Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Сабақтың тақырыптық жоспары | Оқу барысының тізбегі | Lexical material for oral translation | Дебиеттер тізімі | КРИТЕРИИ ОЦЕНКИ ТЕКУЩЕЙ УСПЕВАЕМОСТИ И ПОСЕЩАЕМОСТИ СТУДЕНТОВ |


Халықаралық Қатынастар және Халықаралық Құқық саласындағы екіжақты аударма ПӘНІ бойынша силлабус мазмұны

СОДЕРЖАНИЕ СИЛЛАБУСА ПО ДИСЦИПЛИНЕ ДВУСТОРОННИЙ ПЕРЕВОД В СФЕРЕ МЕЖДУНАРОДНОГО ПРАВА И МЕЖДУНАРОДНЫХ ОТНОШЕНИЙ

1. Түсініктеме хат........................................................................................... 4 Пояснительная записка  
2. Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары................................... 9 Тематический план практических занятий  
3. Оқу барысының графигі.............................................................................11 График учебного процесса  
4. Пән бойынша СОӨЖ-ның өту графигі және мазмұны............................12 График проведения и содержание СРСП по дисциплине  
5. Пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру графигі. 15 График выполнения и сдачи заданий СРС по дисциплине  
6. Глоссарий...................................................................................................16 Глоссарий  
7. Список литературы....................................................................................18 Әдебиеттер тізімі  
8. Оқитын студенттер білімін бағалау бойынша ақпарат...........................20 Критерии оценки текущей успеваемости и посещаемости студентов  

 

 

 

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Курс оқытушылар:

Әлібекова Ә.З. – білім магистрі, аға оқытушы, ҚазГЗУ, 70-30-48, Ағылшын тілі кафедрасы

 

Пререквизиттер: Шет тілі(В2)

Постреквизиттері: Business English

 

Бағдарлама студентті оқу бағдарламалар арқылы қарастырылған шектеулі сағаттар саны ішінде тіл білімінің белгілі көшеліне үйретуді қарастырады және студентті кәсіби және этномәдени жалпы адамзаттық түрдегі біліммен ақпараттарға баулиды. Осылай жаратылыстану және гуманитарлық профилдің болашақ маманын оқытудың гуманизациялық тезисін іске осырады.

 

Бағдарламада студентке арналған оқу кешенінің тақырыптық-мазмұндық жоспары ұсынылған, қамтамасыз ету деңгейінің талаптары белгіленген, сөйлеудің барлық түрлері бойынша студенттің дағдысы мен іскерліктерін бағалау критерийлері және параметрлері жасалған, студенттің өздік жұмыстарын тексеру түрлері жасалған, сонымен қоса әдебиеттер тізімі, үйретуші бағдарламалар тізімі, курс глоссарийі және аралық және қорытынды бақылаулар, тестік тапсырмалардың үлгілері берілген.

Осы курстың мақсаты – сөйлеу тақырыбының, фонетикалық, грамматикалық және лексикалық материалдар негізінде сөйлеу қызметінің барлық төрт түрі бойынша студенттерде коммуникативті компетенцияны қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция дегеніміз - ресми және ресми емес жағдайда ШТ мәдениаралық қатынастың құралы ретінде қарастыру, өзін-өзі ұстау мәдениетінің болуы, шет тілінде сөйлеушілердің қарым-қатынас психологиясын түсіну, сөйлеу этикасының бірліктерін түсіне білу және қолдана білу.

Бірінші курста қарым-қатынас жасаудың белгілі салаларында оқытылып жатқан тілде ауызша және жазбаша сөйлей білудің негіздері қаланады (әлеуметтік - күнделікті, әлеуметтік – мәдени, оқу –кәсіби)

Курстың тілдік материалы нормативті дұрыстылықпен сипатталады және қолданылатын фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құбылыстарды, сөз тіркестерінің және сөйлеу клишелердің әр түрлілігін қамтиды. Бұл аталғандардың барлығы ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасаудың негіздерін практикалық түрде меңгеруге көшектеседі.

