Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Банктiк шот шарты

Бап. Лизинг нысанасы | Бап. Прокат шарты | Бап. Несие берушi | Бап. Шарттан бас тарту | Бап. Мердiгерлiк шарты | Бап. Кеме жалдау (чартер) шарты | Бап. Заем шарты | Бап. Заем шартын жасасу | Бап. Нысаналы заем | Бап. Банк заемы шарты |


Читайте также:
  1. Бап. Айырбас шарты
  2. Бап. Банк заемы шарты
  3. Бап. Банк салымы шарты
  4. Бап. Заем шарты
  5. Бап. Заем шартын жасасу
  6. Бап. Келiсiм-шарт жасасу шарты

1. Банктiк шот шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) пайдасына түсетiн ақшаны қабылдауға, клиенттiң клиентке немесе үшiншi тұлғаларға ақшаның тиiстi сомаларын аудару (беру) туралы өкiмдерiн орындауға және банктiк шот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.
Банктiк шот шарты бойынша клиентке немесе ол көрсеткен адамға клиенттiң банктегi ақшасына есеп жүргiзу мақсатында тараптар келiскен шарттар бойынша клиенттiң бiр ыңғайландырылған дербес коды берiледi. Клиенттiң бiр iзге түсiрiлген дербес кодын беру, жою, банктiң клиент ақшасына есеп жүргiзу тәртiбi банктiк заңдармен белгiленедi.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар қызмет көрсету банктерiн өз бетiнше таңдайды және олар банктiк шот шартын бiр банкпен де, бiрнеше банкпен де жасауға құқылы.
3. Егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады.
Ескерту. 747-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.29. N 486 Заңымен.

748-бап. Банктік шот шартының нысаны

1. Банктiк шот шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.
2. Банктiк шот шартының жазбаша түрiн сақтау осы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

749-бап. Клиенттiң ақшасына билiк ету

1. Банк клиенттiң банктегi ақшасын алып қоюды егер заң актiлерiнде немесе банктiк шот шартында өзгеше көзделмесе, клиент өкiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.
Егер заңдарда немесе банктiк шот шартында өзгеше көзделмесе, банк клиенттiң ақшаны пайдалану бағытын белгiлеу мен бақылауға және оның өз қалауынша ақшаға билiк ету құқығына заңдарда көзделмеген шек қоюға құқығы жоқ.
2. Егер ақшаны азамат салған болса, банктегi ақшаға билiк ету құқығын не азаматтың өзi, не ол осы құқықты сенiп берген адам пайдаланады.
Егер ақшаны заңды тұлға салған болса, банктегi ақшаға билiк ету құқығын осы заңды тұлғаның басшысы және (немесе) ол уәкiлдiк берген өзге адамдар пайдаланады.
3. Банктегi ақшаға клиент атынан билiк етудi жүзеге асыратын адамдардың құқықтары клиент банкке заңдарда және шартта көзделген құжаттар ұсыну арқылы расталады.
4. Банктiк шот шартында банктегi ақшаға билiк етудiң тәртiбi белгiленуге тиiс. Мұндай тәртiпке қойылатын талаптар банктiк заңдармен белгiленедi.

750-бап. Банктiк шот шарты бойынша банк орындайтын
операциялар

1. Банктiк шот шартына сәйкес банк:
1) клиент талап еткен кезде ақшаның болуын қамтамасыз етуге;
2) клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға;
3) клиенттiң үшiншi тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы өкiмiн орындауға;
4) үшiншi тұлғалардың, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) банктiк шот шартында көзделсе, клиенттiң ақшасын алып қою туралы өкiмдерiн орындауға;
5) банктiк шот шартында белгiленген тәртiп бойынша клиенттен қолма-қол ақша алуды және оған берудi жүзеге асыруға;
6) клиенттiң талап етуi бойынша клиенттiң банктегi ақша сомасы және жүргiзiлген операциялар туралы ақпаратты шартта көзделген тәртiппен беруге;
7) клиентке шартта, заңдарда және банктiк тәжiрибеде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуге мiндеттi.
2. Банк клиенттiң пайдасына келiп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-ақ клиенттiң ақшасын алып қоюды немесе оның ақшасын берудi, егер заң актiлерiнде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шығарған нормативтiк құқықтық актiлерде өзге мерзiмдер көзделмесе, оның бір ізге түсірілген дербес коды бойынша тиісті нұсқаумен банкке келiп түскен күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, сондай операцияларды көрсете отырып жүргiзуге мiндеттi.
Ескерту. 750-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

751-бап. Ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы

Банктегi ақшаны пайдаланғаны үшiн банк шартта белгiленетiн мөлшер мен тәртiп бойынша сыйақы төлейдi.
Ескерту. 751-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.29. N 486 Заңымен.

752-бап. Банктiк шот шартын бұзу

1. Банктiк шот шарты, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, клиенттiң өтiнiшi бойынша кез келген уақытта бұзылады.
2. Банктік шот шартын бұзу клиенттің бірыңғайландырылған дербес кодын жою үшiн негiз болып табылады.
3. Банкте қалған ақша клиентке берiледi не оның нұсқауы бойынша үшiншi тұлғалардың пайдасына аударылады (алып қойылады).

753-бап. Банктердiң банктiк шоттары

Осы тараудың ережелерi, егер заң актiлерiнде немесе оларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, банктердiң банктiк шоттарына қолданылады.

Параграф 3. Ақша аудару

754-бап. Ақша аудару туралы шарт

1. Ақша аудару туралы шарт бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) тапсырмасы бойынша клиентке бiрыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшiншi тұлғаға ақша аударуға мiндеттенедi.
2. Банктiң клиентке бiрыңғайландырылған дербес код бермей-ақ ақша аудару тәртiбi банк қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен белгiленедi.

755-бап. Ақша аудару туралы шарттар жасасу

Егер банк қызметін реттейтін заң актілерінде өзгеше көзделмесе, егер банк клиенттiң тапсырмасын клиент оған осындай банктiк қызмет көрсету туралы ұсыныс жасаған кезде орындауға қабылдаған жағдайда, банктік шот ашпай-ақ ақша аудару туралы шарт жасалған болып есептеледi.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 222 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Параграф 1. Жалпы ережелер| Бап. Банк салымы шарты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)