Читайте также:
|
|
Қазіргі кездің өзінде де емдеудің мүмкіншіліктері шектелген, себебі вирустың толық эрадикациясын жүзеге асыратын препарат жоқ. Антивирусты терапияны тағайындау көрсеткіштері-белсенді гепатитке (трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және/немесе қабынудың гистологиялық көрінісі) қосылған жоғары вирусты жүктеме.
Интерферон-альфа вирусты жүктемесі мен трансаминаза белсенділігі төмен науқастарға эффективті, ол өз кезегінде жоғары қалыпты шекарасынан 2 есе немесе одан да көп асқан кезде. Олардың әсер ету механизмі табиғи иммундық жауапты потенцирлеуімен байланысты. HВеAg-позитивті созылмалы гепатитпен ауыратын науқастарда интерферонмен 4-6 ай бойы емдеу HВеAg элиминациясына 33% жағдайда алып келеді(12 %- контролде).Ал,HВеAg- негативті созылмалы гепатит кезінде ұзақ уақыттық курстармен қолданса да терапияның эффективтілігі төмен. Бауыр циррозы- интерферон тағайындауға қарсы көрсеткіш, өйткені олар трансаминаза белсенділігін жоғарылатуы мүмкін және бауырлық жеткіліксіздікті одан сайын өршітуі мүмкін. Пегилирленген интерферондардың әсер ету уақыты ұзақ, оны аптасына 1 рет тағайындаса да болады, олардың эффективтілігі HВеAg-позитивті де, HВеAg-негативті созылмалы гепатит кезінде де зерттелген.
Басқа да антивирусты препараттарды қолданады, өйткені созылмалы гепатит В-мен ауыратын көптеген науқастарда жоғары виремия және/немесе трансаминаза белсенділігінің төмендеуі байқалады, ол өз кезегінде интерферонотерапияның ақтамагандығын көрсетеді.
130-кесте Созылмалы HВV-инфекция кезіндегі пегилирленген интерферондарды қолдану. |
<<HВеAg-позитивті созылмалы гепатитпен ауыратын науқастарға пегилирленген интерферондарды 6 ай бойы бергенде HВеAg элиминациясын 35 %жағдайда және БФП-ның 25%жағдайда қалыпқа келуі байқалады. HВеAg-негативтіі созылмалы гепатитпен ауыратын науқастарға пегилирленген интерферондарды 12 ай бойы бергенде БФП –ның 60 % жағдайда және вирусты жүктеменің 400 көшірме/мл де аз тұрақты төмендеуіне 20 % жағдайда алып келеді.>> |
Cooksley W.G.et.al. // J.Viral Hepat.-2003.- Vol.10.-P.298-302. Marcellin P // N.Engl.J.Med.-2004.-Vol.351.-P.1206-1217. |
Толық ақпаратты www.aasld.org көре аласыздар |
Ламивудин- ДНҚ- полимеразаны ингибирлейтін және HBV ДНҚ құрамын азайтатын нуклеозидті аналог. Препарат декомпенсирленген циррозы бар науқастардың бауырының функциясын эффективті түрде жақсартады және кей жағдайларда бауырдың трансплантациясын жасатпауға шейін апарады. Ұзақ терапия кезінде (>9ай) HBV мутантты ДНҚ –полимеразаның штаммдарының пайда болуымен асқынады, ол өз кезегінде емдеу фонында вирусты жүктеменің жоғарылауына алып келеді. Мутантты HBV жабайы штаммдарға қарағанда бауырды зақымдауы оншалықты белсенді емес, сол себепті ламивудинмен емді жалғастырса болады. (131-кесте). Емді тоқтатқан кезде трансаминаза белсенділігі жоғарыласа, онда жабайы штаммдардың сақталғандығын білдіреді, ол өз кезегінде мутантты штаммды ығыстырады.
Адефовир- HBV- ның ДНҚ –полимеразасын ингибирлейтін адениннің нуклеозидті аналогі. Ол HBV-ның ДНҚ-ның құрамын 3-4 log дейін төмендетеді және HВеAg бойынша сероконверсия жиілігін жоғарылатады, бауырдың гистологиялық суретін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Препаратты тағайындауға қарсы көрсеткіш- бүйрек жеткіліксіздігі. Адефовирмен емдегенде, ламивудинге қарағанда, HВV мутантты штаммдарының түзілу жиілігі төмен.(2 жыл емдегенде 2%, 132-кесте) Емді тоқтатқан кезде инфекцияның рецидиві жиі пайда болады, емдеудің оптимальді ұзақтығы әлі күнге шейін белгісіз. Препарат,ламивудин индуцирлеген, ДНҚ-полимераза мутациясымен жүретін штаммдардың көпшілігін эффективті түрде тежейді.
Созылмалы гепатит В кезінде бұдан басқа препараттарды қолдану қазірге кезге дейін зерттелуде. Мысалы: тенофовир(ЖИТС инфекциясы кезінде қолданылады) мен L-деокситимидин.
131-кесте. Созылмалы HВVинфекциясы кезінде ламивудинді қолдану. |
<<Ламивудинмен 48 апта бойы емдегенде HВеAg-позитивті созылмалы гепатитпен ауыратын 27% науқастарда, анти-HВе бойынша сероконверсияға алып келеді.; және 38%-нда HBV мутантты ДНҚ-полимеразалы штаммдары пайда болады. Емдегенде тағы бауырдың гистологиялық көрінісін және БФП жақсарады.>> |
Liaw Y.F.at al.//gastroenterology.-2001.-Vol.121.- P.1027-1028. |
Толық ақпаратты www.aasld.org көре аласыздар |
132-кесте. Созылмалы HВVинфекциясы кезінде адефовирді қолдану. |
<<HВеAg-позитивті созылмалы гепатитпен ауыратын науқастарды адефовирдің 10 мг дозасында 48 апта бойы емдегенде БФП 48% жағдайда қалыпқа келтіреді; вирустық жүктемені 38 % жағдайда төмендетуге алып келеді (ЧБНЛ-5) және 14%жағдайда анти-HВе бойынша сероконверсияға алып келеді (ЧБНЛ-16). HВеAg-негативті созылмалы гепатитпен ауыратын науқастарды адефовирмен 48 апта бойы емдегенде АЛТ белсенділігін 72 % жағдайда қалыпқа келтіреді(ЧБНЛ -2,3) және лабораторияда анықталмайтындай етіп HBV концентрациясын 55% жағдайда төмендетеді (ЧБНЛ-2)>> |
Hadiziyannis S.J. et.al. //N.Engl.J.Med.-2003.- Vol.348.- P.800-807. Marcellin P // N.Engl.J.Med.-2003.-Vol.348.-P.808-816. |
Толық ақпаратты www.aasld.org көре аласыздар |
Комбинирленген антивирусты терапияның эффективтілігі әлі күнге дейін толық зерттелмеген.
Созылмалы гепатит В кезінде бауырдың трансплантациясын жасау алдын қарсы көрсеткіш болатын, өйткені инфекция трансплантантта жиі рецидив беретін. Бірақта ламивудин және иммуноглобулинмен посттрансплантационды профилактика жасағанда реинфекцияның қаупін 10% -ға дейін төмендетеді және 5 жылдық өмір сүруді 80 % -ға дейін жоғарылатады. Сол себепті, кей жағдайларда трансплантация емдеу методы болып табылады.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 229 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Вирустық жүктеме | | | Профилактика |