Читайте также: |
|
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қаскелен, 2014 ж.
Пәннің типтік оқу бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қаулысымен бекітілген және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 5В030100-Құқықтану мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары» бойынша ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы №343 бұйрығымен бекітіліп, Республикалық ОӘК 2014 жылғы 22 қазанындағы хаттамалық шешімімен күшіне енген ҚР Азаматтық құқығы (Жалпы бөлім) типтік бағдарламаға сәйкес жасалды.
Құқықтану кафедрасы мәжілісінде қарастырылды
«___» ______________ 2014 ж., № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі Өміржанов Е.__________
Құқық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті кеңесі мақұлдады
«___» ______________ 2014 ж., №1 хаттама
Факультет кеңесі төрағасы Йылмаз Х.___________
Алғы сөз (Түсініктеме хат).
Азаматтық құқық Жалпы бөлімі пәнінде жеке құқықтық қатынастардың жалпы ережелері қарастырылады. Олар: Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшелігіне, жалпы ұстаным (принсиптеріне), қайнар көздеріне және олардың арақатынасына, азаматтық құқық нормаларына түсінік беру, азаматтық құқық субъектілернің құқықтық жағдайы, зат ұғымы олардың классификациялау ерекшелігіне, заттық құқық ұғымы және түрлері, міндеттемелік құқықтың жалпы ережелері тб. жалпы азаматтық құқық институттарына тоқталынады. Осы орайда қысқаша заңнамалардағы ерекшеліктер мен оларды шешу жолдарына және доктринадағы пікірлерге де тоқатлынады.
Алғы сөз құрылымы:
Осы пән «Азаматтық құқық» атты модульдің құрамдас бөлігі болып табылады.
Курстың қысқаша сипаттамасы
Курс 1994 ж 27 желтоқсанда қабылданған ҚР Азаматтық Кодекстің (Жалпы бөлім) құрылымымен сәйкес құрастырылған және жеке құқық саласының жалпы ережелері мен субъектілердің құқықтық жағдайы, мәмілелере, заттық құқық және міндеттемелік құқық жалпы ережелері сияқты негізгі салаларды қамтыған. Курс бакалавр деңгейінде жүргізілетіндіктен теориялық негізгі ұғымдармен қатар, практикалық жағдайы да ескеріліп дайындалған. Аталған курс Азаматтық құқық саласына кіретін жалпы қатынастардың азаматтық кодекс және заңнамардағы ерекшеліктері ескеріліп осы саралауда түсіндіріледі. Курс дәріс, семинар және өзіндік жұмыс түрінде құрастырылған.
1.3 Курстың мақсаты мен міндеттері;
Курс азаматтық құқықтың негізгі ұғымдары мен басты категорияларын оқып үйрену және соның негізінде сол заңнамаларды тәжірибе жүзінде пайдалануды игеру болып табылады. Курс 1994 ж 27 желтоқсанда қабылданған ҚР Азаматтық Кодекстің (Жалпы бөлім) құрылымымен сәйкес құрастырылған.
Курсты меңгерудің мақсаттары:
1. азаматтық құқықтың теориялық негіздерін ашу,
2. азаматтық заңнаманың маңызын нарықтық экономиканың қалыптасуында түсіндіру,
3. азаматтық құқықтың негізгі институттарымен таныстыру,
4. азаматтық заңнамаға түсіндірме беру, талдау жасау және оны дұрыс қолдану дағдыларын беру.
Курсты меңгерудің негізгі міндеттері:
1. азаматтық заңнама негіздері туралы мәліметтер алу,
2. азаматтық заң нормаларын тәжірибе жүзінде қолдана білу,
3. азаматтық қатынастар саласында субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қабілеттіліктерін қалыптастыру.
1.4 Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері;
«ҚР Азаматтық құқығы Жалпы бөлім» пәнін оқу үшін студенттердің меңгеруі тиіс пәндер. Пререквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы, Мемлекет және құқық тарихы, Рим құқығы, ҚР Конституциялық құқығы, Логика.
