Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орларды басқару жүйесіндегі шығындар.

Логистикадағы қойманың ролі. Қойма түсінігі. | Фармацевтикалық факультет | Оймалау жүйесін қалыптастыру | Ойманың негізгі ауданының пайдалануының тиімділігі. | Ойма жұмысын бағалау | ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ КӨТЕРМЕ САУДАДА САТУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. | Ақпараттық материал. |


Читайте также:
  1. Ақпараттық жүйені кері байланыспен басқару.
  2. Ақпараттық жүйені кері байланыспен басқару.
  3. Ақпараттық жүйені кері байланыспен басқару.
  4. Есептеуіш ағымдарымен басқару.
  5. Есептеуіш ағымдарымен басқару.
  6. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының құзыретi.

Шығынның түрлері. Материалдық басқару концепциясын практикалық жүзеге асыру жиынтық қордың оңтайлануымен байланысты. Шығын оңтайланған қордың өлшемі болып табылады.

Сатып алу жүйесі мен шығынның материалдық сақталуы келесі топтарға бөлінеді:

· тапсырысты орындаудың шығындары;

· сатып алу бағасымен анықталатын тікелей шығын;

· қорларды қамтамасыз ету шығындары;

· тапшылық шығындары.

Тапсырысты орындау шығындарының ішіне тапсырыстың жеткізілімі және орналастыруы кіреді. Оның құрамына мынадай шығын түрлері жатады: жеткізілім шартының зерттемесінің құны және оны бекітілімге дайындау; жарнамалық тізімдемені дайындау; транспорттық шығындар (егер алынған тауардың құны траспортпен әкелу құнына кірмеген жағдайда); тапсырысты қабылдап алу мен қоймалау шығындары.

Кейбіреуі көлеміне қарамастан тапсырысқа тіркеледі, ал басқа транспорттық және қоймалық шығындар тікелей тапсырыс көлеміне тәуелді.

Тапсырысты орындау шығындарына шығынның кезкелген түрі кіреді.

Тікелей шығындар материалдың сатып алу бағасымен анықталады және тапсырыс партиясының көлемі үлкейген кездегі көтерме баға жеңілдіктеріне байланысты өзгеріп отырады.

Қорларларды қамтамасыз ету шығыны материалды сақтау шығынымен және қорлардың өзіндік деректерімен анықталады. Осы топқа шығынның мынадай түрлері жатады: қорға жұмсалған қаржының ықтимал пайызы; қоймаға жұмсалатын және игерушілік үшін төлем немесе қойманы жалға алу шығыны; қойма бірлігіне тәуелді қойманы қамтамасыз етудің ағымдағы шығыны; материалдарды моралдік ескіру, сонымен қатар сақтандыру және салық шығындары. Қорлардың азаюы қоймалық шығындардың және қойма бөлмелерін қамтамасыз ету шығынын кемітеді.

Тапшылық шығындары өзге материалдық ресурстардың қандай да бір уақыт аралығында пайда болған шектеумен байланысты. Осы топқа шығынның үш түрі жатады:

· қажетті материалдардың жоқтығына байланысты өндірістік процестің тоқтатылуы, сонымен қатар басқа баға бойынша материалдарды өзгертудің өндірістік шығыны;

· егер тапсырыс беруші басқа жасаушыға қатынасатын болса, тапсырыстың орындалмауы сату құнының жоғалуы болып табылады;

· тапсырыстың орындалуын күту барысындағы қосымша шығындар.

Қойма шығынының шамалары. Қойма шығыны түпкілікті және айнымалы шығын бөлігінің арақатынасына тең.

Қойма шығының шамасы

Н = А + В,

Бұл жерде, Н-қойма шығының шамасы; А-капиталға салынған қордың пайыздық мөлшерлемесі; В-қоймада материалдарды сақтаудың шығын шамасы.

В = ,

Бұл жерде, Г- белгілі кезең аралығында қоймада материалдарды сақтаудың шығыны; Д – қойма қорының орташа бағасы.

3. Қорлардың реттелу жүйесі

Негізгі анықтамалары. Қорлардың реттелу жүйесі – қорларды жасау және толтыру, үздіксіз тексеріс пен жоспарлы шұғыл жеткізілімді ұйымдастыру.

Қорды реттеу процесі кезінде әртүрлі сандық қор деңгейлері ажыратылады:

· ең жоғарғы қор (максималды) кепілденген, даярланған және максималды ағымдағы қор сомасына тең. Нормативтен тыс ресурстарды қадағалау үшін өлщемі бекітіледі;

· орташа немесе ауыспалы қор кепілденген және жартылай ағымдағы қор сомасына тең;

· ең төменгі қор (минималді) кепілденген және даярлаушы қор сомасына тең. Қордың бұл деңгейге дейін төмендеуі қорды толықтырудың шұғыл белгісі болып табылады.

Қорды басқару процесі кезінде нақты тапсырысты және талап етілетін сандық материалды орнату маңызды.

Тапсырыстың өлшемі – қорды толықтыру мақсатында берілген тапсырыстың материалдық саны. Егер ең төмен қор жаңа партия алу кезінде жеткізілетін болса, онда қор максималды деңгейге жетеді.

Тапсырыстың өлшемін реттеу партияның көлемінің өзгерісімен болады, яғни ара қашықтықтағы жеткізілімің немесе көлеммен жеткізілімнің ара қашықтығының өзгерісімен болады.

