|
Этнолингвистика (этносемантика, антрополингвистика) тіл білімінде социялогиялық бағытың америкалық вариантын білдіреді. Идеялық бағыты бойынша европалық неогумбольдттыққа жақын. Этнолингвистика тіл материалдық мәдиниеттің қалыптасуына жол ашқан және онымен өзара әрекеттестікті жалғастырғанұжымның тарихи мұрасы ретінде түсіндіріледі. Этнолингвистика тілді зерделегенде оның мәдениетке қатынасына, тілдің функциясымен эволюциясында тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың өзара әрекеттестігіне назар аударады.
Этнолингвистиканың өзі ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Франц Боас (1858-1942) және оның бірінші шәкірттерінің еңбектерінің арқасында бөлініп шықты.
Ең алдымен этнолингвистикалық зерттеулерден сол кезде туып қалыптасқан дескриптивтік лингвистикаға байланысты семантика ажыратылды. 50-жылдардың басында дескриптивизм шеңберінде сыймайтын неогумбульдттықтың американдық варианты шегінде қалыптасқан тілдік қатыстылық болжамын көрнекті тілші-ғалым Э. Сепир (1884-1939) мен оның шәкірті Б. Уорфтың (1897-1941) ұсынғанда, талқылау барысында семантикалық қырына қызығушылық жаңарды. Америкалық неогумбольдтшылар тіл мен мәдениеттің өзара қатынасынан баса назар аударып, мәдениетті жасақтауда, логика мен грамматика категориясының инвентары мен мазмұнында, қоршаған әлем мен адам мінезін қабылдау ерекшеліктерінде тілдің айқындаушы ролін дәлелдеу үшін контрастивтік лингвистика әдісін (Европа тілдері мен америкалық үндістердің тілдерін салғастыру) кеңінен пайдаланылды (неміс неогумбольдтшілерінен айырмашылығы).
Тілдік жүйелер белгілі бір дәрежеде ұқсасқанда ғана әлемнің ұқсас көріністері (физикалық құбылыстар сайма-сай келгенде) жасалады дегенге саятын тіл қатысы болжамы көптеген пікірлер тудырады. Онтогенез бен филогенезде тіл меңгеруге бұл болжам қосымшасының әр түрлі сипаты атап көрсетілді.
Этнолингвистика практикасына тақырыптық жақын сөздер шеңберінде оппозициялық талдаудың арқасында бөлінетін және тілдік емес ақиқаттық белгілі бір салаларының түрлі тілде мүшенуінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін көруге, сол сияқты лексикада жүйелі байланыстырды табуға мүмкіндік беретін симультанды дифференциады семантикалық нышандардың жиынтығы түрінде мәнді білдіретін туыстық, бояу түсі және сол сияқты типті сөздер тобын салғастырмалы зерттеу үшін сыңарлы талдау әдісі енгізілді.
ХХ ғасырдың екінші жартысының этнолингвистикалық зерттеулері сынақтық психология әдістерін тарату, түрлі тілдердің семантикалық модельдерін салғастыру, халықтық таксономия проблемаларын зерттеу, паралингвистикалық зерттеулер, сол тілдердің негізінде рухани этникалық мәдениетті қайта құрастыру, фольклористикаға назарды жандандыру сияқты сипаттарымен айырықшаланады. Жаңа пайда болған социолингвистика және психолингвистикамен, сол сияқты этностық тарихпен, этнографиямен, сөз этнографиясымен, консервациялық талдаумен, дискурс талдауымен жақындасу байқалады.
Социокультуралық контексте тілдің қолдануын талдаудың теориясы мен әдісі сияқты сөз этнографиясы 60-жылдардың басында Д. Хаймз бен Дж. Гамперцтің еңбектерінде ұсынылып, А. Сикурел, Дж. Бауман, А. Корсаро жұмыстарында дамытылды. Трансформациялық грамматиканы тудыратын теориядан айырмашылығы ол сөздің ролін дискурс талдауында этнографиялық ағымның көзі ретінде түсіну мүмкіншілігін мойындайды. Айтылым шеңберінде туған әлдебір сөйлеу (кеңірек алғанда – коммуникативтік) уақиғасымен байланыстырылып қана зерттеледі. Кез келген сөйлеу уақиғасының мәдени шарттылығы (уағыз айту, сот мәжіліс, телефон арқылы сөйлесу және т.б.) аталып көрсетіледі. Тікелей бақылау (сөйлесу уақиғасына қатысу), игерілмеген деректерді талдау, ана тіліндегідей өзге тілде сөйлеушілермен сухбаттасу жолымен тілдік қолданыс ережелері белгіленеді.