«ҚР Азаматтық құқығы Жалпы бөлім» пәнін меңгергеннен кейін оқитын пәндері. Постреквизиттері: Азаматтық құқық (ерекше бөлім), Кәсіпкерлік құқық, Тұрғын үй құқығы, Халықаралық жеке құқық, Жер құқығы, Нотариат, Отбасы құқығы және т.б.
1.5 Курс (пән) МОБС (ГОСО) сәйкес міндетті пәндер компоненті болып табылады;
1.6 Курс нәтижесінде студенттің біліктілік жағдайы мен меңгеруі тиіс;
Осы курсты игеру нәтижесінде тыңдаушы,
білуі тиіс:
- азаматтық құқықтың негізгі ұғымдары мен категориялар мен мазмұнын;
- азаматтық құқықтың теориялық негіздерін;
- азаматтық құқықтың негізгі ұғымдарын, институттарын;
- азаматтық құқықтың негіз қалаушы бастауларын;
- азаматтық құқықтың негізгі ережелерін.
- азаматтық құқықтың негізін қалаушы бастауларының практикалық арақатынасын;
- тәжіриберік жағдайларға талдау жасап шешім табуды, азаматтық заңдар нормаларын дұрыс және ұтымды қолдануды;
жасай алуы тиіс:
- азаматтық құқықтық қатынастардың заңи фактілерін және азаматтық құқықтық қатынастарды талдау,
- азаматтық құқықтың терминологиясын, негізгі ұғымдары мен категориялар мен мазмұнын, институттарының ерекшелігін;
- азаматтық құқық қайнар көздері арасы қатынасы жағдайында шешім қабылдауды;
- азаматтық заңнамаға түсіндірме беруге, талдау жасауды;
- берілген тақырып бойынша ғылыми ізденіс жасап, азаматтық құқық теориясындағы пікірлерге талдау жасап, ғылыми қорытынды шығаруды.
Кіріспе
Жеке құқық саласы жалпы Кеңес Одағы кезеңінде өзінің дамуы тоқтап қалғандықтан, елімізде тежелген құқық саласы екендігі анық. Алайда еліміздің егемендік алуымен қатар нарықтық экономикаға бетбұруының нәтижесінде осы құқық саласы қайта дамып дамыған елдер қатарында құқықтық тұрғыдан да теңелу талпынысы еліміздің аталған құқық саласында да байқалады. Осы орайда жеке құқық оның ішінде азаматтық құқық саласында мамандар дайындау ісі де ЖОО негізгі міндеті болып отыр, себебі ЖОО, яғни Университеттер құқық нарығындағы мамандар тапшылығын толықтыру және оны дамытуда ғалымдар дайындау ісі негізгі бағыты болып табылатыны анық.
Бакалавр мамандарды жалпы дайындаумен қоса, оқыту процесінде өзекті мәселелердің бірқатарын қарау мақсаты қойылады. Өкінішке орай жаңа ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) мұндайға көп негіздер береді. Бұл мынаны білдіреді - оны оқыту поцесінде нәтижесі қандай да бір нормалардың жетілдірілу қажеттілігі, толықтыру мен өзгерту туралы, заңдық бекітілімдердің логикалық қатары туралы ұсыныстар жасау болып табылатын қазіргі заңнаманы бағалау жүргізіледі. Мұндай білімдер студенттерге азаматтық құқық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалу процесінде көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ олардың алдағы құқықшығармашылық және құқыққолданушылық қызметінде пайдалы рөл атқарады.
Осы курсты оқу барысында сабақтардың негізгі нысандары: дәрістер, семинарлар және тәжірибелік сабақтар.
ЖОО-нда оқудың ерекшелігі – орта білім алу процессіне қарағанда, жоғарғы білім алу процессі – ол дербес өзіндік білім алу. Семинар сабақтарға дайындалу оқу материалын игерудің негізгі нысаны болып табылады.
Сабақтарда студенттің белсенділігі пән бойынша өз білімдерін тереңдетуге, қайнар көздермен дербес жұмысты атқару, дайындалып дәлелді баяндама жасау, дискуссияға қатысып өз пікірлерін негіздеу дағдыларын алуға мүмкіншіліктер береді.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 60 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Информация о ПВЗ. | | | Дәрістер |