Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

С И Л Л А Б У С 2 страница

С И Л Л А Б У С 4 страница | С И Л Л А Б У С 5 страница | С И Л Л А Б У С 6 страница | С И Л Л А Б У С 7 страница | Психолингвистика мен нейролингвистика | Этнолингвистика |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Практикалық сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау

 

Тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы жалпы тіл білімінің теориясына байланысты өтілген материалды практикалық жағынан меңгеруге құрылады. Тіл тарихы, тіл теориясы, тіл біліміндегі әдіс-тәсілдер, тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы меңгертіледі.

Аудиториядан тыс жұмыстар:

Қазіргі оқу орындарындағы сабақ жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, практикалық сабақтағы аудиториядан тыс жұмыстар студенттердің өздігінен ізденуіне, өз тарапынан жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Бұл тапсырма жүйесі бір сабақ бойында меңгеруге мүмкіндік болмай қалған жағдайда студенттің өз бетімен ойлануына, тұжырым жасауына, ой қорытуына тигізер әсері мол.

Аудиториялық жұмыстар:

Жалпы тіл білімінен практикалық сабақтағы аудиториялық жұмыстар талдауға негізделеді. Осы бөлімде сол талдау жұмыстарының жүргізілу деңгейі, яғни сабақта жаңа зерттеулер мен бағдарлама жүйесінің сабақтастығы бір-бірімен тығыз байланыста өткізіледі.

Негізгі қаралатын мәселелер:

Жалпы тіл білімінің практикалық сабақтары тек талдау жұмыстарымен ғана шектелмейді. Білім жалаң меңгерілмес үшін, орындалатын талдау жұмыстарына орай практикалық сабақта қарастырылатын теориялық мәселелердің жүйесі ұсынылады.

Түйін:

Әрбір практикалық сабақтың соңынан сол сабақта қарастырылған теориялық мәселеге қатысты және орындалған талдау жұмыстарына байланысты студенттер өздері ой қорытып, шағын ғана қорытынды жазады.

Практикалық сабаққа арналған жаттығулар

Практикалық сабақ №1-2

Тақырыбы: Тіл деңгейлері

Тапсырма: 1. Тіл деңгейлері туралы жалпы түсінік /Тіл жүйесіндегі «қабаттар»

2.Тіл деңгейлерін қалыптастыру принциптері

3.Тіл деңгейлерінің түрлері, олардың әрқайсысының ерекшелігі, бір-бірімен байланысы

Практикалық сабақ №3-4

Тақырыбы: Ежелгі дәуір тіл білімі

Тапсырма:1.Зерттеушілер мен ғылыми еңбектер

2.Ежелгі дәуір лингвистикасындағы философиялық тұжырымдар, олардың филолологиялық пікірге ойысуы

Практикалық сабақ №5-6

Тақырыбы: Орта ғасыр лингвистикасы

Тапсырма: 1.Әлемдік діндердің пайда болуы және оның тілге әсері

2.Канондық тілдер

3.Схоластикалық, реалистік, номиналистік бағыттар

4. Рим лингвистикасы

 

 

Практикалық сабақ №7-8

Тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі проблемалар

Тапсырма:а) ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы;

ә) бұрын белгісіз, жаңадан ашылған тілдерді үйрену, зерттеу;

б) ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой-пікірін көркейтіп, қайта дамыту.

Практикалық сабақ №9-10

Тақырыбы: Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері

Тапсырма: 1.Көрнекті қайраткерлері

2.Ұстанған негізгі бағыттары

3.Зерттеген проблемалары

Практикалық сабақ №11-12

Тақырыбы: ХІХ ғасыр мектептерін салыстыру

Тапсырма: 1. Кемшіліктер

2.Ұқсастықтар, ортақ тұжырымдар

3. Айырмашылықтар мен ерекшеліктер

Практикалық сабақ №13-14

Тақырыбы: Тіл біліміне Ф.де.Соссюрдың концепцияларының тигізген әсері мен ықпалы

Тапсырма: 1.Концепциялардың мәні

2.Ф.де.Соссюр еңбектері

3. Ғалымның еңбектері мен зерттеулерін кестеге түсіру

 

