Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Логистикадағы қойманың ролі. Қойма түсінігі.

Ор түрілері | Орларды басқару жүйесіндегі шығындар. | Оймалау жүйесін қалыптастыру | Ойманың негізгі ауданының пайдалануының тиімділігі. | Ойма жұмысын бағалау | ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ КӨТЕРМЕ САУДАДА САТУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. | Ақпараттық материал. |


Читайте также:
  1. Закон рівнозначності умов життя: всі природні умови середови­ща, необхідні для життя, відіграють рівнозначні ролі. Звідси випливає інший закон - сукупної дії екологічних факторів.
  2. Логистикадағы ақпараттық технология.
  3. Логистикадағы ақпараттық технология.
  4. Логистикадағы ақпараттық технология.
  5. Логистикадағы ақпараттың міндеті.
  6. Логистикадағы ақпараттың міндеті.

Қойманың негізгі түсінігі - қор концентрациясы, оларды сақтау және тұтынушылардың тапсырыстарын тоқтаусыз және ырғақты жабдықтауды қамтамасыз ету.

Қойма немесе қоймалардың жиынтығы қызмет етуші инфражүйемен қоймалық шаруашылық құрастырады. Өндірістік кәсіпорында қоймалық шаруашылықтың негізгі қызметі қоймалық операцияларды қамтамасыз етуде тиісті материалдық ресурстарды түзу.

Логистикалық жүйеде қойманың ролі мен орны. Қоймалар логистикалық тізбектің негізгі жүйелерін құрайды. Логистикалық жүйе қоймаларға ұйымдық және техника экономикалық талаптар қалыптастырады, қойма жүйесінің мақсаттары мен үйлесімді жұмыс жасау белгілерін орналастырады, жүктердің өңдеу шарттарын анықтайды. Материалдардың қоймалау ұйымы өз кезегінде (қоймалардың орналастыру орнын таңдау, материалдарды сақтау тәсілі және т.б) логистикалық тізбектің әр түрлі орындарында қорлар қозғалысына, мөлшеріне ықпал етеді.

Логистикада қоймалардың теріс және оң ролі бар. Қоймалаудың теріс жағы тауар құнының артуы болып табылады. Бұл қойма операцияларының шығындары, қойма арендасы, ағымдағы шығындар. Сонымен қатар, қоймалық қорлардың жасауы маңызды қаражаттық қорлардың иммобилизациясына әкеледі.

Қоймалаудың оң жағы жүктердің жинақталуына, қорлар концентрациясы мен орналасуына қажетті техникалық және ұйымдық шарттар қалыптастырады.

Қойманың түрлері мен функциялары. Қоймалардың жіктелуі. Қорларды қамтамасыз ету материалдық ағынның қозғалысында бастапқы шикізатты өндіруден бастап соңғы тұтынушыға дейінгі барлық сатыларында жүзеге асырылады. Бұнымен қойма түрлерінің саны көп екендігі түсіндіріледі.

Логистикалық тізбектегі орны мен тауар қозғалысы процесіндегі роліне қарамастан төмендегідей бірнеше топтарға бөлінеді:

· өнім кәсіпорын-өндірушілердің қоймалары;

· өнім тұтынушы қоймалары (өндіріс сферасында);

· өтім фирмалардың қоймалары;

· делдалдық ұйымдардың қоймалары.

Өнім кәсіпорын өндірушілердің қоймалары шикізат, материалдарды сақтауда, өндіретін тұтынушылардың жабдықтауын қамтамасыз етуінде мамандандырады.

Өндірістегі қоймалар технологиялық процесстердің үздіксіздігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл қоймаларда аяқталмаған өндіріс қорлары, құралдар, аспаптар, қосалқы бөлшектер сақталынады. Өндіріс қоймалары қызмет ету сферасының тәуелділігіне байланысты жалпы заводтық(орталық), цехтық(орталық қоймалардың бөлімдері) және цех басшылығына бағынатындар болып бөлінеді.

