Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТаҚырып 1. Өсімдік жасушасыныҢ ҚҰрылымдыҚ-Қызметтік Ұйымдасуы

ТАҚЫРЫП 3. ФОТОСИНТЕЗ | ТАҚЫРЫП 4. ФОТОСИНТЕЗДІҢ БІРІНШІ РЕТТІ ҮРДІСТЕРІ | Фотосинтез үрдісіне сыртқы факторлардың әсері | ТАҚЫРЫП 5. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТЫНЫС АЛУЫ | ТАҚЫРЫП 6. ТЫНЫС АЛУ ЦИКЛДАРЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ | Топырақ пен өсімдіктің құрамындағы минералды заттарды анықтайтын факторлар | Макроэлементтер | Микроэлементтер | Сімдіктегі заттардың жоғарғы және төменгі ағысы | Су физиологиясы |


Читайте также:
  1. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  2. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  3. ТАҚЫРЫП 12. ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТІРШІЛІК АЙНАЛЫМЫ
  4. ТАҚЫРЫП 13. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ҚОЛАЙСЫЗ ФАКТОРЛАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІ
  5. ТАҚЫРЫП 2. ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУ АЛМАСУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
  6. ТАҚЫРЫП 3. ФОТОСИНТЕЗ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ

Тапсырма №1. «Өсімдік жасушасы» тақырыбында сөз жұмбақ құрастырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сөз жұмбақ құрастыру.

Әдістемелік нұсқаулар: сөз жұмбақты құрастыру кезінде ұсынылған әдебиет көздерін, сонымен қатар «Өсімдік жасушасы» тақырыбына қатысты терминдер мен түсініктерді қолданыңыз. Мысалға, жасуша қабықшасы, вакуоль, митохондрия және т.б. терминдерді қолданыңыз. Сөз жұмбақтардың бірнеше нұсқаларын пайдаланыңыз: жұмбақсөздер, сканвордтар, чайнвордтар, ребустар және т.с.с. Сөз жұмбақ, дәптерде қойылған сұрақтарына берілген жауптары белгіленіп, көрсетілуі тиіс.

Тапсырма №2. Ұсынылып отырған суреттегі өсімдік жасушасының құрылымдық бөліктерінің сәйкес белгілерін белгілеңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: өсімдік жасушасының құрылымдық бөліктерін белгілеу барысында Н. И. Якушкинаның «Өсімдіктер физиологиясы» атты оқу құралын қолданыңыз [1]. Берілген 1-суреттен жасушаның келесі құрылымдық элементтерін анықтап көрсетіңіз: плазмалық мембрананы, қосылыстарды, хлоропласттарды, митохондрияларды, вакуоль, рибосомалар, жасуша қабықшасын, лизосомаларды, ядроны, цитоплазманы, Гольджи аппаратын, эндоплазмалық ретикулумды (тегіс немесе бүдірлі ЭПР) [2].

1-сурет. Өсімдік жасушасы

1 -..., 2 -..., 3 -..., 4 -..., 5 -..., 6 -..., 7 – Гольджи аппараты, 8 -..., 9 - вакуоль, 10 -....., 11 - ……

Тапсырма №3. 1-кестені толтырыңыз: «Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы ».

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген кестені толтыру кезінде ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. «Өкілдері» деген бағананы толтырғанда прокариоттар мен эукариоттар тобына жататын организмдерді жазыңыз. «Ұқсастықтары» деген бағанада прокариот және эукариот жасушаларының ұқсас құрылымдық элементтерін сипаттаңыз. «Айырмашылықтары» деген бағананы толтырған кезде прокариот жасушаларының эукариот жасушаларынан өзгешеленетін белгілерін толтырыңыз.

Мысалға:

1 кесте

Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы

 

Жасуша Өкілдері Ұқсастықтары Айырмашылықтары
Прокариоттар Бактериялар Генетикалық материалдың, рибосомалардың және т.б. болуы Вакуолі болмайды, тыныс алу процесі мезосомаларда өтеді және т.с.с.
Эукариоттар Жоғары сатыдағы өсімдіктер Ядросының, митохондриялардың және т.б. болуы

Тапсырма №4. Ядроның, эндоплазмалық тордың (тегіс және бүдірлі ретикулум), Гольджи аппаратының, лизосомалардың, вакуольдің, митохондриялардың, хлоропласттың қызметтерін сипаттаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: бұл тапсырманы орындаған кезде ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. Берілген тапсырманы, келесідей орындауға болады, мысал ретінде 2-кесте күйінде ұсыну, онда органоидтардың негізгі қызметтері көрсетілуі тиісті.

2 кесте

Жасушаның құрылысы мен органоидтардың қызметі

 

Жасушаның құрылымдық элементтері Қызметтері
Ядро Тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтау
Эндоплазмалық ретикулум: тегіс бүдірлі  
Гольджи аппараты  
Лизосомалар  
Вакуоль  
Митохондриялар  
Хлоропласт  

Тапсырма №5. Ұсынылған 2-суреттің негізінде 3-кестені толтырыңыздар:

3 кесте

Өсімдік және жануар жасушасының салыстырмалы сипаттамасы

 

Жасуша Ұқсастықтары Айырмашылықтары
Өсімдік    
Жануар    

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру, суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген 3-кестені толтыру барысында ұсынылған әдебиет көздерін қолданыңыз. Ұсынылып отырған 2-суреттің [3] негізінде кестені Сіз келесідей толтыра аласыз: «Ұқсастықтары» деген бағанада, мысал ретінде, Гольджи аппаратын, эндоплазмалық торды көрсетіңіз. «Айырмашылықтары» деген бағананы толтырған кезде жануарлар жасушасына тән өзіндік ерекше құрылымдық элементтерді, мысалға центриольдерді, ал өсімдік жасушасы үшін хлоропластты белгілеңіз.

Жануар жасушасы
Өсімдік жасушасы

 

2-сурет. Өсімдік және жануар жасушаларының құрылымдық ерекшеліктері

Негізгі әдебиет: (1, 4, 9, 11-13)

Қосымша әдебиет: (7, 10,12, 13, 15, 24-30)


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1162 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Супервизор-ЭЖ-нің барлық компоненттерінің қарым қатынасын қамтамасыз ететін блок.| ТАҚЫРЫП 2. ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУ АЛМАСУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)