 

Практикалық сабақ №15-16

Тақырыбы: Тіл – таңбалық жүйе

1.Тілдік таңбалардың өзіндік ерекшелігі

2.Тілдік таңбалардың жүйелік сипаты

3.Таңбаның барлық түрлерін көрсете отырып слайд жасау

Практикалық сабақ №17-18

Тақырыбы: Тілдің қоғаммен байланысынан туатын тілдік жағдаяттар Тапсырма: 1.Негізгі жағдаяттарды көрсету

2.Нақты дәлелдер ұсыну

3.Пікірталас ұйымдастыру

4.Қорытынды жасау

 

Практикалық сабақ №19-20

Тақырыбы: Тілдің дамуы мен қызметі

Тапсырма:1.Тіл дамуының шарттары мен себептері

2.Тіл дамуының диахрондық, синхрондық аспектілері

3.Тіл дамуына әсер ететін сыртқы жағдаяттар

4.Тіл дамуының ішкі (интралингвистикалық) және сыртқы (экстралингвистикалық) шарттары мен себептері

Практикалық сабақ №21-22

Тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылымдарымен байланысына қатысты әдебиеттерге шолу

Тапсырма:К.Ахановтың «Тіл біліміне кіріспе», Т.Қордабаевтың «Жалпы тіл білімі» еңбектеріндегі лингвистиканың басқа ғылым салалармен байланысы туралы тұжырымдарды талдау.

Практикалық сабақ №23-24

Тақырыбы: Тілді зерттеу әдістерінің түрлері

Тапсырма: Төмендегі әдіс түрлеріне анықтама беріңіз және оларды пайдалана отырып ғылыми тұжырымдама жасаңыз. Әдіс түрлерін толықтырыңыз.

1.Сипаттама әдіс

2.Этимологиялық талдау принциптері

3.Типологиялық әдіс

4.Таксономиялық т.б.әдістер

Практикалық сабақ №25-26

Тақырыбы: Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері

Тапсырма:

1 Тіл білімі әдіснамасының өзекті мәселелері

2 Тіл біліміндегі антропоцентрлік парадигма

3 Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері

4 Әлеуметтік лингвистиканың әдістері мен тәсілдері

5 Этнолингвистиканың әдістері мен тәсілдері

6 Паралингвистиканың әдістері мен тәсілдері

Практикалық сабақ №27-28

Тақырыбы: Линвистикадағы аспектілер

Тапсырма: Төмендегі көрсетілген аспектілердің түрлеріне қатысты ғылыми зерттеулер мен диссертацияылық еңбектермен танысу, не себепті осы әдіс түрлерін таңдап алғандығын дәлелдеу.

1.Лексика-семантикалық

2.Лингвомәдени

3.Этимологиялық

4.Танымдық

5.Гносеологиялық

Практикалық сабақ №29-30

Тақырыбы: Генеологиялық және типологиялық классификациясы

Тапсырма: Генеологиялық және типологиялық классификациясын кестеге түсіру. Алтай тілдер семьясы, түркі тілдер тобына жататын тілдердің тарихына шолу жасау.

 

 

СӨЖ ұйымдастыру бойынша

әдістемелік нұсқау

Жоғары оқу орнына қойылатын негізгі талап жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын болғандықтан, студенттердің өзіндік ізденуіне, талдау, зерттеу жұмысын жүргізуіне, өзіндік ой, сын, пікір пайымдауына, қорытынды, тұжырым жасауға баулуда аудиториядан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сондай – ақ аудиториядан тыс жұмыстар студенттердің ғылыми ізденісіне де айрықша мүмкіндік туғызып, бағыт-бағдар береді. Тіл біліміне кіріспе пәнін оқыту процесінде жақсы нәтижеге жетудің жолы - тілден берілетін теориялық материалды жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып, беру. Студент өз бетімен тырысып, кейбір мәселеллердің шешімін өзі табуға тырысуы қажет. Осы міндетті шешу мақсатында өздік жұмыс тақырыптары алдын-ала белгіленіп, тапсырмалары мен әдебиеттер тізімі нақты көрсетіліп берілуі тиіс

