Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Фармацевтикалық факультет

Ор түрілері | Орларды басқару жүйесіндегі шығындар. | Орларды басқару стратегиясы. | Ойманың негізгі ауданының пайдалануының тиімділігі. | Ойма жұмысын бағалау | ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ КӨТЕРМЕ САУДАДА САТУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. | Ақпараттық материал. |


Читайте также:
  1. Для студентов I курса юридического факультета очной формы обучения
  2. ДЛЯ СТУДЕНТОВ ЭКОНОМИЧЕСКОГО ФАКУЛЬТЕТА
  3. Зимней экзаменационной сессии 2012-2013 уч. года студентов факультета ВПППО
  4. МЕДИЧНИЙ ФАКУЛЬТЕТ
  5. Наряды адъюнктов факультета подготовки научно-педагогических кадров
  6. Санкт-Петербургский государственный университет Факультет психологии Кафедра психического здоровья и раннего сопровождения детей и родителей
  7. Список студентов факультета ИВТ из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Фармацевт-менеджер» модулі

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік

жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (ОЖСӨЖ)

 

КУРС: 4

ПӘН: «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЛОГИСТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ»

ТАҚЫРЫП: ҚОЙМАДАҒЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР. ТҮРЛЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ. ҚОЙМАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ.

 

Құрастырушылар:

Доц. Шопабаева А.Р.

Адибаева Г.К.

Елшибекова К.М.

 

Алматы, 2015ж.

 

ТАҚЫРЫП: ҚОЙМАДАҒЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР. ТҮРЛЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ. ҚОЙМАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ.

Мақсаты: Қоймалау логистикасының қызметтік аймағының негізі жайлы студент білімін қалыптастыру. Студенттерді қоймалардың жұмыс істеуі мен ұйымдастыруының
маңыздылығымен таныстыру.

Оқыту міндеттері:

· Қоймалау логистикасына сипаттама және пәні бойынша түсінік беру.

· Фармацевтикалық мекемелердегі қоймалардың міндеті және қызметімен таныстыру.

· Қоймада орындалатын негізгі қызметтерді үйрету.

· Қоймалардың жіктелуі, қызметі және түрі, сонымен қатар қоймадағы әртүрлі логистикалық үрдістер туралы ой қалыптастыру.

· Қойма ұйымының сипаттамасы мен маңыздылығы туралы түсініктеме беру.

· Қоймалық технологиялық үрдістің қызметі мен міндеттерін оқыту.

· Қоймалық логистикада шешім қабылдаудағы негізгі міндеттермен таныстыру.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ: тапсырмаларды орындау,оқытушымен сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау, ситуациялық есептерді шешу.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Жұмыс даптерлеріңізде жазбаша түрде келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Логистикадағы «қойма» терминіне анықтама беріңіз.

2. Логистикалық жүйедегі қоймалық шаруашылығының негізгі қызметі мен міндеттерін қарастыру.

3. Қойма қызметінің кемшілік критериін атаңыз.

4. Фармацевтикалық логистикада қойманың жіктелуін сипттау..

5. Қойманың негізгі қызметтерін сипаттау.

6. Көтерме саудадағы қойма қызметінің ерекшеліктерін сипаттау..

7. Қоймалаудың негізгі артылықшылықтарын атаңыз.

8. «Қоймалық технологиялық үрдіс» түсінігіне анықтама беру.

 

Тақырып бойынша тапсырмалар:
Жазу дәптерге келесі сұрақтарға жауап беріндер:

1.«Қоймалық технологиялық үрдіс» терминіне түсінік беру

2. Логистикада қоймаға қою үрдісіне не жатады?

3.Қоймалардың негізгі қызметтерін атап шық.
4. Орналастыру барысында қоймалардың оптимальды санын қалай анықтауға болады?
5.Қоймаға анықтама бер, қойма классификациясын ата.
6.Орналастыру жүйесінде қоймалардың оптималды санын графикалық әдіспен анықтағанда қандай жағдайлар зерттеледі?

