Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

сурет. Мастикациограмма. 2 страница

Алматы, 2013 ж. | Сурет. Электромиограмма. | сурет. Мастикациограмма. 4 страница | сурет. Мастикациограмма. 5 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

13. Жүйке-ет препаратында 150 Гц жиілігі пессимумды тудырса, қандай жиілік оптимум тудырады?

14. Жүйке-ет препаратының жүйкесін тітіркендіргенде, бұлшықет қажиды. Егерде осы уақытта бұлшықетті тікелей тітіркендіргенде не болар еді?

15. Жүйке тітіркендіргіш электродтарының арасында байланған. Тоқпен әсер еткенде жүйке-ет препаратының бұлшықеті тек тұйықталған сәтінде ғана қысқарған. Қандай электрод бұлшықетке жақын орналасқан?

16. Тұссыз ортаға орналасқан жүйке талшығы қандай күшпен тітіркендірсе де қозбайды. Себебін түсіндіріңіз.

17. Жүйкені үзбей, оның физиологиялық тұтастығын қалай бұзуға болады?

18. Қанда Nа+ иондары көбейді. Қозғыш тіндердің қозғыштығы қалай өзгереді?

 

Қозғыш тіндер физиологиясы бойыншы тест сұрақтары

1. Қозғыштық қасиеті жоқ ткань:

  1. Без
  2. көлденең жолақ қанқа еті
  3. көлденең жолақ жүрек еті
  4. сүйек
  5. бірыңғай салалы ет

 

2. Деполяризация фазасы қандай ионның өтуіне байланысты:

  1. К+ клеткаға кіруіне
  2. К+ клеткадан шығуына
  3. Na+ клеткаға кіруіне
  4. Na+ клеткадан шығуына
  5. Nа+ қозғалысының тоқталуына

3. Бұлшық ет талшықтарының ұзындығы өзгермей жиырылуы:

А. Изотониялық

B. Ауксотониялық

С. Изометриялық

D. Тетанустық

Е. Фазалық

 

4. Тісті тетанус қай жиілікпен байланысты:

  1. 1 Гц
  2. 5 Гц
  3. 10-20 Гц
  4. 20-30 Гц
  5. 30-40 Гц

 

5. Бақа бұлшық етінің жеке жиырылу уақыты:

  1. 0,01 с
  2. 0,05 с
  3. 0,08 с
  4. 0,12 с
  5. 0,16 с

 

6. А типті жүйке талшығы бойымен қозудың ең төменгі жылдамдығы:

  1. Аα
  2. Аβ
  3. Аγ
  4. Аδ
  5. А дельта

 

7. Ет талшықтарының жиырылуына әсер ететін негізгі иондар:

A. Nа+

B. К+

C. СІ-

D. Са++

E. Mg++

 

8. Парабиоз, түсіндіріледі:

A. Лабилдіктің төмендеуімен;

B. Лабилдіктің жоғарлауымен;

C. Қозғыштықтың өзгермеуімен;

D. Қозғыштықтың жоғарлауымен;

E. Өткізгіштіктің жоғарлауымен.

 

9. Жасуша мембраналық тыныштық потенциалының пайда болу негізі:

  1. Жасушадан тыс ортаға қарағанда, калий және натрий ионының концентрациясы жасуша ішінде көп болуы
  2. Калий ионының концентрациясы жасуша ішінде және сыртында бірдей, ал натрий ионы жасушадан тыс ортада жоғары болуы
  3. Калий ионы жасуша ішінде, ал натрий ионы жасушадан тыс ортада көп болуы
  4. Натрий және калий ионының концентрациясы жасуша ішінде және сыртында бірдей болуы
  5. Натрий ионының концентрациясы жасуша ішінде және сыртында бірдей болуы

 

10. Тұрақты токпен ұзақ әсер еткенде анодтың астында байқалатын қозғыштықтың жоғарлауы:

