Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

КРЕДИТ 1

ОСӨЖ тақырыбы: Менингококкты инфекция | ОСӨЖ тақырыбы: Грипп және басқа ЖРВИ. | ОСӨЖ тақырыбы: Тілме |


Читайте также:
  1. Аккредитация участников размещения заказа на электронной площадке
  2. Анализ потребительского кредитования в Нижнетагильском филиале Уралтрансбанка
  3. Банковский кредит
  4. Бюджетные кредиты
  5. Вопрос 27. Организация единой, согласованной с Правительством РФ, денежно-кредитной политики
  6. Вопрос 41. Регистрация и лицензирование кредитных организаций
  7. Вопрос 42. Экономические нормативы для кредитных организаций и их роль в банковской системе

Оқытушымен бірге атқарылатын студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

(ОСӨЖ)

Пән: Жұқпалы аурулар

Мамандық: Қоғамдық денсаулық сақтау

 

КУРС: 3

 

Ж.

КРЕДИТ 1

 

1 №1. ОСӨЖ тақырыбы: Дизентерия. Сальмонеллез. Тырысқақ.

2. Мақсаты: Студенттерде дизентерия,сальмонеллез,тырысқақтың эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы жөнінде білімді қалыптастыру. Алынған клинико-эпидемиологиялық және зерттеу нәтижелерін бағалай отырып, клиникалық симптоматикасы ұқсас өтетін аурулардың дифференциальды диагностикасын жүргізе білуін қалыптастыру. Клиникалық ойлау, медициналық этика және деонтология ережелерін сақтай отырып науқастармен, оның туыстарымен, әріптестерімен қарым-қатынасқа түсе білуін, білікті білім алу және пәндерді қызыға игеру қажеттілігін қалыптастыру. Берілген аурулардың ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу жоспарын құрастыру дағдыларын игеруді қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері: Студенттерге дизентерия, сальмонеллез, тырысқақты уақытында анықтауды үйрету. Берілген жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық анамнезін жинау әдістерін игерту. Жұқпалы аурулардың ерекшелігін ескере отырып науқасты объективті зерттеудегі тәжірибелік дағдыларын толықтыру.

Студенттерге анамнез және зерттеу нәтижелерін жинау барысында, берілген ауру түрін дәлелдейтін диагностикалық маңызды мәліметтерді(эпидемиологиялық, клиникалық, лабоаторлық) айқындауға уйрету.

Студенттерге берілген патологиясы бар науқастарды жүргізу тактикасын үйрету: жұқпалы аурулар стационарына госпитализациялау көрсеткіштері, науқастырды амбулаторлы этапта жүргізу, диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес зерттеу және ем жүргізу, стационардан шығару ережелері, берілген инфекциялар ошағында профилакитикалық шараларды жүргізу. Клинико-эпидемиологиялық анамнезді нақты және толықтай жинау мақсатымен студенттерге науқаспен және оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас жасай білу мүмкіндіктерін дамыту. Студенттерге әріптестерінің ойларын ескере отырып шешім қабылдауды үйрету.

4. Өткізу түрі: ОСӨЖ тақырыбын оқудың интерактивті әдістерін(кластер құрастыру, дифференциальды-диагностикалық кесте құрастыру, кіші топтармен жұмыс жасау) қолдана отырып талдау, науқастарды курациялау, ауру тарихын талдау, ситуациялық есептер шешу.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

· Қоздырғыштардың этиологиясы және негізгі қасиеттері, олардың классификациясы туралы білімдерді қорытындылау;

· Эпидемиологиялық үрдістің сипаттамасы(инфекция көзі, жұғу жолдары мен механизмі, жастық қабылдаушылық, иммунитет) жөнінде білімдерді қорытындылау. Мерзімділік.

· Аурулардың клиникалық түрлерінің патогенезі, берілген инфекцияларда мүшелердегі патоморфологиялық өзгерістері, инвазивті және токсигенді қасиеттері ролі жайында білімдерін қалыптастыру;

· Сальмонеллез және дизентерияның клиникалық классификациясын оқу, сальмонеллез бен дизентерияның клиникалық түрлеріне сипаттама беру;

· Сальмонелез мен дизентерияның ауырлық дәрежесін бағалау, сальмонеллездің жайылған түрлерінің және дизентерияның созылмалы үрдісінің дамуына ықпал ететін шарттарын талдау;

· Диагностика принциптерін талдау: эпидемиялық және зерттеу нәтижелері, бактериологиялық және серологиялық әдістер, копрологиялық әдіс, экспресс- диагностика;

· Сальмонеллез бен дизентерияның клиникалық түрлері арасында дифференциальды диагностика жүргізу;

· Сальмонеллезді емдеу принциптері мен бактериотасымалдаушылығы туралы білімдерді ұйымдастыру, ошақтарда профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың принциптерін талдау;

6. Үлестіру материалы:

1. Лекциялардың тезистері

2. Дизентерия, сальмонеллездің клиникалық жағдайлары (ауру тархтары)

3. Тырысқақпен ауырған науқастың ауру тарихы көшірмесі

4. Кестелік материал (дизентерия, сальмонеллез, тырысқақ классификациясы, ішек инфекциясымен науқасты зерттеу жоспары).

5. Ситуациялық есептер.

6. № 442 бұйрық көшірмесі Санитарлы-эпидемиологиялық ережелер мен қағидалары «жедел ішек инфекциясы ауруларының алдын алу мақсатында санитарлы-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткізу»

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Шувалова Е.П., Белозеров Е.С., Беляева Т.В., Змушко Е.И. Инфекционные болезни. Учебник для студентов. Ростов-на-Дону, 2001 г. – 820 с.

2. Шувалова Е.П. Инфекционные болезни. М., -2005.- 694 с..

3..Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник для мед.вузов/ В.И.Покровский, С.Г.Пак,Н.И.Брико,Б.К.Данилкин.-2-е изд.,испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2004.-813 с

Қосымша:

1. Инфекционные болезни под ред.Огай Е.А., Алматы,1996г..

2. Лобзин Ю.В. с соавт. Клиника, диагностика и лечение актуальных ки-

шечных инфекций. С-Пб, 1999г.

3. Неверов В.А., Рахманова А.Г. Современные кишечные инфекции. С-Пб.,

2000г.

4. Ивашкин В.Т., Шептулин Р.А. Синдром диареи. М.,Медицина,2000г.

 

8. Білімді тексеру -тесттер, ситуациялық есептер.

 

№р/с Қолданылатын бағалау әдістері Біліктілікті бағалау
1. Тесттік тапсырмаларды шешу Когнитивті біліктілік: сабақ тақырыбын игеру білімдері
2. Ситуациялық есептерді шешу Когнитивті, операционалды, аксиологиялық, құқықтық компонеттер

 

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 141 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Порядок выполнения опыта| ОСӨЖ тақырыбы: Вирусты гепатиттер А, В, С, Д және Е: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы. Диагностика, профилактикасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)