Өтім фирмалардың қоймалары өндіріс сферасынан тұтыну сферасына дейінгітауар қозғалысының үздіксіздігін қолдауда қызмет етеді. Олардың негізгі маңызы өндірістік ассортименттің әр түрлілігінде, бөлшек саудамен қоса алғанда тұтынушылардың тоқтаусыз қамтамасыз етуіне негізделген.

Делдалдық ұйымдардың қоймалары(ең алдымен транспорттық) материалдық құндылықтармен байланыстыуақытша қоймалауға арналған. Бұған: теміржол қоймаларының станциялары, автотранспорттың жүк терминалдары, теңіздік және өзендік порттар, ауа транспорт терминалдары жатады.Жүкөңдеу операцияларының орындалу маңыздылығы бойынша олар транспорттық-қайта тиейтіндерге жатады.

Қоймалар функционалды тағайындауы бойынша бес түрге бөлінеді:

· қайта тиеу қоймалары араласқан, кешенді және басқа да тасымалдау түрлерін орындайды;

· сақтау қоймалары қажетті материалдар концентрациясын және өндірістегі тиісті талапқа сай келуін қамтамасыз етеді.

· комиссионды қойма клиенттердің талабы бойынша тапсырыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;

· сақтау қоймалары қоймалау өнімдерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етеді;

· арнайы қоймалар (мысалы, кедендік қоймалар, уақытша сақтаудағы қоймалар,, таралар, және т.б).

Қорлау жүйесі қоймада жүктің оптималдық орналасуын және тиімді басқаруын болжайды. Қорлау жүйесінің жасалуында барлық өзара байланыстар мен сыртқы (қоймаға кіруші және одан шығушы) және ішкі (қоймалық) объект ағындарының өзара тәуелділігін және оған байланысты ықпалдарын (қойма параметрі, техникалық жабдықтар, жүк артықшылықтары және т.б.) ескере отыру қажет. Мөлшерлік және сапалық баға тәсілі бойынша қойылған

Әртүрлі логистикалық процесстарда қойма уақытша материалдық қор сақтаудың ұқсас қызметтерін атқарады, материалдық ағындарды қайта жаңартады, логистикалық сервисті қамтамасыз етеді, сондықтан әртүрлі қорларда орындалатын жұмыстар жинағы шамамен бірдей.

Қазақстанда ғылыми тәсілдер мен тәжірибелік әдістердің талап етілуі еліміздің рыноктық қатынастарға өтуінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Экономикалық талдаудың егжей- тегжейіне жетпей-ақ, Қазақстандағы логистикалық тұжырымдаманың даму жолындағы принципті қиындықтарды жалпы түрде тұжырымдайық.

Біріншіден, ұзақ уақыт бойы отандық экономикада, Батыстық логистикада басты ұстаным болған, айналым саласының (өніммен жабдықтау және өткізу) ролі жете бағаланылмай келді. Тарихи біздің елімізде айналым саласының дамуы өндірістік саланың дамуынан алде қайда артта қалған еді, әсіресе тауарлар мен қызмет көрсету өтілімінің ұйымдастырылуы. Ол тауарлардың өндірушіден тұтынушыға баяу жылжуымен, қанағаттандырылмаған сураныстың жоғары дәрежесімен, жеткіліксіз сенімділікпен және тұтынушыларға қызмет көрсету дәрежесінің жетіксіздігімен сипатталды. Айналым саласы қашанда қалдықтық принцип бойынша қаржыландырылды; жетекші, басқарушы қызметкерлердің экономикадағы айналым саласының ролін жете бағаламауда берік психологиялық тосқауылы болды.

