Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Президент Н.Ә.Назарбаевтың көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы көзқарастары.

Азақстан – көпұлтты мемлекет» тақырыбына эссе жазыңыз. | Азақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері жөнінде не білесіздер? | Этнология (этнопедагогика) бойынша білім дамуының негізгі кезеңдері | СӨОЖ/СӨЖ №14 | Азақ этнопедагогикасының қалыптасуы | Отбасы тәрбиесімен байланысты шығармашылық тапсырмалар жазу |


Читайте также:
  1. Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар
  2. Азақстанда оқитын жастар мен балаларды тәрбиелеудің негізгі мәселелері және тенденциялары
  3. Акты Президента РФ
  4. Глава II. Полномочия Президента Российской Федерации
  5. Заявление для Обращения кандидата в Президенты Украины О.В.Богомолец к Президенту США и к Президенту РФ
  6. ИЗ ЗАПИСИ БЕСЕДЫ ПОЛНОМОЧНОГО ПРЕДСТАВИТЕЛЯ СССР В ЧЕХОСЛОВАКИИ С. С. АЛЕКСАНДРОВСКОГО С ПРЕЗИДЕНТОМ ЧЕХОСЛОВАКИИ Э. БЕНЕШЕМ (18 мая 1938 г.)
  7. Из ключевых свершений путинского периода российской истории, укажем на 30 наиболее индикативных, иллюстрирующих патриотическую позицию президента.

Қазақстан қазіргі кезде әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты. Еліміз қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған қуатты мемлекеттердің біріне айналып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру саласы да өркениетті әлемнен өзіне лайық орын алу үшін адамзат тәжірибесіндегі озық үлгі, тиімді үрдістерді өз білім беру жүйесіне енгізе отырып, дамудың жаңа сатыларына көтеріліп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болғандығын, Қазақстанның жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналып отырғандығын» атап көрсетеді. Олай болса, этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтауда маңызға ие жас ұрпақты көпмәдениеттілікке тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Осыған байланысты, көпмәдениеттілікке қатысты білім беру мәселесі өзекті бола түсуде.

Біріншіден, қазіргі қоғамның ерекшелігі болып табылатын елдер мен халықтардың жақындасуы, олардың өзара ықпалдастығының күшеюі, әлемде жүріп жатқан жаһандану.

Қазіргі қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын мәдени жаһандану үдерісінің дамуы көбіне жоғары білім жүйесінде мамандар даярлау мәселелерінің қалай шешілетіндігіне байланысты. Мысалы мамандардың мәдениет аралық қатынастардың түрлі саласында түрлі деңгейдегі өзара қарым-қатынасқа түсе алуы мәселесі.

Жаһандану қарама-қайшылықты құбылыс бола тұра, дамуға бағытталған білім беру салаларының алдына кезек күттірмейтін міндеттерді қояды.

Бұл дегеніміз жас ұрпақты көп мәдениетті орта жағдайына дайындау.Олардың түрлі әлеуметтік топтармен, ұлттармен, діни сенімдері бөлек адамдармен қарым-қатынасқа түсе білу және әріптестікте бола білу дағдыларын қалыптастыру міндеті. Сондықтан әлеуметтік - мәдени келіспеушіліктердің алдын-алуға және оны реттеудің жолын іздеуге және табуға қабілетті, шыдамдылық таныта алатын көпмәдениетті тұлға қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады.

Диалог жүргізе білу үшін қажетті көпмәдениеттілік туралы айтқанда, өзге мәдениеттің адамын түсінуге, оны сол күйінде қабылдауға, қиын жағдайда қолдауға, сонымен бірге өз мәдениетіңді байыта түсуге мүмкіндік туады.

Тек көпмәдениетті игерген тұлға ғана жаһандану үдерістерін бәсеңдететін фактор әрі жаһанданудың жағымсыз ықпалына қарсы тұрудың тиімді құралы болады деген қорытындыға келеміз.

Екіншіден, біліктілік арттыру институтында жүргізілетін педагог қызметкерлерді кәсіби дайындауда білім саласы мамандарының кең мағынасындағы кәсібилікті игеріп шығуларын мақсат етіп қойған жөн, яғни, кәсіби қажетті білімдер мен дағдыларды игеруге бағытталып қана қоймай, кәсіби маңызды тұлғалық сапаларды қалыптастыру және жетілдіру болып отыр.