Курстың оқыту материалдары таңдалған лексико-грамматикалық минимумда құрылған монологтік және диалогтік түрдегі аутенттік мәтіндерді қамтиды.

Курс өтілгеннен кейінгі білім және іскерліктер:

Оқытылатын курстың соңында студент білуі керек:

- фонетика: әріптің, алфавиттің және сөйлеудегі әріп тіркестерінің оқытылу және дыбысталуының негізгі ережелері;

- орфография: белгілі дыбыстарға сәйкес әріптердің және әріп тіркестерінің жазылуы, негізгі тілдің өте жиі кездесетік лексико-грамматикалық белгілерінің орфографиялық сәйкестіктері;

- лексика: сөзжасам модельдері көпмағаналы сөздердің контекстуальді мағыналары оқытылып жатқан мамандыққа сәйкес терминдер және тіл астарының лексикалық құрылымы;

- грамматика: негізгі жаратылыстану-гуманитарлық және техникалық тілдердің неғұрлым жиі кездесетін спецификалық грамматикалық құбылыстары.

Істей алуы керек:

- оқу: мәтіндерді сөздіктермен және сөздіксіз оқу, берілген тапсырма ақпаратын табу, оқылғанның мазмұнын есте сақтау;

- жазу: бланк толтыра білу немесе іскери хат жазу;

- аудару: аударманың нормаларын сақтап, сөздік қолдана отырып шет тіліндегі мәтінді ана тіліне аудару;

- тыңдап-түсіну: шет тілінде айттылғанды түсіну;

- сөйлеу: тілдің сөйлеу нормаларына сәйкес шет тілінде өз ойын жинақтап жеткізу, сұрақтар қоя білу және аларға жауап айту, оқытылған тақырыптар көнелінде шет тіліндегі әңгімеге араласу, коммуникативті репликаларды дұрыс пайдалана білу, оқылған және тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтып беру.

Курстың тапарталары:

1. Сөйлеу

- танысу, жанындағы әңгімелесушіні таныстыру, таныс емес адам туралы сұрау, өзі, басқа бір адам туралы сұрақтарға жауап беру іскерлігі;

- отбасы жайлы айту, қасындағы адамның отбасы туралы сұрау, туысқандық байланыстар және қарым-қатынастар туралы айту іскерлігі;

- өзінің қасындағының оқуы, күнделікті өмірі, демалыс уақыты туралы айту іскерлігі;

-өзінің үйі, пәтері, бөлмесі туралы әңгімелеу, ұнаған үй, пәтер, бөлмесін суреттеу;

- өзінің ойын жеткізе білу, ас мәзірі, тамақтану, тамақ, ұлттық ас мәзірі, тапсырыс беру, ас мәзірін талқылау, қаралығын білдіре білу іскерлігі.

2. Таңдап-түсіну

- танысу жағдайында туысқандық қарым-қатынастарда, отбасы міндеттілігінде, күнделікті өмірде шет тілінде сөйлеушіні толық түсіну;

- шет тілінде сөйлеушінің оқу, демалыс, пәтер, тамақ жайлы әңгімесін толық түсіну;

- шет тілінде сөйлеушінің қалада, саяхатта жүру бағыттары жайлы әңгімесін толық түсіне білу.

3. Оқу

- бланктер, ресми газет хабарландырулардың мазмұнын түсіну;

- ресми заң терминдерді түсіну;

- жазу;

- хаттарды толтыра білу, еркін түрде ресми декларациялар, ратификация, хаттамалар туралы жаза білу;

- халықаралық ұйымдардың жұмысын білу және түсіну;

- халықаралық қарым қатынастардын түрлерін толық білу.

Қорытынды бақылау: жазбаша емтихан

Бақылау түрлері: ағымдағы бақылау: дөңгелек үстелдер өткізу, жазба жұмыстарын (тест, реферат, эссе) орындау, арнайы әдебиет бойынша дайындалу, тест тапсыру, лексико-грамматикалық және тілдік мазмұндағы аударма жасау, СӨЖ тапсыру.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 532 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Конкурс «Чьи это предметы?| ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)