Читайте также: |
|
1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.
2. Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.
3. Осы тарауда көзделген ережелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) қолданылады.
502-бап. Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар
1. Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөнiндегi шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады.
2. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс.
503-бап. Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру
мiндеттемелерiн орындау
Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 284-бабы).
504-бап. Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының
ауысуы
Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады.
505-бап. Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды
алып қойғаны үшiн жауапкершiлiк
Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды үшiншi тұлғалар алып қойған тарап осы Кодекстiң 414-бабында көзделген негiздемелер болған кезде басқа тараптан оның айырбасқа алған тауарын, ал тауарды заттай алу мүмкiн болмаған жағдайда оның құнын қайтаруды талап етуге құқылы.
27-тарау. Сыйға тарту
506-бап. Сыйға тарту шарты
1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.
Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген ережелер қолданылады.
2. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.
Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады.
3. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады.
Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады.
507-бап. Сый алушының сыйды алудан бас тартуы
1. Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледi.
2. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген жағдайда сыйды алудан бас тарту да мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
3. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалған болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.
Ескерту. 507-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
508-бап. Сыйға тарту шартының нысаны
1. Сый алушыға сыймен қоса сыйға тарту осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн. Сыйды беру оны тапсыру, символдық беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не құқық белгiлейтiн құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты:
1) заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;
2) шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда жарамсыз болады.
3. Алып тасталды - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 508-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
509-бап. Сыйға тартуға тыйым салу
Құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:
1) жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкiлдерiнiң;
2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуiндегi, асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының;
3) мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сый тартуға жол берілмейді.
Ескерту. 509-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
510-бап. Сыйға тартуды шектеу
1. Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келiсiмiмен өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға қолданылмайды.
2. Бiрлескен ортақ меншiктегi мүлiктi сыйға тартуға бiрлескен меншiктiң барлық қатысушыларының келiсiмi бойынша осы Кодекстiң 220-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып жол берiледi.
3. Сый берушiге тиесiлi талап құқықтарын үшiншi тұлғаға сыйға тарту осы Кодекстiң 339-343, 345, 346-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
4. Үшiншi тұлға алдында сый алушының мiндеттерiн орындау арқылы сыйға тарту осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
Үшiншi тұлға алдында сый берушiнiң сый алушы борышын өзiне аудару арқылы сыйға тартуы осы Кодекстiң 348-бабында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
5. Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын заты көрсетiлмесе, ол жарамсыз болады.
511-бап. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту
1. Егер шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат не құқық беру уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға тартуды өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы (осы Кодекстiң 512-бабының 1-тармағы).
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша сыйға тартушының сыйға тарту шартын орындаудан бас тартуы сый алушыға залалдарды өтеудi талап ету құқығын бермейдi.
512-бап. Сыйға тартудың күшiн жою
1. Егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға құқылы.
Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтiрген жағдайда сотта сыйға тартудың күшiн жоюды талап етуге сыйға тартушы мұрагерлерiнiң құқығы болады.
2. Егер сый алушының сыйға тартушы үшiн үлкен мүлiктiк емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы оның бiржола жойылу қаупiн тудырса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн сот тәртiбiмен жоюды талап етуге құқылы.
3. Сот мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның оның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінің ережелерiн бұза отырып жасаған сыйға тартуының күшiн мұндай тұлғаны банкрот деп жариялаудың алдындағы бiр жыл iшiнде жоя алады.
4. Сыйға тарту шартында, сый берушi сый алушыдан ұзақ өмiр сүрген жағдайда, сыйға тартудың күшiн жою құқығы ескертiлуi мүмкін.
5. Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың күшi жойылған кезге дейiн сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға мiндеттi.
Ескерту. 512-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
513-бап. Сыйға тарту шартын орындаудан бас
тарту және сыйға тартудың күшiн жою
мүмкiн болмайтын жағдайлар
Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту туралы (осы Кодекстiң 511-бабы) және сыйға тартудың күшiн жою туралы (осы Кодекстiң 512-бабы) ережелер құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықтарға қолданылмайды (осы Кодекстiң 510-бабының 1-тармағы).
514-бап. Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан
зиян келтiру зардабы
Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан сый алушы азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтiрiлген зиянды, егер бұл кемшiлiктер сый алушыға затты беруден бұрын пайда болғаны дәлелденсе және анық кемшiлiктер қатарына жатпаса, ал сыйға тартушы ол жөнiнде бiле тұра сый алушыға ескертпесе, осы Кодекстiң 47-тарауында көзделген ережелерге сәйкес сыйға тартушы өтеуге тиiс.
515-бап. Сыйға тартуға уәде беру кезiндегi құқық
мирасқорлығы
1. Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартуға уәде берiлген сый алушының құқықтары, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауыспайды.
2. Сыйға тартуға уәде берген сыйға тартушының мiндеттерi, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауысады.
516-бап. Қайырмалдық
1. Жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырмалдық деп танылады.
Қайырмалдық азаматтарға, емдеу, тәрбие беру мекемелерiне, әлеуметтiк қорғау мекемелерiне және басқа да сол сияқты мекемелерге, қайырымдылық, ғылыми және оқу мекемелерiне, қорларға, мұражайлар мен басқа да мәдениет мекемелерiне, қоғамдық және дiни бiрлестiктерге, сондай-ақ мемлекетке және осы Кодекстiң 111 және 112-баптарында аталған азаматтық құқықтың басқа да субъектiлерiне жасалуы мүмкiн.
2. Қайырмалдықты алуға ешкiмнiң рұқсаты немесе келiсiмi талап етiлмейдi.
3. Азаматқа мүлiк қайырмалдыққа берілуге тиiс, ал заңды тұлғаларға қайырмалдық етушi осы мүлiктi белгiлi бiр мақсатқа пайдалануды ескертiп беруi мүмкiн. Мұндай талап болмаған жағдайда азаматқа мүлiктi қайырмалдыққа беру жай сыйға тарту болып есептеледi, ал басқа жағдайларда қайырмалдыққа берiлген мүлiктi сый алушы мүлiктi мақсатына сай пайдаланады.
Пайдалану үшiн белгiлi бiр мақсат белгiленген қайырмалдықты алушы заңды тұлға қайырмалдыққа берiлген мүлiктi пайдалану жөнiндегi барлық операциялардың оқшауланған есебiн жүргізуге тиiс.
4. Егер мән-жайлардың өзгеруi салдарынан қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылуы мүмкiн болмаса, ол басқа мақсатқа қайырмалдық берушiнiң келiсiмiмен ғана, ал қайырмалдық берушi азамат қайтыс болған немесе қайырмалдық берушi заңды тұлға таратылған жағдайда - соттың шешiмi бойынша пайдаланылуы мүмкiн.
5. Қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылмауы немесе бұл мақсатты осы баптың 4-бабында көзделген ережелердi бұза отырып өзгертуi қайырмалдық берушiге, оның мұрагерлерiне немесе өзге де құқық мирасқорына қайырмалдықтың күшiн жоюды талап етуге құқық бередi.
6. Қайырмалдықтарға осы Кодекстiң 512 және 515-баптары қолданылмайды.
28-тарау. Рента және өмір бойы асырауда ұстау
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 500 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Келiсiм-шарт жасасу шарты | | | Бап. Рента шарты |