  1. анодтық экзальтация
  2. катодтық депрессия
  3. катэлектротон
  4. катпериэлектротон
  5. анэлектротон

 

11. Иондардың өтуі мен ӘП кезеңдерінің арасындағы сәйкестікті табыңыз:

А) Деполяризация

Б) Реполяризация

а) Na^+ клетка ішіне кіруі

б) Na^+ клетка сыртына шығуы

в) K^+ клетка ішіне кіруі

г) K^+ клетка сыртына шығуы

 

12. Жасушаның ӘП-ның кезеңдерімен қозғыштық кезеңдері арасындағы сәйкестікті табыңыздар:

1. Деполяризация А) жоғары немесе супернормалды;

2. Реполяризация Б) абсолюттік рефрактерлік;

В) төменгі немесе субнормальды;

Г) қалыпты қозғыштық;

Д) салыстырмалы рефрактерлік

 

13. Жүйке талшықтарының типтерімен импульстерді өткізу жылдамдығы (м/с) арасындағы сәйкестікті табыңыздар:

1. А - альфа А) 30-70;

2. А – бета Б) 0,5-2;

3. А – гамма В) 70-120;

4. В Г) 3-15;

5. С Д) 15-30.

 

14. Синапстық өткізудегі Са++ иондары мен медиаторлардың ролі арасындағы сәйкестікті табыңыздар:

1. Са++ А) постсинапстық мембрана рецептормен

2. Ацетилхолин әсерлеседі, Nа+ иондары үшін өткізгіштігі

3. Глицин жоғарлайды, деполяризация пайда болады (ПСҚП);

Б) көпіршіктердің жарылуы мен медиатордың

синапстық саңылауға шығуына әсер етеді;

В) постсинапстық мембрананың рецептормен

әсерлеседі, К+ (СІ) иондары үшін өткізгіштігі

жоғарлайды, гиперполяризация пайда болады (ПСТП);

Г) постсинапстық мембрананың рецепторымен

әсерлеседі, К+ (СІ) иондары үшін өткізгіш тігі

жоғарлайды, катодтық депрессия тәрізді тұрақты

деполяризация пайда болады.

Д) медиаторлардың синтезіне әсер етеді.

 

15. Бұлшықеттің дара жиырылуын көрсетіңіз:

 

16. Парабиздың теңестірілу кезеңін көрстіңіз:

 

17. Әрекет потенциялының қисық сызығындағы теріс із потенциялын көрсетіңіз:

 

 

18. Гоорвег-Вейс күш-уақыты қисық сызығындағы әсердің пайдалы уақытын белгілеңіз:

 

19. Қозудың жүйкеден өту ерекшелігі:

A. Қозуды бір жақты өткізу.

B. Қозудың жинақталуы.

C. Қозудың бір талшықтан екінші талшыққа өтуі.

D. Қозуды екі жақты өткізу.

E. Қозудың ырғағы мен күшінің өзгеруі.

20. Маттеучи тәжірибесі жасалады:

А. Бақаның реоскопиялық аяғын Гальвани балькончигіне ілу

B. Жүйке-ет препаратының зақымдалған және зақымдалмаған жерін тұйықтау

C. Жүйке-ет препаратынның жүйке талшығын екінші жүйке-ет препаратына қойып тітіркендіру

D. Электр тоғымен жүйке-ет препаратының шонданай жүйкесін тітіркендіру

E. Жүйке-ет препаратының балтыр бұлшықетін электр тоғымен тітіркендіру

21. Бұлшықет толық жинақталуы үшін, кезекті тітіркендіру еттің қай кезеңіне сәйкес келуі керек:

  1. Босаңсу кезеңіне
  2. Латенттік кезеңіне
  3. Жиырылу кезеңіне
  4. Реполяризация кезеңіне
  5. Кезең алдына

22. Синапстың физиологиялық қасиетіне жатады:

  1. қажымау
  2. қозуды екі жақты өткізу
  3. қозуды жеке өткізу
  4. реверберация
  5. синапстық кідіру

