Читайте также: |
|
Сурет
Бір ізді жинақы қозу Кеңістіктік жинақы қозу
4-жұмыс. Аяқты жазу рефлексі орталығының доминантты қозуы
Жұмыстың орындалуы: Тәжірибе жұлынды бақаға жасалады. Жотаны бойлай отырып сегізкөзден 1,5-2,0 см жоғары жерден бастап, ұршық буынына дейінгі арадағы арқа көлденең тарта тілінеді. Тілінген теріні сыртқа қарай қайырып, ұршық буынының тұсынан санның тамыр-жүйке шоғырын тауып алады. Финдер инесіне сабақталған жіпті осы шоғырдың астынан өткізеді. 1 Гц жиілікте қозу табалдырығына тең күшпен табан терісін тітіркендірсе, бақаның сирағы бүгіледі. Сонан соң, бірінші электродпен астынан өткізілген жіппен сан терісінің жүйкесін көтеріп, табалдырыққа тең күшпен тітіркендіреді. Мұнымен қатар екінші электродпен бақа табанын тітіркендіреді. Сол кезде жазылу рефлексінің орталығы доминантты қозуға келеді. Сондықтан бүгілудің орнына жазылу рефлексі жүреді.
5-жұмыс. Бақаның құшақтау рефлексі орталығының
доминантты қозуы
Жұмыстың орындалуы: Жұлынды бақаны астыңғы иегінен штативке іліп, зерттеуші оның көкірек терісін бармағымен басады. Сол кезде бақа бармақты құшақтап алады, осы сәтте оның артқы аяғының терісін пинцетпен шымшып алса, құшақтау рефлексі одан сайын күшейе түседі.
I. 2.3. Тақырып: Вегетативтік жүйке жүйесі. Ми бағанасының тонустық рефлекстері.
II. Тақырыптың маңыздылығы: Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалардың қызметін, зат алмасуын, өсіп-өну үрдістерін реттейді. Вегетативтік қызметтер біздің ырқымызға бағынбайды. Вегетативтік жүйке жүйесі құрылымының қалыптасуы мен жетілуі, дүниеге келуге дейінгі жүйке жүйесінің ажыратылуынан бастап, дүниеге келгеннен кейін бірнеше жылдан соң аяқталады. Вегетативтік жүйке жүйесінің морфологиялық және функциялық ерекшеліктерін білу болашақ дәрігерлерге аурулардың патогенезін түсіну және оларды анықтап, дұрыс ем қолдану үшін керек.
III. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
1. Сомалық және вегетативтік жүйке жүйесінің морфо-физиологиялық
ерекшеліктері.
2. ВЖЖ-нің физиологиялық ерекшеліктері.
3. ВЖЖ-нің рефлекстік доғасы.
4. Холинергилік және адренергилік жүйке талшықтары.
5. Вегетативтік рефлекстер.
6. Вегетативтік қызметтің орталықтары.
7. Статикалық және стато-кинетикалық рефлекстер.
Студент орындауы қажет:
1. Данини-Ашнер(жүрек-көз рефлексі).
2. Студенттерден Геринг рефлексін бақылау.
3. Сопақша ми ядросын және құрсақ қуысындағы ағзалардың.
рецепторларын тітіркендіру нәтижесінде туатын жүректің вегетативтік
рефлекстері.
IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Сомалық және вегетативтік жүйке жүйесінің морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
2. ВЖЖ-нің физиологиялық ерекшеліктері.
3. ВЖЖ-нің рефлекстік доғасы.
4. Холинергилік және адренергилік жүйке талшықтары.
5. Вегетативтік рефлекстер.
6. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің әртүрлі ағзаға
әсер етуінің жалпы сипаттамасы.
7. Ми бағанасының тонустық рефлексті атқарудағы рөлі.
8. Статикалық және стато-кинетикалық рефлекстер.