Осыған байланысты педагог қызметкерлердің білімдерін жетілдіре отырып, көпмәдениетті тұлға ретінде дамыту маңызды орын алады.

Қазіргі педагог мамандардың білімдерін жетілдіріп, көпмәдениетті тұлға ретінде дамыту үшін негіз болатын философиялық, психологиялық, педагогикалық ойлардың жиынтығы бар.

«Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет» - деп Елбасымыз атап өткендей, бүгінгі күні тек оқушыны біліммен ғана қаруландырып қоймай, оның жалпы мәдени, тұлғалық және танымдық дамуы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл бүгінігі қоғамның жалпы мәдени бола түсуімен байланысты.

XXI ғасырдың маңызды сипаты – жаһандану және ақпараттандыру. Елдер мен халықтардың жақындасуы, өзара әлемнің қалыптасуы жүріп жатыр. Елдердің өзара ықпалдастығы шеңберінде экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнайды. Сонымен бірге ана тілімен, мәдениетімен байланыстар сақталып, тұлғаның көпмәдениетті қоғамға шиеленіссіз енуі мен көпмәдениетті кеңістікке бірігуі іске асады.

Мұндай жағдайда педагогтың кәсіби шеберлігі әрбір сабақта ерекше маңызға ие бола бастайды. Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қызмет адамның бойында адамгершілік-рухани құндылықтарды дамытуға, кросс-мәдениетті қоғамға бейімделуге, өзін-өзі жетілдіруге көмектесуі қажет.

Көпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай мақсаттар қойылады:

1) жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы құндылықтар мен әлемдік мәдениеттің негізінде шығармашылықпен өзін-өзі дамытуға қабілетті және этномәдениеттілік пен азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны қалыптастыру;

2) мектеп пен жоғары оқу орны түлектерін қазіргі өркениет пен көпұлтты еліміздің өмір жағдайына тиімді дайындау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік өсуі мен өмір сапаларын арттыру;

3) еліміздің білімдік және кәсібилік деңгейі дәрежесін арттыру, жастарды ашық көпмәдениетті және көптілді әлемде жауапкершілікті және зиялы етіп дайындау, белсенді ұйымдастырушы етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да көпмәдениетті тұлға:

· өмір сүру жағдайларына бейімделген әрі өзге адамдармен әріптестік қатынас орната білетін;

· жеке, өзіне ғана тән ойы бар және өзге мәдени қоғамдар туралы көзқарастарын талдай алатын;

· дербес, өз ойын үнемі білдіре алатын, тәуелсіз болуы тиіс.

Қазақстан тарихы пәні арқылы көпмәдениетті тұлға қалыптастыру үшін қажетті үлкен тәрбиелік мәні бар материалдар жеткілікті. Оқушы ұлттық мәдениетін, тарихын игеру барысында өз халқының мәдениетіне тұлғалық қатыстылығын сезіне алады, ұлттық ұқсастықтарды айырады. Осыған байланысты оқушылардың бойында көпмәдениетті тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру қазақстан тарихын оқыту барысында да жүзеге асырылады.

Көпмәдениетті тұлға – бұл индивид, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерді игеруге бағытталады. Туған тілін, жалпы мәдениетін терең білу – бұл өзге мәдениеттерге қызығушылық қатынастың негізі, көптеген ұлттық, көркем мәдениеттермен танысу рухани баюға және дамуға негіз болады.

Бұл аталған мәселенің өзегінде мұғалім тұрады. Мұғалім өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге дайындау ісінде басты рөлге ие болады. Оқушылардың бойында төл тарихына, туған өлкесіне, бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын қалыптастыруда мұғалім дайындығының рөлі зор.

Оқушының жоғарыда аталған қызығушылықтары Қазақстан тарихын, өлке тарихын оқытқанда, ғылыми-зерттеу, жоба жұмыстарын жүргізу кезінде жүзеге асады.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1947 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Этнопедагогика дамуының тарихи аспектісі.| Көпұлтты Қазақстанның халықтар бірлігін сақтау саясаты.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)