Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

сурет. Мастикациограмма. 4 страница

Алматы, 2013 ж. | Сурет. Электромиограмма. | сурет. Мастикациограмма. 1 страница | сурет. Мастикациограмма. 2 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Гормондар қашықтан әсер етеді, яғни олар қанға түсіп өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Гормондар үнемі бөлініп отырады, бірақ организмде жинақталмай, тез ыдырайды. Соңғы кезде энтериндік жүйеге (асқазан ішек жолдарында түзілетін биологиялық активті заттар), сонымен қатар гуморалдық реттелудің паракриндік және нейрокриндік түрлеріне аса мән берілуде. Паракриндік реттелу нысана клеткаларға өте жақын клеткааралық кеңістіктерден бөлінетін гормондар мен биологиялық активті заттармен іске асырылады, ал нейрокриндік- гормон тәрізді пептидтер (эндорфиндер, энкефалиндер) мен медиаторлар бөлетін жүйкелік, эндокриндікте қызмет атқаратын жүйке клеткаларымен реттеледі.

 

1-жұмыс. Адреналиннің бақа көзінің қарашығына әсері

Жұмысты орындау. Әдеттегі әдіспен бақаның қимыл-әрекеті тоқтатылады. Басы кесілгенімен көзі зақымдалмай сақталып қалған бақаның үстіңгі жақ сүйектері шыныдағы физиологиялық ерітіндіге малынған мақтаның үстіне салынады. Алдымен көз қарашықтарының диаметрін өлшеп алу керек. Содан кейін бақаның бір көзіне адреналин тамызылады. Бірнеше минуттан кейін адреналин тамызылған көздің қарашығының кеңейгені байқалады. Кеңейген қарашықтың үлкендігін миллиметрлік қағазбен өлшеп алады да, алынған санды екінші көздің қарашығының өлшемімен салыстырады.

Қалыпты жағдай Адреналин

 

2-жұмыс. Адреналиннің бақа жүрегіне тигізетін әсері

Жұмысты орындау. Қимыл - әрекеті тоқтатылған бақаның кеуде қуысын ашып, жүректі веналық /көктамыр/ синуспен бірге көтеріп жалаңаштайды. Содан кейін жүректі түбірінен көтеріп тұрып, оның ірі-ірі тамырларын анықтап, көріп алады. Алдымен күретамырларын, содан кейін көктамырларын кеседі де, жүректі веналық синусымен бірге қалдырады, одан кейін босатып алынған жүректі физиологиялық ерітінді құйылған сағат әйнегіне салады да, 1 минут бойы жүрек қанша рет соққанын санайды. Одан әрі үстіне 1-2 тамшы адреналин тамызады да, 1 минут ішінде жүректің неше рет соққанын санап алады, алынған екі санды салыстырып жүрек соғысының қаншалықты жиілегенін есептеп шығарады.

Адреналин

 

 

3-жұмыс. Адреналиннің қан айналысының үлкен шеңберіндегі

қан тамырларына тигізетін әсері

Жұмысты орындау: Алдыңғы аяқтары үшбұрышты тақтайшаға қадалған, қимыл-әрекеті тоқтатылған бақаның жүрегін ашады да, оны қабынан босатады. Жіппен іліп алынған сол жақ қолқа доғасын тіліп жібереді де, оның тілінген жеріне канюля кіргізеді. Канюляны қолқа түбіне жүрек қарыншасын тіліп жіберіп енгізуге де болады. Арнайы жіпті канюляның бір шетіне байлап қояды. Ерітінді ұдайы сорғалап ағып тұру үшін веналық синусты да сәл тіліп ашып қою керек. Содан кейін резеңке түтікшесін белінен қысып тұрған қысқышты алып тастайды да, қантамырын Рингер ерітіндісімен шайып жібереді /перфузия/. Ерітінді қан айналысының үлкен шеңбері арқылы өтіп, қуыс көктамырларына барып жетеді де, одан әрі сыртқа шығып үшбұрышты тақтайшаның үстімен жерге тамады.