Студенттің өзіндік жұмысы аудиториядан тыс жүргізілетін сабақ. Жоғары оқу орнының студенттері қазақ тілін сөйлеу, қарым-қатынас жасау құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша дағдыларын қалыптастыруы тиіс. Мамандығына сәйкес білімді игеріп, дүниетанымын, рухани әлемнің ауқымын кеңейтіп, ойлау мағынасын дамытуы қажет.

Студенттің өздік жұмысының мақсаты – студенттерді ғылымға, кәсіптік терең білім алуға баулу. СӨЖ барысында ауызша, жазбаша тілін жетілдіріп орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық іс-дағдылары қалыптасады.

Баспасөз беттерінде арнайы тақырып төңірегінде де көптеген ғылыми мақалалар, ұсыныстар, ой-пікірлер жарияланып, көпшілік назарына ұсынылып жүр. Студенттер тіл біліміне қатысты ғалымдардың арнайы жинағынан, монография, күнделікті баспасөз материалдарынан қажеттілерін жібермей оқып, өз беттерімен ізденіп, оқығандарын тапжылмай, талай отырып еңбектенбек, сосын тиісті жерінде өзіндік ғылыми тұжырымдамаларын баяндайды. Жұмыстың негізіне студенттің өзіндік бақылауы, ізденіс нәтижесі жатады. Студенттің өзіндік жұмысының тақырыбы, сағат саны типтік бағдарлама негізінде құрастырылады. СӨЖ-дің мақсаты мен міндеті қойылады. Қарастырылатын сұрақтар, тапсырмалар және әдебиеттер тізімі беріледі. Пән бір ғана кезең оқытылады, ағымдық бақылау мен 2 шектік бақылау тапсырмалары бар. Осы талаптарды орындаған студент емтиханға жіберіледі. Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындау, баспасөз материалдары және тақырыптық сөздіктер мен анықтамалар бойынша жоспар құру.

Бақылау түрлері: реферат, конспект, ауызша баяндау, пікірталас, жаттығу жұмыстары.

СӨЖ-дің күнтізбелік - тақырыптық жоспары

Сабақтың мазмұны Сағат саны Тапсыру уақыты Бақылау формасы
  Философиялық бағыттар 1.Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер 2. Қытай лингвистикасы қарастырған мәселелер. Атау теориясы, эрья сөздігі немесе иероглифтік грамматика 3. «Веда» киелі кітабы 4. Яски мен Панинидің ғылыми еңбектері 5. Байырғы грек лингвистикасы     4-апта Талдау реферат жазу ауызша салыстырулар, сипаттамалар
  Әлемдік діндердің пайда болуы және оның тілге әсері 1. Канондық тілдер 2. Схоластикалық, реалистік, номиналистік бағыттар 3. Рим лингвистикасы 4. Салыстырмалы зерттеудің қолға алынуы М.Қашқари - салыстырмалы грамматиканың негізін салушы       7 -апта Ғылыми тұжырымдарға шолу М.Қашқари еңбектерімен танысу
  ХҮІІ-ХҮІІІ ғасыр лингвистикасың жетістіктері, әдістері 1. ХІХ ғасыр лингвистикасының қалыптасуы, мектептер мен бағыттар 2. ХХ ғасырдағы лингвистикалық ағымдар 3.Әдістер     11- апта Ғылыми еңбектерге талдау жасау (жазбаша);  
  Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму жолдары 1. Фонетиканың зерттелуі 2. Лексикология мен лексикографияның өзекті мәселелері 3. Грамматиканың қалыптасуы     14-апта реферат жазу; Хронологиялық кесте жасау
  Барлығы   15 апта  