6 Тіл және социум
Социолингвистика тіл білімі, әлеуметтік психология және этнографияның тоғысында ерекше пән ретінде туып, тіл білімінде ХХ ғасырдың бірінші жартысында А. Мейе, Е.Д.Поливанов, Л.Я. Якубинский, В.В. Виноградов, Б.А. Ларин, В.М. Жирмунский, Р.О. Шор, М.В. Сергиевский, Н.С. Чемоданов, В. Матезиус, Б. Гавранек, Й. Вахек, Т. Фрингс және солардың Лейпцигте құрған диалектогиялық мектебі, Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Ли Уорф және басқа антропологиялық лингвистика өкілдері, «тілдік өмір сүрудің» жапондық мектебі жасаған зерттеу ұстанымдарының қазіргі кезеңде өткерілуін білдіреді. Ол өз сипаты бойынша имманентті структурализм мен топтастырушылыққа реакциядан туған. Оған әлеуметтік қатынастардың шиеленісуіне байланысты 60-70-жылдары Европалық және Америкалық қоғамда өскен тіл социологиясына қызығушылықты қанағаттандыруға ұмтылыс, Азия, Африка, Орталық және Оңтүстік Американың көптеген мемлекеттерінде тіл саясаты мен тілдік жоспарлаудың өзекті проблемаларына көңіл бұру тән.
Социолингвистиканың дамуына көптеген Кенес заманының ғалымдары (В.А. Аврорин, Г.В. Степанов, А.Д. Швейцер, В.Д. Бондалетов, А.И. Домашнев, Л.Б. Никольский, Ю.Д. Дешериев және басқалары) сүбелі үлес қосты. Қазақстанда – Б.Х. Хасанов, З.К. Ахмеджанова және т.б.
Зерттелетін көптеген проблемалар – тілдің әлеуметтік табиғаты, оның қоғамдық функциялары, әлеуметтік факторлардың тілге ықпалының сипаты, тілдің қоғам өміріндегі ролі – жалпы тіл білімінің де, социолингвистиканың да кіріспесіне бірдей қатысты.
Социолингвистикада үш ағым бар:
а) социологияға басым бағытталған ағым (уақыт, мақсат, тілді немесе тіл вариантын, адресатты таңдау факторларын ескере отырып, тіл қолданысы нормалары; бір жағынан тіл қолданысы мен тіл қондырғысының өзара қатынасы, екінші жағынан үй немесе ұсақ әлеуметтік желілер; өзара әрекеттестіктегі әлеуметтік экономика, тарих, этникалық дифференциация, мәдениет, тілдің әлеуметтік жіктелуі мен варианттары құраған құбылыстар кешеніне байланысты диглоссия мен кодтар теориясы проблемалары);
ә) лингвистикаға басым бағытталған ағым (социологиялық параметрлерді есептегенде анықталатын тілдік жүйелердің бір текті болмауы; түрлі тілдік және тілдік емес айнымалылардың – әлеуметтік жіктің, жастың және сол сияқтылардың ықпалының нәтижесі болып табылатын белгілі бір әлеуметтік детерминацияланған тілдік ережелерді ықтималды талдаудың негізінде анықтау; тілдік өзгерістер теориясын жасау үшін варианттық лингвистика арнасында зерттеудің осындай мәліметтерін пайдалану мүмкіншілігі; тілдік эволюция үрдістері үшін әлеуметтік шарттардың релеванттылығын анықтау; вариантты құрылымның синхронды мәліметтерінің диахронды өзгерістердің «мезеттік бейнесі» ғана екенін дәлелдеу;
б) этнометодология мен этнография бағытталған ағым (тілдік әрекеттестік орталық ұғым ретінде; қоғам мүшелері әлеуметтік ақиқатты жасап, оны реттелген түрінде бір-біріне таныстыру әдістерін зерттеу; онда әңгімені ұйымдастыру ісін формальды конверсациялық талдау мен мәннің тууы мен оның контекстуализация амалдарына сүйеніп түсінудің интерактивті үрдістерін зерттейтін этнографиялық талдаудың ара жігін ашу).
