Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сурет. Электромиограмма.

сурет. Мастикациограмма. 2 страница | сурет. Мастикациограмма. 3 страница | сурет. Мастикациограмма. 4 страница | сурет. Мастикациограмма. 5 страница |


Читайте также:
  1. сурет. Мастикациограмма. 1 страница
  2. сурет. Мастикациограмма. 2 страница
  3. сурет. Мастикациограмма. 3 страница
  4. сурет. Мастикациограмма. 4 страница
  5. сурет. Мастикациограмма. 5 страница

 

Зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, ЭМГ-ма қисығының тыныштық және жүктеме кезіндегі схемасын салып, қорытынды жасау керек.

 

 

Жұмыс № 7. Жақ еттерінің биологиялық потенциалдарын

Жазып алу.

 

Жұмыс жасауға қажет. Электромиограф, дәке, электродтар, лейкопластырь, спирт.

Жұмысты орындау: Зерттелушіні орындыққа отырғызады. Жақ еті терісі үстін спиртпен сүртіп, физиологиялық ерітіндімен ылғанданған дәкені орналастырады. Электродтарды бір бірінен 2 см арақашықтықта лейкопластырмен бекітеді. Тыныштық және шайнау кездерінде пайда болған электромиограмманы жазып алады.

 

Жұмыс № 8. Хронаксиметрия.

 

Хронаксиметрия - ұлпалардың қозғыштық қасиеттерін сипаттайтын әдістерге жатады. Бұл әдіспен хронаксияны анықтайды. Ұлпаларда қозуды тудыратын, екі реобазалық (немесе екі табалдырық) тоқ күшінің әсер ететін ең аз уақыты – хронаксия деп аталады. Ұлпалардың қозғыштығы мен хронаксиясы арасында кері тәуелділік болады (қозғыштығы жоғары ұлпалардың хронаксиясы аз).

Хронаксияны анықтау үшін хронаксиметр аспабын қолданады. Бұл тоқ кернеуін 1 - ден 300 В және ұзақтығын 0,01-ден 40 мс-қа дейін өзгертетін мүмкіндігі бар электростимулятор. Хронаксиметрияны, экспериментте және клиникалық практикада жүйке мен бұлшықет ұлпаларының әрекеттік белсенділігін зерттеу үшін қолданады.

Жұмыс жасауға қажет. Хронаксиметр, арнайы электродтар, 0,9% NaCІ ерітіндісі, дәкелік салфетка.

Жұмысты орындау. Алдын ала физиологиялық ерітіндімен дымқылданған дәкелік салфетканы индиферентті электродтың (анод) астына орналастырып, білектің ішкі жағына бекітеді (8-сурет). Белсенді электродпен (катодпен) білектің ішкі жағында орналасқан саусақтардың бүгілдіргіш еттерін қозғалтатын нүктесін табады.

 


8-сурет. Қол бұлшықетінің қозғалтқыш нүктелерінің орналасу схемасы.

Стрелкамен саусақтардың бүгілдіргіш еттерін қозғалтатын нүктесі көрсетілген.

 

Аспапты «реобаза ні ң режиміне аударады. Табылған қозғалтқыш нүктесінде орналасқан активті электродпен тоқ кернеуінің табалдырықты шамасын немесе реобазаны табады. Анықтауды әлсіз тоқпен тітіркендіруден бастап, бүгілдіргіш еттердің жиырылуы байқалғанша, біртіндеп ұлғайтады. Тоқ кернеуі шкаласында реобазаның мөлшерін белгілеп, аспапты «хронаксия ны ң режиміне ауыстырады. Тоқтың кернеу күші екі реобазаға тең жағдайда хронаксияны анықтайды.

Адамның аяқ-қол бұлшықеттерінің хронаксиясы қалыпты шамамен 0,1-0,7 мс (реобазасы 60-70 В) тең болады.

Жұмысты аяқтағаннан кейін, анықталған реобаза мен хронаксия шамаларын өзара салыстырып, қорытынды жасалады.

Жұмыс № 9. Тістің электрлік қозғыштығын анықтау.