ГЛОССАРИЙ

Терминдер Терминдердің түсіндірмесі
Аномалистер Зат пен оның атауы және грамматикалық категориялар мен логикалық категориялар арасындағы ұқсастықты, заңдылық жоқ деушілер.  
Аналогия Тілдегінің барлығы да белгілі заңдылыққа бағынады деушілер.
Грамматикалық өнер Тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат етеді.
Диахрондық лингвистика Бір-біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді.  
Дескриптивтік мектеп Тілдік тектестерді талдаудың әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жетілдіру, лингвистикалық терминдерді айқындау мәселелеріне ерекше мән беретін мектеп.
Интралингвистика Тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді.  
Нахв Араб грамматикасындағы сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтін бөлімі.  
Металингвистика Сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді.
Кибернетика Басқару, басқару шеберлігі.
Санскрит Үнділердің көне әдеби тілі.
Сарф Араб грамматикасындағы сөздердің сөйлемдегі орны жағынан түрленісін зерттейтін бөлімі.
Синхрондық лингвистика Тілдің ішкі жүйесін зерттейді.
Таджвит Сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, дыбыс жүйесін зерттейтін араб лингвистикасының саласы.  
Филология Жазба ескерткіштердің тілін, стилі, тарихи жақтарын зертейтін ілім.
Фигуралар Таңба жасауға қажетті материалдар
Экстралингвистика Тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді.

 

Бақылау тапсырмалары

Емтихан сұрақтары (тест)

1 Жалпы тіл білімі лингвистикалық пән ретінде қай жылдан бастап қалыптасты?

A) 1963 ж

B) 1983 ж

C) 1996 ж

D) 1956 ж

E) 1988 ж

 

2 Жалпы тіл білімі алға қойған мақсаттарына орай неше бөлімге бөлінеді?

A) 9

B) 7

C) 12

D) 2

E) 4

 

3 Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже қалай аталады?

A) грамматикалық өнер

B) атау теориясы

C) ым теориясы

D) ат қою теориясы

E) дыбысқа еліктеу теория

 

4 Грамматикалық ілім қытайлардың қандай көне жазуына негізделген?

A) латын графикасына

B) иероглифке

C) тасқа қашалған белгілерге

D) сүйектерге жазылған таңбаларға

E) суреттерге

 

5 Ежелгі Қытайдағы таңбалар сөздігі қалай аталады?

A) Эрья

B) Веда

C) Таңбалар мен суреттер сөздігі

D) Грамматикалық сөздік

E) Этимологиялық сөздік

 

6 Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған кітабын атаңыз?

A) Эрья

B) Миф және аңыздар

C) Діни жырлар

D) Веда

E) Үнді тарихы

 

7 «Веда» тілінің бес томдық сөздігін жасаған үнді лингвисі кім?

A) Яски

B) Аристрах

C) В.Катьяна

D) Д.Лайонз

E) Бхартхари

 

8 «Үндістан лингвистикасының көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, еуропалық тіл білімі ХІХ ғасырға дейін көтеріле алмады» деген пікірді кім айтты?

A) Р.Мерингер

B) Г.Шухардт

C) В.Томсон

D) Ф.Бопп

E) Ф.де Соссюр

 

9 Платон тілдегі сөздерді қандай екі топқа бөледі?

A) есім, етістік

B) есім, үстеу

C) есім, шылау

D) шылау, одағай

E) сын есім, етістік

 

10 Аристотель тілдегі сөздерді қандай үш топқа бөледі?

A) шылау, одағай, аффикстік

B) есім, үстеу, жұрнақ

C) есім, шылау, морфема

D) есім, етістік, жалғауыш

E) сын есім, етістік, түбір

 

11 Орта ғасыр лингвистикасында киелі, қасиетті, пайғамбарлар тілі қалай аталды?

A) канондық тіл

B) ескерткіштер тілі

C) көне тіл

D) әдеби тіл

E) қасиетті тіл

 

12 Араб лингвистикасында сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттеу қалай аталды?

A) Таджвид

B) Сарф

C) Нахв

D) Морфология

E) Синтаксис

 

13 Араб лингвистикасында сөздердің сөйлемдегі орны жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттеу қалай аталды?