Социолингвистиканың пәнаралық мәртебесі ұғымдық аппаратында әлеуметтік, тілдік нышандар негізінде тілдік ұжымды анықтауда (әлеуметтік әрекеттестік пен тілдің ортақ болуы); тіл жүйесінің белгілі бір деңгейімен және қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгеруімен немесе белгілі әлеуметтік жағдайлармен қатыстылық негізінде социолингвистикалық айнымалыларды анықтауда көрінеді. Негізгі назарға құрылымы жағынан көп өлшемді және стратификациялық дифференциацияны (қоғамдағы әлеуметтік жіктердің әр тектілігі), жағдайлық дифференциацияны (әлеуметтік жағдайлардың сан алуандығы) қамтитын тілдің әлеуметтік дифференциациясының проблемасы алынады. Сонымен қатар ұлттық тілдердің құрылу, тіл мен мәдениеттің әрекеттестігі проблемалары зерделенеді.
Тілдік жағдайды әр түрлі тілдердің немесе бір тілге жататын түрлі формалардың – әдеби тілдің, қарапайым тілдің, өңірлік койненің, белгілі бір этностық қауымдастықта немесе мемлекеттік құрылымда қолданылатын аумақтық және әлеуметтік диалектілердің жиынтығы деп түсінудің мәні ерекше. Тілдік жағдайлар экзоглоссты (түрлі тілдерді қолдану) және эндоглоссты (бір тілдің түрлі варианттарын қолдану), балансты (түрлі тілдердің немесе бір тілдің түрлі варианттарының бірдей функционалдық салмағында) және балансты емес (түрлі тілдер немесе бір тілдің түрлі варианттары арасында функциялардың әркелкі бөлінуі) болып айрықшаланады.
Түрлі мәдениеттер қатысында тілдердің қатысу үрдістерін, осыдан туатын лексикалық алмасуларды зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Белгілі бір коммуникативтік сала, әлеуметтік жағдай және сол сияқтылар ескеріледі, сол этномәдени ұжымда түрлі тілдер немесе бір тілдің түрлі варианттары қатар жүріп қолданылғанда билингвизм (қостілділік) мен диглоссияның (бір тілдің түрлі варианттарын қолдану қабілеті) әлеуметтік аспектілері зерделенеді. Әлеуметтік әдепті сөйлем құру үшін ұтымды варианттарды таңдау проблемасына көңіл аударылады, сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік нормалары анықталады.
Социолингвистика тілдердің (немесе тіл варианттарының) функционалдық бөлінісін сақтау немесе өзгерту жөніндегі, жаңа тіл нормаларын енгізу немесе бұрынғысын сақтау жөніндегі шаралардың жиынтығы ретінде тіл саясатының проблемасымен айналысады.
Социолингвистика зерттеудің мына әдістерін пайдаланады: тікелей бақылау, қосылған бақылау (бақылаушы коммуниканттардың бірі ретінде қатысуы), сауалнама өткізу, сұхбат жүргізу (ақпарат берушіні еркін әңгімеге немесе белгілі бір эталонға саналы бағдар ұстауға тарту), зерттеу мәліметтерін корреляциялық талдау (әлеуметтік және тілдік өлшемдерді кестелік мәліметтерді, тәуелділік кестелері мен математикалық статистиканы тарта отырып, тәуелсіз және толық немесе ішінара тәуелді айнымалыларды салғастыру). Тілдің әлеуметтік шартты варианттылығын модельдендіру (модель тудыратын тіл элементтерін, ықтималды-статистикалық талдаудың, ал диахронды талдау мақсатында – географиялық және әлеуметтік кеңістікте тілдік инновациялардың толқын тәріздес таралу туралы болжамға сүйенетін импликациялық толқынды модельдің элементтерін пайдалана отырып) әдістері ұсынылады. Сөйлеу ережесінің де модельденуі мүмкін, оның өзіндік социолингвистика-лық айнымалыларды негізгі таңдау және осы таңдауды шектейтін әлеуметтік факторларының есебі бар.