V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
1-жұмыс. Құрсақ қуысындағы ағзалардың рецепторларын тітіркендіру нәтижесінде туатын жүректің вегетативтік рефлекстері
Жұмыстың орындалуы: Бақаға эфир иіскетіп қимыл-әрекетін тоқтатқаннан кейін, оның жүрегін жалаңаштайды да, кардиограммасын жазып алады. Жүректің минутына қанша рет соққанын анықтайды. Содан соң құрсақ қуысын аша отырып, қарынды тартқыласа немесе іскекпен қысса, жүрек соғысы сиреп баяулайды. Одан әрі ащы ішек пен қуықты тауып алып, оларды әрбір 2-3 минут сайын механикалық жолмен тітіркендіріп отырады. Мұның салдарынан жүрек соғысы баяулап немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін. Содан кейін сопақша миды зақымдап, ішкі ағзаны механикалық жолмен тітіркендіру арқылы тәжірибені қайтадан қайталайды. Жүрек қызметінің күшейіп немесе әлсіреген кардиограммасын кимографқа жазып алады.
2-жұмыс. Сопақша ми ядросын тітіркендіру нәтижесінің бақа
жүрегіне тигізетін әсері
Жұмыстың орындалуы: Эфир иіскету арқылы қимыл-әрекеті тоқтатылған бақаның екі көзінің артқы жағынан кесіп алып тастайды. Қанын тоқтатқаннан кейін жіңішке қайшымен ми қабығын тіліп жіберіп, сопақша мидың бетін ашу керек. Үстелге шалқасынан жатқызып бекіткеннен кейін бақаның көкірек қуысын кесіп, жүрегін жалаңаштайды. Содан кейін 1 минут ішіндегі жүрек соғысын есептейді. Қағаз сүзгімен сопақша миды құрғатады да, оны тіліп жіберіп үстіне ас тұзының кристалдарын салып, жүрек соғысын тағы да санайды. Тұз кристалын салғаннан кейін жүрек соғуы баяулай түседі, ал бірнеше минуттан кейін мүлдем тоқтағаннан кейін физиологиялық ерітіндіні тамызып, миды жақсылып шайып жібереді. Осыған орай жүрек соғуы біртіндеп қалпына келуі тиіс.
3-жұмыс. Данини-Ашнер рефлексі (жүрек-көз рефлексі)
Жұмыстың орындалуы: Алдымен зерттелетін адамның пульсі минутына неше рет соққанын санап, жазып алады. Сонан соң бір қолдың екі саусағымен көз алмаларын біртіндеп 10-30 сек. бойы түбіне итермелеп басады да, екінші қолымен білезік тамырын басып, оның минутына неше рет соққанын санайды. Осы уақыттың ішінде жүрек соғуы 8-10 ретке дейін азаюға тиіс.
4-жұмыс. Тыныс ырғағының бұзылу белгілері
(Геринг рефлексі)
Жұмыстың орындалуы: Алдымен зерттелетін адамның пульсі минутына неше рет cоққанын санап алады да, оған бірнеше рет қатты дем алдырады. Бастапқы нәтижемен, терең дем алғаннан кейінгі пульстің соғуын салыстырады. Көбінесе тамырдың соғуы баяулауы тиіс.
5-жұмыс. Жануарларда статикалық және
статокинетикалық рефлекстерді зерттеу
Тонустық рефлекстер статикалық (қозғалыссыз) және статокинетикалық (қозғалыс-қимылдық) деп 2-ге бөлінеді.
Статикалық рефлекстер
Статикалық рефлекс дегеніміз - кеңістікте қозғалыссыз дене кейпін сақтайтын рефлекстерді айтамыз. Олардың қатарына кеңістікте дене кейпін сақтайтын және түзеткіш (қайта орнына келтіретін) рефлекстер жатады.
а) Кеңістікте дене кейпін сақтайтын рефлекстер
Жұмыстың орындалуы:
Теңіз шошқасы салфеткаға отырғызылып, денесінің табиғи қалпы зерттеледі. Алдыңғы және артқы сирақтары бүгіліп, денесі тартылып тұрады. Төбесі жоғары қараған қалыпта, басы, мойны, денесі дене білігі деңгейінде болады (7-сурет а).