 

23. Әрекет потенциалының түзілуі немен түсіндіріледі және жүйке және бұлшықет жасушаларындағы шамасы қанша болады?:

A. К+ иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен, - 30-50 мВ;

B. СІ- иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен, - 60-80 мВ;

C. Анион иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен, - 90-120 мВ;

D. Барлық иондарға мембрана өткізгіштігінің артуымен,-10-30 мВ;

E. Nа+ иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен,-90-120 мВ.

 

24. Күші екі реобазаға тең тітіркендіргіштің әсерінен байқалатын қозудың минималды уақыты қалай аталады?

A. Пайдалы уақыт;

B. Хронаксия;

C. Рефрактерлік кезең;

D. Латенттік кезең;

E. Рефлекс уақыты.

 

25. Миелинсіз жүйке талшықтарымен қозудың өтуі:

A. Бір бағыта;

B. Мембрана бетімен үздіксіз;

C. Секірмелі;

D. Екі бағыта;

E. Иондық градиенті бойынша.

 

 

2. ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕГЕТАТИВТІК ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

I. 2.1. Тақырып: Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі. Жұлын рефлекстері. Рефлекс уақыты

 

II. Тақырыптың маңыздылығы: Жұлынның атқаратын қызметіне байланысты, адам организмінде өте маңызды орын алады. Көптеген рефлекстердің рефлекс доғасы жұлында тұйықталады. Жұлында қол-аяқ және кеуде бұлшық еттерінің орталықтары орналасқан. Сонымен қатар көптеген вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары да осы жұлында орналасқан.

III. Сабақтың мақсаты:

Студент білуі қажет:

1. Нейронның құрылысы, түрлері.

2. Рефлекс туралы ұғым, рефлекстік доға, рефлекстік шеңбер.

3. Рефлекстің жіктелуі.

4. Нейрон аралық синапстар, олардың құрылысы мен түрлері.

5. Адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстері (шынтақ,тізе,ахилл).

6. Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері.

7. Рефлекс уақыты және оны Тюрк әдісі бойынша анықтау.

 

Студент орындауы қажет:

1. Адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстері (шынтақ,тізе, ахилл).

2. Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері (бүгілу және жазылу, тітіркендіргішті алып тастау, тітіркендіргіштен алыстау).

3. Рефлекстік доғаның жеке бөлігін зақымдаған кездегі, бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстерінің орындалуын байқау.

4. Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтау.

 

IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

1. Нейронның құрылысы, түрлері.

2. Рефлекс, рефлекстік доға және рефлекстік шеңбер.

3. Рефлекстің жіктелуі.

4. Нейрон аралық синапстар, олардың құрылысы мен түрлері

5. Адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстері, орналасу

орталықтары.

6. Рефлекс орындалуы үшін, рефлекстік доғаның барлық бөлімінің бүтіндігін дәлелдейтін тәжірибе.

Рефлекс уақыты, оның бөлімдері. Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтау.Нәрестелердегі шартсыз рефлекстер ерекшеліктері (бала емдеу факультеті).

V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.

Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.

 

1-жұмыс. Адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстері

Адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстерін анықтау неврологиялық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Бұл рефлекстерді алу үшін, зерттелушіден мүмкіндігінше қол-аяқ еттерінің толық босаңсытуын талап ету керек. Сонымен қатар, неврологиялық балғашамен соғу күші бірқалыпты болғаны жөн. Рефлекс нәтижесін бағалауда, олардың айқын байқалуы мен симметриялылығы міндетті түрде ескеріледі.

Жұмыстың орындалуы: Тізе рефлексі. Оқытушының өтініші бойынша зерттелуші екі аяғын айқастырып, аяқ еттерін босаңсытады. Содан кейін неврологиялық балғашамен төрт басты сан еті сіңірінің үстінен, тізесінің төменгі жағынан ақырын ғана соғып жібереді. Тап осы сәтте, зерттелушінің аяғы селк етіп жоғары көтеріліп, тізе рефлексі пайда болады. Рефлекс доғасы жұлынның 3-4 бел омыртқа сегментінің нейрондары арқылы өтеді.