 

ТАРАТЫЛУ МАТЕРИАЛДАРЫ:

1.Қоймалардың логистикадағы рөлі. Қойма түсінігі. Қойма түсінігіне арнайы технологиялық құрылғылармен жабдықталған, барлық келген тауарларды қабылдау, сақтау, орналастыру және тарату қызметтерін атқаратын ғимараттар, құрылыстар және әртүрлі құрылғыларды жатқызамыз.

Қойманың негізгі міндеті – қор концетрациясы, оларды сақтау және тұтынушылардың тапсырысын тоқтаусыз және ырғақты түрде орындау.

Қойма немесе қоймалардың тобы және қызмет етуші инфраструктурамен бірге қоймалық шаруашылықты құрады. Қоймалық шаруашылықтағы негізгі мәселелерге өндірісті тиісті материалдық ресурстармен жабдықтау, олардың тұтастығын және қоймалық операцияларды жүзеге асыруда шығынның көлемінің азаюын қамтамасыз ету.

Логистикалық жүйеде қойманың рөлі мен орны. Қойма логистикалық тізбектің негізгі бөлігін құрайды. Логистикалық жүйе қойманың ұйымдастыру және технико-экономикалық талаптарын құрайды, қоймалық жүйенің мақсаты мен оптимальді қызметін бекітеді, жүктердің қайта өңдеу шарттарын анықтайды. Өз кезегінде қоймалау материалдарын ұйымдастыру (қоймалардың орналасу орнын таңдау, материалдарды сақтау әдісі және т.б.) логистикалық тізбектің әртүрлі бөліктерінде қорлардың көлемі мен қозғалысына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Логитикада қойма жағымды және жағымсыз рөль ойнайды. Қоймалаудың жағымсыз жағына қоймада тауардың көп уақыт турып қалуына байланысты тауар бағасының көтерілуі жатады. Бұл – ағымдағы қойма құрамына, қойманы жалға алуына, қойма қызметіне кететін шығын. Сонымен бірге қойма қорын құру басқа мақсатта қолдануға болатын, маңызды ақшалай ресуртардың иммобилизациясына (қату,тоқтау) әкеледі. Сондықтан өнімді қоймалау тек усталуды төмендететін немесе логистикалық қызметтін сапасын жоғарлататын болса ғана рұқсат.

Қоймалаудың жағымды жағы өндірісті түзетуді қамтамасыз етеді, жүктердің кешені, қорлардың конценрациясы мен бөлінуі үшін қажетті техникалық және ұйымдастыру шарттарын құрайды.

2.Қоймалардың түрі мен қызметтері. Қоймалардың жіктелуі. Қорлардың сақталуы арнайы құрылған орындарда болуының объективті қажеттілігі материалды ағынның қозғалысының кез келген сатысында, шикізаттың біріншілік көзінен соңғы тұтынуына дейін болады. Мұнымен қойма түрінің санының көп болуы түсіндіріледі.

Оларды логистикалық тізбектегі орны мен тауар қозғалысы үрдісініндегі маңызына байланысты келесі топтарға жіктейді:

· Өндіруші-ұйым өнімінің қоймасы (қамсыздандыру сферасында);

· Тұтынушылар өнімінің қоймасы (өндіріс сферасында);

· Өндіруші фирмалардың қоймалары (тарату сферасында);

· делдал ұйымдардың қоймалары.

Өндіруші-ұйым қоймалары шикізатты, материалды, өнірістік мақсаттағы өнімді сақтауға және өндіруші тұтынушыларды қамсыздандыруды (бірінші кезекте) жүзеге асырады.

Өндірістегі қойма технологиялық үрдіс ағымының тоқтаусыз қызмет атқаруына арналған. Бұл қоймаларда аяқталмаған өндіріс қоры, құрылғылар, құрал-саймандар және құрал-жабдықтар, т.б. сақталады. Өндіріс ұйымдарында өндіріс үрдісіндегі роліне және бағыныштылығына байланысты қоймалар қамсыздандыратын (материалдытеникалық қамсыздандыру бөліміне бағынады), өндірісті материалдармен жабдықтайтын, жинақтаушы өнімдер, сатып алатын жартылай фабрикаттар және т.б. деп жіктеледі; өндірістік (жоспар-өндірістік немесе жоспар-диспетчерлік бөлімге бағынады), өз өндірісінің жартылай фабрикаттарын және сақтауға аранлған; өзіндік өндірілген жартылай фабрикаттарды және технологияық қамсыздандыру заттарын сақтауға арналған; предназначенные для хранения полуфабрикатов собственного производства и технологической оснастки; сатуға жіберілетін материалдық құндылықтарды сақтауға арналған өтім бөлімі (өтім бөліміне бағынады). Қызмет көрсету сферасына байланысты ұйым қоймалары жалпы зауыттық (орталық), цех бастықтарына бағынатын цех алды (орталық қойма филиалдары) және цехтік болып жіктеледі.