1-сурет. Адреналиннің бақа қан тамырларына әсер ететін зерттеуге арналған қондырма сызба-нұсқасы

2 минут ішінде қанша тамшы ерітінді тамғанын санап отыру керек. Содан кейін шприцпен жалғасқан инемен резеңке түтікшені канюляға тақалған жерінен тесіп жібереді де, перфузиялық ерітіндіге 0,1-0,2 мл 0,1% -тік адреналин ерітіндісін құяды. Адреналин қан тамырларын, әсіресе жіңішке артериолалар мен қылтамырларды тарылтады да, бұл тамырлар ерітіндіні жөндеп өткізе алмайды. Енді тағы да 1 минут ішінде қанша тамшы ерітінді тамғанын санап, тамшы санының азайғанын байқайды. Адам /жануарлар/ денесінде адреналин тез ыдырайды, оның әсер ету мерзімі де өте қысқа. Сорғалап тұрған тамшы санын әрбір 2 минут сайын есептей отырып мөлшерінің әдеттегіден бірсыпыра азайғанын байқауға болады.

 

4-жұмыс. Адреналин мен питуитриннің бақа

терісінің меланофорына әсері

Жұмысты орындау. Терісінің түстері бірдей екі бақаны таңдап алады. Бірінші бақаның терісінің астына 1 мл адреналин енгізіледі, екіншісіне - питуитрин. 15-20 минут өткен соң бірінші бақаның терісінің түсі бозарады да, ал екінші бақаның терісінің түсі күңгірттенеді. Адреналин бақа терісінің меланофор-жасушаларын тарылтады, ал питуитрин оларды кеңейтеді.

 

5-жұмыс. Бақа жүрегінің қызметіне адреналиннің тікелей

және орталық әсерін зерттеу

Жұмысты орындау. Бақаны алып, жоғары жағын көзінің артынан сопақша мимен жұлынды сақтай отырып кесіп тастаймыз. Операциялық тақтайшаға бекітеміз. Бақаның кеуде қуысын жарып жіберіп жүректі жалаңаштайды. Жүректің соғу жиілігін 1 минутта санап алып, сосын шприцтің көмегімен жүрекке адреналин енгіземіз де (тікелей әсер ету), жүректің соғу жиілігін санайды, ол көбейеді. Жүректің соғу жиілігі қалпына келген соң шприцтің көмегімен адреналинді сопақша миға (орталық әсер ету) енгізіп жүректің соғу жиілігін санаймыз, жүректің соғу жиілігінің сирегенін және жүрек жұмысының әлсірегені байқалады, себебі адреналин кезеген жүйкенің орталығының тонусын жоғарлатады. Жүрекке адреналин тікелей және орталық әсер көрсетеді, олардың әсері бір-біріне қарама-қарсы.

 

VI. Сабақтың мазмұны

Студенттердің өздері орындайтын жұмыстар:

1. Адреналиннің бақа көзінің қарашығына әсері.

2. Адреналиннің бақа жүрегіне тигізетін әсері.

3. Мәселелік есептердің шешімін табу.

3.2. "ІСБ физиологиясы" тақырыбы бойынша мәселелік тапсырмалар

Келесі функциялардың бұзылуы қандай гормондардың өндірілуінің бұзылуымен байланысты:

 

№1. Жасөспірім, жасы 15, шағымы: жалпы әлсіздік, тез шаршайды, саусақтар мен табандарының үлкеюі, бойы 193 см, дене салмағы 88,7 кг., бет пішіні біршама іріленген (мұрыны, еріні, иегі).

 

№2. Қыз бала, жасы 12, бойы 171 см. (жасына сәйкес-154 см), дене салмағы 70,4 кг (жасына сәйкес қалыпты жағдайда 40 кг) бет пішіні іріленген, аяқ - қолының саусақтары ұзын, беттерінде безеу бар, көп терлейді.

