Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есептеуіш ағымдарымен басқару. MATLAB та сегіз шартты өтпелі операторлар бар

Сандардың берілуі | Imadjust функциясы. | MATLAB-тағы цифрлық бейнелер. | Бейне қанықтылығын түрлендіру. | Интерактивті енгізу/шығару. | Координаттық келісімдер | Матрица тәрізді бейнелер. | Матрицаны индексирлеу. | Циклдарды векторлау | Координаталық қатынас |


Читайте также:
  1. Ақпараттық жүйені кері байланыспен басқару.
  2. Ақпараттық жүйені кері байланыспен басқару.
  3. Ақпараттық жүйені кері байланыспен басқару.
  4. Есептеуіш ағымдарымен басқару.

MATLAB та сегіз шартты өтпелі операторлар бар. MATLAB логикалық бірлік пен кез келген нольдік емес санда ақиқат ретінде, ал логикалық немесе сандық нольді жалған ретінде қабылдайды.

Оператор Сипаттамасы
if else мен elseif-пен бірге If алдын ала анықталған логикалық шарттарды орындау кезінде амалдар тобын жасайды.
for Берілген сан рет амалдар тобын орындайды.
while Алдын ала анықталған логикалық шарттар негізінде орнатылған сан амалдар тобын орындайды.
break For және while операторлар циклдарын орындауын тоқтатады.
continue Қалған амалдарды цикл денесінде қалдырып,басқаруды келесі For және while циклдар итерациясына береді.
switch Case және otherwise-пен бірге switch алдын ала жазылған мәндер немесе жолдарға байланысты әртүрлі амалдар тобын орындайды.
return Басқаруды шақырған функцияға береді.
try…catch Есептеу қателерін тапқан кезде есептеумен басқаруда өзгертеді.

 

 

If,else және elseif операторлары.

Мына түрде жазылады:

 

if expression

statements

end.

 

else және elseif шартты операторлар ары қарай if операторын шартты тармақталуына қолданылады:

 

if expression1

statements1

elseif expression2

statements2

else

statements3

end.

 

for операторы.

Жазылуы:

 

for index = start:increment:end

statements

end.

 

Келесі әдіспен бір цикл ішіне басқа циклді енгізуге болады:

 

for index1 = start1:increment1:end1

statements1

for index2 = start2:increment2:end2

statements2

end

statements2

end.

 

Мысалы келесі цикл 11 рет қайталанады:

count = 1;

for k = 0:0.1:1

count = count + 1;

end.

 

while операторы.

While циклы бақылау циклы шартты өрнегі ақиқат болғанға дейін амалдар тобын орындайды.

 

While expression

statements

end.

 

Келесі әдіспен бір цикл ішіне басқа циклді енгізуге болады:

 

while expression1

statements1

while expression2

statements2

end

statements3

end.

 

break операторы.

Аты айтып тұрғандай for және while операторлар циклдарын орындауын тоқтатады. Программаның орындалуы цикл ішінде орналаспаған келесі оператордан жалғасады. Кірістірілген циклдарда break операторы өзі орналасқан тек ішкі циклді тоқтатады.

 

continue операторы.

Қалған амалдарды цикл денесінде қалдырып,басқаруды келесі For және while циклдар итерациясына береді. Кірістірілген циклдарда continue операторы басқаруды өзі орналасқан тек ішкі циклдің келесі итерациясына береді.

 

switch операторы.

Бұл оператор арқылы әртүрлі типтік кіріс деректер негізінде М функцияларда есептеуіш процестің бірнеше мүмкін жалғасулар арасында таңдау жасауға болады. Жазылуы:

 

switch switch_expression

case case_ expression

statements1

case {case_ expression1, case_ expression2, …}

statements2

otherwise

statements3

end.

 


Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бейнелер типін және мәліметтер кластарын конвертирлеу.| Есептеуіш ағымдарымен басқару.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)