Читайте также:
|
|
Салық элементі – салық заңы регламенттелген салықтың қолданылуы жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы.
Салықтың элементтері:
1) Салық субъектісі;
2) Салық объектісі;
3) Салық көзі;
4) Салық мөлшері;
5) Салық жеңілдіктері;
6) Салық ставкасы;
7) Салық кезеңі;
8) Салықты есептеу тәртібі;
9) Салық есептелігі;
10) Салықты төлеу тәртібі.
Салықтың субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді айтамыз.
Салық төлеушілер:
Қызметкерлер–өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілік жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар;
Шаруашылық субъектілер – капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.
Салық төлеуші –салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.
Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады.
Тауар – қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез-келген еңбек өнімі болып табылады.
Мұра - қайтыс болған азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген мемлекеттерге мұраға салық салынады.
Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық.
Салық көзі –салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл- жалақы, кіріс, дивиденттер, яғни салық неден төленетіндігін анықтау.
Салық көзі- салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаржылары.
Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:
- табыс;
- қор және жинақ;
- өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда;
- қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;
- қарыз қаражаттары.
Табыс– ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.
Салық мөлшері – салық төлекшінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді
Салық жеңілдіктері –төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару.
Салық ставкасы – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді.
Салық кезеңдері –салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 237 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Салық түсінігі, мәні және белгілері | | | Салықты есептеу тәртібі |