Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Салықты есептеу тәртібі

Ық қорғау органдардың жүйесі | Прокуратура органдарының өкілеттігі | Азақстан Республикасының мемлекеттік басқаруы | Азақстан Республикасының Парламенті | Азақстан Республикасының әкімшілік құқығының негіздері | Азақстан Республикасының азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі | Атқарушы билік және мемлекеттік қызмет | Кілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі | Сенімхат түсінігі және жасалу тәртібі | Салық түсінігі, мәні және белгілері |


Читайте также:
  1. Автоматты басқару жүйесін ендірудің экономикалық тиімділігін есептеу
  2. Айналым қаражатты есептеу
  3. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
  4. Бап. Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары
  5. Есептеу нәтижелерін қарастырылуы
  6. Есептеулер
  7. Жұмысшы және тіреу біліктерді есептеу әдістемесі

Негізінде салықты есептеудің 5 кезеңі бар:

- бірінші- салық салынатын объектіні есепке алу;

- екінші- салық салу объектісінен салық базасын есептеу;

- үшінші- салық ставкаларын қолдану;

- төртінші- салық жеңілдіктерін қолдану:

- бесінші- салық сомасын есептеу.

Салық есептілігі – салық төлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.

Салықты төлеу тәртібі –салық төлеушінің мемлеетке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында бекітілген ереже.

Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

1) Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша: тікелей және жанама салық;

2) Тікелей салықтар: нақты және дербес салықтар;

3) Объектінің экономикалық белгілері бойынша: тұтынуға және табысқа салынатын салықтар;

4) Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша: үйлесімді, үдемелі және кемімелі салық;

5) Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай: республикалық және жергілікті салық;

6) Пайдалану ретіне қарай: жалпы және мақсатты салықтар;

7) Салықтарды төлеуге байланысты: заттай және ақшалай салықтар;

8) Салық субъектілеріне қарай: заңды және жеке тұлғалардың салықтары;

9) Салықтардың қолданылуы қызметтеріне орай: жай және төтенше салықтар.

10) Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша: қызмет арқылы және қызмет ақысыз салықтар;

11) Салық базасының пайда болуы және салықты төлеу көзіне қарай: активті және пассивті салық;

12) Салдықтарды салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты: үлестірме және санды салықтар;

13) Салықтардың төленуіне қарай: тұрақты және біржолғы салықтар.

Тікелей салық –тікелей табыс, немесе меншік иеленушілерден алынады. Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы.

Жанама салық–тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынады. Мәселен, қосылған құн салығы, акциз салығы.

Жеке жанама салықтар – бұл тауардың белгілі бір түрінен алынады. Бұл салық акциз деп аталады. 20 ғасырға дейіни күнделікті сұраныс тауарларына акциз салынып келеді.

Қазыналық монополиялық салықтар – мұнда тауарлардан басым бөлігін мемлекет өндіреді. әрине, бұл тауарлардың бағасын да мемлекет бекітеді. Егер мемлекеттің өзі тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден түскен барлық түсімін сауда шығындары шегерілген сомаға салық салынады.

Кедендік баж – мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік шекарадан өткізер кезде тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлемдері.

Дербес салықтар деп – салық төлеушілердің табыстарына салынатын салықтарды атауға болады. Қазақстан Республикасында дербес салықтарға жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардағы үстеме пайда салығы, әлеуметтік салық.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 954 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Салық элементі және оның жіктелуі| Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)