|
Imadjust функциясы монохромды(жарты тонды) бейнелердің қанықтылығын өндеу кезіндегі IPT пакетінің негізгі құралы болып табылады. Оның синтаксисі:
g= imadjust (f, [low_in, high_in], [low_out, high_out], gamma).
3.2- суретінде бастапқы f бейнесінің осы функция арқылы жаңа g бейнесінде көрінуі бейнеленген,бұл кезде қану мәні [low_in, high_in] интервалынан [low_out, high_out] интервалына көшеді, ал low_in –нан кіші немесе high_in-нан үлкен мәндер кесіледі, яғни low_in –нан кішінің барлығы low_in –да бейнеленеді, ал high_in-нан үлкеннің барлығы high_in-да бейнеленеді.Кіріс бейнесі uint8,uint16 немесе double класстарына ие бола алады, ал шығыс бейнесінің класстары кіріс класстарымен сәйкес келеді. F-тан басқа imadjust функциясындағы барлық кіріс параметрлері f классына тәуелсіз 0 мен 1 интервалындағы нақты сандар болуы тиіс. Егер f uint8 классына тиісті болса, онда imadjust функциясы ақикат шамаларды енгізу үшін бұл параметрлерді 255-ке көбейтеді;егер f – uint16 классты болса, онда барлығы 65535-ке көбейтіледі. Егер [low_in, high_in] немесе [low_out, high_out] векторлар орнына бос вектор қойсақ ([ ]), онда [0 1]-ге тең шамалар қолданылады. Егер high_out low_out-тан кіші болса, онда шығыс қанықтылық симметриялық түрде төнкеріледі.
Gamma параметрі f қанықтылығын g қанықтылығында бейнелейтін қисық формасын беру үшңн қолданылады. Егер gamma 1-ден кіші болса, онда бейне қанықтылығы жоғары қанықты мәнедерге қарай қозғалады.(3.2, a-суреті). Егер gamma 1-ден үлкен болса, онда бейне қанықтылығы төмен қанықты мәнедерге қарай қозғалады. Егер gamma мәні көрсетілмесе, онда онда ол бәрге тең деп алынады(сызықтық бейне).
Мысал 3.1. Imadjust функциясын қолдану.
3.3 а)-суретінде f сүт бездерінің сәл ақауын көрсететін цифрлық рентгенграмма келтірілген. 3.3 б)-суретінде оның негативті бейнесі берілген. Ол мына команда арқылы алынды:
>> g1= imadjust(f, [0 1], [1 0]);
3. MATLAB жүйесі және Image Processing Toolbox.
Бейнелерді цифрлық өңдеу қажеттілігі берілген есепті шешуді анықтаудағы интенсивті эксперименттеуі бойынша ерекшеленеді.
Бейне f(x,y) екіөлшемді функция болып келеді, мұндағы х және у – кеңістіктік координаталар, ал f амплитудасы (x,y) жұптық координатасының кез-келген нүктесіндегі интенсивтілік немесе сол нүктедегі бейненің сұр түстің деңгейі болып табылады.Егер x, y, f айнымалылары олардың шектік (дискреттік) көпмүшелікті қабылдайтын болса, онда цифрлық бейне жайында болады. Бейнелерді цифрлық өңдеуде цифрлық есептеу машиналарының (компьютер) өңдеуі айтылады. Цифрлық бейне элементтердің шекті сандарынан тұрады, олардың әрқайсысы нақты орында орналасып, өздерінің мағынасы бар. Бұл элементерді бейне элементтері немесе пикселдер деп атаймыз.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 154 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сандардың берілуі | | | MATLAB-тағы цифрлық бейнелер. |