресшіл идеяларды таратушылар болған ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының шоқ жұлдызы осы Шоқаннан бастау алады. Сол кезеңнің ойшылдары мен қоғам қайраткерлерінің айрықша белгілері олардың Ресейдің ғылыми орталықтарында алған зайырлы білімдерімен қоса өз халқына терең берілгендігінде. Ш.Уәлиханов ағартудың философиялық принциптерін әлеуметтік қатынастар саласына жүйелі таратқан ойшылдардың бірі. Бұл оған әлеуметтік дамудың бірқатар проблемаларының өзіндік, аса айрықша шешімдерін беруге, өзінің социологиялық тұжырымдамасын жасауына мүмкіндік берді” [16, 284-б.].

Ш.Уәлихановтың социологиялық тұжырымдамасы адамзат табиғаттың бір бөлшегі болып табылатындығын, жалпы объективті сыртқы әлем сияқты заңдылықтармен дамитынын түсінуге құрылған. Бұл тұрғыдан алғанда табиғат пен қоғам арасында принципті айырмашылық жоқ және болмақ та емес. Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап етеді. Алайда ғалым табиғат заңдары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық заңдарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік заңдардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады.

Ш.Уәлиханов Орта Азияның дәстүрлі қауымдастықтарының тұрмысын, экономикалық құрылысын, мәдени нормативтерін зерттейді.

Қоғамдық даму туралы сөз ете отырып, ол “табиғи-тарихи” дамуға аяқ тірейді, адам мен адам қоғамын табиғат дамуының нәтижесі ретінде қарастырады, тарихтан тыс және жалпыға ортақ этникалық нормалар мен мұраттарды теріске шығарады. Адамдардың түсінігі мен көзқарастары тікелей тайпалық организм шарттарымен және қоршаған орта мен стихияның басқа да шарттарымен анықталады. Ағарту идеяларын таратушы Ш.Уәлиханов әлеуметтік құндылықтар мәселелеріне олардың әлеуметтік маңыздылығы мен тарихи ақталуы тұрғысынан қарайды.

Ш.Уәлиханов өзінің “Қазақтар туралы жазбалар” (“Записки о киргизах”) атты еңбегінде қазақтардың тыныс-тіршілігінің жан-жақты қырларын тәп­тіштеп зерттейді. Этникалық атауынан бастап соттық-қуыным нормалары мен құндылықтарына дейін. Қырғыздың генеалогиялық тамырын ғалым алғаш рет құрылымдық тәртіппен сипаттайды, мәртебелік-рөлдік позицияларын ашып береді. “Генеалогиялық естеліктер бойынша қырғыз-қайсақтар әр түрлі екі бастамаға жатады: ақсүйектер - күн нұрынан жаралған тектілер және қаралар - ешқандай артық тылсым қасиеті жоқ қарапайым құл-құтандар” [17, с.7]. Уәлиханов стратификациялық құрылымның анықтамасына “каста” ұғымын қолданады. “Халық сословиелерге бөлінген сияқты екі кастаға бөлінеді: манаптар мен қара бұқаралар”. Билік пен бағыну қатынастары ежелгі орда негізін салушының ұрпағы ретіндегі манаптың патриархалдық құқығына құрылған. Бұл билік біртіндеп “өсіп, ақыр-соңында құл иеленушілер мен құл­дар­дың рақымсыз қатынастарына айналды” [17, 3-б.]. Биліктің сипат­тамасы шектеусіз: манап қара халықтың толық қожайыны, оларды сата да, өлтіре де алады. Билік қатынастары үрей мен қаталдыққа құрылған, манап­тың жоғары тектілігі қарапайым халықты (demos) бағынуға, қорқып өмір сүруге мәжбүр етуге негіз болып табылады. “Барлық түрік текті көшпенді халықтар неғұрлым патриархалдық бастау алатын бағыныштылық нысанға ие болып кел­ген және қазір де солай, ал моңғол немесе моңғолдық қол астында болған орда халықтары өз құрамына екі элементті қамтиды - ақ және қара сүйек” [17, 39-б].