Өтім қоймалары өндіріс саласынан тұтынушыға тауар қозғаласының ұзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін арналған. Олардың негізгі қызметі тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз ету мен өндірістік ассортименттің құрылуына негізделген.

Делдал ұйым қоймалары (алдымен транспорттық) материалдық құндылық тасымалымен байланысты уақытша қоймалауға арналған. Бұған жатады: темір жол станциясының қоймалары, автотранспорт жүктік терминалы, өзен және көл порттары, әуе транспортының терминалы. По характеру выполняемых операций грузопереработки они относятся к транспортно-перевалочным. Қойманың бұл топтары қамсыздандыру немесе сол сияқты тарату логистикасында болуы мүмкін.

Барлық қоймалар қызметіне байланысты бес түрге жіктеледі:

· аралас, комбинацияланған және басқа жүк тасымалдау түрлерін жүзеге асыруда қолданылатын жүкті ауыстырып тиеуге арналған қоймалар;

· сақтау қоймалары, өндірістің дұрыс қызмет атқаруы үшін қажетті материалдардың концентрациясын және сақталуын қамтамасыз етеді;

· түзуші қоймалар (комиссионирования), тұтынушының талаптарының спецификалығына байланысты тапсырыстарды түзуге бағытталған қойма;

· сақтау қоймалары, қоймаланған заттардың тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ететін қоймалар;

· арнайы қоймалар (мысалы, кеден қоймасы, уақытша сақтау қоймасы, таралар, қайтарылған заттар және т.б.)

Қоймалар құрылу ерекшеліктеріне байланысты жабық, жартылай жабық (тек шатыры немесе шатыры, бір,екі немесе үш қабырғалары бар) және ашық алаңдар болып бөлінеді.

Қоймалар сақталатын материалдардың спецификасы мен номенклатурасына байланысты әмбебеп және мамандандырылған болып жіктеледі. Әмбебеп қоймаларда кең номенклатуралы материалдар сақталады. Мамандандырылған қоймалар бір текті материалдарды сақтауға арналған (мысалы, чугун қоймасы, лак бояйтын материалдар және т.б.).

Қоймалардың механизациялау дәрежесіне байланысты қоймалық қызмет жіктеледі: механикалық емес, механикалық, автоматтандырылған және автоматикалық.

Қоймалардың қызметі. Қойманың негізгі қызметіне келесілерді жатқызуға болады:

1. Тұтынушылардың сұранысына сәйкес қажетті ассортиментті құру. Сатып алу және өндірістік логистикада бұл қызмет әртүрлі өндіріс фазасының қажетті материалды-техникалық ресурстарын (саны және сапасы бойынша) қамтамасыз етуге бағытталған. Тарату логистикасында бұл қызметтің маңызы ерекше. Сату қоймасы тұтынушылық өндіріс ассортиментін клиенттің тапсырысына сәйкес жүзеге асуын құрайды. Қоймада қажетті ассортиментті құру тұтынушылардың тасырысын эффективті орындауға және клиентке қажетті көлемде тапсырысты орындауға мүмкіндік береді.

2. Қоймалау және сақтау. Осы функцияның орындалуы шығарылған өнімнің мезгіл арасындағы өзгешелігімен қоса өндірістік процесстің үзіліссіз жұмысы барысында артық мөлшердегі қорларымен тұтынушыны үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Реттегіш жүйе арқылы тауардың сақталуы заттардың маусымдық тұтынылуына байланысты жүргізілуі қажет.