Дәріс №15
Тақырыбы: Кеңестік тіл білімі
Жоспары: 1. Негізгі зерттеулер
2. Ғылыми жаңалықтар
Тірек сөздер: грамматика, принцип, философия
Әдебиеттер: негізгі: 3,4
қосымша: 7, 11, 14, 15, 19, 23
Кеңес өкіметі орнауының алғашқы жылдарында тіл білімі алдына қойған ең басты міндеттердің бірі - бүкіл халықпен бірлесе отырып елдегі сауатсыздықты жою, жер-жерде ашылып жатқан оқу орындарына қажетті оқулықтар жазу, өзіндік жазуы жоқ ұсақ халықтардың өз тілдерінің дыбыстық жүйелеріне лайықты жазулары болуына, емлесінің, жазу тілінің қалыптасуына жәрдемдесу болатын. Тіл ғалымдары бұл міндеттерді абыроймен іске асырды.
Жер-жерлерде әр түрлі дәрежедегі оқу орындарының көптеп ашылуы, олардағы оқыту істерінің алғашқыда әр халықтың өз тілінде жүргізілуі, ана тілінің оқу пәндерінің бірі ретінде оқытылуы - одақ көлеміндегі тілдердің грамматикалық құрылыстарын зерттеуді, олардың практикалық және ғылыми грамматикаларын жазуды күн тәртібіне қойды. Күрделі де қиын бұл міндетті де тіл ғалымдары абыроймен орындады. Соның нәтижесінде одақ көлеміндегі жалпы білім беретін оқу орындарының барлығы да ана тілінде жазылған грамматикалық оқулықтарға ие болды, қырық-елуден астам тілдердің академиялық грамматикалары жарық көрді.
Тілдің грамматикасын жазу үшін әр тілдің өзіне тән нормасын айқындау қажет болады. Ол үшін тілдің диалектілік ерекшеліктерін, грамматикалық, тілдік норма етіп, ол ерекшеліктердің қайсысын қолданудың жөн болатындығын айқындау қажет. Осыған байланысты кеңес тіл ғылымында диалектологиялық зерттеу де кең көлемде етек алды. Одақтағы көптеген тілдердің диалектілік сөздіктері, диалектологиялық карталары жасалды.
Бұл жұмыс тек норманы, тілдегі диалектілерді айқындаумен ғана шектелген жоқ, соларға қоса жер-жерде әр халықтың ұлттық әдеби тілін қалыптастыру, оның өткені мен қазіргі күйін, болашақ бағыт-бағдарын зерттеу жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Жер-жерде әдеби тілдің теориялық және практикалық жақтарын жан-жақты қамтыған көптеген зерттеулер дүниеге келді.
Айтылғандар жалаң болмау үшін қазақ тілі мысалдарымен толықтыра түсейік. Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да араб жазуын қолданды.
Ислам дінінің енуіне байланысты ІХ-Х ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтар қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де қолданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептелді, сондықтан оны озгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың құқы болмады. Сол себептен консонанттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласының әр жерінен миссионерлік мақсатта болса да, орысша-қазақша мектептер ашыла бастағаны, бірді-екілі болса да мерзімді баспасөздің алғашқы қарлығаштарының көріне бастағаны белгілі. Қазақ тілі де араласатын дүниеге келген бұл жаңалықтар енді сол тілдің жазба тіліне икемделуін, өзіндік жазуы болуын қажет етті. Бұл қажеттілік аталған мәселелерді шешуді алғаш рет күн тәртібіне қойды, мерзімді баспасөз беттерінде пікір алысу орын алды. Қазақтың тұңғыш тіл ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын өзгертіп, соның негізінде қазақ тілінің ұлттық жазуын қалыптастыруды Қазан төңкерісінен бұрын қолға алған болатын. А.Байтұрсынұлы қазақ әліппесі 1915-жылдың өзінде қазақ халқының ұлттық жазуы деген атқа ие болып, 1929-жылға дейін ел өмірінің барлық саласында да кең қолданылды. Қазақ тілінен мектептерге арналған тұңғыш оқулықтарды жазған да А. Байтұрсынұлы болды. Оның «Тіл құралы» деп аталған оқулықтары 1914-жылдан бастап 1928-жылға дейін бірнеше рет қайталанып басылды. Сондықтан А.Байтұрсынұлын ана тілімізде дамыған қазақ тілі білімінің атасы, бас ғалымы дейміз.
