Читайте также: |
|
Оқыту бағдарламасы
Павлодар
Н.4-72
Бекітемін
Филология және тарих факультеті
(факультет атауы)
деканы __________ Қ.М.Текжанов
(қолы) (аты-жөні)
____ _________________ 20 __ ж.
Құрастырушы: аға оқытушы, филология магистрі Ж.Қ. Жұбантаева
(лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, қолы, аты-жөні)
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «5В012100 – Қазақ тілінде
(мамандық шифрі және толық атауы)
оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «5В011900 – Шет тілі:
(мамандық шифрі және толық атауы)
екі шет тілі (ағылшын, неміс) мамандықтары үшін «Жалпы тіл білімі» пәні бойынша (пәннің жұмыс оқу жоспары бойынша толық атауы)
Оқыту бағдарламасы
Бағдарлама ____ _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды
______________20__ж. №_____- хаттамамен кафедра мәжілісінде ұсынылды
Кафедра меңгерушісі_____________ Қ.С.Ерғалиев
(қолы) (аты-жөні)
Факультеттің ОӘК-інде______ ____________20__ж. №____-хаттамамен мақұлданды
ОӘК төрағасы ___________ А.М.Сыздықова
(қолы) (аты-жөні)
Пән туралы жалпы мәлімет
Тіл білімі зерттеу мақсатына қарай жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Жалпы тіл білімі адам баласының тілі, тілдің даму заңдылықтары, тіл элементтерінің өзара қатынасы, тілді зерттеудің әдіс-тәсілдері т.с.с. мәселелерді зерттеумен айналысады. Сонымен қатар жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның пайда болу заңдылықтары мен даму заңдарын айқындайды, тілді зерттеудің әдіс-тәсілдерін белгілейді, дүние жүзі тілдерінің шығу тегі мен туыстық дәрежесіне қарай оларға классификация жасайды, тілдің ғылымдар жүйесінде алатын орнын анықтайды. Көптеген тілдердің зерттеу нәтижелерін есепке алып, оларды жинақтап, жалпы теориялық қорытындылар мен топшылаулар жасайды. Жалпы тіл білімінің теориялық қорытындылары мен топшылаулары жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар береді. Жеке тіл білімі жалпы тіл білімінің теориялық қағидаларына сүйеніп, ол қағидаларды зерттеу жұмыстарына негіз етіп алады. Жалпы тіл білімі жекелеген тілдерді зерттеудің негізінде дамиды.
Курсты меңгерудің мақсат-міндеттері
«Жалпы тіл білімі» пәні филология факультеті студенттерінің тілдік зерттеу дайындығы жүйесіндегі жалпылама және қорытындылайтын курсы болып табылады. Егер «Тіл біліміне кіріспе» курсының мақсаты тілдер туралы ғылыми әдістер мен негізгі ұғымдарды игеруден тұрса, «Жалпы тіл білімі» курсының мақсаты филология құрамында тіл туралы ғылыми білім жүйесі ретіндегі көріністі, тілді іргелі және қолданбалы зерттеудің негізгі бағыттары мен перспективаларын, тіл білімі әдіснамасының гуманитарлық ғылым ретінде қарастырылуын қарастырады.
«Жалпы тіл білімі» пәнінің міндеттеріне: 1) филологиялық пәндер жүйесіндегі тіл білімінің орнының; 2) тілді зерттеу пәнінің; 3) тілді зерттеу әдіснамасының; 4) тіл туралы ғылымның теориялық және практикалық үстеме теориясының; 5) тіл ғылымы мектептері мен бағыттарының қарастырылуы жатады.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 122 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Этнолингвистика | | | Зыреттіліктер |