Читайте также:
|
|
458-бап. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
Кәсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді. P950914
459-бап. Тауар жеткiзiлiмi шартын жасасу кезiндегi
келiспеушiлiктердi реттеу
1. Тауар жеткiзілiмi шартын жасасу кезiнде тараптар арасында шарттың жекелеген талаптары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасасуды ұсынған және басқа тараптан осы талаптарды келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн iшiнде, егер өзге мерзiм тараптармен келiсiлмеген болса, шарттың тиiстi талаптарын келiсу жөнiнде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасасудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиiс.
2. Шарттың тиiстi талаптары бойынша ұсыныс алған, бiрақ тауар беру шартының талаптарын келiсу жөнiнде шара қолданбаған және осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде шарт жасасудан бас тарту туралы екінші тарапқа хабарламаған тарап шарт талаптарын келісуден жалтару туғызған залалдарды өтеуге міндетті.
460-бап. Тауар жеткiзiлiмi шартының қолданылу мерзiмi
1. Тауар жеткiзiлiмi шарты бiр жылға, бiр жылдан астам мерзiмге (ұзақ мерзiмдi шарт) немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де мерзiмге жасалуы мүмкiн.
Егер шартта оның қолданылу мерзiмi белгiленбесе және ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, шарт бiр жылға жасалған деп танылады.
2. Егер ұзақ мерзiмдi шартта берiлуге тиiс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бiр жылға немесе неғұрлым ұзақ мерзiмге белгiленсе, шарттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн кейiнгі кезеңдерге арналған тиiстi талаптар тараптардың келiсу тәртiбiмен белгiленуге тиiс. Шартта келiсу тәртiбi болмаған жағдайда шарт тиiсiнше бiр жылға немесе шарт талаптары келiсiлген мерзiмге жасалған болып танылады.
461-бап. Тауар жеткiзiлiмi кезеңдерi
1. Егер тараптар шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде тауарлардың жекелеген топтармен жеткiзiлiмiн көздеген болса және онда жекелеген топтардың жеткізілімі мерзімдері (жеткізілім кезеңдерi) белгiленбесе, заң актiлерiнен, iскерлiк айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, тауарлар ай сайын бiркелкi топтармен жеткiзiлiп отыруға тиiс.
2. Шартта тауар жеткiзiлiмi кезеңдерiн айқындаумен қатар, тауарлар жеткiзiлiмi (онкүндiк, тәулiктiк, сағаттық және т.б.) кестесi белгіленуі мүмкін.
3. Тауарлардың мерзiмiнен бұрын жеткiзiлiмi сатып алушының келiсуiмен жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Мерзiмiнен бұрын берiлген және сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесi кезеңде берiлуге тиiс тауарлар санының есебiне енгiзiледi.
462-бап. Тауарлар жеткiзiлiмiнiң тәртiбi
1. Тауар беруші сатып алушыға немесе шартта сатып алушы ретінде көрсетілген адамға шарт бойынша тауарды тиеп-жөнелту (беру) жолымен тауарлар жеткiзiлiмiн жүзеге асырады.
2. Шартта тауар берушіге тауарларды алушыларға тиеп-жөнелтуi туралы сатып алушының нұсқау (тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделген жағдайларда тауар берушi тауарларды тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазда көрсетiлген алушыларға тиеп-жөнелтудi (берудi) жүзеге асырады.
3. Тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушiге жiберу мерзiмi шартта белгiленедi. Егер шартта тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз жiберу мерзiмi көзделмесе, ол жеткiзiлiм кезеңi басталғанға дейiн отыз күннен кешiктiрiлмей тауар берушiге жiберiлуге тиiс.
4. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушының тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазының белгiленген мерзiмде табыс етiлмеуi тауар берушiге шартты орындаудан бас тартуға құқық бередi.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 135 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Автоматтарды пайдалана отырып тауар сату | | | Бап. Тауарларды жеткiзiп беру |