Читайте также: |
|
1116-бап. Бiр жақты мәмiлелерден туындайтын
мiндеттемелер
Бiр жақты мәмiлелерден туындайтын мiндеттемелерге (марапаттауға жария уәде ету, бөтен адамның мүддесiне тапсырмасыз қызмет iстеу және басқалар) мәмiлелер жасалған жердiң құқығы қолданылады. Бiр жақты мәмiле жасау орны Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.
1117-бап. Зиян келтiру салдарынан туындайтын
мiндеттемелер
1. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер, зиянды өтеу туралы талап ету үшiн негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жай орын алған елдiң құқығы бойынша анықталады.
2. Шетелде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер, егер тараптар сол бiр мемлекеттiң азаматтары немесе заңды тұлғалары болса, сол мемлекеттiң құқығы бойынша анықталады.
3. Егер iс-әрекет немесе зиянды өтеу туралы талап етуге негiз болған өзге де мән-жай Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша заңсыз болмаса, шетел құқығы қолданылмайды.
1118-бап. Тұтынушыға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
Тұтынушының тауар сатып алуға немесе қызмет көрсетуге байланысты туындаған зиянды өтеу туралы талабына, тұтынушының таңдауы бойынша:
1) тұтынушы тұратын тұрғылықты жердегi елдiң құқығы;
2) өндiрушiнiң немесе қызмет көрсетушi тұлғаның тұрғылықты жерiндегi немесе орналасқан жерiндегi елдiң құқығы;
3) тұтынушы тауарды сатып алған немесе оған қызмет көрсетiлген елдiң құқығы қолданылады.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 415 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Талап мерзiмi | | | бап. Негiзсiз баю |