 

№3. Қыз бала, жасы 5-те, бойы 78,5 см, дене салмағы 8,1 кг, бас шеңбері 1 жасқа сәйкес келеді. Дене пропорциясы қалыпты, терісі қара торы, ақшыл жерлері бар, құрғақ. Ақыл-естің дамуы жасына сай.

 

№4. Ер бала, 10 жаста, бойы 87 см, дене салмағы 12 кг, ақыл-есі кем адамның бет-әлпеті, тілі үлкен, ер тәрізді мұрын, аяқ-қолы қысқа, психикалық дамуы қалыпты жағдайдан ауытқыған.

 

№5. Ер бала, жасы 10. Шағымы: шөлдейді, тәулігіне 11 л сұйықтық ішеді, әлсіздік, тәбеті нашар, зәр тығыздығы қалыпты жағдайдан төмен, зәрде қант жоқ, қандағы глюкоза деңгейі қалыпты жағдайда.

 

№6. Қыз бала, жасы 10. Шағымы: шөлдейді, полиурия, әлсіздік, тәбеті нашар, қан және зәр анализдерінде гипергликемия мен глюкозурия жоқ.

 

№7. Ер бала, жасы 2,5. Екінші жыныстық ерекшеліктерінің тез дамуы, жиі эрекция, дауысы төмен, дене бітімінің тез дамуы.

 

№8. Ер бала, жасы 8-де, бойы 79 см, дене салмағы 10 кг, дене терісі бозғылт, құрғақ, қабыршақталған, шашы сирек. Бас сүйегі үлкен, мұрын кеңсірігі түсіп кеткен. Бала тек отырады, өз бетімен тұра алмайды, сөйлей алмайды. Интеллект төмен.

 

№9. Әйел, жасы 40-та. Шағымдары: әлсіздік, тез шаршайды, тәбеті нашар, ұйқышылдық басым. Беті мен қолының саусақтары қатты іскен, жанары нашар, қарт адамның түрі.

 

№10. Ер адам, жасы 42-де, тамыр соғысы (пульс) жиі, ширығуы жоғары, ритмі дұрыс емес, жүйкесі жұқарған, тыныс алуы үстіртін, тәбеті жоғары, зат алмасуы қозғыш, дененің жүдеуі байқалады, терісі ылғалды, экзофтальм, қалқанша безі біршама үлкейген.

 

№11. Әйел, жасы 35-те, қалқанша безі өте үлкейген, зат алмасуы төмен, көңіл-күйі селқос, денесі пропорционал емес, аяқ-қолдары қысқа, қисық, кретинизм, таулы ауылда өмір сүрген.

 

№12. Қыз бала, 12 жаста, шағымы жиі тырыспа, табан және қол саусақтарының өте күшті құрысуы, ларингоспазм (көмейдің тарылуы).

 

№13. Адам тәулігіне 11 л-ге жуық сұйықтық ішеді, тәулігіне зәрдің мөлшері 8-9 л-ге жуық, меншікті салмағы қалыпты жағдайдан төмен, гипергликемия мен глюкозурия байқалмайды.

 

№14. Адамның шағымы: солғындық, тәбеті нашар, ентігу. Гипотония, әлсіздену, теріде қола түс пайда болады, кейде құрысу байқалады.

 

№15. Адамда шөлдеу, полиурия, ашығу сезімі, біраз осыған қарамастан науқастың жүдеуі байқалады, терісі құрғақ және қышиды, қан мен зәр анализінде гипергликемия мен глюкозуриясы байқалады.

 

№16. Адам тәулігіне 8 л сұйықтық ішеді, арықтаған, тез әлсіздік пен бас айналуға шағымданады, тәуліктік зәр мөлшері 5 л-ге жуық, гипергликемия, глюкозурия.

 

ІСБ физиологиясы тақырыбы бойынша мәселелік есептердің жауабы:

 

Функционалдық бұзылыстар келесі себептерге байланысты:

№1. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гиперфункциясы, СТГ өнімінің көбеюі.

№2. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гиперфункциясы, СТГ өнімінің көбеюі.