 

Тістің электрлік қозғыштығын анықтау үшін, стоматология клиникасында ОД-1, ОД-2 электродиагностикалық аспаптары қолданылады. Аспапқа екі электрод қосылады – пассивті (қолға немесе білекке бекітеді) және белсенді (күміс немесе тот баспайтын болаттан жасалған жіңішке сымды жекеленген). Белсенді электродты дымқылданған мақтаға орап, оны тістің әр жеріне орналастырып, тітіркендіргіш күшін бірте-бірте жоғарлатып қозу табалдырығын (табалдырық күшін) табады. Сау тісте, тоқтың табалдырық күші өткір ауырсынуды тез өткендігін сезетіндей әсер қалдырады. Сау тістің қозу табалдырығы 2 - 6 мкА дейін құрайды. Бұл көрсеткіш жас ұлғая төмендейді.

Егер, табалдырық күші 60-100 мкА-ге дейін жоғарласа – бұл тіс пульпасы патологиясы, ал 100 мкА-ден жоғары болса – тіс пульпасының өлгені. Парадонтоз кезінде қозғыштығы жоғары (табалдырығы 2 мкА-ден төмен).

Пульпаның тіршілік дәрежесін анықтауда, тістің электрлік қозғыштығын зерттеудің маңызы зор.

Жұмыс № 10. Ауыз қуысындағы микротоқты зерттеу және

оның темір протезі кезіндегі маңызы.

 

Миллиамперметр немесе милливольтметр аспабын қолданып, ауыз қуысындағы микротоқты анықтайды. Күміс немесе платиннен жасалған қысқышты (датчиктерді) спиртпен залалсыздандырып, оны ауыз қуысындағы түрлі металдарға жанастырады. Қышқышты ауыз қуысындағы кілегей қабатына тигізгенде де микротоқ байқалады. Тісті түрлі металдардан (алтын, тот баспайтын болат, амальгам) даярлағанда немесе пломбылағанда, ауыз қуысында микротоқ пайда болады. Кейбір жағдайда гальванизм құбылысына себебкер болады. Бұл кезде, емделуші адам ауыз қуысында: қышқыл, тұз, темір, күйік және т.б. сезеді. Сонымен қатар жүрек айнуы мен құсу байқалады.

Субъективті бұзылу деңгейі (гальванизм құбылысы) микротоқтың пайда болу күшіне байланысты: тоқ күші 5 мкА-де ешқандай шағым болмайды, 25-30 мкА - әлсіз сезіну, 80 мкА-ден жоғарыда – гальванизм құбылысы айқын байқалады.

Объективті түрі – тіс түсінің өзгеруі, протез бен пломбаның бұзылуы (кемірілуі), ауыз қуысының кілегейінің қабынуы және кей жағдайда ішкі мүшелердің ауруы байқалады.

Гальванизм құбылысы – ауыз қуысында аттас металдар болғанда да байқалады. Металл гильзалар (тектес болғанда), тот баспайтын болат пен припой арасында да электр қозғалтқыш күш (ЭҚК) тіркеледі.

 

 


І. 1.2. Тақырып: Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. Еттің жиырылу түрлері.

 

ІІ. Тақырыптың маңыздылығы: Бұлшықеттің қимыл қозғалысы – бұл организмнің физиологиялық үрдістерімен байланысты тіршілікке өте қажет қызметі. И.М. Сеченов қаңқа бұлшықеттерін жүйке жүйесінің эффекторлық аппараты ретінде көрсеткен. П.К. Анохин бұлшықет қимыл қозғалысын организмнің әрбір әрекеттік жүйе қызметінің нәтижесінде пайда болатын аса қажетті механизм ретінде қарастырған. Бұлшықет қимыл қозғалысы, өсіп келе жатқан организмнің бір қалыпты дамуына және эмоция мен жоғары психикалық қызметтердің қалыптасуында маңызы зор. Бұл, дәрігерлерге бұлшықеттің жиырылу түрлері мен механизмін және оның қажуы туралы білімін тірек-қимыл аппаратының ауруларын барабар (адекватты) емдеуге мүмкіншілік береді. Бала емдеу дәрігерлеріне (студенттеріне), бұлшықеттің онтогенезде дамуын білу өте қажет. Сондықтан, бұл балалар қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуын, оқып үйренуін және тәрбиелеуінде маңызды орын алады.