Ресейдің әлемдік тіл ғылымына теориялық мәнді ештеңе қоса алмағаны, Батыста қалыптасқан әр түрлі лингвистикалық мектеп пен әдіс-тәсілдерді қайталаудан аса алмағаны белгілі. Бірақ соған қарамастан Кеңестік дәуір дүниеге келген күннен бастап, "ескі дүниені талқандап, жаңа дүние жасаймыз" деген тәрізді өркөкіректікке, астамшылыққа салынып, Батыстағының бәрі жаман, бәрі зиянды деп лепірушілік етек алды. Бұл салада бірінші болып қолға алынған мәселе тіл білімінің философиялық негізі, тілдің әлеуметтік мәні жайындағы мәселе болатын. Бұл отан ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де негізі - марксистік диалектикалық материализм деп жарияланды. Сөйтіп, осы негізде Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастыру талабы қойылды, оны қалыптастырушылардың жолбасшысы, көсемі болып, Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді.
Н.Я.Марр- иберий-кавказ тілдерінің маманы. Ол алғашқыда бұл тілдердің туыстық төркін, олардың семит тілдерімен байланысын зерттеді де, келе-келе өз теориясын "яфет теориясы" деп атады. "Яфет" деген терминді басында Н.Я.Марр бүкіл Кавказия, Жерорта теңізі бассейндеріндегі толып жатқан тілдердің бәріне ортақ шартты атау ретінде қолданған да, артынан осы тілдерді зерттеуден туған өз тұжырымдарын "Яфет теориясы" деп атаған. Бұл атау бертінірек келе "Тіл туралы жаңа ілім" деген атаумен ауыстырылды. Бірақ әдебиеттерде бұл екі атау кейде бірінің орнына бірі қолданыла берді.
Н.Я.Марр бастаған "Тіл туралы жаңа ілім" өз қадамын революциядан бұрын үнді-еуропалық тіл білімі деп аталатын ғылымды кеңестік дәуір талабы тұрғысынан қайта қарап, үнді-еуропа тіл біліміндегі солкездегі қайшылықтардың, тоқырашылықтардың біразын дұрыс көре білді. Бұл бағыттың буржуазиялық тілдерде бірсыпыра мәселеде реакциялық, нәсілдік бағытта болып, отар елдер мен аз ұлттарды, олардың тілдерін кемсітіп, қорлайтындықтарын ашық айтты. Шынында да, әсіресе XX ғасырдың баскезінде үнді-еуропа семьясына жататын тілдерде сөйлеуші халықтарды жоғары бағалау, бүкіл мәдениетті, ғылымды жасаушы солар, прогресс соларға тән қасиет, басқа халықтар жараталысынан дамуға икемсіз, кері-тартпадейтін шовинистік бағытедәуір етек алды.
Халықтар достық, тең құқылыға туын көтере дүниеге келген кеңестік құрылыс мүддесіне, жаңа идеяға қызмет етуді мақсат еткен Н.Я.Маррдың ондай жат идеяға қарсы күресуі, әрине, табиғи нәрсе еді. Бірақ осы сын келе-келе салыстырмалы-тарихи тіл білімінің пайдалы жағынан да бас тартып, тіл біліміне марксизмге тән емес дөрекілік, асқақтаушылық, менмендік әсер тигізді
Н.Я.Марр тіл туралы жаңа ілімді яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядаға тілдермен қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады. Ол қалыптастырған "Жаңа ілімінің" өзіндік жүйесі, бағдарламалық бағыты, концепциялары болды. Бірақ олар Маркстің қоғам дамуына байланысты айтылған қағидаларын ешбір өзгеріссіз тілге де қолданғандықтан, бірсыпыра қате тұжырымдар жасалды:
1.) Марксизм - құлдық, феодалдық, капиталистік қоғамдар -
таптық қоғамдар. Бұларда адамдар қанаушы, қаналушы таптарға бөлінеді, таптан тыс адам болмайды десе, Н.Я.Марр осы
қағиданың көмегімен таптық қоғамдағы тіл де таптық болады, қанаушы таптың өз тілі, қаналушы таптың өз тілі болады, жалпыхалықтық тіл деген жалған сөз деді;
2) Марксизм - қоғамның саяси, құқықтық, діни, көркем
