Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Серологиялық зерттеу

Гепатит вирустарының топтары | Созылмалы вирусты гепатит В | Профилактика | Гепатит С | Бауырды гистологиялық зерттеу | Эпидемиология | Зерттеу әдістері |


Читайте также:
  1. Бауырды гистологиялық зерттеу
  2. Диаграмма. «Мейірбике ісі» кафедралары ОПҚ-сының зерттеу нәтижелерін конференцияларда жариялауының абсолютті көрсеткіші
  3. Е) барлық зерттеу құралдарын оңтайлы қолдану әдiсiн
  4. Зерттеу әдістері

HBV-ның бірнеше антигендері бар, оларға инфицирленген адамдарда иммундық реакциялар дамуы мүмкін. (95-сурет) Бұл антигендер және оларға дамыған антиденелер диагностикалық тұрғыда өте маңызды.(129 кесте) Жедел инфекция кезінде HBV беткей антигені (HBsAg)-аурудың тұрақты маркері,бұл антигенді зерттеу кезінде зерттеу қорытындылары теріс болса HBV инфекциясын жоққа шығаруға болады, бірақта кейде HBV инфекциясы бұл антигенсіз де кездесуі әбден мүмкін.(95-сурет)

128 кесте. HBV кезіндегі инфицирлену жолдары және созылмалы инфекция даму қаупі
Берілу жолдары Созылмалыға ауысу қаупі%
Горизонтальді берілу жолдары 10 Иньекциялық наркотиктарды қолдану HBV-ына тексерілмеген қан препараттарының инфузиясы Инфицирленген инелер(акупунктура және татуировка жасатқанда) Жыныс қатынасы
Вертикальді берілу жолы (HBsAg-позитивті анадан ұрыққа өтуі) 90

 

129 кесте. HBV –инфекциясының серологиялық диагностикасында қолданатын негізгі маркерлердің интерпретациясы.
интерпретация HВsAg Анти-HBcIgM Анти-HBcIgG Анти-HBs
Инкубациялық + + - - период
Жедел гепатит Ерте фаза + + - - Клиникалық Фазасы + + + - Клиникалық Фазасы (сирек нұсқасы)- + + - Реконвалесценция Фазасы 3-6 ай - +/- + +/- 6-9 ай - - + +
Басынан өткен инфекция
>1жыл - - + + Анық емес - - + -
Созылмалы инфекция
жиі + - + - сирек - - + -
Иммунитет после вакцинации - - - +
+позитивті; - негативті; +/- төмен титрде немесе жоқ

 

94-сурет. Созылмалы гепатит В-ның ағымы.Ерте фаза –біріншілік иммундық толлеранттылық-жоғары вирустық жүктемемен және бауырдың функциональды сынамаларының қалыпты көрсеткіштерімен сипатталады. Вирусқа иммундық реакция пайда болуына байланысты қанда трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы болады, ол өз кезегінде бауырдың зақымдалғанын көрсетеді, яғни созылмалы гепатит. Егерде иммундық жауап ұзақ уақыт сақталатын болса және вирустың толық клиренсі болмаса созылмалы гепатит бауыр циррозына алып келуі мүмкін. Адекватты иммундық жауап кезінде вирустық жүктеме төмендейді, және анти – HВe антиденелері пайда болады, бауырдың зақымдалу тоқтайды. Кейбір жағдайларда HBV вирусының мутантты штаммдары пайда болады, осының арқасында вирусқа иммунды жүйенің жауабы болмайды, вирустық жүктеме өсіп созылмалы гепатит қайталамалы түрде пайда болады. Ядролық ақуыздағы геннің мутациясы кезінде,белсенді репликация болса да,қанға HBeAg секрециясы бұзылады.(HВeAg-негативтісозылмалы вирусты гепатит В деп аталады)

 

HBsAg жедел гепатит В кезінде инкубациялық периодтың соңында, және продромальды периодтың дамуының алдында қанда пайда болады. Ол қан айналымында бірнеше күн ғана болуы мүмкін, кейде сарғаю дамымай тұрып жоғалады, бірақ негізінде қанда 3-4 апта бойы(5 айға дейін) сақталады.

95-сурет. HBV-инфекциясының серологиялық маркерлерінің динамикасы. HBsAg –гепатит В –ның беткей антигені; анти- HBsAg- HBsAg- не түзілген антидене; HBеAg – гепатит В-ның Е антигені; анти- HBе- HBеAg-не түзілген антидене; анти HBс – гепатит В-ның ядролық антигеніне түзілген антиделер.

HBsAg-не антиденелер (анти-HBs) негізінде қанда 3-6 ай дан соң пайда болады, және көптеген жылдар бойы сақталады немесе өмір бойына сақталуы мүмкін.

Анти- HBs –нің қаннан табылуы басынан өткен инфекцияны (бұндай жағдайда, негізінде оған қосымша анти- HBс- ні де болады) немесе вакцинациядан (ал бұл кезде керісінше, анти-HBс –ні табылмайды) кейінгі жағдайды білдіреді.

HBV-ның ядролық антигені (HBсAg) қан айналымында болмайды,бірақта бұл антигенге түзілген антиденелер (анти- HBс) қан айналымында аурудың бастапқы стадияларында пайда болады, олардың титрі жылдам түрде өсіп, кейін баяу түрде төмендейді (бірақта, толық түрде жоғалмайды). Басында анти-HBc IgM пайда болады,сосын анти- HBc IgG классындағы антиденелер пайда болады. Анти-HBc IgM-нің табылуы,HBsAg жоғалған периодта және анти-HBs-тің әлі пайда болмаған кезінде, жедел HBV-инфекциясының бар екенін көрсетеді.(95-сурет және 129-кесте)

Антиген Е (HВеAg) қан айналымында аурудың басында қысқа периодқа пайда болады, ол өз кезегінде оған антидене түзілумен жүреді.(анти-НВе). HВеAg бауырда вирустың белсенді репликациясы болып жатқанын білдіреді. HВеAg-нің қан айналымында 6 айдан көп персистенциясы болса, созылмалы инфекцияны білдіреді.

Созылмалы HBV-инфекция қан айналымында HВsAg және анти- HBc IgG болуымен сипатталады. Ереже бойынша, тағы қанда HВеAg немесе анти-НВе болады; HВеAg-нің табылуы бауырда вирустың белсенді репликациясы сақталғанын білдіреді, аланти-НВе ніңтабылуы репликация деңгейі төмен немесе HBV гепатоцит ДНҚ-сына интеграцияланғанын білдіреді.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 868 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Гепатит В| Вирустық жүктеме

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)