Уәлихановтың еңбектерінде қазақ қоғамы тарихи ретроспективада және нағыз шынайылықта зерделенеді. ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы өзгермелі процестер жан-жақты талданған.

Қоғамдағы әлеуметтік қарама-қайшылықтардың негізгі көзі материалдық өндіріс тәсілдері мен соның негізіндегі таптарға бөліну емес, үкіметтің негізделмеген саясаты, оның қате қадамдары мен әрекеттері. “Сот реформасы туралы жазбаларында” Уәлиханов ақталған реформаларды енгізуді жақтайды. Экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар халыққа қызмет етуі тиіс, “өйткені әрбір адам жеке немесе жалпы адамзат ұжымдасып өз дамуында түпкілікті бір мақсатқа - өзінің материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады, прогресс дегеннің мәнісі осында жатыр” [15, 35-б.]. “Реформалар дұрыс болғанда, яғни олар қоғамдық организмнің салауатты дамуын жолға қоятын сөзсіз болатын прогресс заңдарына негізделгенде ғана сәтті болады” [18, 198-б.].

Ш.Уәлиханов саяси үстемдікті меншіктен жоғары қояды. Ол Азия жағдайында рақымсыз нысандағы, ешкім де, ештеңе де шектей алмайтын билікті пайдалана отырып, оның иелері халықты тонайды және оның есебінен мықтап байиды деп есептейді.

Ағарту идеялары Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізін қалаушы Ы.Алтынсариннің қызметінде нақты іске асты. Білімді тек құндылық қана емес, әлеуметтік прогресс құралы деп те түсінген ол білім беру жүйесін балаларды да, ересектерді де оқытудың өзіндік әдістемесімен және құрылымымен институттандыра білді. Ғалым әрі педагогтің нақты әлеуметтік қызметі білімді қоғам қалыптастыруға, жаңа салауатты өмір салтын құруға бағытталды. Бұл ретте Ы.Алтынсарин оның жолдары мен әдістерін өз заманындағы көшпенді халықтың қоғамдық байланыстарын, қарым-қатынастарын, дәстүрлі басқару институттарын және мәдениетін ғылыми-әдістемелік талдау негізінде таңдап алды. “Қазақтың соры” (“Горе киргиза”) (1882) атты жазбасында Ы.Алтынсарин патшалықтың әкімшілік реформалары мен оны жүзеге асырудың әлеуметтік базасы сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Мәселен, жер мәселелерін шешуде халықтың жерді пайдалану тәсілдерімен санаспайды. Патшалық Ресейдің заңдарына сәйкес белгіленген сайлау тәртібі одан да өткен сорақы болды. Ы.Алтынсарин сайлаудың Қазақстанда бұрын да болғанын көрсете отырып, бұрын хандарды мұндай іске алдын ала белгіленген сайлағыштар емес, әрбір ру мен бөлімшедегі жасы мен орны үлкен ақсақалдар сайлаған, олардың ақсақалдығы қандай да бір сайлаумен емес, басқалармен салыстырғандағы артық қабілеттерімен өзінен-өзі мойындалған [4, 124-б.].

Ы.Алтынсарин өзінің жазбасында патша үкіметінен 1868 жылғы Уақытша ережені қазақтардың халықтық салт-дәстүрін, тұрмыс жағдайын және көзқарастарын ескере отырып, “жеке билейтін орыс немесе қазақ бастықтардың билікқұмарлығына жол бермеу үшін халықтың өзі лайықты сот пен өкіметті сайлап алуы үшін” қайта қарауды сұрайды [4, 124-б.].

Қазақтардың әлеуметтік жағдайын қарастыра отырып, Ы.Алтынсарин қоғамды кедейлік пен байлықтың мәртебесін анықтайтын, меншіктің негізі болып табылатын малға ие болу белгілері бойынша құрылымдайды. ғалымның мүлік иеленудің төрт түлік малдың санымен өрнектелетін жоғарғы және төменгі шекараларын зерделегенін ерекше атап өткен жөн. Қазіргі тілмен айтқанда мұны кедейлік пен байлықтың деңгейін ақшаға шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейімен салыстырылған кірістері бойынша зерделеу деп атауға болар.