өнерлік, философиялық көзқарастары - қоғамдық базистің
қондырмалары, базис жойылумен бірге бұлар да жойылады, бұл
жаңа базистің өзіндік қондырмасы болады, ескі базис тұсындағы қондырма жаңа базис мүддесіне қызмет ете алмайды десе,
Н.Я.Марр тіл де қоғамдық қондырма, ол қоғамдық базиспен
бірге жойылып отырады, феодалдық базис тұсындағы тіл капиталистік базиске, капиталистік базис тұсындағы тіл социалистік базиске қызмет ете алмайды, қоғамдық формациялардың әрқайсысының өзіндік тілдері болады деді;
3) Н.Я.Марр - дыбыс тілі адам қоғамымен бірге туған құбылыс емес, дыбыс тілсіз де қоғам болған, дыбыс тілі қоғам мүшелері түрлі таптарға бөлінген кезеңде пайда болған және ол алғаш дүниеге келгенде адамдардың бір-бірімен қатынас жасау құралы ретінде емес, магиялық құрал ретінде, тайпа көсемімен қатынас жасау құралы ретінде шыққан, оны тек бақсы-балгерлер, тайпа көсемдері ғана қолданған, адамдардың бір-бірімен қатынас жасауының алғашқы құралы - қол тілі болған дейді. Ал марксизм дыбыс тілі адам қоғамымен бірге туып, қатар жасап келеді, қоғамсыз тіл болған емес. Дыбыс тілі тілсіз қоғам, адамдар қатынасының ең маңызды құралы дейді;
4) Н.Я.Марр тіл зерттеуде төрт түрлі элементке негізделген палеонтологиялық талдау әдісін қолдануды ұсынды. Бұл әдіс бойынша дүние жүзіндегі тілдердің барлығының шығу төркі, глоттогониялық үрдісі бір. Олардыңбарлығы да обастағы сал, бер йон, рош деген төрт элементтен тарайды. Бұл элементтердің қалдығын қазіргі заман тілдерінің қай-қайсысынан болса да табуға болады деді. Бірақ бұл бос болжам еді.
5) Марксизм қоғам өзінің даму тарихында төрт түрлі қоғамдық; формациядан (алғашқы қауымдық, құлдық, феодалдық, капиталистік, соцалистік қоғамдар) өтеді. Дамудың бұл формациялары қоғамдық бірліктің барлығына да тең, барлығы
да осы сатылардан өтеді, бір ізді болады десе, Н.Я.Марр осы
қағиданы тілге қолданып, тілдің дамуында да әр түрлі формацияға лайық әр түрлі сатылар болады, тіл сатылық жолмен
дамиды, бірі өткен сатыдан тілдердің басқалары да өтуге
міндетті, тіл атаулының барлығы да дамудың бір ғана жолмен
жүреді деді;
6) Марксизм қоғам дамуы тек эволюциялық жолмен ғана
жүрмейді, алдыңғы қоғамдық формация кейінгі қоғамдық формацияға орнын өз еркімен, бейбіт жолмен бермейді, соңғысы
алдыңғыны күшпен, революциялық жолмен құлатуы, эволюциялық дамудың революцияға айналуы сияқты секірмелі болады десе, Н.Я.Марр осы қағида ізімен тілде дамудың бір сатысынан екінші сатысына өткенде революциялық секіру жолымен, бұрынғы тіл кенет жойылып, оның орнына мейлінше жаңа тіл пайда болады, тілдердің сатылық өзгерістерінде, яғни жаңа тілдің пайда болуында тілдер тоғысуының шешуші мәні бар, тоғысқан екі тілдің екеуі де жойылып, оның орнына бастапқылардың ешқайсысына ұқсамайтын жаңа, үшінші тіл пайда болады деді;
7) тілдердің дамудың қай сатысында тұрғанын білдіретін
негізгі көрсеткіш - тілдік элементтердің семантикасы, сондықтан семантика тіл білімінің ең негізгі объектісі болады дегенді
айтты.
"Тіл туралы жаңа ілімнің" негізгі бағдарламалық концепция-лары болып есептелетін бұл тұжырымдардың қай-қайсысы да қоғам жөніндегі ілімнің мәніне жете түсінбей, оны тіл мәселелеріне теріс қолданудан туған жаңсақ қорытындылары еді. Бірақ осы қате тұжырымдар 1950 жылға дейін отан тіл білімінде үстем болып келді. Кеңес тіл ғалымдары өз зерттеулерінде оларды басшылыққа алуға міндетті саналды.