 

1-сурет. Тізе рефлексінің доғасы

1- Рецептор; 2- афференттік талшық; 3- жүйке орталығы; 4- эфференттік талшық; 5- эффектор

 

 

Ахилл рефлексі. Зерттелушіні екі тізесімен тік орындыққа отырғызады да, табанын босаңсытқан соң неврологиялық балғашамен әуелі оның бір аяғының, сонан соң екінші аяғының ахилл сіңірін сәл ғана соғып жібереді. Осы кезде соғылған аяқтың табаны кілт бүгілуі тиіс. Рефлекс доғасы жұлынның 1-2 сегізкөз сегментінің нейрондары арқылы өтеді.

 

 

 

2-сурет. Ахилл рефлексі

 

Шынтақ рефлексі. Зерттелушінің қол еттері босаңсыған соң, саусақтарынан ұстап, оның шынтағын сәл бүктіріп, неврологиялық балғашамен үш басты қар еті сіңірінің үстінен ақырын ғана соғып қалады. Осы кезде шынтақ буыны жазылуға тиіс (шынтақтың жазылу рефлексі). Шынтақ буынының ішкі жағына орналасқан қос басты қар етінің сіңірі соғылса, шынтақтың бүгілу рефлексі пайда болады. Рефлекс доғасы жұлынның 4-5 мойын сегментінің нейрондары арқылы өтеді.

 

 

 

 

3-сурет. Шынтақ рефлексінің доғасы

2-жұмыс. Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері

Жұлын рефлекстері деп, рефлекстік доғасы жұлын орталығында тұйықталатын рефлекстерді айтамыз. Бұл рефлекстердің рецепторлары теріде орналасады.

Жұмыстың орындалуы: Бақаның жұлынын зақымдамастан көзінің сырт жағынан тіледі. Мұндай бақа жұлынды бақа деп аталады. Жұлынды бақаны иегінен штативке іліп қойып, әр түрлі тітіркендіргіштермен тітіркендіру арқылы экстероцептивтік рефлекстерді бақылайды.

а/ Бүгілу және жазылу рефлекстері. Ілулі тұрған бақаның табан терісін 1 Гц жиілікте электродпен тітіркендіру арқылы, қозу табалдырығын анықтайды. Ток күшін біртіндеп көбейте отырып тітіркендірсек, бақаның бақайлары бүгілуі тиіс (бүгілу рефлексі). Осы ток әсерімен бақа табаны терісінің үстінен тітіркендірсе, оның бақайлары жазылады (жазылу рефлексі).

б/ Тітіркендіргішті алып тастау. Бір жапырақ қағаз сүзгіні күкірт қышқылының 3%-тік ерітіндісіне малып алып, бақаның сан терісіне жабыстырса, бақа сол қағазды артқы аяғымен алып тастайды.

в/ Тітіркендіргіштен алыстау. Бақаның артқы сирағын тізе буынына дейін, күкірт қышқылының 0,3%-дық ерітіндісіне малса, бақа сол сирағының тізесіне дейін бүгіп, ерітіндіден шығарып алуға тырысады. Химиялық тітіркендіргіштің әсерінен кейін бақаның сирағы сумен шайып тасталынады.

А Б

 

 

В

4-сурет. Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері

А - Жазылу рефлексі

Б - Тітіркендіргішті алып тастау рефлексі

В - Тітіркендіргіштен алыстау рефлексі

 

3-жұмыс. Жұлындағы қорғаныс рефлекстерінің

рефлекстік доғасына талдау жасау

Рефлекстің жүзеге асуы, рефлекстік доғаның бүтіндігіне байланысты. Рефлекстік доғаның бір бөлімі істен шығатын болса, рефлекс жүзеге аспайды.