№3. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гипофункциясы, СТГ өнімінің азаюы.

№4. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гипофункциясы, СТГ және ТТГ өнімінің азаюы.

№5. Нейрогипофиз қызметінің бұзылуы, АДГ өнімінің төмендеуі.

№6. Нейрогипофиз қызметінің бұзылуы, АДГ өнімінің төмендеуі.

№7. Эпифиз қызметінің бұзылуы, гиперфункция.

№8. Қалқанша бездің гипофункциясы, өмірінің алғашқы күнінен бастап тироксин гормонының жеткіліксіздігі.

№9. Қалқанша бездің жүре пайда болған, жыныстық жетілу кезеңінің дамуынан кейінгі гипофункциясы.

№10. Қалқанша бездің гиперфункциясы.

№11. Тағам мен суда йодтың жеткіліксіздігімен байланысты қалқанша без қызметінің жеткіліксіздігі.

№12. Қалқансерік безі қызметінің бұзылысы, паратгормон өнімінің жеткіліксіздігі.

№13. Нейрогипофиз қызметінің бұзылысы, АДГ жеткіліксіздігі.

№14. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жеткіліксіздігі, соның ішіне минералокортикоидтар өнімінің жеткіліксіздігі.

№15. Ұйқы безі гормоны, инсулин өнімінің жеткіліксіздігі.

№16. Ұйқы без қызметінің бұзылысы, инсулин жеткіліксіздігі.

ІСБ бойынша тест сұрақтар

Дурыс жауапты таңдаңыз:

 

1.Глюкокортикоидтардың түзілуін реттейтін гормон:

1. Окситоцин

2. Соматотроптық гормон

3. ЛЮ гормон

4. глюкагон

5. Адренокортикотропты гормон

 

2. Окситоцин түзіледі:

1. бүйрек үсті безінде

2. қалқанша безінде

3. аденогипофизде

4. нейрогипофизде

5. қалқанша маңындағы безде

 

3. Тироксин түзіледі:

1. бүйрек үсті безде

2. аналық безде

3. гипофизде

4. қалқанша безде

5. нейрогипофизде

 

4. Көмірсу алмасуына әсер етеді:

1. глюкагон, паратгормон

2. адреналин, альдостерон

3. инсулин, окситоцин

4. инсулин, глюкокортикоидтар

5. тимозин, паратгормон

 

5. Гормондар:

а тирокальцитонин

б инсулин

в глюкагон

г тироксин

д паратгормон

 

әсер етеді:

1. Зат және энергия алмасуын, жылу түзілуін, жүрек жиырылу күшімен жиілігін жоғарылатады

2. Бауырдағы гликогеннің ыдырауын жоғарылатады

3. Қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылатады

4. Қандағы глюкозаның деңгейін төмендетеді, белок синтезін жоғарылатады

5. Қандағы кальцийдің деңгейін төмендетеді

 

Жауаптары:

1. А-5, Б-4, В-2, Г-1, д-З

2. А-1, Б-2, В-З, Г-4, д-5

3. А-2, Б-З, В-4, Г-5, д-1

4. А-З, Б-2, В-1, Г-4, д-5

5. А-4, Б-З, В-5, Г-2, д-1

 

Сәйкестігін табыңыз:

6. Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының гормондары әсер етеді:

1. жыныс

2. минералкортикоидтар

3. глюкортикоидтар

 

1. Су мен тұз алмасуының

2. Көмірсу, белок, май және энергия алмасуына, қабынуға қарсы әсер етедібладают противовоспалительным действием

3. Балалардағы 2-ші жыныс белгілерінің пайда болуына және жыныс бездерінің қызметіне әсер етеді

 

Жауабы:

1. А-1,Б-2,В-3

2. А-З,Б-1,В-2

3. А-2, Б-З, В-1

 

7. Гормондар - бездерде түзіледі:

1 адреналин 1. Бүйрек үсті безді милы қабаты

2 соматотроптық гормон 2. Ұйқы безі

3 паратгормон З. Қалқанша маңындағы без

4 инсулин 4. Гипофиздің алдыңғы бөлігі

5 тироксин 5. Қалқанша без

 