 

ІІІ. Сабақтың мақсаты.

Студенттер білуі тиіс:

Еттің негізгі физиологиялық қасиеттерін.

Ет жиырылуының түрлері (ЕЖЖ, сіреспе, жинақталу).

Оптимум, пессимум жиілектер және тітіркендіргіш күштері.

Ет жиырылуының механизмі.

 

Студенттер білу қажет:

· Тітіркендіру жиілігінің оптимум және пессимум қисық сызығын жазу.

· Қол бұлшықетінің күшін және жұмыс жасау қабілетін динамометрия әдісі көмегімен анықтау.

 

VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

1. Қанка етінің құрылысы.

2. Ет ұлпаларының физиологиялық қасиеттері.

3. Еттің жиырылу режимдері мен түрлері.

4. Еттің жеке жиырылуы, оның кезеңдері.

5. Жинақталу (толық және шала).

6. Тетанус (тісті және тегіс).

7. Тітіркендіру жиілігінің оптимумы және пессимумы.

8. Еттің күші.

9. Еттің жұмысы.

10. Еттің жиырылу және босаңсу механизмі.

11. Еттің қажуы, оның орналасуы мен механизмі.

12. Жекеленген бұлшықеттің және дене еңбегі кезінде тұтас организмдегі қажудың дамуы механизмі.

13. Статикалық және динамикалық жұмыстар кезіндегі кажу.Белсенді демалу туралы түсінік.

14. Қажуды тудыратын өндіріс факторлары.

15. Бірыңғай салалы етінің әрекеттік сипаттамасы.

16. Жана түған баланың қимыл козғалыс аппараттының ерекшеліетері.

17. Жасқа байланысты бұлшықеттердің дамуы мен ерекшеліктері.

18. Мастикациографияның маңызы (стоматология факультетіне).

 

 

V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік.

Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.

 

Жұмыс №1. Бұлшықеттің жеке жиырылуын тіркеу және оны талдау.

Организмнің қалыпты өмір жағдайында, бұлшықеттің жеке жиырылуы тек жүрек етіне тән қасиет. Барлық қаңқа еттері тетанустық (сіреспе) жиырылады, себебі оларға орталық жүйке жүйесінен жеке серпіністер емес жиі ырғақты серпіністер тарайды. Сондықтан қаңқа бұлшықетінің жеке жиырылуын тек тәжірибе жүзінде дара тітіркендіргіштермен әсер ете отырып, тез айналып тұрған кимографқа жазып алады (9-сурет). Бақаның балтыр бұлшықетінің жеке жиырылу ұзақтығы 0,11–0,12 сек, ол 3 кезеңнен тұрады:

1. Жасырын кезеңі – 0,01 сек. Ол тітіркендіргіш әсер еткен сәттен бұлшық еттің жиырыла бастағанға дейінгі уақыты.

2. Жиырылу кезеңі – 0,05 сек.

3. Босаңсу кезеңі – 0,05-0,06 сек.

9-сурет. Бұлшықеттің жеке жиырылуы, оның кезеңдері.

 

Егер қаңқа етіне бір емес, бірінен соң бірі тез екі тітіркендіргішпен әсер етсе, онда бұлшықет екінші тітіркендіргішке биік шайқалыммен жауап береді, себебі бұлшықет жиырылуының жинақталысы болады. Гельмгольцтің жорамалы бойынша бұлшықет жиырылуының күшею нәтижесінің себебі бірінші жиырылу екінші жиырылуға сәйкес келуіне байланысты. Бұлшықет жиырылу мөлшері – жинақталысының себебін Н.Е. Введенский дәлелдеген болатын. Яғни, екінші тітіркендіргіш еттің жоғары қозғыштық (экзальтация) кезеңіне сәйкес келеді.

Бұлшықеттің толық немесе толық емес жинақталып жиырылуы, тітіркендіргіш жеке жиырылудың қай кезеңіне сәйкес келуіне байланысты. Егер тітіркендіргіш еттің жиырылу кезеңіне сәйкес келсе - толық жинақталу, ал егер босаңсу кезеңіне сәйкес келсе – толық емес жинақталысы байқалады.

