Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Банк салымы шарты

Бап. Прокат шарты | Бап. Несие берушi | Бап. Шарттан бас тарту | Бап. Мердiгерлiк шарты | Бап. Кеме жалдау (чартер) шарты | Бап. Заем шарты | Бап. Заем шартын жасасу | Бап. Нысаналы заем | Бап. Банк заемы шарты | Параграф 1. Жалпы ережелер |


Читайте также:
  1. Бап. Айырбас шарты
  2. Бап. Банк заемы шарты
  3. Бап. Банктiк шот шарты
  4. Бап. Заем шарты
  5. Бап. Заем шартын жасасу
  6. Бап. Келiсiм-шарт жасасу шарты

Банк салымы шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрi үшiн заң актiлерiнде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша салымды қайтаруға мiндеттенедi.
Салымдар түрiнiң әрқайсысы бойынша банктер клиенттiң ақшасын есепке алу мақсатында оған бiрыңғайландырылған дербес код бередi. Бiрыңғайландырылған дербес кодты беру, жою, клиенттiң ақшасына есеп жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленедi.
Банк салымдарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 756-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482, 2009.02.12. N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

757-бап. Банк салымдарының түрлерi

1. Салымдарды қайтару талаптарына қарай олар мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) талап етiлмелi салым;
2) мерзiмдi салым;
3) шартты салым.
2. Талап етiлмелi салым салымшының бiрiншi талап етуi бойынша толық немесе iшiнара қайтарылуға тиiс.
Мерзiмдi салым белгiлi бiр мерзiмге салынады.
Шартты салым банк салымы шартында белгiленген мән-жайлар
болғанға дейiн салынады.
3. Мерзiмдi салымды салымшы белгiленген мерзiм өткенге дейiн, ал шартты салымды банктiк салым шартында белгiленген мән-жайлар басталғанға дейiн талап еткен жағдайда салым бойынша сыйақы, егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, талап етiлмелi салым бойынша белгiленген мөлшерде төленедi.

758-бап. Банк салымы шартының нысаны

1. Банк салымы шарты жазбаша түрде және заң актiлерiнде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерінде және банктiк тәжiрибеде қолданылып жүрген іскерлік айналым дағдыларында белгіленген талаптарға сай жасалуға тиіс.
2. Салымшының талап етуi бойынша салымның жасалғанын куәландыратын құжат не оның атына, не белгiлi бiр үшiншi тұлғаның атына ресiмделуi мүмкiн.
3. Банк салымының жазбаша нысанын сақтамау осы құқықтың жарамсыздығына әкеп соғады.
Ескерту. 758-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.

759-бап. Банк салымы шартының қолданылу мерзiмi

1. Банк салымы шарты салым сомасы банкке келiп түскен күннен бастап жасалған болып саналады.
2. Талап етiлмелi банк салымы шарты мерзiмсiз болып табылады.
3. Салымшы мерзiмдi салымның сомасын оның мерзiмi өткеннен кейiн, сондай-ақ шартты салымның сомасын банк салымы шартты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар пайда болғаннан кейiн талап етпесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, банк салымы шарты талап етiлмелi салым шарттарымен ұзартылған болып саналады.

760-бап. Банк салымы шарты бойынша сыйақы

1. Банк салымшыға банк салымы шартында белгiленетiн мөлшерде салым сомасына сыйақы төлейдi.
2. Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, банктiң салым бойынша сыйақының мөлшерiн бiржақты тәртiппен өзгертуге құқығы жоқ.
Ескерту. 760-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.29 N 486, 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

761-бап. Банк салымы шарты бойынша
сыйақы төлеудiң тәртiбi

1. Банк салымы шарты бойынша банк сыйақыны банк салымы шартында белгiленген тәртiппен және мөлшерде төлейдi.
2. Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, банк салымы бойынша сыйақы салымшыға оның талап етуi бойынша әр тоқсан аяқталғаннан кейiн салым сомасынан бөлек төленедi, ал бұл мерзiмде талап етiлмеген сыйақының сомасы салымның сыйақы төленетiн сомасын арттырады.
Салымды қайтару кезiнде салымшыға сол кездегі оған тиесілі барлық сыйақы төленедi.
3. Талап етiлмелi салым бойынша салымшы салым бойынша өзiне тиесiлi сыйақыны салым сомасынан бөлек алуға құқылы.
Мерзiмдi салым бойынша да салымшы салым бойынша өзiне тиесiлi сыйақыны оның мерзiмi аяқталғанға дейiн салым сомасынан бөлек алуға құқылы, бiрақ бұл ретте, банк салымы туралы шартта өзгеше көзделмесе, сыйақының мөлшері банк талап етілмелі салым үшiн қолданатын мөлшерге сәйкес қайта есептелiнедi. Салым мерзiмiнiң аяқталуы бойынша салымшы өзiне тиесілі сыйақыны ол салымды талап ете ме немесе етпей ме оған қарамастан, толық мөлшерде алуға құқылы (осы Кодекстiң 759-бабының 3-тармағы).
Шартты салым бойынша салымшының оған тиесiлi сыйақыны салымның сомасынан бөлек алуы банк салымы шартында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Сыйақы салымды қайтару үшiн көзделмеген мерзiмдерде және нысанда төленедi (осы Кодекстiң 765-бабы).
5. Салымды толық қайтару кезiнде салымшыға сол кездегi өзiне тиесiлi барлық сыйақы төленедi.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 389 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Банктiк шот шарты| Бап. Салымдарды енгiзу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)