Лингвистикалық бұл мектепті қалыптастырушы, бұрыннан да ғылыми беделі, ұйымдастырушылық тәжрибесі бар Н.Я.Марр 20-жылдар ішінде-ақ көрнекті марксшіл тіл ғалымы ретінде танылды. 20-жылдардың аяқ кезінен бастап оның ілімін жақтаушы тіл ғалымдарының тобы құрыла бастады. Бұл топ өздерін Н.Я.Маррдың шәкіртіміз деп санады. Елдегі тіл білімін басқару органдары бірте-бірте "Тіл туралы жаңа ілімді" жақтаушылардың қолына көшті. Олар кеңестік тіл біліміндегі істің жайын аздап та болса сынауға, тіпті тіл біліміндегі "жаңа ілім" дегенді сынау жөніндегі болмашы әрекеттің өзіне тыйым салып, Н.Я.Маррдың мұрасына сын көзімен қараған, оның ілімін мақұлдамаған зерттеушілерді қуғындап отырды. Бұл кеңес тіл білімінің дамуын кенжелетіп, тұйыққа тірей бастады.
Партияның орталық органы "Правда" өзінің 1950 жылға 5- мамырдағы санында сын және өзара сын арқылы кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты жойып, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс жариялайтынын хабарлады. Айтыс мақалалары "Правда"-ның 4-шілдеге дейінгі 9 санында жарияланды. Айтыс бүкіл кеңес интеллигенциясының, әсіресе барлық кеңес тіл ғалымдарының назарын аударды.
Айтысқа өздерін Н.Я.Маррдың шәкірттеріміз дейтіндер де, оларға қарсылар да бірдей дәрежеде қатысты. Пікірлер таласы тіл білімінің ең негізгі, өзекті мәселелерінің айналасында болды. Ол тіл білімінің ең маңызды мәселелері жөніндегі көзқарастардағы жөнсіздіктерді, оны әшкерлеуге талаптанушылардың "жаңа ілімді" жақтаушылар тарапынан қысым көргендігінің бетін ашты.
Тіл біліміндегі айтыстан кейін кеңес тіл білімі ұйымдық, басқарушылық жағынан қайта құрылды. Бұл кезде тіл зерттеуші ғалымдарымыздың ерекше назар аударған мәселесі. Тіл туралы жаңа ілімнің" қателіктерін, оның тигізген зиянды зардаптарын жан-жақты ашып көрсету болды. Бұл іс мақалалар жариялау арқылы да, орталықта болсын, одақтас республикаларда болсын тіл мәселелеріне арналған кеңестер өткізу арқылы да жүргізілді. Осы жұмыспен қатар қолға алынған тағы бір маңызды мәселе "Тіл туралы жаңа ілім" үстем болып тұрған кезде көпшілікке теріс түсіндірілген салыстырмалы-тарихи әдістің шын сипатын, тіл зерттеуде тигізетін пайдасын, оны қолданудың жолдарын саралап түсіндіру болды.
Айтылғандарға қоса ұлттар мен тілдері туралы мәселе де күн тәртібінен түспеді. Бұған Ресейдің көп ұлтты мемлекет болуы себепші болды. Мұндай атаққа Ресей өзінің шектен асқан отаршылдығы, айналасындағы көрші ірі-ұсақты ұлттарды аяусыз жаныштап, отарлану нәтижесінде ие болғаны белгілі. Мұндай озбырлық дәмін үш ғасырға жуық уақыт бойы қазақтар да тартты.
Әдебиеттер:
Негізгі:
6. Айтбайұлы, Ө. Қазақ сөзі [Мәтін] / Ө. Айтбайұлы; бас ред. Арын Е. М., құр. жауапты ред. Құдабаев А. Ж.- Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 263бет.
7. Аманжолов, С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері Оқу құралы.- Алматы: Сөздiк-Словарь, 2004.- 536б.
8. Әбікенұлы, Н. Қазақша-қытайша сөздік. 70 000 сөз / Н. Әбікенұлы.- Үрімжі: Қайнар, 2010.
9. Қордабаев, Т. Жалпы тiл бiлiмi – Павлодар, 2010.- 234бет.
