Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Курстың глоссарийі

Осымша әдебиеттер | Тақырып: Пәннің мазмұны және жалпы мәліметтер | Тақырып: Жартылай өткізгішті диодтар | Тақырып: Биполярлы транзисторлар | Тақырып: Биполярлы транзисторлар | Тақырып: Өрістік транзисторлар | Тақырып: Тиристорлар | Тақырып: Оптоэлектрондық аспаптар. | Тақырып: Интегралдық микросұлбалар | Тақырып: Күшейткіштер |


Читайте также:
  1. Курстың мазмұны

 

Автономды инвертор – тұрақты токты жиілігі өзгеріссіз немесе реттелетін айнымалы токқа түрлендіретін және автономды (айнымалы ток желісімен байланысы жоқ) жүктемеге жұмыс істейтін құрылғы.

Айнымалы кернеу түрлендіргіштері – айнымалы токпен қоректенгенде, жүктемеге келетін кернеуді өзгертетін құрылғылар.

Басқару жүйесі - кез келген түрлендіргіш түрінің тиристорларына ашылу импульстерін беруді қамтамасыз етеді, түрлендіргішпен бірге оның шығыстық кернеуін қалыптастыру және реттеумен байланысты есептер кешенін шешеді.

Биполярлық транзистор – екі p-n өткелі бар, қатпарларының электрөткізгіштігі кезек ауысатын, үшқатпарлы жартылай өткізгіштік құрылым.

Диод – токты біржақты өткізетін электр тізбегінің екі электродты элементі.

Динистор (диодтық тиристор) – аспаптың жабықтан ашық қалыпқа өтуі анод пен катод арасындағы кернеу аспап параметрі болып табылатын белгілі бір шекаралық шамаға жеткенде жүзеге асады.

Диффузиялық сыйымдылық – p-n-өткелінің оң және сол жағындағы мәндері ондаған және жүздеген пикофарадқа жететін теңгерілмеген электрондармен кемтіктердің қосындылық зарядтарының өзгеруімен ерекшеленеді.

Жетектегі инвертор (желі жетегіндегі инвертор) – тұрақты ток көзі энергиясын айнымалыға түрлендіріп, айнымалы ток желісіне беретін құрылғы.

Жылулық тесіп өту – температураның шектен тыс көтерілгенінде p-n-өткелінде тасушылардың интенсивті термогенерациясы салдарынан пайда болады.

Жиіліктің тікелей түрлендіргіштері – айнымалы ток желісі энергиясын қоректендіру желісі жиілігінен басқа айнымалы ток энергиясына түрлендіреді.

Көшкіндік тесіп өту – p-n-өткеліндегі атомдарды жылдам заряд тасымалдаушыларымен соққылы иондануы нәтижесіндегі тасымалдаушылардың көшкіндік көбеюімен сипатталады.

Микроэлектроника – ықшамдаудың жоғары деңгейінде электронды тораптарды, блоктарды және құрылғыларды құрастыру, жасау және қолдануды қамтыған электрониканың қазіргі заманғы бағыты.

Микроэлектрониканың интегралдық ұстанымы – әрбір элементті жекелеген транзистор, диод, резистор, конденсатор және тағы да басқа ретінде емес, оларды бөлшектенбейтін сұлбалық қосынды, торап, блок немесе электрондық аппаратура құрылғысы түрінде электронды компоненттерді жасау және қолдану.

Тиристор –екі тұрақты қалпы бар - өткізгіштігі төмен (тиристор жабық) және өткізгіштігі жоғары (тиристор ашық) төртқатпарлы жартылай өткізгіштік аспап.

Токты инверторлау – тұрақты токты айнымалыға түрлендіру процесі.

Тосқауылдық (зарядтық) сыйымдылық – қоспалар иондары жасайтын көлемді зарядтардың p-және n- қатпарларының бөліну шекарасының екі жағына жиналуымен сипатталады.

Түзеткіш – айнымалы токты тұрақтыға түрлендіретін құрылғы.

Туннельдік тесіп өту – күшті электрлік өріс ықпалымен кристалдық тор атомдарынан валентті электрондардың тікелей үзілуі.

Триодтық тиристор – аспап қалпын басқару үшінші – басқарушы электрод тізбегі бойынша жүзеге асады.

Фототиристор – тиристордың ашылуы үшін қажетті заряд тасушылар санының ұлғаюы басқару тогы есебінен емес, аспапқа жарық беру арқылы жүзеге асады.

 

 

2 Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)

2.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

 

Лектор: Түркебаева Зәмзәгүл Төлеуқызы,

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің

«Электрмен жабдықтау» кафедрасының аға оқытушысы, тел. 39-76-08

2.2 Пән туралы мәліметтер:

 

РЕ2214 – Өнеркәсіптік электроника

Бұл пән 3 кредитті құрайды (135 сағат)

Курс 2, семестр 4.

Бақылау түрі– емтихан.

Емтихан тест бойынша тапсырылады. Жалпы білім бағасы кредиттік технологияға сәйкес қойылады (9 пунктті қара).


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 127 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіріспе| Курстың мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)