3. Жүктің тасымалдануы мен артылған партияның тиелімі. Көптеген тұтынушылар " қоймадан вагонга қарағанда кем " немесе " трейлерге қарағанда азырақ " партиялары арқылы тапсырыс бергенде, бөгелістер айтарлықтай көбейеді. Мұндай тиелімдерді жеткізуге қатысты көлік шығынын азайту мақсатында қойма тарапынан тұтынушылардың осындай партиялық тапсырыстарын біріктіріп тиеп, толықтай көліктің толуын қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі.

4. Қызмет көрсетілуі. Жоғары дәрежелі қызмет көрсету мақсатында қоймадағылар тұтынушыларға көптеген тауарларды сатуға даярлау, өнімді қаттау, өнімге сатылымдық түр беру, транспорттық экспедициялық қызмет көрсету сияқты т.б қызмет түрлерін ұсынады.

3. Қоймалау процессі .Қоймалық операциясының мінездемесі. Қоймалық операциясының кешені келесідей тізбектілікті ұсынады:

· жүкті қабылдау және түсіріп алу;

· сақтауға орналастыру;

· топтау және тауардың тиелімі;

· жүктің қоймаішілік тасымалы.

Жүкті түсіріп алу және қабылдау. Жасалған келісім шарттарда көрсетілген шарттарға сәйкес жүргізіледі. Бұл көрсетілген жұмысты атқару қоймада жүктің түріне (даналық, үгітілген), транспорттық (трейлер, контейнер). Сонымен қоса қолданылатын механика түріне байланысты жүргізіледі. Жүктің параметрлері рәсімделген жолдамаға құжат деректерімен ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Қабылданған жүк санына және сапасына қарай сақталу зоналарына жөнелтіледі. Сақтау процессі осыған сәйкес жасалуына және қорлардың қолма-қол тапсырылуын қатаң қадағалайды. Жүктің реттелуіне қарай және экономикалық орналасуына байланысты оларды қатаң (фиксирленген) және еркін (жүктің кез келген бос орынға орналасуы). Қоймалау орнын таңдау ұстаныммен жүргізіледі. Топтау процессінде тапсырысқа сәйкес тауар даярлау, тауарды жөнелтуге даярлау, көлікке жүкті тиеу сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Жүктің қоймаішілік тасымалдануына жүктің қоймалық түрлі зонадан ауысуын, ол жақтан сақтау зонасына және тиеу қоймасына жөнелтілуі жатады. Қойма арасында жүргізілетін жүк тасымалы белгіленген сызба бағыт арқылы жүзеге асырылуы қажет. Бұл қайта қоймаға оралудан сақтайды және операцияның мінсіз орындалуына мүмкіндік береді. Тасымал кезіндегі үзіліс мұнда минимальды дәрежеде болуы қажет.

Индустриялық кәсіпорынның қойма жұмысының ұйымы. Қойма оперативті өндірістің қызметі келіп түскен өнімнің орнына сақталуымен және босатылуымен тұтынушыға жетуін міндетке алады.

Жүкті материалдың қоймаға жеткізу зауыттық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Өнім мен материалдар қоймада талапқа сәйкес техникалық құжаттар инструкцияларына сәйкес қабылданады. Қабылданған материалдар мен бұйымдар соларға арналған орындарда белгіленген тәртіпке сәйкес маркасына, өлшеміне сәйкес жайғастырылады. Көбірек және жиірек қолданылатын заттар жазып босатылатын ауданда, ал аз өтетін заттар алыстау алаңшаларда орналастырылады. Ұяшықтар мен стеллаждар және басқа да сақтау орындары заттың атауымен индексі жазылған тақтайшамен нөмірленіп жабыстырылады. Заттарды босатуға даярлау ерекше жоспар арқылы жүзеге асырылады. Заттарды өндірістік қолдануға, даярлауға тазалау, кесу сияқты операцияларынан кейін жасалынады. Қорды басқару арнайы картотека арқылы жүргізіледі. Қор деңгейі тіркелген тапсырыстың өлшем деңгейінің көмегімен басқарылып отырылады.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 346 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Логистикадағы қойманың ролі. Қойма түсінігі.| Оймалау жүйесін қалыптастыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)