Жауаптары:

1. А-2, Б-1, В-4, Г-5, д-З

2. А-З, Б-2, В-5, Г-4, д-1

З. А-4, Б-5, В-1, Г-З, д-2

4. А-1, Б-4, В-З, Г-2, д-5

5. А-5, 5-1, В-2, Г-З, д-4

 

8. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны:

1.глюкагон

2.вазопрессин

3.СТГ

4.адреналин

5.норадреналин

 

9. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны:

1.тироксин

2.паратгормон

3.АКТГ

4.альдостерон

5.глюкагон

 

10.Минералокортикоидтарды атаңыз:

1.Кортизон

2.Гидрокортизон

3.Альдостерон

4.Инсулин

5.Окситоцин

 

11. Гипофиздің ортаңғы бөлігінің гормоны:

1.Меланоцитостимулдеуші

2.Инсулин

3.Мелатонин

4.Паратгормон

5.АКТГ

 

12.Инсулиннің организмдегі физиологиялық әсері:

1.Қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді;

2. Қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады;

3. Қандағы кальцийдің деңгейін төмендетеді

4.Энергия аламсуын жоғарылатады.

 

13. Тирокальцитонинің физиологиялық әсері:

1. Қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады;

2. Қандағы кальцийдің деңгейін төмендетеді

3.Жүрек қызметін жоғарылатады.

4.Диурезді төмендетеді.

5.Өсу және дамуды жоғарылатады.

 

14. Глюкагонның физиологиялық әсері:

1. Қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді;

2. Қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады.

3.Калийдің реабсорбциясын жоғарылатады

4.Вазоконстриктор

5.Вазодилятатор

 

15. Гипофиздің артқы бөлімінің гормоны.

1.Адреналин

2.Кортизон

3.Норадреналин

4.Глюкагон

5.Вазопрессин

 

16. Серотониннің түзілетін орны:

1.мида, ішек қарында, бронхыда, гипоталамуста.

2.Қалқанша безде.

3. Қалқанша маңындағы безде.

4.Гипофиз.

5.Ұйқы безі.

 

17.Простагландер түзіледі:

1.Айыршық безде

2.Ұйқы безде.

3.Ұрық сұйықтығында, организмнің көптеген тіндерінде.

4.Бүйрек үсті безде.

5. Қарынның шырышты қабығында.

 

18. Паратгормон түзіледі:

1. бүйрек үсті безде

2. қалқанша маңындағы безде

3. гипофизде

4. қалқанша безде

5. нейрогипофизде

 

19. Гормондар тікелей өтеді:

1. қанға

2. синапстық саңылауға

3. ликворға

4. ішек-қарынға

5. жүйке ұштарына

 

20. Ризилинг-факторлар түзіледі:

1. гипофиздің алдыңғы бөлігінде

2. гипофиздің артқы бөлігінде

3. гипофиздің ортаңғы бөлігінде

4. таламус

5. Ұйқы безі

 

ОСЫМША

 

 

 

1-сурет. Әрекет потенциалы мен тін қозғыштығы кезеңдерінің ара қатынасы.

 

 

2-сурет. «Күш – уақыт» қисығы

1 – реобаза;

2 – екі реобаза.

а – пайдалы уақыт;

б – хронаксия.

 

 

 

 

 

3-сурет. Бұлшықеттің жиырылу механизмі

 


 

 

 

 

4-сурет. Жүйке серпіністің таралуы.

 

 

5-сурет. Миелинсіз (I) және миелинді (II) жүйке талшықтары

арқылы қозудың таралу механизмі.

