Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТаҚырып 3. Фотосинтез

ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ | Фотосинтез үрдісіне сыртқы факторлардың әсері | ТАҚЫРЫП 5. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТЫНЫС АЛУЫ | ТАҚЫРЫП 6. ТЫНЫС АЛУ ЦИКЛДАРЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ | Топырақ пен өсімдіктің құрамындағы минералды заттарды анықтайтын факторлар | Макроэлементтер | Микроэлементтер | Сімдіктегі заттардың жоғарғы және төменгі ағысы | Су физиологиясы | Фитогормондар |


Читайте также:
  1. Влияние солнечного света на биоту земного шара. Световые кривые фотосинтеза.
  2. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  3. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  4. Соотношение дыхания и фотосинтеза.
  5. ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ
  6. ТАҚЫРЫП 12. ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТІРШІЛІК АЙНАЛЫМЫ
  7. ТАҚЫРЫП 13. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ҚОЛАЙСЫЗ ФАКТОРЛАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІ

Тапсырма №1. «Өсімдіктің тірішілігіндегі фотосинтездің маңызы» тақырыбына эссе дайындап, қорғаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: эссе жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: эсседе өсімдіктің тірішілік әрекетінде фотосинтездің қажеттілігін ашып көрсетіңіз. Ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз.

Тапсырма №2. «Хлоропласттардың онтогенезін» сызба-нұсқа күйінде ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.

Әдістемелік нұсқаулар: сызба-нұсқа сызу кезінде негізгі әдебиет көздерін қолданыңыз. Хлоропласттардың онтогенезінің барлық кезеңдерін белгілі бір реттілікпен көрсеткен жөн.

Тапсырма №3. Жапырақтың анатомиялық құрылысы бейнеленген суретте сәйкес белгілерді қойып шығыңыз: эпидермисті, борпылдақ және бағаналы ұлпаларды, флоэманы, ксилеманы, саңылауларды.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін, сонымен қатар әртүрлі Ғаламтор-сайттарды қолданыңыз [9]. Мына 6-суреттен жапырақ тақтасының құрылымдық элементтерін: саңылауларды, жоғарғы және төменгі эпидермисті, борпылдақ және бағаналы (палисадты) ұлпаларды, ксилеманы, флоэманы белгілеп көрсетіңіз. Мысалға:

Палисадты ұлпа

6-сурет. Жапырақтың анатомиялық құрылысы

 

Тапсырма №4.: «Хлорофилл топтарының өкілдері» кестесін толтырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: осы кестені толтыру кезінде Н.И.Якушкинаның авторлығымен «Өсімдіктер физиологиясы» [10], П.Рейвн және басқаларының «Современная ботаника» оқу құралдарын қолданыңыз [11]. «Химиялық құрылысы» деген бағанада хлорофиллдердің әртүрлі топтарының химиялық формуласын көрсетіңіз; «Қасиеттері» деген бағанада фотосинтез үрдісіндегі пигменттердің қатысуын көрсету қажет; «Сіңіру спектрі» деген бағанада пигменттер толқынының ұзындығы мен сіңіру спектрін белгілеңіз; «Фотосинтездегі қызметтер» деген бағанада фотосинтезге қатысатын пигменттердің қызметтерін сипаттаңыз. Мысалға:

5 кесте

Хлорофилл топтарының өкілдері

 

Хлорофиллдің топтары Химиялық құрылысы Қасиеттері Сіңіру спектрі Фотосинтездегі қызметтер
Хлорофилл А   Флуоресценцияда қатысады    
Хлорофилл В С55Н70О5N4Mg     Фотосинтез үрдісіндегі жарықтың сіңірілу спектрін кеңейтеді
Фикобилиндер        
Каратиноидтар     400-460 нм, сары, қызғылт-сары  

Тапсырма №5. Ұсынылып отырған суреттегі хлоропласттың құрылымдық элементтерін белгілеңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін, сонымен қатар әртүрлі Ғаламтор-сайттарды қолданыңыз [12]. Мына 7-суреттен хлоропласттың құрылымдық элементтерін: сыртқы және ішкі мембрананы, мембрана аралық кеңістікті, тилакоидтарды, ламеллаларды, строманы, граналарды, тилакоидтың ішкі жағын белгілеп көрсетіңіз. Мысалға:

Тилакоидтар Ламеллалар

7-сурет. Хлоропласттың құрылымдық элементтері

Негізгі әдебиет: (2, 4, 7, 9, 11-13)

Қосымша әдебиет: (5, 8, 10, 13, 19, 24-30)


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 596 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТАҚЫРЫП 2. ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУ АЛМАСУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ| ТАҚЫРЫП 4. ФОТОСИНТЕЗДІҢ БІРІНШІ РЕТТІ ҮРДІСТЕРІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)