Жұмыс жасауға қажет. Бақа, кимограф, миограф, штатив, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, пипетка, дәкелік салфетка, Рингер ерітіндісі, стимулятор.

Жұмысты орындау. Бақаның балтыр етінен жасалған препаратты миографқа орналастырып, жазғыш ұшын кимограф барабанына жақындатады. Препаратты электр тоғымен тітіркендіріп, 1 Гц жиілігендегі қозу табалдырығын анықтайды. Бұлшық еттің дара жиырылуның қисығын жазып алу үшін кимограф барабаның щапшан айналдыру қажет Содан соң тоқ күшін сәл ұлғайтып, еттің жеке жиырылуын айналып тұрған кимографқа жазып алады.

 

Жұмыс №2. Бұлшықеттің сіреспе (тетанус) жиырылуын

тіркеу және оны талдау.

 

Бұлшықеттің, ырғақты тітіркендіргішке, ұзақ қысқарып жауап беруін – сіреспе жиырылу (тетанус) деп атайды. Тітіркендіргіш жиілігіне байланысты, сіреспе жиырылу: тісті және тегіс болып бөлінеді. Егер бұлшықетке жиілігі 10-20 Гц аралығындағы ырғақты тітіркендіргішпен әсер еткен кезде, әрбір келесі импульс еттің босаңсуы бастаған кезеңіне сәйкес келсе – тісті сіреспе жиырылу пайда болады. Ал егер тітіркендіру жиілігін 20 Гц және одан әрі ұлғайтса, онда әрбір келесі серпініс еттің қысқару (жиырылу) кезеңіне дәл келу нәтижесінде ұзақ және үздіксіз еттің жиырылуы байқалады. Бұл тегіс сіреспе жиырылу.

Жұмыс жасауға қажет. Миограф, стимулятор, кимограф, штатив, тәжірибені жасауға арналған қажетті құрал-саймандар, пипетка, дәкелік салфетка, Рингер ерітіндісі, бақа.

Жұмысты орындау. Бақаның балтыр етінен жасалған препаратты миографқа бекітіп, препаратты электр тоғымен тітіркендіріп, 1 Гц жиілігендегі қозу табалдырығын анықтайды. Миограф қаламның ұшын айналып тұрған кимограф барабанына жақындатып, бұлшық еттің 2-3 жеке тітіркендіргішке жауабы жазып алынады. Сонан кейін тітіркендіру жиілігін 10-20 гц-ке жеткізгенде бұлшықеттің тісті (өркешті) сіреспе жиырылуын көруге болады (10,а-сурет). Егер тітіркендіру жиілігін одан әрі жоғарлататын болса, бұлшықеттің тегіс сіреспе жиырылуы байқалады (10,б-сурет).

 

 

10-сурет. Сіреспе жиырылу түрлері.

Зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, кимографқа жазып алынған схеманы дәптерге салып, қорытынды жасау керек.

 

Жұмыс №3. Тітіркендірудің жиілігінің оптимумы мен пессимумы.

Н.Е. Введенскийдің пайымдауынша, егер бұлшықетке ырғақты тітіркендіргішпен әсер етсе, сіреспе жиырылудың шайқалымы (амплитудасы) әр түрлі болады. Ол әсер етуші тітіркендіргіш жиілігіне байланысты. Бұл негізінен, бұлшықетке ырғақты тітіркендіргіш әсер еткенде, әрбір алдыңғы (келесі) тітіркендіргіш еттің қозғыштығын өзгертіп, оның келесі жауабына әсерін тигізеді. Бұлшықеттің максимальды сіреспе (шайқалымы) жиырылуын қамтамасыз ететін тітіркендіргіш жиілігі мен күшін оптимум деп атайды. Егер тітіркендіргіш күші мен жиілігін арттырса, сіреспе жиырылудың шайқалымы күрт төмендейді. Бұл тітіркендіргіш жиілігі мен күшінің пессимумы деп аталады.

Жұмыс жасауға қажет. Миограф, стимулятор, кимограф, штатив, тәжірибені жасауға арналған қажетті құрал-саймандар, пипетка, дәкелік салфетка, Рингер ерітіндісі, бақа.

