Читайте также: |
|
Қазақстан көп ұлт өкілдері шоғырланған республика болғандықтан, әрбір ұлт өкілдерінің ол үлкен, яғни сан жағынан көп не аз болғанына қарамастан өзіне тән ұлттық ерекшеліктері бар. Олардың ұлттық мәдение, тіл, әдет-ғұрып, дәстүр, шаруашылық, психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, талап тілектеріне немқұрайлық таныту, тікелей не жанамалай түрде болсын ұлттық мүдеге шек қою ұлт өкілдері арасында араздық, алауыздық туғызатыны белгілі.
Тарихқа шегініс жасасақ, өткен коммунистік басқару жүйесі кезеңінде қазақ халқының ұлттық мүдесіне қатысты мәселелер өз деңгейінде шешілмегені кімге де болса құпия емес. Осы жағдайлар қазақ ұлты өкілдері арасында ұлттық нигилизмнің, яғни өз ұлтының болашағына сенбеу, күмәнмен қарау көзқарасының тууына және ұлттық коспополитизмнің, яғни, басқа ұлт пен оны рухани құндылықтарын өз ұлты мәдениеті мен құндылықтарынан жоғары қою тенденциясының қалыптасуына әкелді. Ұлттық мүдені ескермеу мен оған нұқсан келтіру ұлтаралық қатынастағы тұрақтылыққа, өзара құрмет пен сенімге сына түсіреді. Кезінде австриялық ғалымдар Реннер мен Бауэр «...егер біз ұлт дегеніміздің не екендігіне толық жауап бергіміз келсе, оның негізгі басты компоненттерін білуіміз қажет. Ұлт дегеніміз - тілдің бірлігі, территорияның тұтастығы, экономикалық өмірдің жақындығы, әдет-ғұрып пен мәдениеттің ортақтығы негізінде құрылған адамдардың қауымдастығы» деп, «осы аталған ұлтты құрайтын негізгі компоненттердің бірі жойылса, ол белгілі бір тарихи кеңістікте ұлттың жойылуының басы», деп ерекше тоқталды.
Өткен ғасырдың басында теориялық тұрғыда негізделген бұл қағидаға Кеңес үкіметі назар аудармады, ал ғалымдар ұлт мәселесін көтеруге «ұлтшыл» деп айыпталудан қауіптеніп, бұл маңызды мәселенің өткір тұстарын айналып өтті. Осы жағдай бұрынғы Кеңес Одағында ұлттық проблемаларыдың шешілмеуінен, олардың шамадан тыс жинақталуын туғызды. Ақиқатына келсек, сан жағынан аз ұлттардың белгілі бір тарихи кеңістік пен уақытта жойылуына, жоғалуына әкелді. Ұлттық мемлекеті бар қазақ халқы да ұлттық дағдарысқа душар болды. Қазақ тілі күнделікті тұрмыстық қатынас тіліне ғана айналды, мемлекеттік қарым қатынас ресми құжаттар және ғылым тілінен біртіндеп ығыстырылып шығарылды.
1959 жылғы санақ мәліметтеріне сүйенсек, 21378 қазақ ана тілім орыс тілі деп мәлімдесе, енді 918-і басқа тілдерді ана тілім деп атаған. Бұл қазақ тілінің қолдану аясының тарылып, қазақтардың ана тілінен бас тарту синдромының бастапқы кезеңі еді. Бұл қауіпті үрдіс тоқтамады, одан әрі өз жалғасын тапты. Мысалы, 1970 жылғы санақ мәліметі бойынша Одақта 5 298 818 қазақ болса, оның 86 789-ы ана тілім орыс тілі десе, 17033-і басқа ұлт тілдерін атады.
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 739 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Президент Н.Ә.Назарбаевтың көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы көзқарастары. | | | СӨОЖ/СӨЖ №14 |