Екіншіден, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының ішкі құрылымының (әуелі тауар айналымы саласында) дамуы бойынша тіпті орташа дүние жүзілік дәрежеден айтарлықтай артта қалып отыр. Бұл жерде келесідей негізгі жағымсыз сәттерді атап көрсетуге болады:

· Тауар жеткізуші құрылымдардың тиімсіз дамуы (ойланып ақылға салынған өндірістегі және саудадағы тауар дистрибьюция жүйесінің даму стратегиясының жоқтығы, ірі және орта котерме деңгейіндегі тауар рынгінің ұйымдастырылуының тапшылығы);

· Қазіргі заманғы электрондық байланыс жүйесінің, электрондық желі, байланыс және телекоммуникация жүйесінің даму деңгейінің әлсіздігі;

· Көліктік ішкі құрылымның мешеулігі, ең әуелі автокөліктік жол облысында; жүк автокөліктерінің, мултимодальдік және кедендік терминалдардың жеткіліксіз мөлшері және технико- технологиялық төмен деңгейі;

· Дүние жүзілік стандарттарға жауап беретін, қазіргі заманғы көлік құралдарының жоқтығы; көліктің жылжымалы құрамының физикалық және рухани тозуының жоғары дәрежесі;

· Қойма шаруашылығының өндірістік-техникалық негізінің дамуының төменгі деңгейі; тауарды қазіргі заманғы технологиялық жүкөңдеу жабдықтарының жоқтығы;

· Қойма жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру деңгейінің әлсіздігі;

· Қазіргі заманғы қораптар және орауыштар т.с.с. өндіру өнеркәсібінің даму әлсіздігі.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Савенкова Т.И. Логистика. – Москва: Омега-Л, 2010.

2. Тулембаева А.Н. Логистика. – Алматы: Триумф «Т», 2008.

3. Аникина Б.А. Практикум по логистике. – Москва: Инфра-М, 2007.

4. Сербин В.Д. Основы логистики. – Таганрог: ТРТУ, 2004.

Қосымша:

1. Альбеков А.У., Федько В.П., Митько О.А., Логистика коммерции. Ростов-
на-Дону: Феникс, 2001.

2. Ардатова М.М. Логистика в вопросах и ответах: Учеб. Пособие. - М.: ТК
Велби, Изд-во Проспект, 2004.

3. Бауэрсокс Д. Дж., Клосс Д. Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок/Пер. с англ. - М.: Олимп-Бизнес, 2001.

4. Бахарев В.О. Производственно-заготовительная и сбытовая логистика фир­мы. - СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1997.

5. Берков М.В. Информационные технологии в логистике. - М.: Финансы и
статистика, 1999.

6. Внешнеторговые операции и логистика: Учебное пособие/Под ред. Николаева Д.С. и др. - М.: АНКИЛ, 1998.

7. Голиков Е.А. Маркетинг и логистика: Учебное пособие. - М.: Изд. дом
«Дашков и К», 1999.

8. Гордон М.П., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. - 2-е изд., перераб., доп. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2001.

9. ДжонсонДж.С. и др. Современная логистика. - 7-е изд. - М.: ИД «Вильямс», 2002.

 


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

Карта №1.

1. Қойма түсінігіне анықтама бер.

2. Логистикада қойманың функциясы мен түрлері?

 

Карта №2

1. Өндірісте қойма жұмысының ұйымдастыруын сипаттап бер.

2. Қоймалау формасын таңдау.

Карта №3

1. Қойма ауданының есебі.

2. Қойма жұмысының көрсеткіштірі .

Карта №4

1. Қойма түсінігіне анықтама бер.

2. Қойма жұмысының көрсеткіштірі.

 

Карта №5

1. Өндірісте қойма жұмысының ұйымдастыруын сипаттап бер.

2. Қоймалау формасын таңдау.

 

 

Карта №6

1. Логистикада қойманың функциясы мен түрлері?

2. Қойма ауданының есебі.

Карта №7

 

1. Қоймалау формасын таңдау.

2. Қойма жұмысының көрсеткіштірі.

Карта №8

1. Қойма түсінігіне анықтама бер.

2. Выбор формы складирования.

Карта №9

1. Қойма түсінігіне анықтама бер.

2. Қоймалау формасын таңдау.

 

Карта №10

1. Логистикада қойманың функциясы мен түрлері?

2. Қойма ауданының есебі.

 

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 2237 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Орларды басқару стратегиясы.| Фармацевтикалық факультет

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)