Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТаҚырып 6. Тыныс алу циклдарын реттеу механизмдері

ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ | ТАҚЫРЫП 2. ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУ АЛМАСУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ | ТАҚЫРЫП 3. ФОТОСИНТЕЗ | ТАҚЫРЫП 4. ФОТОСИНТЕЗДІҢ БІРІНШІ РЕТТІ ҮРДІСТЕРІ | Фотосинтез үрдісіне сыртқы факторлардың әсері | Макроэлементтер | Микроэлементтер | Сімдіктегі заттардың жоғарғы және төменгі ағысы | Су физиологиясы | Фитогормондар |


Читайте также:
  1. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  2. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  3. СЫРТҚЫ ТЫНЫС ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  4. Сыртқы тыныс патофизиологиясы» модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  5. ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ
  6. ТАҚЫРЫП 12. ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТІРШІЛІК АЙНАЛЫМЫ
  7. ТАҚЫРЫП 13. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ҚОЛАЙСЫЗ ФАКТОРЛАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІ

Тапсырма №1. Тексертуге «Субстрат деңгейінде фосфорландыру» тақырыбына дайындалған түйінді мазмұндама (аннотация) ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: аннотация жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындаған кезде негізгі әдебиет көздерін, сонымен қатар әртүрлі Ғаламтор-сайттарды пайдаланыңыз. Мазмұндама жазу үшін ұсынылып отырған тақырыпты жете түсіну қажет, әрі берілмен мәліметтерді талдау керек.

Мазмұндама (Аннотация) – оқыған мағлұматты негізгі мәнін жоғалтпай қысқаша түйінді мазмұндау. Мазмұндаманы жазу үшін бір тараудың қысқаша түсініктемесін мазмұндау керек, осы тарау арналған оқырмандар аясын көрсету, көрнекілік құралдардың: кестелердің, суреттердің және т.с.с. бар-жоғын және олардың атауларын көрсету қажет.

Тапсырма №2. «Тыныс алу және ашу» тақырыбында сөз жұмбақ құрастырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сөз жұмбақ құрастыру.

Әдістемелік нұсқаулар: сөз жұмбақ құрастырған кезде ұсынылған әдебиет көздерін, сонымен қатар «Тыныс алу және ашу» тақырыбына қатысты терминдер мен түсініктерді қолданыңыз. Сөз жұмбақтардың әрқилы нұсқаларын пайдаланыңыз: жұмбақтар, чайнвордтар, ребустар және т.с.с. Сөз жұмбақ, қойылған сұрақтарына жауптары белгіленген дәптерде көрсетілуі керек.

Тапсырма №3. «Тыныс алу тізбегінде фосфорландыру» тақырыбна жазылған конспект тексертіңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: конспект жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: конспект жазған уақытта негізгі әдебиет көздерін, дәрістердің конспектілерін, әртүрлі Ғаламтор-сайттарды пайдаланыңыз. Конспектіде фосфорландыру үрдісінің маңызын және оның тыныс алумен байланысын ашып көрсету қажет.

Тапсырма №4. Сызба-нұсқа түрінде «Митчеллдің түйіндесудің хемиостатикалық теориясының негізгі ережелерін» дайындап көрсетіңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.

Әдістемелік нұсқаулар: сызба-нұсқаны құрастыру барысында ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. Сызба-нұсқада хемиостатикалық теорияның негізгі ережелерін айқындап көрсетіңіз.

Тапсырма №5. «Газ алмасудың сандық көрсеткіштері» атты кестені толтырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындаған кезде негізгі әдебиет көздерін, сонымен қатар әртүрлі Ғаламтор-сайттарды пайдаланыңыз. «Пайыздық қатынастар» атты бағананы толтырған уақытта оттегінің сіңірілу, көмірқышқыл газының бөліну пайызын, газ алмасу кезіндегі тыныс алу коэффициентін көрсетіңіз.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 209 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТАҚЫРЫП 5. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТЫНЫС АЛУЫ| Топырақ пен өсімдіктің құрамындағы минералды заттарды анықтайтын факторлар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)