Жұмысты орындау. Миографқа даярланған жүйке-ет препаратын бекітеді оның қаламының ұшын кимограф барабанына жақындатады. Жүйкені электродпен тітіркендіріп, бұлшықеттің қозу табалдырығын анықтайды және оның максималды жеке жиырылуына келтіретін тоқтың күшін белгілейді. Сонан кейін, бұлшықеттің тегіс сіреспе жиырылуына келтіретін тітіркендірудің ең жоғарғы, тиімді жиілігін табады - бұл оптимум (11,а-сурет). Бұлшықеттің осындай жиырылуы, 5-7 сек арасында жай айналып тұрған кимограф бетіндегі қағазға жазылады.

Егер сол уақытта тітіркендірудің жиілігін кенеттен ұлғайтса, онда бұлшықеттің жиырылу шайқалымы төмендеп кетеді. Себебі, бұл тітіркендірудің жиілігі, бұлшықетке ең қолайсыз болады да, оның жауабы төмендеп, пессимум үрдісі байқалады (11,б-сурет).

 


1 Гц 15 Гц 20 Гц 50 Гц 100 Гц 200 Гц

 

11-сурет. Тітіркендірудің жиілігінің оптимумы мен пессимумы.

Бұлшықет препаратының электр тоғының күші мен жиілігінің ұлғайуына әртүрлі жауап қайтаруы, оның лабилдік қасиетіне байланысты.

Зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, схемаларын дәптерге салып, қорытынды жасау керек

 

Жұмыс №4. Динамометрия.

 

Еттің жиырылу күші оның әрекеттік сипаттамасының бірі болып табылады. Бұлшықеттің жиырылу күші оның іске қосылған қозғалтқыш бірлігінің санына, жиырылуының түрлеріне (тісті немесе тегіс тетанус), физиологиялық қимасының ауданына, яғни ет талшықтарының көлденең қимасының жиынтығына және т.б. тәуелді болады.

Физиологиялық қимасы 1 см2-ге тең бұлшықетте дамитын ең жоғарғы жиырылу күшінің шамасы оның абсолюттік күші деп аталады. Бұл әртүрлі қаңқа бұлшықеттерінде, 6-17 кг/см2-ге (орташа 10 кг/см2) тең болады.

Бұлшықеттің максимальды күшін, төзімділігін, жұмыс жасау қабілетінің төмендеуін және әр түрлі бұлшықет топтарының (қол-аяқ еттері және т.б.) күшін өлшеу үшін арнаулы - динамометр деген құрал қолданылады.

Қол динамометрімен - қол бұлшықетінің күшін, ал тұлға динамометрімен – бел жазылдырғыш бұлшықеттерінің күшін анықтайды (1 кестені қараңыз).

 

Кесте 1.

Жасқа байланысты бұлшықет топтарының изометрлік

күшінің орташа шамасы

 

Көрсеткіштер   Жасы, жылы
         
Қол күші (кг/см2): - ерлерде - әйелдерде     55,9 37,5     59,9 38,5   58,5 38,0   55,6 35,6   51,6 32,7
Тұлға жазылдырғыш күші (кг/см2): - ерлерде - әйелдерде       81,6 56,6     87,4 58,3     90,7 59,2     89,8 57,7     85,7 49,1

Жұмыс жасауға қажет. Динамометр, секундомер.

Жұмысты орындау. Зерттелуші адам түрегеп тұрып қолын тұлғадан жанына созады да, 10 рет 5 секунд сайын жиілігі 1 реттен қолындағы динамометрді қысады. Сөйтіп, бұлшықет күшінің ең жоғарғы көрсеткіш нәтижесін анықтайды (кесте 2).

Бұлшықеттің жұмыс жасау қабілетін төменгі формуламен анықтауға болады:

Р= (f1+f2+f3+ ... f n)/ n;

- бұнда, Р – жұмыс жасау қабілет деңгейі;

- f1, f2 және т.б. - әр түрлі жағдайдағы бұлшықет

күші - динамометр көрсеткіші;

- n - әрекетті қайталау саны.

