Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Этнология (этнопедагогика) бойынша білім дамуының негізгі кезеңдері

Азақстан – көпұлтты мемлекет» тақырыбына эссе жазыңыз. | Президент Н.Ә.Назарбаевтың көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы көзқарастары. | Көпұлтты Қазақстанның халықтар бірлігін сақтау саясаты. | СӨОЖ/СӨЖ №14 | Азақ этнопедагогикасының қалыптасуы | Отбасы тәрбиесімен байланысты шығармашылық тапсырмалар жазу |


Читайте также:
  1. Aelig; формуласы бойынша нені анықтайды?
  2. Азақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері жөнінде не білесіздер?
  3. Азақстанда оқитын жастар мен балаларды тәрбиелеудің негізгі мәселелері және тенденциялары
  4. Ан түзу жүйесі» модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  5. Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша сынамалық тапсырмалар
  6. АСҚОРЫТУ жеткіліксіздігі» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  7. Астық жинағаннан кейін өңдеу” пәні бойынша курстық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары

С.Қалиевтің тағы бір әдіснамалық ұстанымын өз зерттеуімізде этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін анықтауымызға теориялық тұғыр ретінде басшылыққа аламыз. Белгілі ғалым: «Тарихи-педагогикалық зерттеулерге (оның ішінде этнопедагогикалық зерттеулерге де) қойылатын маңызды методологиялық талаптардың бірі – деректердің бәрін кешенді түрде пайдалану, солар арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың (антропология, тарих, этнология, фольклористика, логика, психология, социология, археология) зерттеу әдістері жиынтығын кешенді пайдалану, сөйтіп, деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет»,- дейді.

Этномәдени білім беру эволюциясын зерттеудің тұжырымдамалық тұғырларын анықтауда біз П.В.Плеханов ұсынған әдіснамалық қағидаларды ұстанамыз:

1. Идеялардың (ой-пікірдің) қоғамның әлеуметтік даму үрдісіне тәуелді екендігін анықтау.

2. Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның даму үрдісімен ұштастыра қарастыру.

3. Тарихтың әр кезінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтынын және әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік ерекшелігі бар екенін ескеру.

Жүргізілген ғылыми ізденіс пен отандық және шетелдік зерттеулерге жасалған талдау этно және полимәдени білім берудің теориялық негіздері жан-жақты қарастырылғанын анықтады. Бірақ, сонымен қатар, Қазақстанда этностық-мәдени білім берудің генезисі арнайы диссертациялық зерттеуге арқау болмағандығын көрсетті.

Әр халықтың мәдениеті, сан ғасырлық тәрбие-тәжірибесі, педагогикалық ойлары дамып, қалыптасуын оның өмірінің әлеуметтік-тарихи және мәдениеттанушылық контексінде қарастырмайынша, ол мәселелер мүлдем түсініксіз болар еді. Бұл тұжырымның біздің қазақ халқының этномәдениетінің зерттелуіне де қатысы бар.

 

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1025 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері жөнінде не білесіздер?| Этнопедагогика дамуының тарихи аспектісі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.004 сек.)