Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бауырды гистологиялық зерттеу

Гепатит вирустарының топтары | Гепатит В | Серологиялық зерттеу | Вирустық жүктеме | Созылмалы вирусты гепатит В | Профилактика | Зерттеу әдістері |


Читайте также:
  1. Диаграмма. «Мейірбике ісі» кафедралары ОПҚ-сының зерттеу нәтижелерін конференцияларда жариялауының абсолютті көрсеткіші
  2. Е) барлық зерттеу құралдарын оңтайлы қолдану әдiсiн
  3. Зерттеу әдістері
  4. Серологиялық зерттеу

Жиі жағдайда гепатит С кезінде қан сарысуындағы трансаминаза белсенділігі созылмалы гепатит нәтижесінде дамыған бауыр фиброзының дәрежесіне сәйкес келе бермейді. Сол себепті бауырдың зақымдануының дәрежесін анықтау үшін биопсия жасау қажет. Қазіргі кезде вирусты гепатит С кезіндегі бауыр фиброзын бағалау үшін инвазивті емес әдісттерді белсенді түрде зерттеп жатыр. Гистологиялық зерттеу кезінде қабыну процесінің және фиброздың дәрежесін анықтауға немесе бағалауға болады. Осы мақсатпен гепатит С кезінде фиброздың дәрежесін балл көмегімен анықтайтын Метавир жүйесін (Metavir) жиі қолданады.(1-4 балл аралығы, соңғысы циррозға сәйкес келеді)

Емі

Емнің мақсаты инфекцияның элиминациясына жету. Таңдаулы препараттар-пегилирленген интерферон-альфа, оны апта сайын тері астылық енгізеді және оған комбинация ретінде, рибавиринді(синтетикалық нуклеозидті аналог) пероральді түрде береді.(135- кесте). Емнің ұзақтығы және оның эффективтілігі вирустың генотипіне байланысты. Рибавириннің ең негізгі кері әсері- гемолитикалық анемия. Интерферонның кері әсері көп, грипп тәрізді көріністер, тітіркенгіштік және депрессия, бұлар науқастың өмір сапасын төмендетуі мүмкін.

135-кесте. Вирусты гепатит С –ны дәлелді медицина тұрғысынан емдеу.
<<Созылмалы вирусты гепатит С-ны емдеген кезде пегилирленген интерферондарға рибавиринді қосқанда тұрақты вирусологиялық жауапқа жетудің жиілігін 33% тен 55% шейін жоғарылатады.>>
Manns M.P.et al. // Lancet.-2001.-Vol.358.-P.958-965 Hadiziyannis S.J. et.al. //Ann.Intern.Med.-2004.- Vol.140.- P.346-553.
Толық ақпаратты www.nice.org.uk көре аласыздар

 

Рецидивтер емді тоқтатқаннан кейін, бірінші 3 ай ішінде дамиды, сол себепті жазылу деп емді тоқтатқаннан кейін, 6 айдан кейін қанда вирустың табылмауын айтады. (тұрақты вирусологиялық жауап)

Бауырдың трансплантациясы туралы тек бауыр циррозының асқынулары кезінде ғана сөз қозғайды, мысалға резистентті асциттің дамуы. Гепатит С вирусы трансплантантта әрқашан рецидив береді,15% жуық адамдарда бауыр трансплантациясынан кейін 5 жыл ішінде бауыр циррозы дамиды.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 220 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Гепатит С| Эпидемиология

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)