Жұмыстың орындалуы: Жұлынды бақаны штативке іліп қойып, оның бір жапырақ сан терісін кесіп алып тастайды. Сөйтіп тері рецепторларын жояды. Терісі сылынған жерге күкірт қышқылының 3%-дық ерітіндісіне малынған қағаз сүзгіні жабыстырады. Бақа бұл қағаздың бар-жоғын сезбейді, тітіркендіргішті алып тастау рефлексі тумайды. Сан терісін сырт жағынан бойлай тіліп, оның астындағы қос басты сан етімен жартылай жарғақша етті ажыратады да шонданай жүйкесін тауып алады. Оны кесіп екіге бөледі немесе новокаинға малынған мақтамен орап жансыздандырады. Енді осы аяғын күкірт қышқылының 0,3%-дық ерітіндісіне батырса, тітіркендіргіштен алыстау рефлексі тумайды (рефлекстік доғаның афференттік және эфференттік жүйкелерінің бүтіндігі жойылған). Бақа жұлынын инемен зақымдап, оның терісі бүтін сау сирағы күкірт қышқылының 0,3%-тік ерітіндісіне малынса, рефлекстік доға рецепторлары мен жүйке талшықтары сақталғанымен ешқандай рефлекс тумайды.

 

 

4-жұмыс. Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтау

Рецепторды тітіркендіргеннен бастап, жауап бергенге дейінгі уақытты рефлекс уақыты деп атаймыз. Ол рецептордың латенттік кезеңі, қозудың афференттік жолмен өту уақытынан, орталық уақыттан, эфференттік жолмен өту және эффектордың латенттік кезеңі уақыттарынан құралады.

Жұмыстың орындалуы: Жұлынды бақаны иегінен штативке іліп, оның артқы аяқтарын күкірт қышқылының 0,1%-дық ерітіндісіне батырған уақыттан бастап, жауап қайтарғанға дейінгі уақытты белгілеп алу қажет. Бақаның аяқтарын сумен шайып жіберіп, қышқылдан тазартады. Сонан соң күкірт қышқылының 0,3% және 0,5%-дық ерітінділерін пайдалана отырып, жоғарыда аталған тәжірибе бірнеше рет қайталанады. Үш рет қайталанған тәжірибе нәтижелері тиісті жолмен есептеледі де, орташа рефлекс уақыты табылады. Оларды салыстыра отырып, қорытынды шығарылады.

 

 

5-сурет. Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтау

I. 2.2. Тақырып: Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. ОЖЖ-дегі тежелу. ОЖЖ-нің рефлекстерді үйлестіру (координациялау) қызметі.

II.Тақырыптың маңыздылығы: Организмнің рефлекстік қызметі көбінесе жүйке орталықтарының қасиеттерімен анықталады. Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметінің бірі - рефлекстерді үйлестіру. Орталық жүйке жүйесінің интегративті және үйлестіру қызметі міндетті түрде тежелу үрдісінің қатысуымен жүреді. Тежелу туа пайда болған үрдіс, ол организмнің өмір сүру барысында әрдайым жетіле түседі.

 

III.Сабақтың мақсаты:

Студент білуі қажет:

1. Жүйке орталығы туралы ұғым

2. Жүйке орталықтарының қозуды өткізу ерекшеліктері

3. ОЖЖ-дегі тежелу, түрлері

4. ОЖЖ-нің үйлестіру механизмі

 

Студент орындауы қажет:

1. Бақада қозудың жұлын арқылы таралуы (иррадиация)

2. Бақада қозудың бір ізді және кеңістіктік жинақталуы

3. И.М.Сеченовтың ОЖЖ-нің тежелу тәжірибесі

4. Бақаның аяқты жазу және құшақтау рефлекстері орталықтарының доминантты қозуы

 

IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

1. Жүйке орталығы туралы ұғым

2. Жүйке орталықтарының қозуды өткізу ерекшеліктері

3. ОЖЖ-дегі тежелу, түрлері, механизмі

4. ОЖЖ-нің үйлестіру механизмі

 

V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.

Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.

1-жұмыс. Жұлын рефлекстерінің орталықтан тежелуі

И.М.Сеченов тәжірибесі

Орталық жүйке жүйесінің негізгі үрдістеріне қозу мен тежелу үрдістері жатады. 1863 жылы И.М. Сеченов бақаның көру төмпешігін тітіркендіру арқылы жұлын рефлексі уақытының ұзаруына байланысты ОЖЖ тежелу құбылысын ашты.

Жұмыстың орындалуы: Бақаның басын екі көзінің сыртын ала жоғарғы жақ сүйектерімен қоса кесіп тастаса, тілік көру төмпешігін басып өтеді. Бақаны иегінен штативке іледі де, күкірт қышқылының 0,3%-дық ерітіндісін пайдалана отырып, Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтайды. Содан кейін бастың кесілген жерін мақтамен құрғатып, аралық мидың үстіне ас тұзының кристалдарын салады да, 15 сек. өтісімен тағы да рефлекс уақытын анықтайды. Осы екі уақытты салыстыра отырып, рефлекс уақытының едәуір ұзарғанын көруге болады. Сонан соң ас тұзын алып тастап, тілінген жерді физиологиялық ерітіндімен шайып жібереді де 2 минут өтісімен қайтадан рефлекс уақытын анықтайды.

 

6-сурет. И.М.Сеченов тәжірибесі

 

 

2-жұмыс. Қозудың жұлын арқылы таралуы (иррадиация)

Орталықтағы қозу сол жерде қалмай, басқа орталықтарға жайылуын иррадиация деп атаймыз. Қозудың жайылу дәрежесі тітіркендіргіштің күшіне тікелей байланысты.

Жұмыстың орындалуы: Жұлынды бақаны төменгі иегінен штативке

іліп қояды да, бақа табанына 1 Гц жиілікте электродпен

тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтайды. Осы мөлшерде

ток күшімен әсер етсе, бақаның башпайлары бүгіледі. Содан

кейін біртіндеп ток күшін көбейтсе, сирақ асық буыны одан әрі

тізе, ұршық буыны бірінен соң бірі бүгіле бастайды, бара-бара бақа

денесі түгелдей қозғалысқа келеді. Ток әсерінен туған рефлекстер

орталық жүйке жүйесіне жетеді де, мұндағы жүйке

орталықтарын қоздырады.

 

3-жұмыс. Қозудың орталық жүйке жүйесіне жинақталуы.

Жинақы қозуды алғаш рет И.М. Сеченов ашты. Жинақы қозу бір ізді және кеңістіктік деп екіге бөлінеді.

Жұмыстың орындалуы: а/ Бір ізді жинақы қозу. Жұлынды бақаны иегінен штативке іледі де, оның балтыр терісіне 1 Гц жиілікте электродпен тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтайды. Ток жиілігін өзгертпей, қозу табалдырығынан төмен күшпен әсер етсе, бүгілу рефлексі пайда болмайды. Ал ток күшін сол күйінде қалдырып, ток жиілігін 10-15Гц-ке көбейтсе, жинақы қозудың әсерінен бүгілу рефлексі туады.

б/ Кеңістіктік жинақы қозу. Тәжірибеге жоғарыда аталған бақаны пайдалануға болады. Қос электродтың біреуін бақаның балтыр

терісіне, яғни сирақ-асықты буынына жақын жерге, екіншісін тізе буынына жақын жерге тигізіп қозу табалдырығын анықтайды. Егер 1 Гц жиілікте табалдырықтан төмен күшпен жеке-жеке тітіркендірсе

рефлекс пайда болмайды. Ал қос электродпен бір мезгілде тітіркендірсе, қозу үрдісі жинақталады да бүгілу рефлексі пайда болады.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1420 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
сурет. Мастикациограмма. 1 страница| сурет. Мастикациограмма. 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)