 


Жылықандылар жүйке талшықтарының түрлі қасиеттері

 

Талшықтар типі Диаметрі, мкм Өткізу жылдамдығы м/ с Қызметі
Аa 12-22 70-120   Қанқа еттерінің қозғалтқыш ет қабылдағыштарымен байланысты афференттік талшықтар
Аb 8-12 40-70   Жанасу қабылдағыштарымен байланысты афференттік талшықтар
Аg 4-8 15-40   Жанасу және қысым қабылдағыштарымен байланысты афференттік талшықтар, ет ұршығының қабылдағыштарымен байланысты эфференттік талшықтар
Аd 1-4 5-15   Кейбір жылу, қысым, ауру қабылдағыштарымен байланысты афференттік талшықтар
В 1-3,5 3-18   Ганглийге дейінгі вегетативтік талшықтар
С 0,5-2,0 0,5-3   Ганглийден кейінгі вегетативтік талшықтар, кейбір жылу, қысым, ауру қабылдағыштарымен байланысты афференттік талшықтар  

 

 

 

 

7-сурет. Сннапстың құрылысы және қозудың синапс арқылы отуі


 

8-сурет. Сомалық және вегетативтік рефлекстердің доғалары

1 - рецептор; 2 – афферентттік жол; 1- рецептор; 2 – афференттік жол

3- жүйке орталығы; 4 – эфференттік жол 3 – жүйке орталығы; 4 (I) – пренгионарлық

5-эффектор талшық, 4 (II) – постганглионарлық талшық

5 – эффектор


 

 

9-сурет. Бірнеше нейрондардан қозудың бір нейронға жиналуы.

 

 


 

10-сурет. Конвергенция және дивергенция.

 

 

 

11-сурет. Жеңілдету (А) және окклюзия (Б) құбылыстарының кестесі.

 

 


 

Бір ізді (а) жинақталу мен кеңістік (б) жинақталудың кестесі.

 


 

 

12-сурет. Тітіркендіруден кейінгі әрекеттің кестесі.

 


 

13-сурет. Пресинапстық тежелу:

Н - мотонейрон

1 – нейронды қоздыратын афференттік талшық

Т – тежегіш нейрон

2 –тежегіш нейронды белсендіретін афференттік талшық.

 


 

 

14-сурет. Пресинапстық тежелудің кестесі:

1 – мотонейронды қоздыратын аксон тармағы

2- Реншоу жасушасын қоздыратын аксон тармағы

М - мотонейрон

 


 

15-сурет. Постинапстық тежелу.

Мотонейронның тармағы Реншоу жасушасының денесіне келіп, синапс құрайды.Реншоу жасушасының қысқа аксондары 1,3 мотонейрондарына барып тежелу синапстарын құрайды.

 

 

 

16-сурет. Реципроктық тежелудің кестесі.

1 – Тежелу, Реншоужасушасы;

2 – Бүгілу бұлшықеттерінің нервтейтін мотонейрондар;

3 – Жазылу бұлшықеттерінің нервтейтін мотонейрондар;

4 – Жұлын ганглйнің рецепторлық жасушалары;

5- жазылу бұлшықеті;

6- бүгілу бұлшықеттерінің эфференттік талшықтары;

7- бүгілу бұлшықеті;

8- Ет рецепторы;

9- жазылу бұлшықеттерінің эфференттік жүйке талшықтары.


 

17-сурет. Жұлын деңгейінде бұлшықетінің тонусының реттелуінің кестесі.

1- интрафузальдық талшық,

2 – 1-шілік рецепторлық талшықтары бар ядеролық сөмке;

3 – 2-шілік рецепторлық талшықтары бар бұлшықет түтігі;

4 - интрафузальдық талшығының шеттегі участкесі;

5 – экстрафузальдық бұлшықет талшықтары;

6 - Сіңірдегі Гольджи рецепторлары;

7 – 1-і, 2-і рецепторлық талшықтардың афференттік жолы;

8 – Сіңір Гольджи рецепторларынан жүретін афференттік жол;

9 – Жұлынның альфа-мотонейроны;

10 - Жұлынның гамма-мотонейроны;


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 798 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
сурет. Мастикациограмма. 3 страница| сурет. Мастикациограмма. 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.063 сек.)