Теңіз шошқасын тұмсығынан ұстап, басын жоғары көтереді. Бұл жағдайда жануардың алдыңғы сирақтары созылып жазылады, ал артқы сирақтары бүгілген қалпында қалады. Мұндай қалып осы жануарға тән (7 –сурет,б)
7 – сурет. Теңіз шошқасының басын көтергеннен кейін, алдыңғы сирағының жазылуы
а-жануардың бастапқы кейпі; б- басын көтергеннен кейінгі кейпі
8 – сурет. Теңіз шошқасының кеудесін өз осінен 180°-қа айналдырған кездегі басының алғашқы қалпына келуі.
а – кеудесінің 180°-қа айналуы, басы нықтап ұсталынған; б - басының босатылуы.
б) Түзеткіш рефлекстер
Түзеткіш рефлекстер түрлі жағдайға байланысты дене кейпін өзгертсе (мысалы дененің 90о немесе 180о-қа бұрылғанында пайда болады), оны қайта орнына келтіретін рефлекстер.
Жұмыстың орындалуы: Жануарды жоғары көтереді де, белінен ұстап тұрып 180о-қа денесін бұрады, төбесі төмен бағытталған. Бастапқыда басын саусақпен қысады, содан кейін босатады. Осы жағдайда жануар төбесін жоғары бағыттап, қалыпты жағдайға келуге тырысады (сурет-8).
Теңіз шошқасын бір жағына жатқызып, оның басы мен денесін алақанмен қысып ұстайды. Содан кейін басы мен кеудесін босатады: ол алдымен басын түзеуге тырысады (төбесін жоғары бағыттап). Содан кейін дененің артқы бөлігін босатады: теңіз шошқасы денесін 90о-қа бұрып, артқы аяғымен көтеріле отырып қалыпты кейпіне келеді (сурет-9).
9 – сурет. Теңіз шошқасының кеудесін өз осінен 90°-қа айналдырған кездегі басының алғашқы қалпына келуі.
а – кеудесінің 90°-қа айналуы, басы және кеудесі алақанмен қысылып нықтап ұсталынған; б - басының босатылуы; в – кеудесінің босатылуы
Статокинетикалық рефлекстер.
Статокинетикалық рефлекс дегеніміз - кеңістікте қозғалыстың өзінде дене кейпін сақтайтын рефлекстерді айтамыз. Қозғалыстың түріне байланысты рефлекстер екі түрге бөлінеді: сызықтық үдеуге және бұрыштық үдеуге байланысты пайда болатын рефлекстер.
а) Сызықтық үдеудің әсерінен пайда болатын рефлекстер.
Осы рефлекстер қатарына лифт рефлексі және жерге түсу рефлексі жатады.
Жұмыстың орындалуы: Лифт рефлексі. Жазық тақтайшаға теңіз шошқасын орналастырып, тыныштық жағдайдағы дене қалпын анықтайды. Оның алдыңғы, артқы сирақтары бүгілген, басы аздап жоғары көтерілген. Теңіз шошқасы орналасқан тақтайды біресе жоғары көтеріп, біресе төмен түсіреді. Тақтайды төмен қарай тез түсіре бастағанда, оның бүгілген алдыңғы және артқы сирақтары жазылады, денесі мен басы сәл жоғары көтеріледі. Тақтайды түсірерде соңында кенет тоқтатса, сирақтары бүгіліп, басы мен денесі орныққан жеріне жабыса түседі. Тақтайды тез көтерсе, жоғарыда аталған рефлекстік жауаптар кері ретімен орындалады (10сурет)
Теңіз шошқасын жотасынан ұстап көтеріп тұрса, сирақтары аздап бүгілген күйде салбырап тұрады. Сонан соң жерге қарай тастап жіберсе, алдыңғы және артқы бүгілген сирақтары жазылып, алға қарай созылады, ал башпайлары жан-жаққа тырбияды. Бұл жерге түсу рефлексі.
10 – сурет. Теңіз шошқасын тез төмен түсірген кездегі дене кейпінің өзгеруі
а – бастапқы кейпі; б - тез төмен түсу кезіндегі кейпі; в – төмен түсіруді кенет тоқтатқан кездегі кейпі.