A) Сарф

B) Семантика

C) Таджвид

D) Нахв

E) Синтаксис

 

14 Араб лингвистикасында сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін зерттеу қалай аталды?

A) Таджвид

B) Семантика

C) Фонетика

D) Нахв

E) Синтаксис

 

15 Фирузабадидің «Хомус» (Мұхит) атты кітабы неше том?

A) 60

B) 17

C) 29

D) 9

E) 46

 

16 Араб тілі грамматикасын зерттеудің дәстүрін, өзіндік жүйесін қалыптастыруда Сибавейхидің 796 жылы жазған кітабы қалай аталады?

A) Сарф

B) Хомус

C) Эрья

D) Веда

E) Ал китаб

 

17 Фирузабадидің 60 томдық кітабы қалай аталады?

A) Хомус

B) Ал китаб

C) Эрья

D) Нахв

E) Веда

 

18 «Пор-Рояль» грамматикасы ежелдегі қандай тілдердің материалдары негізінде жазылған?

A) татар, қыпшақ, араб, оғыз

B) араб, түрік, қытай, ұйғыр

C) гагауз, башқұрт, қарақалпақ, ноғай

D) грек, еврей, француз, латын

E) неміс, француз, ағылшын, корей

 

19 «Үнді-европа тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» атты еңбек жазған неміс ғалымы

A) Ф.Бопп

B) В.Лейбниц

C) В.Томсон

D) Г.Шухардт

E) К.Раск

 

20 Тіл біліміндегі психологизм қай ғасырдан бастап қалыптасты?

A) ХХ ғ. бастапқы кезеңі

B) ХІХ ғ. орта кезі

C) ХХ ғ. соңғы кезеңі

D) ХҮІІ ғасыр

E) ХҮІІІ ғасыр

 

21 Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне қандай принципті негіз етті?

A) тарихи және психологизм принципін

B) салыстырмалы принципті

C) философиялық принципті

D) әлеуметтік принципті

E) лингвистикалық принципті

 

22 «Тіл туралы ілім – не мағына туралы, немесе атау туралы ілім» болу керек деп санаған қай мектеп?

A) натуралистік

B) жас грамматистер

C) сөздер мен заттар

D) Қазан лингвистикасы

E) Мәскеу лингвистикасы

 

23 Тілдерді туыстық жақындықтарына қарай жіктеудің дәлдігіне, ата тіл болды дегенге күмән келтірген лингвист кім?

A) Г.Шухардт

B) Бодуен де Куртенэ

C) Р.Мерингер

D) Ф.Бопп

E) Ф.де Соссюр

 

24 Ф. Де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі?

A) Сөздер мен заттар

B) Үнді-еуропа тілдері вокализмінің алғашқы жүйесі

C) Тіл – творчество және даму

D) Жалпы лингвистикалық курс

E) Тіл білімі және тілдер туралы кейбір ескертпелер

 

25 Өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде дамыған Прага мектебі қай жылы қалыптасты?

A) 1926 ж.

B) 1958 ж.

C) 1961 ж.

D) 1952 ж.

E) 1978 ж.

 

26 Ф.де.Соссюрдың атын бүкіл дүние жүзіне жайған «Жалпы лингвистикалық курс» атты еңбегі неше бөлімнен тұрады?

A) 4

B) 7

C) 9

D) 5

E) 2

 

27 Ф.де.Соссюрдың «Жалпы лингвистикалық курс» атты еңбегінің бірінші бөлімі қалай аталады?

A) Жалпы принциптер

B) Синхрондық лингвистика

C) Географиялық лингвистика

D) Ритроспективтік лингвистика мәселелері

E) Диахрондық лингвистика

 

28 Ф.де.Соссюрдың «Жалпы лингвистикалық курс» атты еңбегінің екінші бөлімі қалай аталады?

A) Жалпы принциптер

B) Жалпы лингвистикалық курс

C) Географиялық лингвистика

D) Ритроспективтік лингвистика мәселелері

E) Диахрондық лингвистика

 

29 Ф.де.Соссюрдың «Жалпы лингвистикалық курс» атты еңбегінің үшінші бөлімі қалай аталады?

