Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дара жолды параллельді және параллельсіз графикте пойыздарды салу

УДК 622.6 | Мазмұны | Пойыздың салмағы мен ұзындығын есептеу | Нақты өткізу қабілетін анықтау | Екінші жолды салу | Жүк пойыздарының телімдік және техникалық жылдамдығын анықтау | Локомотивтердің айналымдық Б стансасында тұрған уақытын анықтау | Пайдаланылған әдиебиеттер |


Читайте также:
  1. Автокөлік транспорт көмегімен астықты қабылдау және жіберу
  2. Азақстанда оқитын жастар мен балаларды тәрбиелеудің негізгі мәселелері және тенденциялары
  3. Алдықтарды өңдеу және сақтау
  4. Антик философиясындағы әлем бейнесі және адам мәселесі
  5. Астық кептіргіштерді таңдау және есептеу
  6. Астықты су жағалауынан қабылдау және жөнелту
  7. Астықты тазалауға арналған жабдықтарды таңдау және есептеу

Графикті жасау үшін арнайы кестеге аралықтар қашықтығы мен жолаушылар және жүк пойыздарының жүріс уақытын көрсету қажет. Ол үшін шифрдың бірінші цифры бойынша 3.1-кестеден бірінші қатарының бес бағанасының мәні бірінші аралыққа беріледі, екінші цифры бойынша екінші қатарының мәні екінші аралыққа беріледі және т.с.с. Шифрдың 6-, 7- бағанасының мәні бойынша жүйрік пойыздарды А мен Б стансасынан жөнелту уакыты алынады. Параллельді және параллельсіз график мәліметтері (3.4, 3.5-сур.) 5143255 шифрына сәйкес қабылданған.

Пойыздардың жүріс графигі дегеніміз - масштабпен салынған пойыздардың жүріс кестесі. Мұнда пойыз жүрісі еңкіш түзу сызықпен (негізінде, ол қисық сызықты) көрсетіледі. Графиктің тік осіне масштабпен аралықтар ұзындығы, көлденең осіне – уақыт салынады.

Графиктегі көлденең сызықтар бөлім бекеттерінен (стансаның, айырылыспаның және озба бекетінің, жол қосынының) осьтерін көрсетеді. Оқып үйренуге арналған масштабты 1 см = 2 км, 1 см = 10 мин мөлшерінде қабылдауға болады.

График тік сызықтармен 24 сағатқа бөлінген. Сағаттық кез қалың сызықпен, жарты сағаттық кез жіңішке үзік сызықшалармен, 10 минуттық кез жіңішке сызыкпен көрсетіледі.

График кестесінің сол жағындағы бағаналарында бөлім бекеттерінің атаулары, аралықтар қашықтығы, пойыздар жүріс сигнализациясы мен байланыс құрылғысы, жолаушылар жүк пойыздарының аралықтардағы тоқтамай таза жүрген уакыты керсетіледі.

Графиктегі пойыз жүрісінің еңкіш сызығын, оның жүріс ізі немесе график желісі деп атайды. Графикте тақ пойыздарды жоғарыдан төмен қарай, ал жұп пойыздарды төменнен жоғары қарай сызады. Пойыздың жүріс ізінің көлденең оське түсірілген проекциясы, оның аралықта жүрген уақытын көрсетеді.

Пойыз жүрісі ізінің станса осімен қиылысқан нүктесі, пойыздың қабылданған, жөнелтілген немесе өткізілген уақытын көрсетеді. Осы нүктенің жоғары немесе төменгі жағына уақыт көрсетіледі. Уақыт бөлім бекеті осімен пойыз жүрісі ізінің киылысқан жеріндегі доғал бұрышқа койылады (3.1-сур).

Пойыздың стансаға қабылданған уақытының ондықтан артық бөлігі оның қабылданған жағындағы доғал бұрышқа койылады.

Пойыздың стансадан жөнелтілген немесе тоқтамай өткізілген уақытының ондықтан артық бөлігі, оның алдындағы аралықтағы доғал бұрышқа қойылады. (3.1-сур)

График сызғанда пойыздың аралықтағы тоқтамай жүрген уақытына, оның тоқтау кезіндегі баяулауға tб жүру кезіндегі екпіндеуге tе, қажет қосымша уақыты қосылады.

