Читайте также:
|
|
Алдында рессорлы массаның еркін тербелісінде рессорсыз масса тербелістері ешқандай ықпалын тигізбейді деп жорамал жасалынған. Рессорлы массалардың үлестірілу коэффиценті болғанда осы жорамалдың орынды екенін қарастырамыз (14.6- сурет).
14.6-сурет – Рессорлы және рессорсыз массалардың еркін тербелістері.
Бұл жағдайда рессорсыз массалар ескерілгенде екі осьті автомобиль екі тәуелсіз тербелмелі жүйе болады, онда олардың әрбіреуінің екі еркіндік дәрежесі болады, яғни рессорлы массаның вертикаль жылжуы Z және рессорсыз массаның вертикаль жылжуы. Бұл екі жүйе бірдей, сондықтан олардың біреуін, (индекстерді 1 және 2 алып тастап), қарастырса жеткілікті. Рессорлы және рессорсыз массалардың қозғалыс теңдеулері.
; (14.11)
, (14.12)
мұнда сР-екі аспаның серпімді элементтерінің қаттылықтары; сш-шиналардың қаттылықтары; mпд-қарастырылып отырған аспаға түсетін рессорлы масса; mнп-рессорсыз масса.
сонымен рессорлы және рессорсыз массалар күрделі екі жилікті тербелістер шегеді. Екі осьті автомобильдің төрт өзіндік жиіліктері болады, атап айтқанда екі төменгі (
және ) және екі жоғарғы ( және ) жиіліктер.
Көпшілік жағдайларда жиілігі парциалды жиілікке жақындау болады, ал жиілігі парциалды жиілікке жақындау болады, яғни былай ұйғаруға болады.
(14.13)
Бұл формулалармен анықталған жиіліктердің және дәлсіздігі негізінде қаттылықтар және массалар қатынастарына байланысты болады. есептегенде дәлсіздік қатынасының шамасымен анықталады және қатынасына аздау тәуелді болады.
Егер ср орнына келтірілген қаттылық қойылса, онда есептеу дәлдігі біршама жоғарлайды.
Төменде жиіліктерді есептеу үшін қазіргі кездегі автомобильдерге тән қатынасының шын мәнісінде барлық мәндерінде формуласын қолдануға болады.
Қаттылықтар қатынасының мынандай шамалары болады: өте кіші кластағы жеңіл автомобильдер , кіші және орташа кластағы жеңіл автомобильдер ; жоғары кластағы жеңіл автомобильдер жүктік автомобильдер .
Есептерде жиілікті статикалық иілу арқылы көрсеткен қолайлы болады, статикалық иілу деп ауырлық күш әсер етуімен аспаның серпімді элементі жаншылуына байланысты шанақпен салыстырғанда доңғалақтардың жылжуын айтады, яғни
. (13.14)
Осы формуладан ср табады және оны (14.13) формуласына қойып, коэффициенті бірге жуықтау, ал сантиметрмен көрсетілу жағдайында анықтауға арналған жақындатылған формула табамыз
(14.15)
Егер тербеліс жиілігі герцпен берілсе, онда
. (14.16)
Техникалық жиілік nк, яғни бір минут ішіндегі тербеліс саны:
. (14.17)
Қазіргі кездегі жеңіл автомобильдерде: алдыңғы аспа үшін 15...25 см; артқы аспа үшін 12...28 см.
Егер және mпд > 4mнп болса, онда формула (14.13) арқылы есептелгенде әжептәуір жоғары дәлділік алынады (дәлсіздік 1% төмен болады).
әдетте жеңіл автомобилдерде кез – келген жүктелу жағдайында алдыңғы және артқы аспалар үшін > 4.
Жүктік автомобильдерде толық жүктелу жағдайында бұл ара қатынас әбден орындалады. Егер массалардың тербеліс жиілігі жеңіл автомобиль үшін 0,8...1,3 Гц (50... 78 тербеліс/мин), ал рессорсыз массаның тербеліс жиілігі жеңіл автомобиль үшін 8...12Гц (500...750 тербеліс/мин); жүктік автомобиль үшін 6,5...9 Гц (100... 550 тербеліс/мин) құраса, онда автомобиль бүкіл массасын қанағаттанарлық деп есептеуге болады.
Негізгі әдебиет: 4.2 нег. [193-200].
Қосымша әдебиет: 4.4 қос. [200-240].
Бақылау сұрақтары:
1) Автомобильдің жүрісінің жайлылығы деп нені түсінеді?
2) Автомобильдің жүрісінің жайлылығын қандай өлшегіштермен бағалайды?
3) Автомобильдің тербелмелі жүйе түріндегі схемасын көрсетіңіз.
4) Келтірілген қаттылық деген не?
5) Күрделі тербелмелі жүйенің өзіндік жиіліктері қалай анықталады?
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 110 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сөну мен рессорсыз массалардың әсерлері ескерілмегенде рессорлы массасының еркін тербелістері | | | Автомобиль |