Аралық тәуелділік осы басқарманың тәжірибесінде қорларлармен екі негізгі жүйені пайдаланылады:

· жүйе тапсырыстың тіркелген өлшемімен;

· жүйе тапсырыстың тіркелген оралымдарымен.

Жүйе тапсырыстың тіркелген өлшемімен. Материалдың тең түсімін қадағалайды, ілгері тағайынды үйлесімді партиялар арқылы уақыттың ара қашықтықтарының өзгерісін көздейді. Кезекті партияның жеткізіліміне тапсырыс беру қоймадағы қысылшаң деңгейдегі тапсырыстардың өлшемінің кемуіне акеледі-"тапсырыс нүктесі"сурет. 1.

Кезекті партияның қойма арасындағы жеткізілімдерінің ара қышықтығы материалдық ресурстардың шығынына тәуелді.

Босалқы қорлардың деңгейі тапсырыс нүктесіне лайықты, белгілі бір уақыттығы кезекті қажеттілікке тапсырыс кешіктірілсе онда кепілдік қоры қосылады.

Qтз =p *τ +qстр

Мұнда

Qтз –босалқы қорлардың тапсырыс нүктелері;

p - материалдың орташа тәуліктік шығыны;

τ - тапсырыстың алдын-ала ескертуінің кезі;

qстр – кепілдік қор.

Белгілі бір уақыт аралығында жеткізілімге тапсырыс беру және қоймаға партиялардың түсімі күнделікті қайталанады, және бұл шартты түрде қабылданады. Басқарманың мақсаты қорлармен байланысты, яғни қозғалысы жайлы деректерлерге сүйене келе -«тапсырыс нүктесін» анықтап және қажетті материалдардың жеткізіліміне өтінімді рәсімдеу керек.

1 сурет.. Жүйе тапсырысының тіркелген көлемі.

 

Жүйе тапсырысының тіркелген оралымдары. Басқарма жүйесі босалқы қорлардың тіркелген оралымдары арқылы материалдардың түсімінің тең болуын, әрдайым уақыт аралығында қайталанып отыруын болжайды (босалқы қорлардың барының тексерісінің кездерінде). Әрбір босалқы қорлардың тексерісінде қолма-қол қалдықты анықтайды, кейін тапсырысты рәсімдейді, қор көлемі материалға деген сұранысқа байланысты.

q = qmax - qнал + qстр,

мұнда: q – тапсырыс көлемі; qmax - тапсырыстың ең көп деңгейі; qнал – қордың тапсырыс кезіндегі көлемі (материалдық тексерістер).

Тапсырыс саны мынадай жағдайда унемділік тапсырысын көбейтеді, егерде заттық сұраныс күтілмелі сұраныстан жоғары болса. Және керісінше, тапсырыс көлемі аз болады, егерде материалға деген сұраныс күтілмелі сұраныстан төмен болса. Мұндай жағдайда қорды қалыптастыруда кезекті жүйені қолдану арқылы тапсырыс беру әрқашанда өзгеріссіз қалады, ал тапсырыс көлемі сұранысқа байланысты өзгеріп отырады, яғни шамасының ауытқуына алып келеді. Осы әдіс арқылы қорды басқару сызбасы 2 суретте көрсетілген.

Реттеушілік барлық арақашықтықтардағы жеткізілімдердің арасында бір рет ғана жүзеге асады-бұл қарастырылған жүйенің нақтылығы болып табылады. Жетіспеушілік жүйесіне қарайтын сандар:

· материалдың аз санына болсын тапсырыс жасау

· қорды көп қолданғандықтан келесі қордың келгенінше қордың таусылып қалуы мүмкін. Сол себептен кезекпен беріліп отырған тапсырыс өте ыңғайлы, материалды аз жоғалтып және белгілі бір мөлшерде дұрыс қолдануға.

· Босалқы қорлардың реттеу жүйесі. Базалық жүйемен қоймадағы дәрі-дәрмек реттеледі және де басқа да нұсқалары қарастырылады.

 

 

2 сурет. Тапсырыс жүйесінің тіркелген оралымдары

Тіркелген тапсырыстармен кезекті тағайынды жүйе арқылы қойманы әркез біргелкі жүйе арқылы бақылауды болжамдайды. Бұл жағдайда тексеріс кезінде товар деңгейі тапсырыс беру деңгейіне түскен кезде немесе одан төмен түсіп кетсе, онда жеткілікті жағдайда кезектен тыс тапсырыс беріледі.

Қорды реттеудегі қарастырылған графикалық сызықтар 3 суретте көрсетілген.

Сурет 3. Қорды реттеу жүйесі

Аяқсыз қалған өндірісті реттеу. Өндіріс процессінің ар саласындағы бұйымдардың жиыны, яғни бөлшектер аяқсыз қалған өндірістің натуралды жағдайдағы ақшалық мәндегі көрінісі.

Аяқталмаған өндіріс көлемі орташа күндік бұйым шығаруды бұйымды дайындау циклін құрайтын жұмыс күндерінің санына көбейтумен анықталады. Аяқталмаған өндіріс шамасы еқбек заттарының технологиялық процесс операциялары арқылы өту жылдамдығын көрсетеді. Аяқталмаған өндірістің көлемін реттеу өндірістік циклдің ұзақтығын өзгерту жолымен жүзеге асады.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 580 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ор түрілері| Орларды басқару стратегиясы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)