б) Бұрыштық үдеудің әсерінен пайда болатын статокинетикалық рефлекстер.
Жұмыстың орындалуы:. Шыр айналу рефлексі. Бақаны қалай болса олай шыр айналдырғанда кездесетін статокинетикалық рефлекстерін бақылау үшін, бақаны айналып тұрған орындықтың үстіне отырғызып, үстін үлкен шыны ыдыспен жауып орындықты тез айналдырады. Айналдыра бастаған сәтте жылдамдықтың үдеуі әсерінен, бақаның басы айналу бағытына кері қарай бұрылады. Бұдан соң бұрылған жаққа басы, денесі де қисаяды. Кейде айналдыру жылдамдығының үдеуінің әсерінен бақа айналдыру бағытына қарама-қарсы еңбектейді. Айналдыру тоқтаған соң, бақа алғашқы кейпіне қайта оралады.
Бақаны су толған астауға қоя беріп, астауды айналып тұрған орындыққа қойса, бақа орындықтың қимыл бағытына қарама-қарсы жүзеді.
2.4. Мәселелік тапсырмалар:
1. Рефлекс уақыты неліктен аралық нейронға байланысты?
2. Жүйке жасушасын бір мезгілде бірнеше аксон арқылы табалдырықтан төмен күшпен тітіркендірсе, ол қоза ма? Қозса, бұл неліктен?
3. Физиологиялық қызметтердің жүйке арқылы реттелуінің, гуморальдық реттелуден қандай артықшылығы бар?
4. Нейрондар жиі-жиі тітіркендіріліп, осы кезде ацетилхолин толық жойылмай постсинапстық мембранада көбейе түссе, жүйке орталығында қандай өзгерістер `` ``туады?
5. Стрихнин енгізілген бақа денесін тітіркендірсе, оның еті тырысып жиырылады. Оның себебі неді?
6. Перфузиялық сұйықтыққа холинэстераза мен моноаминоксидаза ферменттерін қосса, жүйке-ет препаратының жиырылуы қалайша өзгереді?
7. Бұдан екі ай бұрын мишығы кесіп алынып тасталған иттің қимыл-әрекетінде қандай өзерістер туады?
8. Жануардың ми бағанасындағы торлы құрылымы зақымдалған. Осыған орай М.И.Сеченов тежелуі байқала ма?
9. Жүйке жүйесінің жұмысы неге негізделген? Схемасын сызыңыз
10. Ми бағанасындағы көпір мен ортаңғы ми арасынан кесілсе, бұлшық тонусында қандай өзгерістер болады? Бұл өзгеріс қалай аталады?
Тест сұрақтары
1. Шынтақ рефлексінің жұлындағы орталығы
1. ІІ-ІІІ мойын сегменттері
2. ІV-V мойын сегменттері
3. ІІІ-ІV мойын сегменттері
4. І-ІІ кеуде сегменттері
5. III-IV бел сегменттері
2. Рефлекс түрлері мен олардың рецепторларының орналасуы арасындағы сәйкестілік
А. Экстероцептивтік
Б. Интероцептивтік
В. Проприрецептивтік
1. Рецепторлардың ішкі ағзада, ұлпаларда және тамырларда орналасуы
2. Рецепторлардың буында және жалғамаларда орналасуы
3. Рецепторлардың теріде, көзде және ауыз қуысының кілегейлі қабатында орналасуы
1. А-3 Б-1 В-2 2. А-1 Б-2 В-3 3. А-2 Б-3 В-1 4. А-3 Б-2 В-1 5. А-1 Б-3 В-2
3. Рефлекс уақыты дегеніміз -
1. Рецепторларды тітіркендіргеннен басталып, жауап аяқталғанға дейінгі уақыт
2. Рецепторларды тітіркендіргеннен басталып, жауап бергенге дейінгі уақыт
3. Қозудың афференттік талшықтардан өту уақыт
4. Қозудың эфференттік талшықты өту уақыты
5. Қозудың орталықтан өтетін уақыты
4. Жұлын нейрондарының түрлерімен олардың орналасуы арасындағы сәйкестілік
А. Сезімтал нейрон 1. Жұлынның артқы мүйізі
Б. Аралық нейрон 2. Жұлынның алдыңғы мүйізі
В. Қозғалтқыш нейрон 3. Жұлын түйінінде