3.1-сурет. Жүріс графигінде цифрларды қою тәртібі

Графикте санатына қарай пойыздарға тиісті нөмірлер беріледі. Пойыз нөмірі телімнің шеткі аралықтарындағы жүріс ізінің үстіне жазылады. Қазакстан теміржолдарындағы пойыздардың санатына сәйкес мына нөмірлер тағайындалған: 1-98 – жүйрік, 101-298- жыл бойынша жүретін алыс сапарлы жай жолаушылар,601-698- жергілікті жолаушылар, 6001-6998- қала маңдық, 2001-2998-өтпелі жүк, 3001-3398- телімдік, 3401-3448 құрама және т.с.с пойыздар үшін.

График сызғанда стансалық интервалдардың және автоблокировкадағы бағыттас пойыздар аралығы интервалының мөлшері сақталмаса, пойыздар жүрісінің қауіпсісіздігі сақталмайды.

Стансалық интервал деп, бөлім бекетінде пойыздардың қауіпсіздігін сақтай отырып, оларды қабылдауға, жөнелтуге және өткізуге байланысты керекті операцияларды орындауға кететін уақыттың ең аз мөлшерін айтады. Негізгі стансалық интервалдарға(3.2,a, б-сур.) айырылысу tа әр мезетте интервалдары жатады.

Айырылысу ta интервалының мөлшері: екінші пойыздың толық құрамда қабылданғанын (өткізілгенін) тексеру, көрші бөлім бекетінен стансада тұрған пойызды жөнелтуге рұқсат алу, жөнелтуге маршрут дайындау, сигнал ашу және пойыздың орнынан қозғалу операциясына жұмсалған уақыттар қосындысынан тұрады.

3.2-сур. Стансалық интервалдар: а – стансалық интервалдар, б – бір мезетте келу интервалы, в - пойызаралық интервалдар

Әр мезетте келу t интервалының мөлшері: бірінші пойыздьң толық кұрамда келгенін тексеру, карсы бағыттан келетін пойызға бағдар дайындау, сигнал ашу және ол пойыздың ескерту (кірерлік) сигналынан станса осіне дейінгі аралықты жүріп өту уақыттарының қосындысынан тұрады.

а)

б)

3.3-сурет. Шектегіш аралықта пойыздарды салу нұсқалары

Автоблокировкамен жабдықталған жолда бағыттас пойыздар жүрісі өзара екі, үш, төрт немесе одан да көп блок-аралықпен шектеледі Ол аралық уакыты (3.2, в, г-сур) тартым күші есебінің ережелері (ТЕЕ) бойынша есептеледі.

Параллельді графикте бір пар пойызды өткізу периодының ең көп мөлшерлі шектегіш аралығынан бастап сызады. Бұл период мөлшері пойыздарды бөлім бекеттерінен өткізу түріне қарай өзгереді

Шектегіш б-в аралығынан бір пар пойызды өткізудің екі түрлі сызбасы 3.3-сур. берілген.

Осы аралықта периоды аз сызба (3.3, б-сур.) анықталтады, яғни Т1 > Т2, ол телімінің өткізу қабілетін көбейтеді.

Бөлім бекетінде жүк пойызының тоқтауы, кездесу және басып озу кезінде ғана қарастырылады. Кездесу кезіндегі интервалдар нақты орындалу қажет, яғни аралык бос болса, пойыз стансадан 1 мин кешікпей женелтілу керек. Бұл жағдай телімді шектейтін А және Б стансасында қарастырылмайды. Мұнда мәні берілген мөлшерден көп болуы мүмкін.

Аралық стансада t интервалыньң мөлшері де сақталу қажет, бірақ аралық уақыттарының пара-пар болмауына байланысты, оның мәні көп болуы мүмкін. Бағыттас пойыздар аралығы интервалының мөлшері де сақталу қажет (3.1, в, г-сур.).


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 649 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Парлы пакетті емес графикте пойыздар жүрісін ұйымдастыру| Пойыздарды графикке салу тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)