Алынған мәлімет көрсеткіштерін пайдаланып, бұлшықеттің жұмыс жасау қабілетінің төмендеуін төменгі формуламен анықтауға болады:

S = ﴾ (f1 – fmіn) / fmax ﴿ х 100;

- бұнда, S – бұлшық еттің жұмыс жасау қабілетінің

төмендеу көрсеткіші;

- f1 – алғашқы бұлшықет күші көрсеткіші;

- fmіn - бұлшықет күшінің ең төменгі көрсеткіші;

- fmax - бұлшықет күшінің ең жоғарғы көрсеткіші.

Қол бұлшықетінің әр түрлі жағдайдағы күшін анықтау үшін: алғашқы күшті анықтағаннан кейін, білек үстіне мұз салынған грелканы 2-3 минутқа қояды. Қол бұлшықет күшін қайталап анықтағанда, оның күшінің төмендегені байқалады. Бұл, сол аймақтағы қан айналымының төмендеуіне байланысты.

 

 

Кесте 2.

Динамометрмен анықталған қол басы бұлшықеттері

күшінің орташа шамасы (кг/см2)

 

  № р/р   Аты, жөні Ж А С Ы   Жынысы Динамометрия   Ескерту
  Оң қол   Сол қол
  1. 2. 3.            

Бұлшықеттің жиырылу күшін анықтау нәтижесі - организмнің физикалық дамуын, спортсмендерге тиімді физикалық жаттығуды белгілеуге, аяқ-қол протезін жасауда және т.б. жағдайларда кеңінен қолданылады.

Жұмысты аяқтағаннан кейін қорытынды жасалады.

 

Жұмыс №5. Мастикациография.

 

Шайнау – ас қорыту үрдісінің алғашқы кезеңі. Ауыз қуысында - түскен ас ұсақталып, ұнтақталып, сілекеймен шылынап нәтижесінде ас кесегі қалыптасады.

Шайнау үрдісі – тағамның құрамына байланысты, ол орташа 10-15 секундқа дейін созылады. Шайнау үрдісінің сілекей бездеріне, қарынның сөлініс және қозғалыс қызметіне рефлекторлы әсерін И.П. Павлов өз еңбегінде анықтады. Шайнау – сонымен қатар қан айналым мен зат алмасуға оң әсерін тигізеді. Шайнау актісі рефлекторлы түрде жүзеге асады. Ас кесегі ауыз қуысындағы қабылдағыштарды тітіркендіреді. Ал олардан шыққан серпіністер афференттік үшкіл жүйке талшықтарымен ОЖЖ-гі шайнау еттерінің жиырушы нейрондарын тітіркендіреді. Шайнау актісінің үйлесімді қызметінде, жақ еттерінің проприорецепторларынан шыққан серпіністердің маңызы зор.

Астың механикалық өңделуіне тіс, жақ пен бет еттері, ерін және тіл қатысады. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақтың горизонтальды және вертикальды бағытта қозғалысын, ал ауыздағы ас кесегінің ұсталуын ерін мен бет бұлшықеттері және тіл қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тағам сілекеймен шалынып - ас кесегі қалыптасады.

Шайнау қозғалысы түрлі бағытта жүзеге асады және бірнеше кезеңнен тұрады: 1) бастапқы; 2) жақтың төменге түсуі; 3) жақтың жоғары көтерілуі; 4) тістердің айқасуы (немесе қабысуы).

Шайнау қозғалысын – мастикациограф аспабымен тіркеп, жазып алуға болады. Бұл әдіспен тек адамдарды зерттейді.

Жұмыс жасауға қажет. Кимограф, Марей капсуласы, резеңке манжетка мен түтікшелер.

Жұмысты орындау. Зерттелуші адамды орындыққа отырғызады да, оның иегіне резеңке манжетканы таңады. Ал манжетканы резеңке түтікшелер арқылы Марей капсуласына жалғастырып, оны ауаға толтырады. Қалам жазғышын айналып тұрған кимографқа жақындатып, жақ қозғалысын жазып алады. Тағам құрамына байланысты, шайнау кезеңінің ұзақтығы әртүрлі. Ол: қимылсыз күйден, тағамды ауызға енгізуден, бағдарлау, негізгі шайнау, ас кесегінің қалыптасуы мен жұту кезеңінен тұрады (12-сурет).



Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 594 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алматы, 2013 ж.| сурет. Мастикациограмма. 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)