1. А-1 Б-2 В-3 2. А-2 Б-3 В-1 3. А-3 Б-1 В-2 4. А-1 Б-3 В-2 5. А-3 Б-2 В-1
5. Үш нейронды сомалық рефлекс доғасы құрамына жатпайды:
1. Рецептор
2. Сезімтал нейрон
3. Аралық нейрон
4. Постганглионалдық жүйке талшығы
5. Қозғалтқыш нейрон
6. И.М.Сеченовтың орталықтағы тежелу тәжірибесінде:
1. Ас тұзы кристалын жұлын тілігіне қойғанда рефлекс уақыты ұзарады
2. Ас тұзы кристалын көру төмпешігінің тілігіне қойғанда рефлекс уақыты ұзарады
3. Ас тұзы кристалын көру төмпешігінің тілігіне қойғанда рефлекс уақыты қысқарады
4. Ас тұзы кристалын көру төмпешігінің тілігіне қойғанда рефлекс уақыты өзгермейді
5. Ас тұзы кристалын жұлын тілігіне қойғанда рефлекс уақыты қысқарады
7. Қозудан кейінгі тежелу мынаған байланысты:
1. Жасуша мембранасының ұзақ іздік деполяризациясы
2. Жасуша мембранасының ұзақ іздік реполяризациясы
3. Жасуша мембранасының ұзақ іздік гиперполяризациясы
4. Жергілікті жауапқа
5. Баяу реполяризацияға
8. Негізгі үйлестіру қызметінің үрдістері мен олардың сипаттамасы арасындағы сәйкестілік:
А. Иррадиация 1. Бір орталықтағы қозудың үстемділігі
Б. Концентрация 2. ОЖЖ-де қозудың жайылуы
В. Индукция 3. Қозу мен тежелудің бір орталыққа жиналуы
Г. Доминанттық қозу 4. Бір-біріне қарама-қарсы үрдістің пайда болуы
9. Дивергенция дегеніміз-
1. Серпіністердің бір нейронға жиналуы
2. ОЖЖ-де серпіністердің бір нейроннан таралуы
3. Қозудың ми қыртысында таралуы
4. Тітіркеністен кейінгі әрекет
5. Серпіністердің бір орталыққа бітеліп қалуы
10.ОЖЖ-нің үйлестіру қызметінің қағидалары мен олардың қызметі
арасындағы сәйкестілік:
А. Иррадиация
Б. Реципроктық тежелу
1. Жүйке орталығында пайда болған бір үрдістің, басқа орталыққа жайылуы
2. Бір орталықтың қозуы, екінші орталықтың тежелуін тудырады
11. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің 1-нейрондарының орналасқан жерлері:
1. Жұлынның мойын сегментінде
2. Гипоталамуста
3. Жұлынның кеуде бөлімінде
4. Ортаңғы, сопақша ми және жұлынның сегізкөз бөлімінде
5. Таламуста
12. Ахилл рефлексінің жұлындағы орталығы
1. V-VI мойын сегменті
2. І-ІІ кеуде сегменті
3. І-ІІбел сегменті
4. І-ІІ сегізкөз сегменті
5. III-IV бел сегменті
13. Рефлекс доғасы звеносы мен қызметі арасындағы сәйкестілік
А. Рецепторлық 1. Қозуды орталықтан эффекторға өткізу
Б. Афференттік 2. Қозуды рецептордан жүйке орт. жеткізу
В. Орталық 3. Ақпаратты анализдеп синтездеу
Г. Эфференттік 4. Тітіркендіргішті қабылдап, оны жүйке
серпіністеріне айналдыру
1. А-1 Б-3 В-2 Г-4 2. А-2 Б-1 В-4 Г-3 3. А-4 Б-2 В-3 Г-1 4. А-3 Б-4 В-1 Г-2 5. А-4 Б-2 В-1 Г-3
14. Тізе рефлексінің жұлындағы орталығы
1. ІІІ-ІV кеуде сегменті
2. ХІІ кеуде және І бел сегменті
3. І-ІІІ бел сегменті
4. ІІІ-ІV бел сегменті
5. I-II сегіз көз рефлексі
15. Рефлекстің орталық уақыты дегеніміз -
1. Рецепторларды тітіркендіргеннен басталып, жауап аяқталғанға дейінгі уақыт
2. Қозудың жүйке орталығынан өту уақыт
3. Қозудың афференттік талшықтардан өту уақыт
4. Эффектордың қозу уақыт
5. Қозудың мотонейроннан эффекторға дейін өту уақыты