10. Маманов, И. Қазіргі қазақ тілі – Павлодар, 2010.- 184бет.
Қосымша:
19. Баданбекқызы, З. Ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.- Алматы: Бастау, 2010.- 420бет.
20. Баданбекқызы З. Ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы фонетикасы - Алматы: Бастау, 2010.- 227б.
21. Байтұрсынов, А. Тiл тағылымы. Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2008.- 172б.
22. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мыңға жуық термин) [ - Алматы: Дайк-Пресс, 2009.- 328б.
23. Берікболова, Ә.Ж. Қазақ тілі функционалды стиль мәтіндеріндегі просодикалық тәсілдердің көрінісі. Автореферат.- Алматы, 2009.- 24 б.
24. Бизақов, С. Сөз нұсқаулары және балама атаулар - Алматы: Самара-Принт, 2008.- 512бет.
25. Жанақова, Н. Қазақстандағы тіл тарихы. Оқу құралы - Алматы: Арда, 2009.- 192б.
26. Жанпеисов, Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка.- Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 362б.
27. Жунисбеков, А. Просодика слова в казахском языке.- Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 110б.
28. Жұбанов, Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 256 б.
29. Исаев, С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Оқулық. – Павлодар, 2010.- 180бет.
30. Кайдаров, А. Структура односложных корней и основ в казахском языке Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2010.- 426б
31. Кенжеғалиев, С.А. Қазақ тіліндегі ділдік лексиконның берілу жолдары. Автореферат - Астана, 2009.- 24 б.
32. Қазыбек, Г. Қ. Көркем аударма. Оқу құралы - Алматы: Қазақ университетi, 2009.- 128бет.
33. Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. -Алматы, 1998
34. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары -Алматы, 1987
35. Мұсабаев, Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары – Павлодар, 2010.- 134б
36. Сағындықұлы, Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері Павлодар, 2010.- 262б.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті | СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2015 3 басылым | ||||
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | |||||
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы | Ф.4.09-33 | ||||
28.05.2015 ж. |
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
Жалпы тіл білімі
Кафедра: Филология және журналистика
Тьютор: Сырлыбаева Гүлнара Төребекқызы
Мамандықтар: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Кредит саны: 3
Пән циклі: міндетті
Студенттер саны: 45
Әдебиет түрі | № | Шифр | Әдебиет атауы | Бар болуы | Ескерту | |
Кітапханада және кафедрада | % | |||||
Негізгі | Ш163.24я73 Қ 66 | Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі Павлодар, 2010 | ||||
Ш163.24-3 М17 | Малбаков М. Бiр тiлдi түсiндiрме сөздiктiң құрылымдық негiздері. Алматы, 2010 | |||||
Ш163.24-3 С14 | Сағындықұлы, Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. Павлодар, 2010 | |||||
Ш63.24. К69 | Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. Алматы, 1998. | |||||
Ш100. Я73. Х23 | Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. Алматы, 1985 | |||||
Ш163.24 Қ14 | Аманжолов А.. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы, 1996 ж | |||||
Ш І.ОЯ 73. А93 | Кодухов В.И. Общее языкознание. Москва, 1974 | |||||
Ш163.24 Ж66 | Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары -Алматы, 1987 | |||||
Ш10Я7 Х23 | Нұрмаханов А. В.В.Радлов еңбектеріндегі түркі мақал – мәтелдерінің лексика – грамматикалық сипаты. –Алматы 1995 | |||||
Ш163 24я20 Қ17 | Хасенова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары.- Алматы, 1994 | |||||
Электрондық | ||||||
Демонстрациялық материалдар | ||||||
Оқу сабақтарында қосымша қолданылатын бағдарламалар мен мультимедиялар
№ | Сабақта қосымша қолданылатын бағдарламалар мен мультимедиялардың атаулары | Шыққан жылы | Оқу тілі | Саны |
Арнайы жабдықталған аудиториялар, оқу бөлмелері, зертханалардың тізімі
№ | Арнайы жабдықталған аудиториялар, оқу бөлмелері, зертханалардың тізімі | Саны | Ауданы (кв.м) |
Мультимедиалық кабинет - 128 | |||
Интерактивтік тақта - 125 | |||
Оқу-әдістемелік кабинет - 123 |
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 466 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Психолингвистика мен нейролингвистика | | | Курсты меңгерудің мақсат-міндеттері |