Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СоӨж асанәлі Әшімов

Бу Абдолла Мұхаммет ибн Мұ­са әл-Хорезми әл-Мәжуси | Сөздік минимум | СОӨЖ Бейнелеу және қолданбалы сән өнері | СОӨЖ Қазақстандағы туризмнің дамуы | Азақстандағы туризм - табыс көзі бола ала ма? | СОӨЖ Базаршы жігіт пен ақылды қыз | Сөздік | СОӨЖ Жәрмеңке | Тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз. | СОӨЖ Canada |


Читайте также:
  1. Кардиология блогы бойынша СОӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  2. СОӨЖ Ғылым мен техниканың дамуы тарихы. Ғылымның қиын жолы
  3. СОӨЖ Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері
  4. СОӨЖ Қазақстандағы туризмнің дамуы
  5. СОӨЖ Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
  6. СОӨЖ Canada
  7. СОӨЖ Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар

 

Актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келді. Ол 1961 жылы Алматы консерваториясын бітірген.

Асанәлі Әшімов студент кезінде әртүрлі фильмдерде ойнаған: олар Кенжетай (“Ботагөз”), жанай (“Асау Ертіс жағасында”), Бектасов (“Бір ауданда”), Болат (“Ұшы қиырсыз жол”) рольдері.

Ол консерваторияның актерлік факультетін бітірген соң “Қазақ фильм” киностудиясында Мұрат (“Менің ұлым”), Ескендір (“Торап”), Тұрар (“Тұлпардың ізі”) сияқты әр алуан бейнелер жасады. Аснәлі Әшімов 1964 жылы Қазақ академиялық драма театрына шақырылып, 1987-1988 жылдары осы театрдың көркемдік жағын басқарды. Театрда Серке Қожамқұлов, Сәбира Майқанова, Шәкен Айманов, Хадиша Бөкеева сынды өнер тарландарының шеберлік мектебінен тәлім алды.

Асанәлінің театрдағы тұңғыш ролі М. Әуезов пен Л. Соболевтің “Абай” спектакліндегі - Айдар ролі. Содан кейін Кебен (“Еңлік-Кебек”), Шуақ (“Қарақышпақ Қобыланды”), Қозы, Қодар (Ғ. Мүсіреповтің “Қозы-Көрпеш - Баян Сұлу”) сияқты әр түрлі қоғамдағы әр қилы мінезді бейнелерді сомдады.

Бұлардың бәрі махаббат пен терең сезімнің ұштасуынан туған тосын образдар ретінде қазақ сахна өнерінің тарихында қалды.

Сонымен қатар Асанәлі Әшімов - қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актер. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз- Жібек”), Шадияров (“Атаманның ақыры”) рольдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті.

1979- 1982 жылдары педагогикалық қызметпен шұғылданды. Ол 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті.

2000 жылдан бастап өткізілетін “ Жыл таңдауы”- жылдың үздік адамдарын іріктеу фестивалінің 2001 жылғы “Алтын адам ” символдың мүсін белгісінің иегері болды.

(Ұлттық энциклопедиядан)

 

294-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

295-тапсырма. “ Актер, театр” деген сөздермен сөз тіркестерін атаңыздар.

296-тапсырма. Асанәлі Әшімов ойнаған бір фильм туралы өз пікіріңізді айтыңыз.

297-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Приз фестиваля, режиссерское творчество, первая роль, человек года, обладатель приза, глубокое чувство, сыграть роль.

298-тапсырма. Сахна, сахнагер, қойылым сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 216 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СОӨЖ Күш атасы – Қажымұқан| СОӨЖ Семей полигоны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)