3. ІШКІ СӨЛІНІС БЕЗДЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
I. 3.1. Тақырып: Ішкі сөлініс бездерінің морфологиялық-функционалдық ерекшеліктері. Гипоталамус-гипофизарлық–адреналды жүйе. Бүйрек үсті безінің физиологиясы
II. Тақырыптың маңыздылығы: Организмде барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін реттеуде біртұтас жүйкелік - гуморалдық реттелудің орны зор. Ішкі секреция бездері (ІСБ) гуморалдық реттеудің маңызды бөлімі болып табылады. Гормондар өте белсенді болғандықтан, бездердің гипо-, гиперфункциясы организмде көптеген қауіпті өзгерістерге әкеледі, ересек адамдарда және балаларда өзгерістедің көріністері әртүрлі болады. Сондықтан ішкі секреция бездері туралы білім мен оның организмдегі рөлі практикадағы дәрігерлер үшін қажет.
III. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
Студент орындауы қажет:
1. Адреналиннің бақа көзінің қарашығына, жүрек жұмысына, үлкен қан айналым шеңберіндегі тамырлардың саңылауына тигізетін әсері бойынша тәжірибелер жүргізу және алынған тәжірибелер нәтижелерін бастапқы мәліметтермен салыстырып баға беру.
2. Тәжірибе нәтижесін жазып алып, оның схемасын суретке салу керек. Адреналин тамызғанға дейін және адреналин тамызғаннан кейін қанша тамшы тамғанын өзара салыстыру үшін алынған сандарды кестеге түсіру керек.
3. Бақа терісі (меланофор) түсіне адреналин мен питуитриннің әсерін зерттеу бойынша тәжірибе жүргізу, адреналин мен питуитрин енгізгеннен кейін тері түсінің өзгеруін түсіндіру.
IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. ІСБ–нің орналасқан жері мен морфологиялық-функциональдық ерекшеліктері.
2. ІСБ–нің қызметін зерттеудің негізгі әдістері.
3. Гормондардың жалпы қасиеттері.
4. Гормондардың жіктелуі.
5. Гормондардың әсер етуінің негізгі типтері.
6. Гормондардың әсер ету жолдары.
7. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондарының тобы, олардың организмдегі ролі мен бөлінуінің реттелуі.
8. Бүйрек үсті безінің милы қабаты гормондарының функциялық маңызы, бөлінуінің реттелуі.
9. Гипоталамус-гипофизарлық-адренал жүйесі, оның организм функцияларын реттеудегі маңызы.
10. Гипоталамустың гипофиздің алдыңғы бөлімімен байланысы, гипофиздің алдыңғы бөлімімнің гормондарының функциялық маңызы.
11. Гипоталамустың гипофиздің артқы бөлімімен байланысы. АДГ мен окситоциннің физиологиялық ролі.
V. Ақпараттық дидактикалық жиынтық:
Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары
Ішкі секреция бездердің (эндокриндік бездердің) сөлін шығаратын өзегі жоқ, сондықтан без өнімдері (гормондар) тікелей организмнің ішкі ортасына шығады.
Гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Табиғаты белокты гормондар түрлік ерекшелігімен сипатталады, ал аминқышқылдарының туындылары мен стероидты гормондардың мұндай қасиеті жоқ, сондықтан оларды жануарлардан алып, адамдарды емдеу үшін қолданады.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 784 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
сурет. Мастикациограмма. 2 страница | | | сурет. Мастикациограмма. 4 страница |