Мұндай зерттеулерді патшалық, кейіннен кеңестік басшылардың елемеуі коллективтендіру жылдарында орта шаруашылықтың негізгі тобын кулактар деп жоюға әкеп соқты. Алтынсариннің айтуы бойынша қазақтардың орта шаруашылығы 300 - 400 бас жылқыны, 400 - 500 қойды, 20 - 40 түйені және 50 - 60 сиырды құрайды [19, 98-б.], бұл меншік нысандары мен шаруашылық жүргізу әдістерімен таныс емес жаңа басқарушылардың көзіне орасан көп боп көрінді. Бұл орайда Ы.Алтынсариннің зерттеулері өз заманы үшін әлеуметтік реформалардың дұрыс саясатын жасауға және жүзеге асыруға арналған мәлімет ретінде маңызды болды.

Ұдайы өсудің көшпенділік тәсілі, оның әлеуметтік ұйымы қандай да бір натурализмді, механицизмді, эволюционизмді қалыптастырды. Мысалы, Уәлиханов қоғам мен оның дамуы үшін, біріншіден, географиялық ортаға; екіншіден “тайпалық организм шарттарына” шешуші мән береді.

Белгілі қазақ ақыны С.Торайғыров Батыстың білімін меңгеру қазақтарға қысқа тарихи кезеңде материалдық және рухани дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді деп есептеген [20]. Әлеуметтік-саяси көзқарас тұрғысынан ол социализмді болашақтың қоғамы және оны құру үшін қазақтар Еуропаның оқу-білім бар жұрттарымен теңесу қажет деп жариялады. С.Торайғыровтың ұсынысы бойынша мұндай мәдени өрлеу үшін мың жыл емес, бар-жоғы жиырма-отыз жыл қажет. Бастысы - Еуропа елдері салған жолмен, олардың қателіктерін қайталамай, тек жетістіктерін пайдалана отырып жүру. Қазақтың социологиялық ойына тән нәрсе билік туралы, адамдардың өзара қарым-қатынастары туралы, туыстық пен мемлекет туралы ұғымдар мен түсініктер адамның тыныс-тіршілігінің нақты әлеуметтік шынайылықтарынан бастау алады. Абстрактілі ойлар адам болмысына барынша жақын, заттардың мәні адамзат қауымдастығына келтірер пайдасы мен зияны тұрғысынан түсіндіріледі. Бұл орайда қазақтың әлеуметтік дәстүрі қазақ қоғамының шынайы мүмкіндіктерімен және әлеуетті күштерімен қоян-қолтық астасып жатыр.

Сонымен, Қазақстанның социологиялық ойы қалыптасуының іргелі негіздері болып табылатын мына факторлар. Бірінші негізгі қабатта өз дәуірінің дарабоз ойшылдары ретіндегі Абай мен Шәкерімнің мұралары. Олардың дүниетанымында шығыс философиясының, адам мен қоғамды тану теориясының үздік дәстүрлері көрініс тапқан. Олар қазақ қоғамының дамуына рухани және ізгілік бастауларын, жалпы адамзат құндылықтарына жол салған. Олардың ілімінің, көзқарастарының маңызы және шығармашылық мұрасы қоғамдық сананың орнықты принциптерімен сипатталады. Олар Қазақстан қоғамы дамуының қазіргі кезеңінде ерекше өзекті.

Екінші мәдени және ғылыми қабат ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының өкілдері болып табылады. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннен бастап қазақтың ұлттық зиялыларының шоқ жұлдызы жасақталады, оның айрықша белгілері қазақтардың дүниетанымының ұлттық нысандары мен зайырлы білімдерінің нәтижесінде алған демократиялық көзқарастарын ұштастыруы болып табылады. Батыстың классикалық білімдерін, патшалық режим жағдайындағы ресейлік еркін ой иелерінің демократиялық идеяларын, Шығыс ілімдерінің дәстүрлік негіздерінің және көшпенді мәдениеттің сүзгіден өтуі дүниені қабылдаудың ерекше нысандары мен қоғамды зерделеудің белгілерін қалыптастырды.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 121 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік ұйымдар| Азақстанда социология ғылымының қалыптасуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)