Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Жалпы ережелер. 1084-бап. Шетелдiк элемент шиеленiстiрген азаматтық-құқықтық

Бап. Сенiм ауысуы | Бап. Комиссия шарты | Бап. Шектеу шарттары | Бап. Тендер | Бап. Аукцион | Параграф 1. Жалпы ережелер | Тарау. Жалпы ережелер | Бап. Топологияларды тiркеу | Параграф 2. Тауар белгiсi | Бап. Жалпы ережелер |


Читайте также:
  1. Access туралы жалпы түсінік
  2. E) Жалпыға белгілі фактілер
  3. II ТАРАУ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР АУМАҒЫ
  4. АзГЗУ ішкі тәртібі ережелерінен көшірме үзінді
  5. АзГЗУ туралы жалпы мәліметтер
  6. Астана қаласының су нысандарында жалпы су пайдалануды бақылау
  7. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91,7%-ы!

1084-бап. Шетелдiк элемент шиеленiстiрген
азаматтық-құқықтық қатынастарға
қолданылуға тиiстi құқықты анықтау

1. Шетелдiк азаматтардың немесе шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен не өзге де шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиiстi құқық осы Кодекстiң, өзге де заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық ғұрыптардың негiзiнде анықталады.
2. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес қолданылуға тиiстi құқықты анықтау мүмкiн болмаса, шетелдiк элемент шиеленiстiрген азаматтық-құқықтық қатынастармен неғұрлым тығыз байланысты құқық қолданылады.
3. Осы бөлiмнiң сот қолдануға тиiстi құқықты анықтау туралы ережелерiн тиiсiнше қолданылуға тиiстi құқық туралы мәселенi шешуге өкілеттік берілген басқа органдар да қолданады.

1085-бап. Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау)

1. Сот заң ұғымдарын саралауды (құқықтық саралау), егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, оларға сот елiнiң құқығына сәйкес түсiнiк беруге негiздейдi.
2. Егер заң ұғымдары сот елiнiң құқығына белгiсiз болса немесе басқа атаумен немесе басқа мазмұнмен белгiлi болса және сот елiнің құқығы бойынша түсiндiру арқылы анықтау мүмкiн болмаса, заңдылық ұғымдарды саралау (құқықтық саралау) кезінде шет мемлекеттiң құқығы да қолданылуы мүмкiн.

1086-бап. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау

1. Шетел құқығын қолданған кезде сот оның нормаларының мазмұнын олардың ресми түсіндірілуіне, қолданылу практикасына және тиiстi шет мемлекеттегi доктринаға сәйкес анықтайды.
2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау мақсатында сот жәрдем және түсiнiк алу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне және Қазақстан Республикасының өзге де құзыреттi органдары мен мекемелерiне, соның iшiнде шетелдерде орналасқандарына белгiленген тәртiппен жүгiнуi не сарапшылар тартуы мүмкiн.
3. Iске қатысушы тұлғалар өз талаптарын немесе қарсылықтарын негiздеуде сiлтеме жасаған шетел құқығы нормаларының мазмұнын растайтын құжаттар табыс етуге және осы нормалардың мазмұнын анықтауда сотқа өзге де түрде жәрдемдесуге құқылы.
4. Егер осы бапқа сәйкес қолданылған шараларға қарамастан, шетелдiк құқық нормаларының мазмұны орынды мерзiмдерде анықталмаса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

1087-бап. Керi сiлтеме жасау және үшiншi елдiң
құқығына сiлтеме жасау

1. Осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес кез келген шетел құқығына сiлтеме жасау, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi елдiң коллизиялық емес, материалдық құқығына сiлтеме жасау ретiнде қарастырылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының құқығына керi сiлтеме жасау және үшiншi елдiң құқығына сiлтеме жасау осы Кодекстiң 1094-бабына, 1095-бабының 2, 3, 5-тармақтарына, 1097-бабына сәйкес шетел құқығы қолданылған жағдайларда қолданылады.

1088-бап. Заңды айналып өтудiң салдары

Қатынастарға қатысушылардың осы Кодекспен реттелетiн, осы бөлiмнiң қолданылуға тиiстi құқық туралы ережелерiн айналып өтiп тиiстi қатынастарды өзге құқыққа жатқызуға бағытталған келiсiмдерi мен өзге де iс-әрекеттерi жарамсыз болады. Бұл жағдайда осы бөлiмге сәйкес қолданылуға тиiстi құқық қолданылады.

1089-бап. Өзара түсiнiстiк

1. Шетел құқығын өзара түсiнiстiк негiзiнде қолдану Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi шет мемлекеттегi ұқсас қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығын қолдануға болатын-болмайтындығына қарамастан, сот шетел құқығын қолданады.
2. Егер шетел құқығын қолдану өзара түсiнiстiкке байланысты болса, өзгеше дәлелденбегендiктен, ол бар деп ұйғарылады.

1090-бап. Жария тәртiп туралы ескерту

1. Шетел құқығы оны қолдану Қазақстан Республикасы құқықтық тәртiбiнiң негiздерiне (Қазақстан Республикасының жария тәртiбiне) қайшы келерлiк жағдайларда қолданылмайды. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
2. Шетел құқығын қолданудан бас тартуды тиiстi шет мемлекеттiң саяси немесе экономикалық жүйесiнiң Қазақстан Республикасының саяси немесе экономикалық жүйесiнен айырмашылығына ғана негiздеуге болмайды.

1091-бап. Императивтiк нормаларды қолдану

1. Норманың өзiнде көрсетiлуi салдарынан немесе азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн олардың ерекше маңызы болуына байланысты, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, Қазақстан Республикасы заңдарының тиiстi қатынастарды реттейтiн императивтiк нормаларының қолданылуына бұл бөлiм ережелерiнiң қатысы болмайды.
2. Осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес, қандай да болсын бiр елдiң құқығын қолданған кезде сот, егер сол басқа елдiң құқығына сәйкес мұндай нормалар, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, тиiстi қатынастарды реттеуге тиiс болса, басқа ел құқықтарының қатынаспен тығыз байланысы бар императивтiк нормаларын қолдана алады. Бұл орайда сот мұндай нормалардың мақсаты мен сипатын, сондай-ақ оларды қолданудың салдарын назарға алуға тиіс.

1092-бап. Көп құқықтық жүйелерi бар елдiң құқығын
қолдану

Бiрнеше аумақтық немесе құқықтық жүйелер қолданылатын елдiң құқығы қолданылуға тиiс болған жағдайларда, осы елдiң құқығына сәйкес құқықтық жүйе қолданылады.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 106 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жалпы ережелер| Бап. Реторсиялар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)