Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жүріс жайлылығының өлшегіштері

Жүргізуші мен жолаушылар жүріс жайлылығын өз беттерінше өздерінің сезімдерінің негізінде бағалайды. Адамдардың сезімдерін және болатын шаршауды әдетте тербелістердің үдеулерімен және олардың қайталануымен байланыстырады. Жүріс жайлылығының ең қарапайым бағалайтын көрсеткіші болып шанақ тербелісінің өзіндік жиілігі табылуы мүмкін. Эксперимент көрсеткендей, жүріс жайлылығы жақсы болуы үшін тербелістердің өзіндік жиіліктерінің және адам адымының орташа жиілігінің шамалары бірдей болуы керек, яғни 60 – 90 тербеліс/мин немесе 1...1,5 гц сәйкес келеді.

Жүріс жайлылығының негізгі бағалаушы көрсеткіші болып жүргізушінің, жолаушылардың, жүктердің және шасси мен шанақтың ерекше элементтерінің дірілдік жүктелу деңгейі табылады. Дірілдік жүктелу деңгейін бағалау вертикаль және горизонталь бағыттардағы тербелістер үдеулерінің (діріл үдеулерінің) немесе тербеліс жылдамдықтарының (діріл жылдамдықтарының) орташа квадратталған мәндері арқылы жүргізіледі.

Дірілдік жүктелу діріл жылдамдығының логарифмдік деңгейімен бағаланады (Дб):

LV = 20lg , (14.1)

мұнда - октава аймағындағы діріл жылдамдығының орташа квадратталған мәні, м/с;

5.10-8 – салыстыру жүргізілетін діріл жылдамдығының мәні.

Тербелістердің әртүрлі жиіліктері үшін діріл жылдамдықтарының шектік нормалары әртүрлі болады және гост 12.1.012 – 78 анықталады.

Автомобильдің жүрісінің жайлылығын бағалағанда дірілдік жүктелудің негізгі өлшегіші болып діріл үдеуінің орташа квадратталған мәні табылады. Ал ол діріл жылдамдығының орташа квадратталған шамасымен мынадай жуықтатылған формуламен байланыста болады:

, (14.2)

мұнда – октава аймақтарының жиілігінің орташа квадратталған шамасы.

НАМИ автополигонында автомобильдің жүрісінің жайлылығын жүргізуші орындығындағы діріл үдеулерінің орташа квадратталған нормаланған шамаларымен бағалайды.

Әртүрлі категориялық автомобильдердің жүріс жайлылығының көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттарда діріл жылдамдықтары мен діріл үдеулері өлшенетін жерлер, олар әртүрлі жағдайлардағы жолдарда өздерінің шектік шамаларынан аспайтын жылдамдық аралықтары көрсетіледі.

Бекітілмеген жүктердің жылжулары болмауы үшін жүктік платформаның еденінің вертикаль үдеулері еркін түсу үдеуінен аспауы тиіс. Осыдан керекті қор ескерілгенде діріл үдеулерінің орташа квадратталған шамалары (0,15...0,3)g аспауы тиіс. Сонымен қатар жүрістің жайлылығына доңғалақтардың және олармен қатты байланыстағы элементтердің тербелістері үлкен әсер етеді.

Дегенмен бұл тербелістерге ешқандай шек қойылмаған, бірақ аспа жобалағанда доңғалақтар тербелістеріне кейбір талаптар қойылады, солардың ішінде:

1) аспаның серпімді жүрісі толық пайдалану нәтижесінде туындайтын доңғалақтармен байланысқан элементтердің рамаға немесе шанаққа бекітілген шектегіштерге қатты соғулары болмауы; (аспаның тесілуі болмауы);

2) доңғалақ пен тіреніш бетінің арасындағы жанасу бетінде динамикалық нормальдік әсерлестіктің өзгерістерін шектеу (жанасудың тұрақтылығы).


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 123 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі анықтамалар| Автомобиль – тербелмелі жүйе

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)