A) Диахрондық лингвистика

B) Жалпы принциптер

C) Географиялық лингвистика

D) Ритроспективтік лингвистика мәселелері

E) Синхрондық лингвистика

 

30 Ф.де.Соссюрдың «Жалпы лингвистикалық курс» атты еңбегінің төртінші бөлімі қалай аталады?

A) Синхрондық лингвистика

B) Ритроспективтік лингвистика мәселелері

C) Диахрондық лингвистика

D) Жалпы принциптер

E) Географиялық лингвистика

 

31 Ф.де.Соссюрдың «Жалпы лингвистикалық курс» атты еңбегінің бесінші бөлімі қалай аталады?

A) Ритроспективтік лингвистика мәселелері

B) Диахрондық лингвистика

C) Географиялық лингвистика

D) Жалпы принциптер

E) Синхрондық лингвистика

 

32 Ф.де.Соссюрдың Женева университетінде оқыған лекцияларынан жазылған конспектілер негізінде құрылған «Жалпы лингвистикалық курс» атты еңбегін құрастырушы шәкіртерін атаңыз?

A) Ж.Вандриес пен Э.Бенфенист

B) П.Лафарг мен А.Мейе

C) А.Сеше мен Ш.Балли

D) М.Бартоли мен В.Пизани

E) Е.Лерх пен Л.Шпитцер

 

33 Ф.де.Соссюр қай жылдар аралығында Женева университетінде тілдің жалпы теориясына арналған курстан дәріс оқыды?

A) 1906-1912 ж.

B) 1905-1910 ж.

C) 1917-1919 ж.

D) 1908 - 1915 ж.

E) 1903 -1914 ж.

 

34 Ф.де.Соссюрдың «Жалпы лингвистикалық курс» атты еңбегі орыс тіліне қай жылы аударылды?

A) 1975 ж.

B) 1929 ж.

C) 1962 ж.

D) 1933 ж.

E) 1938 ж.

 

35 Тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін қандай лингвистика?

A) интралингвистика

B) экстралингвистика

C) менталингвистика

D) социолингвистика

E) функциялық лингвистика

 

36 Тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейтін қандай лингвистика?

A) этимология

B) терминология

C) экстралингвистика

D) семасиология

E) интралингвистика

 

37 Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың І ғасырының өзінде белгілі жүйеге келтіріліп, неше стильге бөлінген?

A) 3

B) 4

C) 7

D) 9

E) 5

 

38 Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың І ғасырының өзінде белгілі жүйеге келтіріліп, қандай стильдерге бөлінген?

A) ресми, көркем әдебиет стилі

B) уставтық, жартылай уставтық, жылдам жазу

C) ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стилі

D) публицистикалық және ресми іс-қағаздар стилі

E) ауызекі сөйлеу және ресми іс-қағаздар стилі

 

39 Біздің дәуірімізге дейінгі Ү ғасырларда өмір сүрген және «Веда» тілінің 5 томдық сөздігін жасап түсінік жазған кім?

A) Яски

B) Конфуций

C) Томсен В.

D) Бхартхари

E) Радлов В.

 

40 Панинидің біздің дәуірге дейінгі ІҮ ғасыр шамасында жазған еңбегін атаңыз?

A) Эрья

B) Веда

C) Аштадхьяи

D) Әлемнің жеті кереметі

E) Үнді грамматикасы

 

41 Панинидің біздің дәуірге дейінгі ІҮ ғасыр шамасында жазған «Аштадхьяи» деген еңбегінде қанша грамматикалық ереже берілген?

A) 4000 - нан астам

B) 1000 - нан астам

C) 2000 - нан астам

D) 3000 - нан астам

E) 7000 - нан астам

 

42 Панинидің «Веда» тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген еңбегін атаңыз?


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 322 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
С И Л Л А Б У С 1 страница| С И Л Л А Б У С 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.069 сек.)